Өлең, жыр, ақындар

Қазақстанның қорықтары

ОҚО, Шардара ауданы, Жаушықұм ауылы
"Жаушықұм" мектеп-лицейінің
География пәні мұғалімі: Сара Тилеубекова Анарбекқызы

 

Сабақтың тақырыбы:  Қазақстанның қорықтары

Білімділік мақсаты: Ерекше қорғалатын аумақтар қатарындағы «Қорық» ұғымына анықтама беру. Қазақстан аумағындағы қорықтар жайлы білім қорын молайту.

Тәрбиелік мақсаты: Қоршаған ортаны қорғауға, тиянақты білім алуға, ұйымшылдыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың тақырып бойынша алған білімін топтық  жұмыс арқылы тексеру. Өздігінен жұмыс істеуге дағдыландыру. Өткен сабақтармен байланыстыра отырып, тірек –сызба, карта, атлас, оқулық деректерін пайдалана білу дағдысын дамыту.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ой жүйрік, тірек-сызба, жұптық, топтық жұмыстар т.б.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

    Көрнекілік: Қазақстанның физикалық картасы, түрлі-түсті жемістер, кеспе-қағаздар, тірек-сызбалар, бүктеме.

Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру.

II .Үй тапсырмасын сұрау.

III.Жаңа сабақ түсіндіру.

IY.Сабақты бекіту

Y.Үйге тапсырма беру.

YI.Сабақты қорытындылап, оқушыларды бағалау.

 

 I. Оқушыларды ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа қатысуы, оқу құралдарының даярлықтарын, сынып тазалығын тексеру. Оқушыларды әртүрлі жемістің түріне қарай топтарға бөлу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Жеміс жинау.
  2. Картамен жұмыс.

1. Жеміс жинау. Әр топтың мүшелері жемістегі сұрақтарға жауап беру арқылы, жапсырылған жеміс санына қарай балл жинайды. 

- Алманың сұрақтары.

1. Ерекше қорғалатын аумақтарды ата.

2. Табиғатты қорғау үшін не істеу керек?

3. Табиғатты толық қорғай аламыз ба?

4. Адамзаттың табиғат байлығын сарқылматын деп ойлауының кері әсері туралы не білесің?

5. Елімізде табиғатты қорғау ісі қалай жүргізілуде?

6. Ботаникалық бақтар деген не?

7. Ұлттық парк деген не?

8. Ұлттық парк, қорық, қорықшалар санын көбейту керек пе?

- Жүзімнің сұрақтары.

1. Табиғатта шекара бар ма?

2. Ең алғаш құрылған ұлттық паркті ата.

3. XXI ғасырдағы экологиялық проблемалардың шиеленісуі жайлы білесің?

4. Дендрологиялық бақтар деген не?

5. Қазақстанда қанша ұлттық саябақ бар?

6. Соңғы құрылған ұлттық паркті ата.

7. 2004 жылы құрылған ұлттық саябақты ата.

8. Шренк шыршаларымен көз тартатын ұлттық саябақты ата.

-  Шиенің сұрақтары.

1. Ұлттық, халықаралық деңгейдегі табиғатты қорғау дегенді қалай түсінесің?

2. Елімізде табиғатты қорғау ісі қалай жүргізілуде?

3. Табиғи қорықша деген не?

4. Зоологиялық бақтар деген не?

5. Қазақстанның Швейцариясы атанған ұлттық паркті ата.

6. Аумағында Шортанды,Кіші Шабақты көлдері бар ұлттық паркті ата.

7. Марал қорғалатын ұлттық парк.

8. 1998 жылы құрылған ұлттық парк.                                                                                                                                                    

 

2. Картамен жұмыс. Ұлттық парктер жазылған стикерлерді картадағы тиісті орындарына жапсырып шығу керек.

III. Жаңа сабақ түсіндіру.

Қызығушылықты ояту.

«ой шақыру» әдісінде тақырыпқа байланысты тұспал сұрақ қойылады.

  •  Шаруашылық түрлеріне тиым салынған ерекше қорғалатын аймақ. Ж. Қорық.

1. Тірек-сызба арқылы жаңа сабақ түсіндіріледі.

IY Сабақты бекіту.

Топтық жұмыс. Әр топ мүшелері тарқатылып берілген тақырыпшалар төңірегінде өз ойларымен бөлісіп, «тыңдау, баяндау, толықтыру» қорытындылай келе, флипчартқа түсіріп, ментальді картаны баяндамашы қорғайды.                  

1 топ. Солтүстік Қазақстан: Наурызым, Қорғалжын.

2 топ.Оңтүстік Қазақстан: Барсакелмес, Алакөл.

3 топ. Батыс Қазақстан: Үстірт қорығы.

4 топ: Шығыс Қазақстан: Марқакөл, Батыс Алтай.

5 топ: Таулы аймақ: Ақсу-Жабағылы, Алматы, Қаратау.

Y. Үйге тапсырма беру. Қазақстандағы қорықтарды кескін картаға түсіріп ,жұмыс дәптердегі тапсырмаларды орындау.

YI. Сабақты қорытындылап, оқушыларды бағалау.

 

Бағалау парағы.

 

Р/с

Оқушылардың аты-жөні.

Үй тапсырмасын сұрау

Жаңа сабақ барысы

Сабақты бекіту

Қорытынды

Жеміс жинау

Картамен жұмыс

Ой шақыру

Тірек-сызба

Топтық жұмыс.  Ментальді карта қорғау.

 

1

 

 

Ж-8б

Ж-5

Ж-5б

Ж-5б

-географиялық орны; «1»

- Қорықтардың құрылу мақсат, міндеті ашып көрсетілуі керек; «1,5»

-биологиялық ресурстарының негізгі ерекшеліктері көрсетілуі керек; «1,5»

-бейнелеу көркемділігі де назарға алынады. «1»

Жоғарыдағы критерийлер негізінде бағаланады.

 

 

 

 

 

 

20-25балл «5»

15-19балл «4»

3-14балл «3»


Пікірлер (2)

Ақбота

Мақала солай жазылама

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз