Өлең, жыр, ақындар

"Ашық тұқымды өсімдіктердің сыртқы құрлысымен танысу" зертханалық жұмыс

№42 жалпы білім беретін мектеп

Салтамуратова Эльмира Ханитовна

 

Данышпан Конфуций айтқандай ,,Естігенімді ұмытып қаламын, көргенімді есімде сақтаймын,істегенімді түсінемін ,, - деген.

Биология сабақтарында зертханалық жұмысты тиімді пайдалана отырып, оқушылардың пәнге қызығуын арттыру барысында теориялық білімді тәжірбиемен ұштастырудың маңызы зор. Оқушылар бұрын сабақта алған білімдерін зертханалық сабақта өз бетімен жұмыс жасау кезінде ұштастырып, білім деңгейін кеңейте алады.

6 сыныпта өткен ашық тұқымды өсімдіктердің сыртқы құрлысымен танысу зертханалық жұмысын ұсынып отырмын.

Сабақтың  мақсаты; қарағай, шырша, балқарағай, арша  өркендерінің сыртқы құрлысымен танысу.

Сабақтың көрнекілігі; (құрал- жабдықтар) алдын – ала жинап алынған өсімдіктердің өркендері (қылқанжапырақтарымен қоса), бүрлер, ұлғайтқыш қол әйнегі, сызғыш, кеппешөп.

Тапсырмалар; кеппешөп пен жұмыс.

1. Шырша , қарағай , өркендерінің сыртқы құрлысын қарап ,өркеннің типтерін (ұзарған , қысқарған) ажырату.

2. Ұзарған өркен мен қысқарған өркеннің бір –бірінен айырмашылығын қарап,оқулықтағы суреттермен салыстырып, талдау. Қысқарған өркеннің орналасқан жерін анықтау.

3. Қылқандарының сыртқы түрі; өркенде орналасуы мен (кезектесіп, топтанып, қарама-қарсы) танысу. Сызғышпен ұзындығын өлшеу. Қатты, жұмсақтығына, ұшының үшкірлігіне, қырлы, қырсыздығына, сыртында өңезді затының (кутикула) бар жоғына көңіл аудару. Өңезді затының бар жоғын  саусақпен сипап тексеру. Егер қылқандары топтанып орналасса, (балқарағайда) бір тобындағы қылқандарының санын анықтау.

4. Сабақта берілген өркендерінің айырмашылықтарын талдап, суретін салу, ең соңында кесте сызып толтыру.

 

Алынған өсімдіктер.

Қылқанның

Мөлшері

(ұзындығы)см

Қылқанның

жұмсақтығы

Қатты

жұмсақтығы

Тұрмыстағы

және шаруашылықтағы маңызы

Қарағай

 

 

 

 

Шырша

 

 

 

 

Балқарағай

 

 

 

 

Арша

 

 

 

 

Сабақ соңында оқушылар білімі бағаланы, тақырып қорытындыланады. Зертханалық сабақ оқушылардың таным деңгейін көтеріп, білімге қызығуын артырады.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз