Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ортадересін ауылы
"Ортадересін жалпы орта білім беретін мектеп" КММ-сінің
География пәнінің мұғалімі: Асылханова Айда Сериковна
Сабақтың өтудегі басты мақсатым: Аустралия мен Мұхиттық аралдарға физикалық, географиялық орны, жағалық пішіні туралы географиялық білімін толықтыру, физикалық карталарды пайдалана отырып, оқушылардың Аустралияның және Мұхиттық аралдардың жер бедері, өзендері туралы толық мәлімет беру, патриоттық тәрбие бере отырып пәнге қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі: Карта, суреттер, слайдтар
Сабақ әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем береміз. Ал әдептен озбайық, уақытты созбайық бастаймыз бүгінгі сабақты
Өткен сабақты пысықтау кезеңі. Аустралияға саяхатқа шығу үшін ұтыс билетін ұтып алуымыз керек. Ол үшін өткен сабақтарды еске түсіріп сұрақтарға дұрыс жауап береміз.
1-топтың тапсырмалары:
1. Дүниедегі ең үлкен шөл? (Сахара)
2. Африканы неше мұхит шайып жатыр? (3 мұхит Тынық, Атлант, Үнді мұхиттары)
3. Ең ыстық материк? (Африка)
4. Дүниежүзіндегі ең ұзын өзен? (Ніл)
5. Африканың оңтүстік шығысындағы ең ірі арал? (Мадагаскар)
6. Ең ірі су жануары? (Кит)
7. Африканы айналып шыққан саяхатшы? (Н.И.Вавилов)
2-топтың тапсырмалары:
1. Африканың ең үлкен аралы? (Мадагаскар)
2. Африка материгінің жер көлемі? (30,3 млн км2.)
3. Алжир астанасы? (Алжир)
4. Африканың ең ірі көлі? (Виктория)
5. Экватор бойында орналасқан құрлық? (Африка)
6. Африкадағы ең ежелгі мемлекет? (Египет)
7. Кофенің Отаны? (Эфиопия)
Белгіленген обьектілердің атын тауып картадан көрсет.
1. Қызыл теңізді картадан көрсет ол Африканың қай жерінде орналасқан?
2. Жерорта теңізін картадан көрсет ол Африканың қай жерінде орналасқан?
Сабақтың барысы: Оқушылар Аустралияға жолдаманы ұтып алды.
Қызығушылықты ояту.
Балалар, кәнеки, мына жұмбақты шешіп көрейікші.
Сатайын десем ауыр кілем, сатпаймын десем тәуір кілем. (ЖЕР)
Ерекше кескіні бар қызық карта,бет-аузы айқыш-ұйқыш сызық карта. (КЕСКІН КАРТА)
ІІ. Жаңа сабақ. Аустралия - Жер шарындағы ең кіші ең аласа материк. Оның ауданындағы аралдармен қоса есептегенде 7,6 млн км². Материк атауының өзі латыншадан аударғанда «оңтүстік» деген мағына береді.Өйткені Аустралия түгелімен оңтүстік жарты шарда жатыр, яғни басқа материктерден оқшау орналасқан, оңтүстік тропик шеңбері оны дәл ортасынан кесіп өтеді.
Шеткі нүктелері:
Солтүстікте-Йорк мүйісі-10 о.е,143 ш.б
Оңтүстік-Вильсон мүйісі-39 о.е,146 ш.б
Батыс-Стип-Пойнт мүйісі-26 о.е,113 ш.б
Шығыс-Байрон мүйісі-28 о.е,153 ш.б
Материктің байырғы халқы - аборигендер.
Астанасы - Канберра. Ірі қалалары - Сидней, Мельбурн, Брисбен, Перт, Аделаида
Басқару формасы - Парламенттік конституциялық монархия. Үкіметті королева Елизавета II басқарады.
Ауданының кіші болуына қарамастан, материк табиғатының өзіндік ерекшеліктері бар. Аустралия жағалауларын Тынық және Үнді мұхиттарының жылы сулары шайып жатыр. Мұхиттағы судың беткі температурасы жазда +28 °С-қа жетсе, қыста +20 °С-тан төмен түспейді. Материктің шығысын бойлай орналасқан Үлкен Суайрық жоталары созылып жатыр. Оның ең биік нүктесі Косцюшко тауы, биіктігі 2228м. Аустралия материгі пайдалы қазбаларға бай. Материк алтын, алюминий, мыс, никель, марганец, темір мен уран, цикроний (алмастың түрі) кендеріне бай. Орталық жазықтарда мұнай мен газдың мол қоры бар.
Аустралия - Жер шарындағы ең құрғақ материк. Материктің көпшілік бөлігі ыстық, құрғақ климат тән. Аустралияның тек солтүстік және шығыс жағалық бөлігіне ғана жылы ағыстар әсерінен біршама мол жауын-шашын түседі. Материкті оңтүстік тропик шеңбері кесіп өткендіктен күн сәулесі мол түседі. Аустралия материгі солтүстіктен оңтүстігіне қарай субэкваторлық, тропиктік, субтропиктік климаттық белдеулерді алып жатыр. Аустралияның ең үлкен өзен жүйесі - Муррей жатады. Муррейдің ең ірі саласы Дарлинг. Аустралияда көлдер өте аз. Ең ірі көлі- Эйр. Жалпы Аустралияда «вилли-вилли» деп аталатын шаңды дауылдар мен құйындар жиі болып тұрады. Материкте жергілікті жыртқыштар жоқ, басқа ешбір жерде табиғи жағдайда кездеспейтін эндемик өсімдіктер (эквалипт, казуарина) мен жануарлар (кенгуру, үйректұмсық, ехидна) тіршілік етеді. Шаруашылығы дамыған - ел. Қазіргі кезде Аустралия меринос қойларының саны жөнінен дүние жүзінде бірінші орын алады.
Мұхиттық аралдар - экватордың екі жағында, солтүстік жарты шардың субтропиктік белдеуі мен оңтүстік жарты шардың қоңыржай белдеуі аралығын алып жатыр. Ірі аралдарына Жаңа Гвинея, Жаңа Зеландия, Гавай, Фиджи, Соломон, Суматра, Меланизия, Микронезия, Полинезия т.б аралдар жатады.
ІІІ. Сергіту сәті.
Жел уледі-у-у, Қатты-қатты жел соқты-гу-гу,
Құйын келіп биледі-зу-зу, Жапырақтар қол соқты-ду-ду.
ІV. Жаңа сабақты бекіту.
V. Бағалау.
VІ. Сабақты тест сұрақтарымен қорытындылау .
1.«Аустралия» деген сөз қандай мағынаны білдіреді?
А) кішкентай Ә) құрғақ Б) оңтүстік
2.Жер шарындағы ең құрғақ материк?
А) Африка Ә) Аустралия Б) Еуразия
3. Аустралияның жеке материк екенін қай зерттеуші дәлелдеді?
А) А.Тасман Ә) Д.Кук Б) Ф.Магеллан
4. Аустралияның жергілікті тұрғындары:
А) пигмейлер Ә) негрлер Б) аборигендер
5 .Астанасы қай қала?
А) Канберра Ә) Сидней Б) Мильбурн
6.Ең көп бөлігін қай климаттық белдеу алып жатыр?
А) субэкваторлық Ә) тропик Б) қоңыржай
7. Пайдалы қазбаларының шығу тегі қандай?
А) кристалды жыныстар Б) магмалық Ә) шөгінді жыныстар
8. Материктің қай бөлігі қай табиғат белдеуінде жатыр?
А) шөл-шөлейт Ә) саванналар Б) орман
VІІ. Үйге тапсырма. Сөзжұмбақ, ребус құрастыру, Кескін картаға Аустралия материгінің физикалық картасын бояу.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі