Өлең, жыр, ақындар

Егемен елім-ай

Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы
Аққайың орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Ильенкова Айнур Нурбулатовна

Күні:

Пәні: Қазақ тілі                                      Класы: 10 

Сабақтың тақырыбы:

 Егемен елім-ай

Мақсаты:

Туған жері, елі туралы сөйлесе отырып, оқушылардың білімдерін кеңейту және есте сақтау; қазақша сөйлеу дағдысын арттыру, ойлау қабілетін дамыту;  балаларды  білімділікке тәрбиелеу, білім алуға құштарлығын арттыру.

Күтілетін нәтиже:

Өз пікірін сенімді әрі дәлелді,тұжырымды жеткізе білуге дағдыланады.

Түйінді идеясы:

Отан үшін отқа түс өлмейсің.

Әдіс-тәсілдер:

Диалог,әңгімелеу, талдау, сөйлем құрау, топтық жұмыс, қорғау.

Уақыты:

Ресурстар

Сабақтың мазмұны

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1 минут

 

Амандасу. Сын есімдерді қатыстырып амандастыру.

Оқушылар өздерінің есімдерінің бас әріпіне мақтау сын есімдерін ойлайды.

2 минут

Өлең

Өлеңді оқыту

Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды.

2 минут

Сұрақ-жауап

Сұрақтарға өлең бойынша жауап беру.

 

10 минут

Талдау

Сөз тіркестері құрамындағы сөздерге фонетикалық талдау жасатамын.

Оқушылар талдап оқиды

5 минут

Сөйлем құрау

Тексеру

Оқушылар бір-бірінің құрастырған сөйлемдерін тексереді.

10 минут

Постер қорғау

Болашақта еліміз қандай болғанын қалайсыз?

Оқушылар ойларын сурет арқылы көрсетіп, ортаға салады.

2 минут

Сергіту сәті

Фото сурет

 

5 минут

Жазба жұмыс

өлеңнен алынған синонимдерді қатыстырып сөйлем құрау

Оқушылар өлеңнен алынған синонимдерді қатыстырып сөйлем құрап жазады.

3 минут

Қорытынды

Сұрақ-жауап

Оқушылардың жауабы тыңдалады.

3 минут

Бағалау

Әр топтан қай оқушы белсенді болды.

Оқушының пікірі.

2-жұлдыз 1-тілек

2 минут

Үйге тапсырма

Отан, туған жер тақырыбына мақал – мәтел дайындау. 7-бет 7 тапсырма.

Оқушылар берілген тақырыпқа мақал-мәтел жазып келеді. Сөздердің антоним сыңарын тауып жазып, сөз тіркестерін жасайды.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз