Өлең, жыр, ақындар

«Кім көп біледі» ойын сабағы

Оңтүстік Қазақстан облысы

Шардара ауданы, Жаушықұм ауылы

«Жаушықұм» мектеп-лицейінің

География пәні мұғалімі: Тилеубекова Сара Анарбекқызы

 

 

Сабақтың тақырыбы: Кім көп біледі ойын сабағы.

Білімділік  мақсаты: Оңтүстік Америка материгі бойынша алдынғы өткен тақырыптарды еске түсіру мақсатында бекіту ойын сабағын өткелі отырмын.

Дамытушылық мақсаты: Модульдік технологиясы «кім көп біледі». Модуль дегеніміз жеке тұлғаны қалыптастыруға, оқу материалын барлық оқушыларға меңгертуге қол жеткізеді. Оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамытуға, оқытудың әр түрлі тәсілдері арқылы жұмыс істеуге де өте қолайлы.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды тазалыққа, тапқырлыққа, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. «Оңтүстік Америка материгі» тарауында құрылған модульдік «Кім көп біледі» қайталау ойын сабағы.

Ойын шарты.

Ойын 5 бөліктен тұрады.

I. Тақырып қорғау.

II. Сұрақ-жауап.

III. Тау бұзар ойын.

IV. Кескін картамен жұмыс.

V. Табиғатқа саяхат

Сыныптағы оқушыларды 2 топқа бөлеміз.

1. Канада.

2. АҚШ.

I бөлім.

Бұл бөлімде екі топтың басшылары өз тобының  тақырыптарын қорғау керек. Солтүстік Американың дамыған елдері Канада, АҚШ туаралы қысқаша мәлімет беріледі.

II бөлім.

Әр топқа сұрақ жазылған үлестірмелер тарқатылып беріледі. Әр топ мүшелері кезектесіп  жауап береді. Сұраққа жауап бере алмаған жағдайда келесі топ жауап беруге болады.

I-ші топтың сұрақтары.

1. Солтүстік Американың жер көлемі қанша? Ж) (24,2 млн. км2).

2. Мексика таулы қыраты мен Оңтүстік Америкаға дейінгі аралықты қалай атайды? Ж) (Орталық Америка)

3. Солтүстік Американы Еуразиядан бөліп тұрған бұғазды ата. Ж) (Беринг)

4. 1985 жылы қандай қалада апатты жер сілкінісі болған? Ж) (Мехико)

5. 1492 жылы Испан экспедициясын басқарып,Орталық Америкаға 3рет саяхат жасаған саяхатшыны ата.Ж) (Х. Колумб)

6. Кордильера испан тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді? Ж) (тау жотасы, тау тізбегі).

7. 1519 ж байырғы ацтектер мемлекеті болған ал қазіргі таңдағы Мексиканы  жаулап алған саяхатшы кім?  Ж) (Э.Кортес)

8. Генри Гудзон, Александер Макензи саяхатшыларының атымен аталатын қандай жер-су атауларын білесің? Ж) (Гудзон шығанағы, Гудзон бұғазы, Макензи өзені)

9. Тропиктік ендіктерде жаздың аяғы мен күздің басында мұхиттан соғатын өте күшті дауылды ата.Ж) (Ураган)

10. Мұнай, газ, тас көмірдің  ірі кен орындары қайда? Ж) (Миссисипи ойпатында).

II-ші топтың сұрақтары.

1. Солтүстік Америка мен Оңтүстік Американы байланыстырып тұрған каналды ата. Ж) (Панама).

2. Материк жер бедерінің саты тәріздес биіктейтін бөлігі қайсы жазықтан басталады? Ж) (Ұлы жазықтар)

3. X ғасырда Исландияны жағалап, Гренландияның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында тұрған кімдер? Ж) (Нормандар)

4. XV ғасырда Ньюфаундленд аралы мен Лабрадор түбегін ашқан саяхатшы кім? Ж) (Джон Кабот)

5. Мореналар дегеніміз не?Ж) (Түгелімен мұздықтар өңдеп,тасмалдаған жыныстарды айтады)

6. Аляска жерін зерттеген саяхатшыларды ата. Ж) (Витус Беринг,Алексей Чириков).

7. Нортон шығанағын кім ашты?  Ж) (Д. Кук)

8. Сьерра дегеніміз не? Ж) (испан тілінен аударғанда ара деген мағынаны білдіреді)

9. Өлім аңғары не себепті бұлай аталған?Ж) (1849 жылғы алтын іздеушілердің аптапты ыстық пен шөлге шыдамай қаза болған жері  кейінен солай аталған)

10. Орталық жазықта байқалатын күшті дауылды ата. Ж) (торнадо).

III бөлім.

Бұл бөлімде тақтаға дүниежүзінің физикалық картасы ілініп, екі жағына да  екі топқа  сегіз географиялық атаулардан құрастырылған таудың нұсқасы көрсетілген. Оқушылар тауды білектің күшімен емес білімнің күшімен бұзуы шарт. Ол үшін екі топ мүшелері берілген уақыт ішінде бір ғана оқушы емес бірнешеуі  қатыса отырып, кезекпен тақтадағы географиялық атауларды картадағы орнына дұрыс орналастыру керек.

IV бөлім.

Кескін картамен жұмыс.

Бұл бөлімде екі топ Солтүстік Американың ішкі суларына арналған кескін картамен жұмыс атқарады. Оқушылар кескін картада жасырылған өзен және көлдердің аттарын жазу керек.

V бөлім.

Табиғатқа саяхат.

Оңтүстік Америка табиғат зонасындағы кездесетін өсімдіктер мен жануарлар араласып жатыр, яғни осы өсімдіктер мен жануарларды тіршілік етіп жатқан табиғат зоналарына апарып орналастыру қажет.

Қорытынды: Әділқазы мүшелері екі топтың жинаған  балын шығарып, жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздарға мақтау қағаздары мен сыйлықтар тапсырылады.

Үйге тапсырма: Солтүстік Америка тарауы бойынша сөзжұмбақ құрап келу.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз