Өлең, жыр, ақындар

Екі өрнектің қосындысының квадраты және айырмасының квадратының формулалары

Павлодар обл.

Качир ауд.

Октябрь  ЖОББМ

математика пәнінің мұғалімі: Садыков Арынғазы  

2015-16 оқу жылы

 

Сабақ жоспар

Пәні: Алгебра

Сынып: 7 «А»

Өтілген күні:

Сабақтың тақырыбы: Екі өрнектің қосындысының квадраты және айырмасының квадратының формулалары

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділігі: оқушыларға екі өрнектің қосындысының квадраты және айырмасының квадратының формулаларының мәнін білу, түсіндіру және оларды дәлелдей білу;
  2. Дамытушылығы:  екі өрнектің қосындысының және айырманың формуласын практикада дұрыс қолдана білуі, есептеу жылдамдықтарын арттыру;
  3. Тәрбиелік: оқушыларды дәлдікке, еңбектенуге тәрбиелеу, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және тақырыптың нақтылығына көз жеткізу

Сабақтың көрнекілігі:

Әдісі: Формулалар. Түсіндірмелі сұрақ – жауап.  Практикалық жұмыс, тақтамен жұмыс

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы: 

  1. Ұйымдастыру кезеңі (1-2 мин.)
  2. Үй тапсырмасын тексеру (5 мин.)
  3. Жаңа оқу материалын енгізу (5 мин.)
  4. Жаңа сабақ (10 мин.)
  5. Жаңа тақырыпқа қатысты есептер шығару (15 мин.)
  6. Сабақты бекіту (Қорытынды) (5 мин.)
  7. Оқушыларды бағалау (1 мин.)
  8. Үйге тапсырма (3 мин.)

ІІ. Үйге тапсырмасын тексеру.

Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу:

  1. Бірмүшені көпмүшеге көбейту:
  2. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару
  3. Көпмүше және оның стандарт түрлері. Өтілген тақырыптардан сұрақтар қою

ІІІ. Жаңа материалды еңгізу.

Көпмүшені көпмүшеге көбейту кейбір жағдайларда ықшамдырақ орындауға болады.  Көпмүшелерді көбейтудің дарбес жағдайлары қысқаша көбейту формулалары деп аталады.

ІҮ. Жаңа сабақ

Екі а және b өрнегігің қосындысының квадраты:

Екі өрнекітң қосындысының квадраты бірінші өрнектің квадратына, плюс екі еселеген бірінші және екінші өрнектің көбейтіндісіне, плюс екінші өрнектің квадратына тең.Мысал:

Екі а және b өрнегігің айырмасының квадраты:

Екі өрнекітң айырмасының  квадраты бірінші өрнектің квадратына, минус  екі еселеген бірінші және екінші өрнектің көбейтіндісіне, плюс екінші өрнектің квадратына тең.

Мысал:

V. Есептер шығару.

№ 332 есеп. Көпмүше түріне келтір.

№ 333 есеп.  Көпмүшеге түрлендір.

№ 334, 335 есеп тақтамен жұмыс.

№ 336 есеп. Есептеңдер

 VІ. Қорытынды.

  екі өрнектің қосындысының қвадраты жалпы түрі

   екі өрнектің  айырмасының квадраты жалпы түрі

Жаңа тақырып бойынша бірнеше сұрақтар сұрақтар қою арқылы жаңа сабақты бекіту:

  1. Қысқаша көбейту формулалары деп нені атайды?
  2. Екі өрнектің қосындысының квадратының ережесі
  3. Екі өрнектің айырмасының квадратының ережесі

VІІ. Оқушыларды бағалау:

Оқушылардың жаңа сабаққа қатысқанына байланысты бағаларын қою.

VІІІ. Үйге тапсырма: № 338, 339 есептер


Пікірлер (4)

Жарас

100 есеп қосындысы айырмасы теңдеуді шешіңдер

Балнұр

Қуасыңба сен оқушынікін салсай тупои

Ғани

Рахмет! Маған ұнады.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз