Алматы облысы, Іле ауданы
Өтеген батыр кенті
№38 мектеп-гимназиясы коммуналдық мекемесі
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Жақсыдан үйрен, жаманан жирен
Сыныбы:1 «Ә»
Бастауыш сынып мұғалім: А.К.Абдиева
Сабақтың тақырыбы: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ мақсаты: Балаларды жақсы мен жаманды ажыратуға және өмірде қолдана білуге үйрету, адамгершілікке тәрбиелеу.
- Бірлесе отырып жұмыс істеу арқылы бір-біріне деген сүйіспеншілік, қоршаған ортаға қиянат жасамау, дұрыс әрекет құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
- жақсы, жаман туралы түсінік беру;
- жақсы мен жаманды салыстыра білу іскерліктерін дамыту;
- жақсы істер мен әрекеттер жасауға тәрбиелеу.
Ресурстар: оқулық, дәптер, слайд, суреттер, топтамалар
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңi.
Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Тыныштық сәтi. А.Енсепов «Детство» күйін тыңдатамын.
- Балалар, денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріңдер, орындарыңа ыңғайланып отырыңдар. Қолдарымызды тіземізге қойып,көздерімізді жұмамыз.
Көз алдымызға алмалы бақтың ішінде жүргенімізді елестетеміз.Әсем,жұпар сепкен алмалы бақтың ішін аралап жүрміз,ауаны терең жұтып,еркін тыныстаймыз. Қолдарыңды созып, піскен қып-қызыл алмаларды алыңдар. Алманы тістеп көріңіздер,қандай дәмді десеңізші.Бақтың шипалы ауасы тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді алмалы бақтан алған әсерлерінді бойларымызда сақтаймыз жаймен сынып ішіне оралып,орнымызды табамыз да көздерімізді ашамыз. Соңынан оқушылар алған әсерлерімен бөліседі.
3. Үй тапсырмасын тексеру
- Сыйласу,сыйластық дегеніміз не?
- Сыйласаң – сыйлыболасыңдегендіқалайтүсінесің?
- Жақын адамдар арасындағы өзара сыйластық туралы не айтар едің?
Сабақ барысын талқылау:
4. Дәйексөз
Жақсы болу - өз қолыңда
Халық даналығы
Дәйек сөздің мағынасын қалай түсінесіздер?
Халық даналығының дәйек сөзімен келісесіздер ме?
«Қиянат жасамау» дегенді қалай түсінесіңдер?
5. Әңгiмелеу (сұхбат) . Әңгімелеу
1) Әңгімеде кім туралы айтылған? Бұл бала не істеді?
2) Баланың әрекеттері туралы не айтааласыңдар? Неліктен әйнек адам түнеріп кетіпті?
3) Әйнек адам баланы қандай жақсы қасиеттерге үйретті?
4) Баланың орнында болсаңдар не істередіңдер?
Түйін:
Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Мәтінмен жұмыс:
(Оқушылар жауабын тыңдау, қорытынды шығаруға сұрақтар қою арқылы көмектесу)
- Әңгімеде айтылған Айдананың бойынан қандай қасиеттерді байқадың?
- Айдана мен анасы жолда неге кезікті?
- Айдананың анасы не себепті мысықт асырап алуға қарсылық білдірді?
- Әңгіме саған несімен ұнады?
- Айдананың жасаған жақсылығы өзіне қайтарылды ма?
- Әңгімеде қиянат жасамау туралы сөз қозғалды ма?
(Оқушылардың жауабын тыңдаймын және толықтырамын)
6. Шығармашылық жұмыс, жеке жұмыс.
1 тапсырма. Балаларға қағазда екіге бүктеліп жасалған, сыртқы бетіне «Жақсы бала» деп әдемі жазулармен жазылған, ішкі беті жолдарға бөлінген кітапшалар таратылып беріледі. Кітапшаның 1-ші жолына өзімен қатар отырған сыныптасының есімін, келесі жолдарға оның жақсы әрекеттерін және соңынан өз есімдерін жазады. Тапсырма орындалып біткесін, балалар кезегімен кітапша ішіне жазғандарын оқиды.
2 тапсырма. Топпен жұмыс: Мақалды айтып, мағынасын түсіндіру
- Жақсыда жаттық жоқ.
- Жақсының өзі өлгенмен,
Сөзі өлмейді.
- Өзі жақсы кісіге,
Бір кісілік орын бар.
- Жақсының үйі мен түзі бірдей.
- Таудың басын көр де, түбіне барма.
Жақсының өзін көр де, үйіне барма.
- Ақсауыттың жағасы бар, жеңі жоқ,
Шынжақсының ашуы бар, кегі жоқ.
- Жақсыда кек жоқ.
- Жақсының жаны – жаннат.
- Жақсымын деп мақтанба, халық айтпай,
Батырмындеп мақтанба, жеңіп қайтпай.
- Жақсы – ай мен күндей
Әлемге бірдей.
- Күн ортақ, ай ортақ, жақсы ортақ.
- Жақсы кісі қартайса да, ақылынан танбас,
Жақсы ат қартайса да, жүрісінен танбас.
- Ай жарығы – әлемге,
Шам жарығы – түбіне.
Жақсыны көрмек үшін.
Ә.Дүйсенбиевтің әні «Не деу керек ?» орындалады
7. Сабақты қорытындылау. Түйін:
Жақсы болу өзіңнен
Жақсы болу – өзіңнен,
Жаман болу – өзіңнен.
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
Мен қандаймын деп ойла.
Жамандық көрсең біреуден,
Мен қандаймын деп ойла!
А. Асылбеков
8. Үй тапсырмасы. Жақсы болу- өз қолыңда тақырыбына шағын эссе жазып келу.
9. Соңғы тыныштық сәтi.
Р.Тышқанбаев «Жақсы бала» өлеңі баяу музыкамен оқылып, сабағымызды қорытындылаймыз.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі