ОҚО, Шардара ауданы, Жаушықұм ауылы
"Жаушықұм" мектеп-лицейінің
География пәні мұғалімі: Сара Тилеубекова Анарбекқызы
Тақырыбы: География пәнінен оқушыларды ҰБТ-ге дайындаудың тиімді жолдары
Жалпы білім беретін мектептердің түлектерін ҰБТ арқылы аттестациялау және оларды жоғары оқу орындарына түсуге дайындау мектеп ұжымын жеке пән мұғалімдерін үлкен жауапкершілікке міндеттейді және бұл жүйе мектеп түлектері, мұғалімдер және ата-аналар арасында үлкен беделге ие. Оның нәтижелері жастардың асау өмір арнасындағы өткелдері іспетті жақсы нәтижеге жетіп, сынақта жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізу-олардың негізгі арманы десек те болар. ҰБТ өткізудің Білім министрі бекіткен арнайы ережесі бар екені белгілі.Бұл жерде төрт пән міндетті де, 5-ші таңдау пәні. Таңдау пәні мамандыққа бағдарланғандықтан алдымен баланың өз ойымен санасып, болашақта кәсіби маман иесі болуына деген қызығушылығын мектеп қабырғасынан қалауға ықпал етемін.
Оқушыларды ҰБТ-ге дайындаудағы негізгі міндеттерім.
ҰБТ-ге дайындауда ең бірінші төмендегідей жұмыстар жүргізген тиімді деп ойлаймын.
Жоғарыда көрсетілген міндеттерді негізге ала отырып, бір жылға арналған күнтізбелік жоспар дайындаймын. Жоспарға сәйкес мектеп әкімшілігі белгілепқойған сабақ кестесі бойынша аптасына 2 рет қосымша сабақ өтемін. Өткізілген қосымша сабақтарадағы бір тақырыпқа яғни, Азия елдері тарауындағы жетекші ел саналатын Жапонияға құрылған деңгейлік тест тапсырмалары көрсетілген.
I - деңгейлі тест тапсырмалары
1. Жапонияның жер көлемі қандай?
а) 372,2мың км2
в) 372,1 мың км2
с) 373,2 мың км2
д) 376,4 мың км2
е) 376,5 мың км2
2. Жапонияда қанша халық тұрады? (2010ж)
а) 127,4 млн адам
в) 128,1 мың км2
с) 127,2 мың км2
д) 127,4 мың км2
е) 126,5 мың км2
3. Жапонияның астанасын анықта
а) Наго
в) Сэндай
с) Токио
д) Тоёда
е) Футю
4. Жапонияның ең ірі аралы.
а) Хонсю
в) Хоккайдо
с) Кюсю
д) Сикоку
е) Яку
5. Жапония мемлекеттік құрылымы жағынан....ел.
а) Конституциялық монархиялы
в) Абсолюттік монархиялы
с) Теокарттық монархиялы
д) Президенттік
е) Парламенттік
6. Жапония әкімшілік-аумақтық жағынан....бөлінеді
а) Штатқа
в) Префектураға
с) Автономия
д) Провинция
е) Облыс
7. Жапонияның ең ірі портты қаласы.
а) Тиба
в) Сэндай
с) Токио
д) Цукуба
е) Футю
8. Жапонияның қасиетті тауы деп ... атайды.
а) Памирді
в) Қарақорымды
с) Куньлуньды
д) Фудзияманы
е) Гиндукушты
9. Бір ұлтты елді анықта.
а) Үндістан
в) Индонезия
с) Жапония
д) АҚШ
е) Нигерия
10.Жапонияның ұлттық діні.
а) даосизм
в) конфуцийлік
с) синтоизм
д) иудаизм
е) индуизм
11. Өсімдік шаруашылығының жетекші түрі-
а) күріш
в) бидай
с) арпа
д) тары
е) қытайбұршақ
12. Дүниежүзіндегі ең алып мегаполисті анықта.
а) Токайдо
в) Сэндай
с) Токио
д) Тоёда
е) Футю
Оқушының аты-жөні |
Жинаған ұпай саны |
|
|
II-деңгейлі тест тапсырмалары.
1. Жапонияның жетекші саласы.
а) машина жасау кешені
в) химия өнеркәсібі
с) жеңіл өнеркәсібі
д) тамақ өнеркәсібі
е) қара металлургия
2. Әлемдегі аса ірі ғылым қалаларының қатарына енген.
а) Токайдо
в) Сэндай
с) Токио
д) Цукуба
е) Футю
3. Жапонияны кесіп өтетін климаттық белдеулер.
а) қоңыржай, субтроиктік, тропиктік.
в) субэкватор, субтроиктік, тропиктік.
с) экватор, субэкватор,тропиктік
д) субтроиктік, тропиктік, субарктикалық.
е) қоңыржай, тропиктік, арктикалық
4. Кеме жасаудың ірі орталықтары.
а) Иокогама, Кобэ, Нагасаки қалалары.
в) Сэндай, Кобэ, Нагасаки қалалары.
с) Токио, Кобэ, Нагасаки қалалары.
д) Цукуба, Кобэ, Нагасаки қалалары.
е) Футю, Кобэ, Нагасаки қалалары.
5. Жапонияның аса ірі теміржолы «Синкансэн» қай жылы салынды?
а) 1964
в) 1965
с) 1966
д) 1967
е) 1968
6. Жапонияның әйгілі қар фестивалі өтетін ақ аралын анықта.
а) Хонсю
в) Хоккайдо
с) Кюсю
д) Сикоку
е) Яку
7. Теңіз өнімдерін аулауда дүниежүзінде нешінші орын алады?
а) 1-ші
в) 2 ші
с) 3 ші
д) 4 ші
е) 5 ші
8. Жапонияның басты сауда әріптесі-
а) АҚШ, Канада
в) Қытай, Корея
с) Аустралия, АҚШ
д) Ресей, АҚШ
е) АҚШ, Германия
Оқушының аты-жөні |
Жинаған ұпай саны |
|
|
III-деңгейлі тест тапсырмалары.
1. Дүниежүзінде электр энергияны өндіруде ... орынды алады.
а) АҚШ, Қытай, Ресейден кейінгі 4-ші
в) АҚШ, Қытайдан кейінгі 3-ші
с) АҚШ, Қытай, Ресей, Үндістаннан кейінгі 5-ші
д) АҚШ кейінгі 2-ші
е) АҚШ, Қытай, Ресей, Үндістан, Канададан кейінгі 6-шы
2. Жапонияның импорттық құрылымындағы тас көмір бағыттары.
а) Аустралия, АҚШ, Үндістан.
в) Аустралия, Замбия, Сингапур.
с) Аустралия, АҚШ, Канада,Аргентина
д) Аустралия, АҚШ, Канада, Ресей.
е) Аустрия, Корея, Қытай.
3. Жапонияны халқы өз тілінде қалай атайды?
а) Гибро
в) Хикари
с) Ниппо
д) Цугару
е) Күншығыс елі
4. Қазақстанға бөлген қаржы негізінде қандай жұмыстар атқарылды?
а) Семей аймағындағы медициналық көмек көрсетуді жақсарту.
в) Алматы облысының денсаулық сақтау жүйесін жақсарту.
с) Батыс Қазақстанның автомобиль жолдарын қалпына келтіру.
д) Семей қаласындағы көпірді салу
е) Аталғанның барлығы
Оқушының аты-жөні |
Жинаған ұпай саны |
|
|
1 деңгейлі тапсырманың әр сұрағына 1 ұпай «12 ұ»
1 деңгейлі тапсырманың әр сұрағына 2 ұпай «16 ұ»
1 деңгейлі тапсырманың әр сұрағына 3 ұпай «15 ұ»
Жалпы бағалау 40-43 ұ «жоғары»
31-39 ұ «орташа»
12-30 ұ «ортадан төмен»
3-11 ұ «төмен»
«Жаушықұм» мектеп-лицейінің 2014-2015 оқу жылы барысында алынған тест жұмыстарының мониторингі.
Әрбір алынған тест жұмыстарын тексеріп-саралап,жіберілген қателіктерді анықтағаннан кейін, жоспарлы түрде қатемен жұмыс жүргізіледі. Көп жағдайда жіберілетін қателіктер:
1. Жылдарды анықтауда;
2. Картадағы географиялық обьектілердің орнын табуда.
Қателіктерді жою жолдарына келсек, қателік жіберілген сұрақтар бойынша өздеріне тест құрап келуді тапсырамын. Жүргізілген тест жұмыстарына талдау жасалып,жинаған ұпайларының мониторингі жасалады. Соның негізінде олардың өсім деңгейі байқалып отырады. Алғашқы кезеңдерде басты мақсат тақырыпты игеру болғандықтан уақытпен көп санаса бермейтінмін. Бертін келе уақытты үнемдеуге, ҰБТ-де өзін еркін ұстауға, қобалжымауға, ойын жинақтай білуге бағыт-бағдар берудемін.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі