Өлең, жыр, ақындар

М.Әуезов «Қараш-қараш оқиғасы» шығармасындағы Бақтығұл тағдыры

Оңтүстік Қазақстан облысы
Шардара ауданы
«Ұзын-Ата» жалпы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жүнісова Баян

Сабақтың тақырыбы:  М.Әуезов «Қараш-қараш оқиғасы» шығармасындағы Бақтығұл тағдыры

Мақсаты: Бақтығұл тағдыры арқылы негізгі идеялық мазмұнын сыни тұрғыдан өз пікірін жеткізумен кейіпкерлерге мінездеме беріп түйіндеу

Күтілетін  нәтиже: Бақтығұл тағдыры арқылы негізгі идеялық мазмұнын сыни тұрғыдан өз пікірін жеткізумен кейіпкерлерге мінездеме беріп түйіндейді

Модульдер: АКТ , СТО, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, Талантты және дарынды оқушыларды оқыту, оқытуды басқару және көшбасшылық, Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау, оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер

Деректер: дәптер, стикерлер,  маркерлер, бағалау кестесі, геометриялық фигуралар

Әдіс тәсілдер:  «Ізденіс» стратегиясы, «Табыс кілті»,  «Ой қозғау» , «Мағынаны таны»,  «Екі жұлдыз, бір тілек», «Жас тілші», «Б-Б-Б» кестесі

Тапсырмалар: топтық, жұптық, жеке жұмыстар,  дәптермен, оқулықпен жұмыс, бейнебаян

 

Сабақ кезеңдері

 

Уақыт

 

Бағалау

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Білім

5мин

Бағалау кестесі

   І.Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, түгелдеу, стикердегі сөздермен топқа бөліну.

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша «Ізденіс» стратегиясымен тапсырмаларды орындауларын слайдтан дұрыс жауаптары бойынша  бағалау.

  І. Шеңберде тұрып сәлемдеседі, кезекші сыныптың сабаққа дайын екендігін айтады. Стикердегі сөздерді жұптастырып топ болады.

  ІІ. Үй тапсырмасы бойынша «Ізденіс» стратегиясымен  1-топқа: эпитеттерді, 2-топқа: теңеу мен сөз тіркестерін, 3-топқа: монологтарды, 4-топқа: табиғат пейзажын теріп жазады.

Түсіну

10мин

 

  «Табыс кілті» стратегиясымен топтарға тапсырма беру. Тапсырмаларды уақытпен шектеп, экраннан дұрыс жауаптарын сағат тілімен алмастырып тексерте отырып топтардың өзара бағалау жұмысын жүргізу.

1-топ  бөлімдерге ат қою, 2- топ семантикалық картамен жұмыс, 3-топконцептуалдық кестені толтыру, 4-топәңгіменің композициялық құрылысына кешенді талдау жасау тапсырмаларын орындайды.  Тапсырмалардың жауабы балдық жүйемен бағаланады.

Қолдану

15 мин

Ауызша

«Ой қозғау» стратегиясымен топтарды екі-екіден бөліп дебат өткізу. « Егер сен Бақтығұлдың орнында болсаң, не істер едің?

Кек қайтару дұрыс па?» сұрақтарына жауап беру арқылы  өз ойларын ашық айта алуларына жетек сұрақтармен мүмкіндік жасау.

«Ой қозғау» стратегиясымен топтар екі топқа бөлінгендері бойынша өзара  қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы  ой-пікірлерін ортаға салып дебат өткізеді. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен топтар соңынан бір-біріне баға береді.

Сергіту сәті

2 мин

 

  Бейнебаян тамашалату арқылы  сергіту сәтін өткізу.

  Бейнебаянды тамашалай отырып,  сергіту сәтін өткізеді.

Талдау

5 мин

ауызша

  Мағынаны таны.  Слайдпен таныса отырып, шығармадағы кейіпкерлердің прототиптерін және оқиғаның орнының нақтылығын біліп, дәптерге жазып алуды тапсыру.

   Кейіпкерлердің прототиптерін және оқиғаның орнын танып білу арқылы мағынаны терең меңгереді. Сонымен бірге дәптерге жазып алады.

Жинақтау

3 мин

слайд

 «Жас тілші» әдісімен  тақырып бойынша толық мәлімет беру үшін экраннан таныстырылымды сөйлету арқылы  сабақты қорытындылауға бағыттау.

   «Жас тілші» әдісімен өткен тақырыптарды таныстырылым арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізумен сабақты  оқушы қорытындылайды.

Бағалау

2 мин

Геом. фигур.

   Геометриялық фигуралардан критерий бойынш  баға қорытындысын  шығару. Ауызша бағалауынан жиынтық бағаны шығару.

 Ауызша бағалаулардан жиналған геометриялық фигуралар арқылы критерий бойынша жиынтық баға шығарып өздерін- өздері бағалайды.

Рефлексия

2 мин

«Б-Б-Б»

Оқушыларға «Б-Б-Б» әдісімен кері байланыс жазуды ұсыну.

«Б-Б-Б» әдісімен кері байланыс жасайды.

Үйге

1мин

 

Тахауи Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесін оқып келуді тапсыру.

Берілген тапсырманы күнделікке жазады.

 

Оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі: О. Сапаров                              Тексерілді:_________________

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз