Өлең, жыр, ақындар

Әдебиет әлемінде

Шығыс Қазақстан облысы

Тарбағатай ауданы

Маңырақ ауылы

А.Байтұрсынов атындағы орта мектебі

Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі

Оспанбаева Маржан Сайлаукенқызы

 

Сабақтың тақырыбы: Әдебиет әлемінде

Мақсаты: Оқушылардыңм пәнге деген қызығушылығын арттыру. Ойларын нақты, көркем жеткізе білуге, шығармашылыққа баулу.

Түрі: Сайыс сабақ

Әдіс –тәсілдер: Топпен жұмыс

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, карточкалар, ақын–жазушылар портреттері7

Сабақтың барысы:

1. Кіріспе: Құрметті оқушылар! Бүгін бізде ерекше күн. Себебі бүгін ақын, аудармашы, түрколог, әдебиет зерттеуші, публицист, ғалым, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың туған күні. Олай болса ақын рухына тағзым етіп,1 минут үнсіздік жариялайық. Рахмет!

«Сөз өнері» бірлестігінің апталығы өтіп жатыр. Осыған орай 10-11 сынып оқушылары ат салысатын «әдебиет әлемінде» сайысымызды бастайық. Сайыскерлерімізді ортаға шақырайық. Ең алдымен шаттық шеңберіне тұрамыз, ізгі тілек тілейміз. Әр бала жұлдыз болуға лайықты.

Бастайық: Мен Нұржан жұлдызы...

Мен Ерлан жұлдызы....

Топқа бөліну.

Сайыскерлерге төрелік етуші әділ-қазылар алқасы.

  1.  
  2.  

Бүгінгі сайысымыз 5 кезеңнен тұрады. Сайыс кезеңімен таныс болыңыздар.

  1. кезең    Жедел жауап 
  2. кезең      Өлеңді жалғастыр
  3. кезең    Тарихи тұлғалар
  4. кезең  Ұйқасын тап

1 - Кезеңде 5 ұяшық берілген таңдаймыз.

  1. Ежелгі дәуір әдебиеті
  2. Жыраулар поэзиясы
  3. XIX ғасыр әдебиеті
  4. XX ғасыр әдебиеті

Ежелгі дәуір әдебиеті:

  1. Орхон ескерткіштері дегеніміз не? (Тарихи тұлғаларға арнап орнатылғантастағы жазулар)
  2. Орхон ескерткіштеріндегі жазулардың негізгі ойы мен мақсаты? (Ел тәуелсіздігін аңсау,елге қорған батыр көсемді дәріптеу.)
  3. Қорқыт ата кім болған? (Сәуегелі бақсы,қобызшы, күйші)
  4. Жүсіп Баласағұн еңбегі қалай аталады? (Әділет, Бақыт, Ақыл, қанағат)
  5. Махмұт Қашқари жинаған түркі мақал–мәтелін айт.

2-ші кезең: Жыраулар поэзиясы

XIX ғасыр әдебиеті

1. «Зар заман » өлеңінің авторы?

2. Шоқан саяхаттары жайлы еңбектерін ата еңбектерін ата.

3. Ыбарай  ашқан білім ордаларын ата?

4. Абай қара сөздерінің тәрбиелік мәні неде?

5. Жамбыл өлеңдерін ата.

XX ғасыр әдебиеті

1. «Өткен күндер» өлең жинағының авторы?

2. М.Әуезов Абай туралы романынан.

3. Мұқағалидің 1 өлеңін жатқа айт.

4. Қаһармандық пен романтизмге толы «Балдақты жігіт», «Дариға» өлең аттары Қасым Аманжолов.

5. «Қазақ» газетінде Ахиет Байтұрсынов бірге үкімет атқарған қазақта бірінші роман жазып шығарған қайраткер Міржақып Дулатов.

Әнші сазгерлер шығармашылығы

1. Қазақ музыка өнерінде аттары алтын әріппен жазылған біртуар тұлғалар «Біржан, Ақан, Жаяу Мұса, Мәди, Әсет, Естай»

2. «Ләйлім шырақ» өленінің авторы кім? Біржан

3. Әсет Наймағамбаевтың туған жері  (Ш.Қ.О. мақаласы аударылған Бақти ауылы)

4. «Гәкку» «Жиырма бес» сынды жазған авторы (Үкілі Ыбырай)

5. Естайдың әні: «Қорлан»,  «Құсни-Қорлан» Павлодар

Екінші кезең: Өлеңді жалғастыр

I-топ  Айнымас. Махаббат Өтемісұлы.

1. Айтса дағы айныман

Көлденеңнің сөзіне

Әшкере болған ісім бар

Жойылған жұрттық көбіне

Кеткенім жоқ олжа үшін

Атаңа нәлет Жәңгірдің

Қан  жылатқан заңы үшін

2. Өзен. Ыбырай Алтынсарин.

Таулардан өзен ағар сарқыраған

Айнадай сәуле беріп жарқыраған

Айнадай сәуле беріп жарқыраған

3. А.Байтұрсынұлы. Аққу, шортан, һәм шаян.

Жүк алды аққу, шортан, шаян бір күн

Жегіліп тартты үшеуі дүркін-дүркін

Тартады аққу көкке, шаян көлге

Жұмылды суға қарай шортан шіркін.

II-Топ

1. «О, Ақтан жас, Ақтан жас»

Сен де жетер ме екенсің?

Жетімдіктің белінен

Асып өтер ме екенсің

Жорық сәуле көре алмай

Сол баяғы кетер ме екенсің?

2. Абай «Сегіз аяқ»

Бір кісі мыңға,

Жүз кісі сұмға,

Әлі жетер заман жоқ.

Қадірлі басым,

Қайратты жасым,

Айғаймен өтті амал жоқ.

3. Қараңғы қазақ көгіне

Өрмелеп шығып күн болам.

Қазағымның еліне

Күн болмағанда кім болам?

Мұздаған елдің жүрегін

Жылытуға мен барамын.

Үшінші кезең: Тарихи тұлғалар

Ұлы тұлғалар суреті беріледі, дерек айтамыз (Ахмет, Мағжан)

Төртінші кезең: Ұйқасын тап

 Екі өлең сөздері беріледі, өлең құрайды

...................................................... көрінеді

......................................................бөлінеді

......................................................

......................................................өріледі

Менің, достар, айтарым көп сендерге,

................................................................

.................................................................

..............................................................

Бесінші кезең: Әннің де естісі бар, есері бар,

Тыңдаушының құлағының кесері бар,

Ақылдынының  сөріндей  ойлы күйді

Тыңдағанда көңілдің өсері бар.

Ән беріледі. Бірлесіп шырқаймыз.

Авторын атын,тап.

1. «Сәби болғым  келеді»: М.Молдағалиев

Құста болғым келмейді,

Қанатым бар.

Қанатым бар күміспен жалатылған

2. «Желсіз түнде жарық ай» Абай

Қалың ағаш жапырағы

Сыбырласып өзді өзі

3. «Ақ сиса» Жаяу Мұса

Ақ сиса, қызыл сиса,сиса,сиса,

Жарасар камзол сұлу,белін буса,

Шорманның мұстафасы атымды алып

Атандым сол себептен Жаяу Мүса

Ақ сиса,қызыл сиса, сиса,сиса,

Жүрмейді кімдер жаяу зорлық қылса,

Жиылып орыс қазақ  қашты дейді

Көрермін ауыр бір күн туса

4. Қ  Мырза Али

Тұңғыш рет көріп тұрсын сен оны

Нағыз қазақ осы,міне ,танып қой

 

Әділ қазыларға сөз беру.

Қорытындысы:  I орын

                        II орын

Сайыс жеңімпаздары анықталды. Бәріміз де халқымыздың ұлы мұраларын жадымызда сақтап, болашаққа аманат қып тапсыру, басты борышымыздың бірі болып табылады. Сайыскерлерге алда көп ізденіс тілеймін.


Пікірлер (2)

назерке

керемет екен

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз