Қарағанды обл. Балқаш қаласы
№5 мектеп "Еркетай" шағын орталығы
Тәрбиеші: Сабанбаева Нұргүл Құрмажанқызы
Мақсаты: Балаларды еңбекті сүюге, адамның тек еңбек арқылы көп жетістіктерге жететінін зерек, ұқыпты, білімді болу әркімнің өзіне байланысты екенін ұғындыру. Сабақта алған білімдерінің деңгейін сұрау арқылы, байланыстыра сөйлеуге ептілікке баулу.
Көрнекті кұралдар: Құстардың суреті, қағаз, желім, қарындаш.
Сабақтың барысы: Күйтабақтан құйқылжыған кұс үніне көңіл аудартып:
-Мына ән салып тұрған қандай құс? деп сұрайды.
Балалар:
- Бұлбұл.
Тәрбиеші: - Кім бұлбұл туралы тақпақ біледі?
1-ші бала: Бұлбұл әсем жырлайды,
Ел- жұрт елтіп тыңдайды.
Тәрбиеші: - Талдан талға секіріп, шиқылдаған қандай кұс?
2-ші бала: Торғай!
- Торғай, торғай торғайсың
Таяу келіп қонғайсың
Жем шашайын тойып ал,
Сонда аязға тоңбайсын.
Тәрбиеші: - Күндіз ағаштың қуысына тығылып алған, түнде ұшатын қандай құс?
-Жапалақ.
3-ші бала: Түнде ұшады жапалақ
Қызыл қанға қаталап.
Тәрбиеші: - Ал суда жүзіп жүрген қандай құс?
- Үйрек
4-ші бала: Үйрегім- ай, үйрегім,
Келіп жүр ме билегін?
Жүзгіштігің керемет
Суда жарыс болса егер
Бас бәйгені берер-ек
Тәрбиеші: -Ала қанат, қара ала құс қалай аталады?
- Сауысқан.
5-ші бала: Ала қанат сауысқан
Құртты көрсе жабысқан
Құртты шоқып тауысқан
Санитар - бұл сауысқан
Тәрбиеші: Өте жаксы, балалар бәрің құстарды жақсы біледі екенсіңдер. Ал құстардың балалары қалай аталады?
- Балапан!
- Құстар балапандарын немен тамақтандырады?
- Жем, шөп, түрлі құрттар.
- Иә, өте дұрыс айттыңдар. Халықта « Құста сүт жоқ, жылқыда өт жоқ» деген мақал бар. Бұл құста сүт болмайды деген ұғымнан туған. Бірақ бір ғана құста сүт болады. Ол балапандарын сүтімен асырап өсіреді. Оны біліп қойындар, кәдімгі көгершін.
Тәрбиешісі: Балалар қараңдаршы, менің қолымда өзі аппақ, дөңгелек зат тұр. Мұның не екенін білесіңдерме?
- Жұмыртқа.
(Осы кезде балапан киімін киген бала кіреді)
Балапан: Сәлемәтсіңдер ме балалар! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Менің анамды көрмедіңдер ме?
Тәрбиеші: Балалар балапанның енесі келгенше көңілін көтере тұрайық. Кәне бәріміз бірігіп «Шөже шөжелер» әнін орындап берейік.
Барлығы: Шөп, шөп шөжелерім,
Мамык жүнді шөжелерім,
Нәзік үнді шөжелерім
Кең шалғында жайылым бар
Кел тұрмандар жайылындар.
Ай менін шөжелерім
Ай менің шөжелерім.
Балапан: Балалар әнді әсем қимылмен, билеп қалай әдемі айтасыңдар. Маған да үйретесіңдерме?
Тәрбиеші: Егер еңбекті сүйсең, жалқау болмай айтқан тілді алсаң, зерек болсақ бәрін үйренуге болады ғой балалар. Мен сендерге «Жалқау балапан» әңгімесін айтып беремін. Оның аянышты хәліне кім кінәлі екенін соңында айтасындар. Ал, ыңғайланып отырып, тыңдаңдар.
Тәрбиешісі: Әңгіме сендерге ұнады ма?
- Не жайлы айтылған?
- Балапан неге ұша алмай қалды?
- Анасы қандай жанашырлық көрсетті?
- Балапанның осындай халге душар болғанына кім кінәлі деп ойлайсыңдар?
- Балапан сен осындай болдыңба?
Балапан: Жоқ, мен балалар сияқты еңбекқор, ізетті, көп білетін, анамның тілін алатын тілалғыш тәрбиелі балапан боламын.
(Сырттан шиқылдаған дауыс шығады)
- Менің анам келді, мен кеттім. Сау болыңдар балалар апайларыңмен, ата-аналарыңның тілін алып, еңбек сүйіп өсіңдер! - дейді балапан. (Шығып кетеді)
Тәрбиеші: Халқымызда «Еңбек етсең еріңбей, тояды қарның тіленбей» деген мақал бар. Ерінбей, жалқауланбай еңбек еткеннің қарны тоқ, көйлегі көк болады.
- Ал енді бәріміз орнымыздан тұрып, мына қағаздардан балапан жасап еңбектенейік, әр бала жасаған затын аулаға қояды.
Д/о «сұракқа жауап бер»
Тәрбиеші: Мен кімге доп лақтырамын сол балаға сұрақ қоямын, допты тосып алып менің сұрағыма жауап бересіңдер.
1. Қандай құстарды білесің?
2. Шөже деген не?
3. Қандай әңгіме тыңдадық?
4. Балапан неден пайда болды?
5. Әңгіме неге «Жалқау балапан» деп аталады?
6. Жалқау болмас үшін, не істеу керек?
Тәрбиеші: Өте жақсы, ал енді біз сендермен құстар мен еңбек туралы көп мағлұмат білдік.
Ал енді еңбек туралы кім қандай мақал-мәтел біледі?
1. Еңбек бәрін де жеңбек.
2. Еңбекпен ел көгерер
Жаңбырмен жер көгерер.
3. Еңбек түбі зейнет.
Тәрбиеші: Еңбектің адам өміріндегі орны зор, еңбек арқылы ғана ер азамат болуға болатынын түсінген боларсындар балалар.
- Ал барлығымыз еңбек туралы жаттаған тақпағымызды айтайық.
Барлығы: Гүл өсірсең, терлеп,
Мұның аты еңбек
Кесте тіксең, зерлеп
Мұның аты - еңбек
Қырға шықсаң- өрлеп
Мұның аты еңбек
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек-
деген тақпак жолдарымен сабақ аяқталады.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі