ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҮШ ТІЛДЕ ОҚЫТАТЫН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕКТЕП
Пәні: физикалық география Сыныбы: 6 «А» Мұғалім: Дабылтаева Б.Ж
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан әлем картасында (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты: Жер шарында қандай мемлекеттер бар екендігін және оларды қандай картадан қарауға болатындығын, қазақстанның географиялық орнының ерекшелігін, ондағы тұратын халықтардың достастығы және де еліміздің рәміздері туралы оқып білу:
Сабақтың міндеттері:
1. Қазақстанның Еуразия материгінің орталығындағы географиялық орнының, ұлтаралық қатнастарға тигізетін орны туралы білу ;
2. «Этнография», «Демография» және географиялық карта ғылымдары нені оқытатынын жетік меңгеру;
3. Дүние жүзі елдерінің классификациясы туралы түсінік бере отырып, оқушыларға азаматтық - патриоттық, құқықтық тәрбие беру.
4. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сындарлы саясатын дәріптей отырып, оқушылардың ұлттық сана – сезімін қалыптастыру, жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру, өз елін, жерін қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың нәтижесі: Қазақстанның Еуразия материгінің орталығындағы географиялық орнының, ұлтаралық қатнастарға тигізетін орны туралы біледі ;
. «Этнография», «Демография» және географиялық карта ғылымдары нені оқытатынын жетік меңгеріп оқып шығады; 7. Дүние жүзі елдерінің классификациясы туралы білімдерін толықтырып, азаматтық - патриоттық, құқықтық рухтарын жетілдіреді.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сындарлы саясатының нәтижелерін көріп таниды. Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы туралы жаңалықтармен танысады.
Сабақтың түрі: танымдық сабақ.
Сабақтың типі: білім мен білік дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, сөзжұмбақ шешу, картамен жұмыс, қима қағаздармен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі:Дүние жүзінің саяси картасы, Қазақстан картасы, суреттер, слайдтар, бейне роликтер, атлас, кескін карта, электронды оқулық.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып, оларды түгелдеу, психологиялық дайындау
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау 1- Тапсырма.«Жер бетіндегі халықтар және нәсілдер» тақырыбы бойынша сұрақтар «Кім жүйрік». 1. Демография ғылымы дегеніміз не? (Халықтың ұдайы өсуінің заңдылықтары туралы ғылым) 2. Халықтың орташа тығыздығын табу формуласы қандай? (орташа тығыздық (1 км2) = халық саны / жер көлемі ) 3. Жер бетіндегі халық санының күрт өсуі.... деп аталады? ( «Демографиялық жарылыс») 4. Жер бетінде неше нәсіл бар, олардың ерекшеліктерін ата? ( 3 нәсіл, еуропоидтық, монғолоидтық, негроидтық) 5. Демографиялық саясат дегеніміз не? Демографиялық саясатты ұстанатын елдерді картадан көрсет? (Үкімет тарапынан халықтың тууын мемлекетке қажетті мөлшерде жүзеге асыруға бағытталған әкімшілік, әлеуметтік, дәрігерлік және басқа да шаралар жүйесін айтады) 6. Халықтың табиғи өсуінің формуласы қандай? (Табиғи өсу= туу/ өлім) 7. Апартеид дегеніміз не? Түсінікбер. (нәсілдіккемсітушілік) 2- Тапсырма. «Жердегі халық санының өсуі» диаграммасымен жұмыс. Кесте бойынша дүние жүзі халықтарының диаграммасын сызыңдар. Астына горизонталь сызықтың бойына жылдарды белгілеңдер. Вертикаль сызықтың бойына түрлі жылдардағы адам саны қойылады. Жыл Халық саны (млн адам) 1950ж 2527 1960ж 3060 1970ж 3727 1980ж 4430 1987ж 5000 1999ж 6000 2010ж 6700 2012ж (болжам) 7000
ІІІ.Жаңа сабақаты меңгерту
Кіріспе сөз: Ортақ ордамыз - Қазақстанның босағасын берік, шаңырағын биік ұстап, түтінін түзу ұшыру - елдік мақсат. Сонда ғана Қазақстан «2050» Стратегиясында айтылған үздік 30 елдің қатарынан табылады. Біздің Отанымыз - ортақ, тілегіміз - бір, мақсатымыз - жалғыз. Ол - жері гүлденген, елі түрленген, дамуы жедел, ұрпағы кемел Мәңгілік Қазақстан! Сабақтың жоспары:
1. Саяси карта туралы ұғым
2. Дүние жүзіндегі мемлекеттер
3. Қазақстан әлем картасында
4. «айтылмаса сөздің атасы өледі» Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл (қысқаша) Оқушыларды рухтандыру үшін«Қазақ елі»туралы виде ролик корсету. 1. Саяси карта туралы ұғым. Дүние жүзінің саяси картасында елдің әлемдегі орны, саяси – әкімшілік құрылымы бейнеледі. Сонымен қатар саяси картада басты саяси – географиялық өзгерістер : жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы, елдердің саяси мәртебесінің ауысуы, шекаралары мен аумағының, ел атауы мен астанасының өзгеруі және т.б. көрініс табады. Дүние жүзінің саяси картасындағы заңдылықтар мен өзгерістерді географияның саяси география деп аталатын саласы зерттейді. Мұның негізінде дүние жүзі елдерінің мемлекеттік құрылымы мен басқару үлгілерінің таралу заңдылықтарына, мемлекеттер арасындағы өзара қарым – қатынастарға, сондай – ақ мемлекеттік шекараларды анықтау мен халықтың қоныстануына байланысты болатын аумақтық қақтығыстарға қатысты күрделі мәселелер жатыр. Дүние жүзінің саяси картасы тарихи кезеңдерде ұдайы өзгеріске түсуде. Оған әртүрлі факторлар ықпал етеді. 2. Дүние жүзіндегі мемлекеттер. Қазіргі кезде дүние жүзінде шамамен 230-ға жуық мемлекет бар. Олар бәрінен бұрын аумағы және халқының саны жөнінен ерекшеленеді. Аумағының үлендігі жөнінен әлемнің 7 елі ерекше көзге түседі. Олар: Ресей Федерациясы, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Аустралия Одағы және Үндістан. Біздің еліміз жер көлемі бойынша дүние жүзінде 9-шы орынды алады. Бұл мемлекеттердің бәрінің ауданын қоса есептегенде бүкіл құрлықтың жартысынан асып түседі. Осындай алыптар мен өте шағын мемлекеттер де бар. Мәселен, Италияның астанасы Рим қаласында орналасқан Ватикан мемлекетінің жер көлемі 1 км²-ға халқы 1000ға жетпейді. Дүние жүзінде халқының саны 100 млн-нан асатын 10 мемлекет бар. Олардың үлесіне бүкіл жер шары халқының 60% -ы тиеді. Халқының саны жөнінен Қытай Халық Республикасы 1-ші орын алады. Халқы 1 млрд 300 млн-нан астам. Бұған керісінше Еуропаның орталығында орналасқан кішкене мемлекеттердің халқы 20-30 мыңнан аспайды. Ал, Тынық мұхитының шағын аралдарындағы кейбір елдердің халқы 10мыңға да жетпеді. 3. Қазақстан әлем картасында. Қазақстан тәуелсіздік алған азын-аулақ уақытта дүниежүзі картасында танымал мемлекетке айналды. Осы ретте Ұлт көшбасшысы - Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясаты мен ерең еңбегін атап өтпей болмас, Мемлекет басшысының басшылығымен кең масштабта экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүргізілді. Қазақстандық мемлекеттіліктің негізін қалаушы ретінде Тұңғыш Президенттің халықтың бірлігін нығайтуда, бейбітшіік орнатуда және дұрыс сыртқы саяси байланысты орнатуда еңбегі зор. Қазақстан дүние жүзі бойынша жер көлемі жағынан 9-шы, Еуразия материгіндк Ресей, Үндістан, Қытайдан кейінгі 4-ші, ал ТМД- бойынша 2-ші орынды алады. Қазақстанның жер көлемі Батыс Еуропадағы ең ірі мемлекет- Франциядан 5 есе үлкен. Оның жеріне Франция, Ұлыбритания, Испания, Италия, Швеция, Финляндия, Норвегия толық сиып кетеді.Қазақстан астанасы- Астана қаласы. 1994ж 6 шілдеде Қазақстан республикасының сол кездегі Жоғарғы кеңесі мен Министрлер кабинеті Қазақстан Республикасының астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қаулы қабылданды. 1997ж 20 қазанда Президент Н.Ә. Назарбаев «Ақмола қаласын Қазақстан республикасының астанасы деп жариялау туралы» Жарлыққа қол қойды. 1998 ж 6 мамырында Елбасының жарлығымен Астана қаласы болып жарияланды. 4.Қазақстан Халық Ассамблеясы. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының форумында айтты. 1995 жылғы 1 наурызда оның мәртебесін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативті-кеңесші орган деп бекіткен Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлығы шықты. Ассамблеяның негізгі міндеті – этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттылықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасау, ел бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамының негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту.
ІV.Сабақты бекіту. «Сөзжұмбақ» Оқушылардың алдына сөзжұмбақ бекітілген қима қағаз беріледі, тапсырма орындалып біткеннен кейін экранға қарап дұрыс жауаптарымен салыстырады.
V.Сабақты қорыту. Жаңа тақырыпты жеке және жұптық, топтық жұмыс жасау арқылы қорытындылау , берілген тақырып бойынша постер қорғау.
VI. Үйге тапсырмасы.«Әлем картасындағы Қазақстан» тақырыбын оқып келу
Бағалау кезеңі: өзін – өзі бағалау
Кері байланыс: (стикерлерге бүгінгі сабақтан « Не білдім?, Не үйрендім?, Нені білгім келеді?»тапсырмасы бойынша ой- пікірлерін жазу)
Гулмира
Сабақтың құрылымы оте ұнады максаты смарт талапка сай енбегиниздин жемісін коре бериниз