Өлең, жыр, ақындар

Етістіктің шақтары мен райларын қайталау

Утебаева Маржан Жетписбаевна
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы:  Етістіктің шақтары мен райларын қайталау

Жалпы мақсаты: Оқушылардың етістіктің райлары мен шақтарынан алған білімдерін бекіту, тұжырымдау, сыни тұрғыдан ойлау арқылы шығармашылық қабілеттерін ашу.
Оқыту нәтижесі: Оқушылар тапсырмаларды түсініп, талдап, жұппен және бірлесе жұмыс орындап, қорғай алады. Қабілеттілік пен белсенділік танытып, қиыншлықты жеңуге тырысады.
Негізгі идея: Ынтымақтастық құру, тақырып бойынша ойларын еркін жеткізуге үйрету.
Сабақтың  түрі: Қайталау сабағы
Сабақтың әдіс –тәсілдері: Сұрақ-жауап (диалогтік оқыту), деңгейлік тапсырма, (жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту), постер жасау, жаттығу (сыни тұрғыдан ойлауға үйрету), бағалау (оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау), демонстрация әдісі, психологиялық ахуалды орнату (қалай оқу керектігін үйрету).
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта арқылы презентация, оқулық, ватман, түрлі-түсті фломастер мен стикерлер, өлең тармақтарын жинау үшін кеспелер.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих
Сабақтың барысы:
І-Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу: Ынтымақтастық атмосферасын орнату, гүл сыйлау арқылы бір-біріне жақсы тілектер айту.
ІІ-Үй тапсырмасын сұрау: Ой қозғау: Осы шақ болатын етістіктерді ата? Келер шақтың қандай түрлері бар? Етістіктің рай категориясы неше топқа бөлінеді? Қалау райдың жасалу жолын ата?
- Етістіктің түрлеріне екі мысалдан келтіру, жұрнақтарын ажырату. Рай түрлеріне 4 тармақтан тұратын өлең жолдарын мәнерлеп жатқа айту, жасалу жолын анықтау.
ІІІ-Кіріспе бөлім. Қайталау сабағы:
а) Балалар бүгінгі сабағымызда өткен тақырыпты қайталау себебіміздің мақсаты не, өздерің қандай мақсат қоясыңдар?      
ә) Өлең тармақтарын жинау арқылы жұпқа бөлінеді .
б) И.Т арқылы берілген тапсырманы орындайық, етістіктің түрлеріне 2 мысалдан келтіріп жұрнақтарын ажыратайық.
в) 1-жұп алғырлар тақтада  берілген сызба бойынша етістіктің шақ түрлерінің жасалу жолдарын анықтап, қорғаймыз.
   2-жұп білгірлер етістіктің райларын анықтап, постерді қорғаймыз.
г) Морфологиялық талдау
    а) Сахнада ән айтым.               Алғырлар тобы
    ә) Алтынай би билеп жүр.         Білгірлер тобы
IV- Негізгі бөлім.

а) Шығармашылық жұмыс
   «Мектеп кеме, білім теңіз» мәтінге тірек сөздер. (мектеп, сүйікті, білім, шәкірт, ұстаз, мерейтой)
ә) «Сөздің көркі мақал» Мақал-мәтелдерді аяқтау
Ү-Сабақты қорыту:
- Сонымен сабағымыз өте қызықты, әрі білімдерінді толықтырып, еске түсірдіңдер. Ендеше 10 сұрақтан тұратын тестік тапсырма орындайық.

1. Қалау райлы етістікті табыңыз.
А) Еңбек етсем.   В) Амандасайын.   С) Айтқысы келген.   Д) Тынығыңыз.   Е) Жүдеп қалыпты.
2. Осы шақтағы етістікті табыңыз.
А) Айтып кетті.   В) Әкеле жатыр.   С) Келді.   Д) Сұрайды.   Е) Барып келді.
3. Шартты рай етістігін анықтаңыз.
А) Айтып келдім.    В) Тыңдаса болды.   С) Барғым келеді.    Д) Біліп отырмыз.   Е) Ойнап кел.
4. Өткен шақтағы етістікті табыңыз.
А) Отырармын.    В) Отырдым.    С) Отырмассың.    Д) Отырмын.    Е) Отырарсың.
5. Күрделі нақ осы шақ бар сөйлемді анықтаңыз.
А) Биыл көктем кеш келді.    В) Қар еріп жатыр.    С) Өзендерде мұз еріді.    Д) Өзен, көлдерден сең кетті.  Е) Бүгін ауа – райы жақсы болды.
6. Ауыспалы келер шақта тұрған етістікті табыңыз.
А) Келдім.     В) Алдың.      С) Отырмын.      Д) Келемін.      Е) Жүрді.
7. Шартты райлы етістіктің жұрнағын көрсетіңіз.
А) –ды, -ді.     В) –ғы, -гі.      С) –са, -се.     Д) –ын, -ін, -н.     Е) –а, -е, -й.
8. Етістіктің шағы қанша түрге бөлінетінін белгілеңіз.
А) 3.      В) 9.      С) 2.      Д) 8.     Е) 7.
9. Етістіктің жедел өткен шағын табыңыз.
А) Жеткізер.   В) Жеткізген.   С) Жеткізді.    Д) Жеткізеді.    Е) Жеткізетін.
10. Ауыспалы осы шақта тұрған етістікті белгілеңіз.
А) Билейді.     В) Биледі.     С) Биле.     Д) Билеу.     Е) Билеген.

ҮI-Үйге тапсырма беру:
а) Етістіктің шақ және рай түрлеріне 4 сөйлем жазып морфологиялық талдау жасау.
ә) Диктантқа әзірлік

ҮІI-Бағалау кезеңі: Бағалау критерийлерін айту. Орындаған тапсырмаларға қарай оқушылар бағалау парақтарын толтырып өзі-өзін, бір-бірін бағалайды.  

ҮІІI-Кері байланыс: Мұнда оқушылар бүгінгі сабақтан нені үйреніп, нені білуді қалайтындарын стикерге жазып, білім ағашына жапсырады.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз