Оңтүстік Қазақстан облысы
Шардара ауданы, Жаушықұм ауылы
«Жаушықұм» мектеп-лицейінің
География пәні мұғалімі: Тилеубекова Сара Анарбекқызы
Сабақтың тақырыбы: Ойланып, ойнап көрейік. Қазақстан табиғат зоналары тақырыбын қайталау ойын сабағы.
Білімділік мақсаты: Қазақстанның табиғат зоналары бойынша алған білімдерін бекіту, қорытындылау.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың ойын, қиялын дамытып, бірлікке, адамгершілікке, өзбетінше ізденуге, еңбектенуге дағдыландару, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың жан-жақты ойлауын, сөйлеу қабілетін, түйсігін, дүниетанымын дамытып, пәнге қызығушылығын арттыру.
Көрнекіліктер: Қазақстанның физикалық картасы, кескін карта, карточкалар, өсімдіктер мен жануарлардың суреті, плакаттар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа қатысуына, тазалығына көңіл бөлу арқылы сабақтың жоспарымен таныстыру.
Сабақтың жоспары:
1. Тақырыпты қорғау
2. Ой түрткі
3. Кескін картамен жұмыс
4. Кім жылдам
5. Географиялық тест
6. Тапқыр болсаң, тауып көр
7. Кестемен жұмыс
8. Сандар сөйлейді
9. Доп тастау
10. Эссе жазу (табиғат туралы төрт қатар өлең)
I-Тақырып қорау. Бұл ойынның шарты: Топ басшылары өздері таңдап алған тақырыптарын қорғау керек.
II-Ой түрткі. Бұл ойынның шарты: Екі топқа да ортақ бес сұрақ қойылады. Әр сұраққа дұрыс жауап берген жағдайда 5 ұпайдан беріледі. Жалаушаны көтеру арқылы жауап береді.
1. Қазақстанның жазық бөлігін кесіп өтетін табиғат зоналарын ата.
2. Табиғат зоналары қандай факторлар қалыптастырады? Сыртқы (күн жылуы, жаңбыр, қар, жел, су)
3. Табиғат зоналарының таралуы неге байланысты өзгереді? (географиялық ендікке, жылу, ылғал)
4. Зоналардың өзіндік ерекшеліктері бар ма? (климаты, топырағы, өсімдік, жануарлар дүниесі)
5. Таулы аудандарда зоналар қалай өзгереді? (биіктік белдеуге)
III-Кескін картамен жұмыс. Бұл ойынның шарты: Екі топқа арнайы жасалған кескін картаға екі топтың мүшелері табиғат зоналарының шекараларын сызып, бояу керек.
IV-Кім жылдам. Бұл ойынның шарты: Берілген екі минут ішінде «Тәжді көгершін»тобы дала зонасы, «Аққу»тобы шөл зонасының өсімдіктері мен жануарларын жылдам әрі дұрыс жазу керек.
V-Географиялық тест.
1-топ
1. Қазақстанның шөл зонасындағы өзен мен көлдерінің құстары.
а) Қырғауыл; б)Қарашақаз,бірқазан;
ә) Бозторғай; в) Кекілік.
2. Қазақстанның шөлейт зонасының сортаң, сұр топырағының өсімдіктері:
а) жоңышқа; ә) Тобылғы ; б) Лессинг жусаны; в) Бидайық;
3. Топырақтың құнарлығын арттыру деген не?
а) топырақ эрозиясы; б) мелиорациялау;
ә) құм тоқтату; в) қар тоқтату.
4. Топырақтың құнарлы қабатының жойылуы деп нені айтамыз?
а) топырақ эрозиясы; б) топрақты қорғау;
ә) құм тоқтату; в)қара шірікті қабат;
5. Топырақтың құнарлы қабаты деп нені айтамыз?
а) сазды қабат; б) ауыспалы қабат;
ә) қарашірікті қабат; в) құмды қабат;
2-топ
1. Топырақтану ғылымының негізін салушы ғалым:
а) Ш.Уалиханов; б) Қ.Сәтбаев;
ә) В.Докучаев; в) Л.Берг;
2. Су, ауа, жылу, өсімдік және тірі ағзалардың әсерінен жыныстардың үгілу нәтижесінде жер қыртысының беткі қабатында пайда болған табиғат құрылымы:
а) табиғат зонасы ; б) топырақ;
ә) литосфера; в) тау;
3. Қара топырақты зона Қазақстанның қай аймағында орналасқан?
а) солтүстігінде; б)шығысында;
ә) оңтүстігінде; в) батысында.
4. Қазақстанның өсімдікке бай аймағы:
а) тау; ә) дала; б) жазықтар; в)өзен аңғарлары.
5.Дала құсы:
а) дуадақ; ә) ұлар; б) байғыз; в)бұлбұл.
VI Тапқыр болсаң, тауып көр.
Бұл ойынның шарты: Тақтадағы ілулі тұрған өсімдіктер мен жануарлардың атын тауып, жазу керек
VII Кестемен жұмыс
Бұл ойынның шарты: Кестедегі берілген тақырыптың тұсына тиісті мәліметтерді жазу керек.
Тақырып |
Орманды дала |
Дала |
Шөлейт |
Шөл |
Географиялық орны. |
Қазақстанның солтүстігінде орналасқан. Жалпы көлемі 1млн га.0,4%алып жатыр. |
Батыс Сібір жазығының оңтүстік шеті, Торғай үстіртінің солтүстігі, Мұғалжар тауы түгелдей дерлік,Жалпы Сырт сілемдері,Каспий маңы ойпатының солтүстік жартысы, Орал етегі, Жем үстірті, Сарыарқаның солтүстігі мен орталық аудандары жатады.77млн га.жерді алып жатыр. |
Жайықтың жағасынан Алтай тауларына дейін 2900км-ге созылған. Республика ның шамамен жер көлемінің 10,8%-ын алып жатыр.
|
Каспий жағалауынан Тарбағатай Тауларына дейін созылған. Жер көлемі 120млн га. Республика аумаының 44%-ын алып жатыр. |
Климаты |
Климаты қолайлы. Жазы қоңыржай ыстық. Қысы едәуір суық. Шілденің орташа температурасы +180+200С. Қаңтарда орташа температура -170-190С.Аязды күндері -510-530С-қа төмендейді. Жылына 300-350мм-ге жауын жауады. |
Климаты континентті. Жазы ыстық әрі құрғақ, жиі-жиі аңызақ жел соғады. Шілдеде Орташа Температура Солт +180С, Оңт+230С. Қаңтарда орташа температура -160-180С. Жылына 220-310 мм-ге жауын жауады. |
Жазы барлық жерде ыстық. Қысы суық, ашық аязды күндер басым Шілдеде Орташа Температура +220+240С. Кейде ыстық 400С. Қаңтарда орташа температура -150-170С. Ең төменгі температура -500С. Жылына 180-300 мм-ге жауын жауады. |
Клматы тым континентті және аса құрғақ. Жазы ыстық қапырық қысы суық,аязды. Шілдеде Орташа Температура Солт+240+260С. Оңт+280+300С. Кейде ыстық 700С. Қаңтарда орташа температура -60-140С. Ең төменгі температура -400С. Жылына 100-200 мм-ге жауын жауады. |
Өзендері |
Ертіс, Жайық,Тобыл, Есіл 6000-нан астам көл бар. |
Ертіс, Жайық, Тобыл, Есіл, Нұра, Торғай, Шар, Ырғыз
|
Ойыл, Жем, Торғай, Сарысу, Аягөз.3000-нан астам көл бар. |
Тек қана шөл зонасынан тыс басталатын өзендер (Жайық, Жем, Сырдария, Сарысу, Шу, Талас, Іле, Қаратал) |
Топырағы |
Орманның сұр топырағы, қара топырақ Шірінді (6-9%) |
Қара және қызыл қоңыр топырақ Шірінді(6%) |
Ашық қара қоңыр, қызғылт күрең, сор, сортаң Шірінді (2-3%) |
Оңтүстігінде жеңіл саздақтың үстінде қоңыр топырақ. Шірінді(2,5%) Ал оңтүстігінде Сұр-қоңыр топырақ таралған. Шірінді(1,0-1,2%) |
Қорықтар мен қорықшалар |
Дуброва Мамлют қорықшалары |
Наурызым Қорғалжын |
|
Үстірт, Барсакелмес, Алакөл |
VIII Сандар сөйлейді.
Әр топқа 5 саннан жасырылады да топ мүшелері сол санға қатысты мәлімет береді.
I топ
1. 6000 (орманды даладағы көлдің саны)
2. 77 млн га (Дала зонасының жер көлемі)
3. 700С (Шөл зонасының ең жоғарғы температурасы)
4. 1954-1959ж (Дала зонасындағы тың және тыңайған жерлерді игеру жылдары)
5. 180-300мм (Шөлейт зонасының жылдық жауын-шашын мөлшері)
II топ
1. 80% (Дала зонасындағы өзендердің жылдық ағынындағы көктемгі су тасу кезеңі)
2. 75 см (Орманды дала зонасының солтүстігіндегі қара топырақтың қабаты)
3. 10 кг (Суырдың салмағы)
4. 48 0 с.е (Шөлейт зонасының оңтүстік шекарасы)
5. +280+300С (Шөл зонасының шілде айындағы орташа температурасы)
IX Доп тастау. Бұл ойынның шарты: Әр топ шеңбер жасап тұрады. Мұғалім доп тастау арқылы сұрақ қояды ал, оқушылар жауап береді.
I топ
1 .6 мың көлі бар зона (Дала)
2. Ылғалдандыру коэффициенті 0,3 болатын зона (Шөл)
3. Оңтүстік шеті сүйір зона (Шөл)
4. Мұнда сүтті, етті бағыттағы мал шаруашылығы басым (Орманды дала)
5. Шамамен 540-500 солтүстік ендік аралығында орналасған зона (Дала )
6. Қоңыр сұр топырақ басым зона (Шөл)
II топ
1. Изен, ебелек, көкпек өсетін зона (Шөлейт)
2. 28 млн. га жері жыртылатын зона (Дала)
3. Сүңгуір, гагара (дала зонасы құстары.)
4. Мойыл, долана, итмұрын - орманды дала өсімдіктері.
5. Тамыры тереңге кететін өсімдік ( жантақ).
6. Жергілікті өзендері жоқ (шөл)
X Эсса жазу: Бұл ойынның шарты: Екі топтың мүшелері табиғат тақырыбында ой толғау арқылы төрт қатар өлең жазу керек. Өлең мағыналы әрі ұйқасты болу керек.
Бағалау: Оқушылар әр түрл фигуралар арқылы бағаланады. Екі топқа екі бағалау парағы ілінеді. Әр ойын барысында сұраққа жауап берген топтың оқушылары бағалау парағындағы өз тұсына алған фигурасын орналастырып кетеді.
Қорытындылау. Жеңімпаздарды анықтап, марапаттау.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі