Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Бүтін өрнектерді түрлендіру

Шығыс Қазақстан облысы
Тарбағатай ауданы
Маңырақ ауылы
А.Байтұрсынов атындағы орта мектебі
Математика және алгебра пәні мұғалімі
Мүлікова Сания Бекенқызы

 

Сабақтың тақырыбы: Бүтін өрнектерді түрлендіру

Сабақтың мақсаты:       

Білімділік: оқушыларға көпмүшені көбейткіштерге жіктеудің әр түрлі тәсілдерін қолданып, өрнектерді түрлендіруге есептер шығарту.

Дамытушылық: оқушылардың ой-өрістерін кеңейту, тапқырлық пен ізденімпаздыққа баулу, есептеу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: оқушыларды дәлдікке, шыдамдылыққа, ізденіске тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, үлестірме қағаздар.

Сабақтың түрі: практикалық

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: СТО әдісі, деңгейлеп-саралап оқыту, жұптық жұмыс.

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

Сәлемдесу,оқушыларды түгендеу, карточкалардағы формулалар жұбы бойынша жұбын тауып отырғызу.

Сабақ мақсатымен таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

№447есеп. (слайдтағы жауаптар бойынша жұппен тексеру)

ІІІ. Формуланы  жалғастыр: (қысқаша көбейту формулаларының жалғасын интербелсенді тақтада жазып көрсету)

  1. (a+b)2=a2 +2ab+b2
  2. (a-b)2=a2 -2ab+b2
  3. a2-b2= (a-b)(a+b)
  4. a3+b3=(a+b)( a2 -ab+b2)
  5. a3-b3=(a-b)( a2 +ab+b2)
  6. (a+b)3=a3+3a2b+3ab2+b3
  7. (a-b)3=a3-3a2b+3ab2-b3

IV. «Миға шабуыл»

  1. Бүтін өрнек дегеніміз не?
  2. Мысалдар келтіріңдер
  3. Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу тәсілдеріне

     топтастыру жасаңдар: (интербелсенді тақтада орындау)

V. Білімді бекіту, мағынаны ажырату. (Деңгейлік тапсырмалар)

«А» д.  №446 (1,3,5,7) 

             №449 (2,4,6)   (тақтада орындату)

«В» д. №452 (1,2)

             №454(1,2) (слайдпен бір-бірін тексереді)

«С» д. №461 (1,2) (слайдпен бір-бірін тексереді)

«А» д.  

№446 Көбейткіштерге жіктеңдер:

1) 2m(a+b)+a+b=2m(a+b)+(a+b)=(2m+1)(a+b)

3) 4x(m-n)-m+n=4x(m-n)-(m-n)=(4x-1)(m-n)

5) 5x(a+b)-a-b=5x(a+b)-(a+b)=(5x-1)(a+b)

7) 3m(x+y)-x-y=3m(x+y)-(x+y)=(3m-1)(x+y)

№449

2) 6x2-12xy+6y2=6(x2-2xy+y2)=6(x-y)2

4) 5m2+10m+5=5(m2+2m+1)=5(m+1)2

6) 3a-6ab+3ab2=3a(1-2b+b2)=3a(1-b)2

«В» д

№452 Өрнектің тек оң мәндер қабылдайтынын дәлелдеңдер:

     №454 Теңбе-теңдікті дәлелдеңдер:

«С» д. №461 (1,2) Көбейткіштерге жіктеңдер:

  1. x2-5x+6= x2-3x-2x+6=(x2-2x)-(3x-6)=x(x-2)-3(x-2)=(x-3)(x-2)
  2. x2+6x+8= x2+4x+2x+8=(x2+4x)+(2x+8)=x(x+4)+2(x+4)=(x+2)(x+4)

VI.Сергіту сәті:

VII.Сабақты қорытындылау: (сәйкестендіру тесті)

Тест жұмысы интербелсенді тақтада жазылған.

VIII. «Ой толғау» толтыру.  (сөйлемдерді жалғастырыңдар)

  1. Бүгінгі сабақта нені үйрендік?
  2. Сабақта маған ұнағаны ...
  3. Маған қиындық келтіргені...

IX. Үйге тапсырма: №450, 455 есептер

X. Білімді бағалау: (бағалау парағы бойынша)

Оқушының

аты-жөні

1. Үй тапсырмасы

2. «Миға шабуыл»

3.Мағынаны ажырату

«А» д.  №446(1,3,5,7) 

№449 (2,4,6)

«В»д.№452(1,2) №454(1,2)

 «С» д. №461(1,2)

4. Сәйкестендіру тесті

5. Қорытынды баға

 

 

 

 

 

 

 

 


Пікірлер (3)

Гульмира

Өте керемет рахмет жазған адамга

Гульмира

Рахмет көп көп

Пікір қалдырыңыз

Басқа да жазбалар