Өлең, жыр, ақындар

Қазақстанның өсімдік шаруашылығы

Меркі ауданы
Гранитогор санаториялық мектеп-интернаты
Пәні: География
Мұғалімі: Исаева Куралай Идановна

 

Сабақтың тақырыбы: «Қазақстанның өсімдік шаруашылығы»

Сабақтың мақсаты: Өсімдік шаруашылығының негізгі салаларының ауыл шаруашылығының басты саласы екенін ұғындыру. Ауыл шаруашылығына әсер етуші факторларды атап, оған тән басты белгілер бойынша ой тұжырым жасау.

Туған елге, жерге деген сүйіспеншілік пен еңбек және мамандық таңдай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, үлестірмелі карточкалар.

Пәнаралық байланыс: тарих, биология және химия, қазақ тілі.

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, тірек сызбалары, Блум таксаномиясының элементтері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу, топқа бөлу,  сабаққа әзірлігін, оқу-құралдарын бақылау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеріп, қорытындылау.

1.  Аграрлық сөзінің мағынасы
2.  Дүниежүзілік агроөнеркәсіптік кешен қай ғасырда құрылды?
3.  Қазақстанда агроөнеркәсіп кешені қайжылдары құрыла бастады?
4.  Агроөнеркәсіптік кешенің негізгі міндеті?
5.  Ауыл шаруашылығы қандай үш санатқа бөлінеді?
6.  АӨК қанша салаға бөлінеді?
7.  Жер қоры кімнің меншігі болып саналады?
8.  Ауылшаруашылығының өнеркәсіптен ерекшелігі?
9.  Қазіргі кездегі жалпы жердің қоры?
10. Жарамды жер қанша?
11. Жарамды жерге нелер жатады?
12. Ауыл шаруашылығының негізгі салалары?

ІІІ. Жаңа сабақ жоспары.

1. Қазақстанда өсірілетін астық тұқымдас дақылдардың түрлері.
2. Республиканың жер қоры.
3. Техникалық дақылдар.
4. Бау-бақша, жүзім шаруашылығы.

Кіріспе

Тарихпен байланысы: Дәді дақылдар өндіру жүйесі, Қазақстандағы егіншілік кәсібінің негізгі саласы. Қазақстанда дәнді дақылдар өндіру ерте заманнан бері қалыптасқан. Сондықтан егіншіліктің өзіндік көне тарихы бар. Тарихта б.з.б 9-2 мың жылдықта Сақтардың, Үйсіндердің, Қаңлылардың  мал шаруашылығымен бірге тау бөктерлерінде, өзен аңғарларында суғармалы егін шаруашылығымен айналысқаны белгілі.

Бірақ, ол замандағы егіншіліктің нақты ауқымы белгісіз.

Ал ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы егіс көлемі күрт көбейіп 4,1 млн га жетті. Егістіктің басым бөлігі, яғыни, 96% дәнді дақылдар болды. Дәнді дақылдардың көбі Солтүстік қазақстанда егілді.

Биологияға байланысы: Адам организмінің тіршілік қабаты үшін, адамның дене және ой еңбегін арттыру, оның өсуі мен дамуын, ауыруға қарсы тұруын қамтамасыз етатін ерекше органикалық заттар дәрумендер. Дәрумендер жануарлар мен өсімдіктерден алынған азық-түліктерден келеді. Дәрумендер жетіспесе мүшелердің жұмысы бұзылып түрлі ауырулар пайда болады. Мысалы С иммунитетті көтереді, В  тобындағылар жүрек, қан тамырлар жүйесін реттейді, К қанның ұюын реттейді, А зат алмасу мен көздің көргіштігін реттеп отырады.

Химиямен байланысы: Өсімдіктердің құрамында 70 жуық элементтеркіреді. Өсімдіктер кейбір элементтерді өз мөлшерде , ал кейбірінкөп мөлшерде қажет етеді.Үш элемент –азот, фосфор, калий өсімдіктерге көп мөлшерде қажет. Сондықтан құрамында осы элементтер болатын тыңайтқыштар өнеркәсіпте өндіріледі. Аталған тыңайтқыштар өсімдіктер топырақ ерітіндісінен ион түрінде сіңіреді. Құрамында бірғана элементі бар тыңайтқыштарды қарапайым , ал құрамында негізгі үш кенеулі элементі бар тыңайтқыштарды құрама тыңайтқыштар деп атайды. Құрамы тыңайтқыштар бағалы болып келеді.

V. «Білу»

1. Еліміздің ауылшаруашылық---------------------------------------------------басым.

Оның үлесіне----------------------------тиесілі.

2. Еліміздің ауыл шаруашылығының басты міндеттерінің бірі-------------------------

3. Республикамызда егістік жер---------------------------------------------------алып жатыр.

4. 2008 жылы ауылшаруашылық егіс көлемі------------------------------------құрады.

5. Егіс көлемінің 68 пайызы--------------------

«Түсіну»

Қандай өсімдік түрлерін білесіңдер?

- Жергілікті жерде егістіктің қандай түрі егіледі?

Ауыл шаруашылығындағы өсімдік шаруашылығының маңызы қандай?

«Талдау»

- Оқулық мәтінді оқи отыра мына сөздердің мағынасын ашу.

- І топ. Дәнді дақылдар.

- ІІ топ. Техникалық дақылдар.

- ІІІ топ. Бау-бақша дақылдары.

«Жинақтау»

- Еліміздің экономикалық дамуындағы ауыл шаруашылығының үлесін қалай бағалайсың?

«Қолдану»

І топ. Азық-түлік дақылдарын анықта

ІІ топ. Жемшөп дақылдарын анықта.

ІІІ топ. ҚР құнарлы қара топырақ зонасын анықта

Рефлексия

І топ Тиым сөздер

ІІ топ Мақал-мәтел

ІІІ топ Жұмбақ айту

VI. Бағалау.

VII. Үй тапсырмасы.  ₰ 13. Қазақстанның өсімдік шаруашылығы. 68 бет


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз