Қостанай облысы, Арқалық қаласы
"Ақбота" балабақшасы
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Мырзакеримова Акгулим Нуритдиновна
1. Балабақшада тіл дамыту арқылы мнеомотехника әдісін пайдалану
Мнемотехника дегеніміз не? Ол балалардың қоршаған орта туралы алған білімдерін тиімді есте сақтауы, хабарламаны сақтап және жаңғыртуы, тіл дамуын қамтамасыз ететін әдіс-тәсілдер жүйесі.
Мақсаттары мен міндеттері:
- Балаларды ойын түрінде тірек кестелер және модельдер арқылы қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс анық айтқызу,грамматика құрылысын сақтай отырып дұрыс сөйлем құру және де лексикалық тақырыптар бойынша балалардың сөз қорына және тәжірибелеріне сүйене отырып байланыстырып әңгіме құрастыру.
- Балалардың шығармашылық елестеуін, есте сақтау қабілеттерін, көру зейінін, конструктивті және кескінді бейне арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Тапқырлыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижесі: Белгілерді кескінді бейнелерге түрлендіре отырып, мнемокестелермен, модельдермен және тірек үлгілермен жұмыс істеуге және әдістер мен тәсілдерді игеруге дағдыландыру, оқыту уақытын қысқарту.
Алғы сөз
Тілді меңгеруде пәнаралық байланыс үлкен роль атқарады, сабақта өткізілген тақырыптар дене шынықтыру, ән-күй, айналамен таныстыру, ағылшын тілі, тіл дамыту, математика сабақтарында бекітіледі. Осындай біртұтастық жұмыс, балалардың сөздік қорын, түсінігін, сөйлемнің грамматикалық құрылымын, тілге тән дыбыстардың дұрыс айтылуын үйретеді.
Балабақшадағы тәрбиеленушілерді мектепке даярлау сұрағы үлкен маңызға ие болуда. Әсіресе, үлкен қазіргі бастауыш білім берудің мазмұны өзгерген шақта 1–сыныпқа барушы балалар алдын –ала сауатты, оның ішінде дамыған, дыбыстарды қолданады, ауызша сөйлеу, сөйлемді дұрыс құру, сөздерді буынға бөлу, қарындашты ұстай білу және дәптердің жолын айыра білу – осыларды мектеп қызықтырады. Осындай дайындықты меңгерген балалар оңай және жеңіл оқу мен жазу процесін меңгереді.
Психологтар мен педагогтардың бақылауы бойынша мектеп жасына дейінгі балалардың оқуға деген ынтасы ерте пайда бола бастайды. Егер отбасында және балабақшада балаларды жазу мен оқуға үйретпесе де, олардың кейбіреулері оқуды меңгеріп, жеке әріптерді тани бастайды. Өз беттерімен оқуды меңгергенше, балалар ең алдыменәріп бойынша оқиды. Бұл әріп бойынша оқу қанағаттанғысыз. Ол бойынша оқығанда балалар көптеген қателіктер жіберіп, не туралы оқығанын білмей, оқу ырғағын жайлайды.
Педагогика ғылымдарымен балаларды 6 жастан бастап оқытуға үлкен жұмыс жүргізілуде. Балалардың балабақшада сауат ашу пікірі өте ерте қалыптасқан.Психологтармен, педагогтармен бұл бағытта үлкен эксперименттік жұмыс жүргізілді. Бұл зерттеу жұмысының ғалымдары Я.С.Выготский, Л.И.Божовин, А.П.Усова, мектепке дейінгі тәрбиелеу методистері Е.М.Тихеева, Ю.И.Фаусектер мынадай қорытындыға келді.
Балабақшада сауаттарын ашу мүмкіншілігі мол 1956 – 1959 ж көрнекі совет методисі А.И.Воскресенская үлкен эксперименттік жұмыс жүргізді. Оның мазмұны балаларда сауат ашу жұмысы еді. Балалар ерте балалық шағынан бастап, өз ана тілін қолданады, бірақ ол өз сөйлеу тілінің пайда болуының әдістерін білмейді. Ол бірте – бірте тілінң дамуы сөйлемдерден құралып, оның өзі жеке сөздерден, ал – сөз буыннан, буын – дыбыстан құралатынын біледі. Дыбыстар жазуда әріппен белгіленеді. Жазумен оқытуға үйрету үшін, бала тілдің өзі сөзден туатынын, дыбыстардың әріппен белгіленетінін түсіну қажет. Тіл дамыту дегеніміз – бұл сөзбен, сөйлемдермен, айтылумен жұмыс.
Қоғамдағы адамдардың қатынас құралы болып саналатын тілдің балаларды оқыту, білім беру, тәрбиелеу саласындағы орны ерекше. Өйткені баланың сәби шағынан басталатын түрлі іс-әрекеттері, айналадағы адамдармен қарым-қатынасы осы тіл арқылы жалғасып, жетіле түседі. Сол себепті де баланың ойлау, сөйлеу дағдыларын арнайы зерттеген көрнекті ғалымдар мектеп жасына дейінгі балалардың сөдік қорының даму мөлшерін, екіншілері олардың сөйлеу тіліндегі ерекшеліктерін, сөзді түсіну дағдылары мен грамматикалық категорияларды түсіну дағдылары мен грамматикалық категорияларды игеруі, жүйелі сөйлеуді меңгеруі туралы мәселелерді, үшіншілері баланың ойлау қабілетін, психикалық процестерін дамытуда тілдің ролі сияқты әр тарапты проблемаларды қарастырады.
Одақ көлемінде жүргізілген зерттеу нәтижелері осы заманғы балалардың өсу, даму дәрежесі әлдеқайда жоғары екенін, олар күнделікті өмірден алған әсері, көрген-білгені жайында өздігінен қарапайым ой қорытындыларын жасауға, талдап, жинақтауға қабілетті екенін дәлелдейді. Республика көлемінде жүргізілген кейбір бақылау, зерттеу жұмыстарының қорытындысы балалар бақшасында тәрбиеленушілердің мектепке белгілі дәрежеде даярлықпен келетіндіктен, олардың оқу барысында толық үлгерім беріп отырғанын көрсетті. Мектепке балалар бақшасынан келгендердің лексикасы жетілген, көрген-түйгендерін, оқығандарын әңгімелей біледі. Ауызша санап, есептей білуге жаттығып келеді. Тілдің өзара бір-бірімен тығыз байланысты екі жағы болатыны белгілі. Оның бірі – тілдің негізін қалайтын сөздік қор, екіншісі - оның грамматикалық құрылысы. Тілдің осы екі саласы баланың жас кезінде жүргізілетін тәрбие тәсілдері, айналасындағы адамдардың баламен қарым-қатынасы нәтижесінде дамып, қалыптасады. Ал балалар бақшасындағы арнайы топтарда, мектептегі даярлық сыныптарда педагогикалық процесс сабақ арқылы әрі қарай, тереңдете, жаңа мазмұнда жүргізіледі.
Мектеп жасына дейінгі баланың айналадағы қоғамдық өмірге, күнделікті тұрмыстық қажетке байланысты сөздік қоры жеткілікті. Бірақ сол сөздердің грамматикалық формаларын толық меңгеріп үлгермейді. Сондықтан 6 жастағы баланың сөздік қорын дамыту, ауызша сөйлеу дағдыларын жетілдіруге арналған тілдік жұмыстар жүйелі, бір-бірімен сабақтас жүргізіледі.
Жалпы сөздік қорды дамыту: үйренген сөздерді дұрыс, анық айтуға, ол сөздерден өздігінен сөйлем құрай білуге, сөздерді грамматикалық формаларда (септеп, жіктеп, тәуелдеп) айта білуге, сөз тудыру тәсілдеріне, диалог, монолог түрінде сөйлей білуге үйрету. Бұл жұмыстар мұғалімнің басшылығымен сабақ процесінде және сабақтан тыс жұмыстарда іске асады.
Оқу жылының алғашқы кезеңіндегі мұғалімнің міндеті – семьядан мектепке келген балалармен жекелей сөйлесе отырып, олардың сөйлеу дәрежесін, жеке сөздер мен сөйлемдерді айта білуі, әңгімелеу дағдыларын, сөз ішінде дыбыстарды дұрыс айтуын, дыбыс, әріп танитын бала санын анықтау. Ол үшін мұғалім ауызекі әңгімелесу, сурет көрстеіп әңгімелету, ойыншықтар мен дидактикалық ойын ойнату әдісін қолданады.
Тіл дамыту сабақтарында үш мәселе бір-бірімен байланысты жүргізіліп отырады. Олар: сөздік жұмысын жүргізіп, сөз тіркестерін айта білуге үйрету, жалаң, жайылма сөйлем құрап айтуға және байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Сондықтан арнайы өтілетін сабақтарда бақылау, экскурсия кезінде жаңадан үйренген сөздерін күнделікті өмірде, жолдастарымен, мұғаліммен, сөзбе-сөз қарым-қатынас кезінде орынды қолдана отыруға жаттықтыра беріледі. Грамматикалық формада байланыстырып сөйлеу тәсілдерін жетілдіруге төселдіреді.
Сөздік қорды дамыту тәсілдері мынадай:
- Күнделікті іс-әрекет, сабақ мақсатына қарай жаңа сөз үйрету, сабақта сөздік жұмысын ұдайы жүргізу.
- Үйренген сөздерін сабақ үрдісінде, сабақтан тыс уақытта әр түрлі жаттықтыру жұмыстары арқылы бекітіп, тиянақтап отыру.
- Жаңадан үйренген сөздерді белсенді сөздік қорғаенгізу, орынды қолдана білуге жаттықтыру.
Сөз үйрету жұмысы жеке заттық атауларға ғана тән емес, сол заттардың санына, ретіне, сапасына, қасиетіне, жеке бөліктеріне, қажеттігіне, кеңістікте орналасуына қарай нақтыс түсіндіріледі. Таныс заттарды дара және жалпы түрде атап айтуға жаттықтыра отырып, жалпы ұғым беретін сөзде үйретіледі.
Антоним (ұзын-қысқа, кең-тар, үлкен-кішкене, биік-аласа, қалың-жұқа, алыс-жақын).
Синонимдер (көрік-ажар, келбет, пішін; тез-жылдам, шапшаң, т.б.), көп мағыналы сөздерді (түс-мезіл, түс көру, машинадан түс, суретке түс т.б.).
Ауызша сөйлесу, әңгімелесу, әңгімелеу кезінде ол сөздерді септеп, жіктеп, тәуелдеп қолдана білу тәсілдеріне (ереже айтылмайды) жаттықтыру.
Балаға жаңа сөз үйретудегі басты объекті – айналадағы дүниені, қоғамдық өмірді, адамдардың еңбегін, мамандығын таныту.
Сөздік жұмысын жүргізу әдістері: затты көрсету, түсіндіру, бақылату, әңгімелету.
Сөздік қорды байыту, тіл дамытуда қолданылатын көрнекі құралдар: жеке зататрдың суреттері, шағын сюжетті суреттер (үлестірмелі), дидактикалық ойыншықтар, қуыршақтар, сюжетті ойыншықтар. Балаларға заттарды жекеше, көпше түрде айтқызуға арналған суреттер.
Сөздің дыбыстық құрамы – ауызша сөйлеуге тән құбылыс. Айтылатын ой тыңдаушысына түсінікті, анық болуы қажет. Сөздің мәнерлі айтылуы да ауызша айтудың негізгі шарттарының бірі. Ал сөзді мәнерлеп сөйлеу үшін сол сөзді құрап тұрған дыбыстардың айтылу ерекшелігін жете меңгерту қажет. Дыбыстарды әр түрлі көңіл-күйге байланысты құбылтып айтудың нәтижесінде сөздің әсерлілігі де түрліше болады.
Ойын дұрыс жеткізе білу сөзді өз бояуымен айту, нақышына келтіре сөйлеу дағдылары балада мектепке дейін-ақ белгілі дәрежеде қалыптасып бітеді.
Сөздің дыбыстық құрамын таныту қарапайым жұмыстардан басталып, бірте-бірте күрделене жүргізіледі. Дыбыс деген ұғымнан бастап, буын, сөз, сөз тіркесі, сөйлем, мәтінмен жұмыс жүйелі түрде бір-бірімен байланыстырыла қалыптастырылады.
1. Сөздегі дыбыстардың айтылуына, яғни дыбыстардың сөз ішіндегі артикуляциясына назар аудару.
Ол үшін жеке дыбыстарды айтуда ерін, езу, тіс, тіл, мұрын т.б. дыбыстау мүшелерінің қызметіне байланысты.
- Керекті дыбысты күшейтіңкіреп, буынды созыңқырап анық айту.
- Дыбысталуы жағынан бір-біріне ұқсамайтын дыбыстарды салыстыру.
- Сөздегі түсіп қалған дыбысты тауып, орнына қойып айту.
- Айтылуы ұқсас дыбыстарды салыстыра айту.
- Керекті дыбысты қатыстыра сөздер жасау.
Жалпы балалар тілін дамыту жұмысының негізгі мазмұны – сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгеруге көңіл бөліп ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізуін, қоршаған орта мен айналасындағы адамдармен еркін қарым-қатынасқа түсу, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру. Сонымен қатар өздігінен қорытынды жасап, талдай білу дағдыларын жетілдіру, бұрыннан меңгерген, лесикасында бар сөздерді қажетіне қарай қолдана білуге үйрету, әсіресе, сын есім, етістік, синоним, омоним сөздерді меңгерту, сөз тудыру тәсілдеріне жаттықтыру, белсенді сөздік қорын жетілдіру.
Міндеттері:
- Балалар тілін орфоэпиялық дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу.
- Сөздегі грамматикалық дағдыларды қалыптастыру.
- Сөздік жұмыс.
- Байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру (диалогты және монологты).
- Сөйлеу мәдениетін тәрбиелеу.
- Сауат ашу.
- Көркем әдебиет шығармаларын таныстыру.
Қазіргі кезеңдегі қоғам дамуында мемлекеттік тілге үйрету - мектепке дейінгі білім берудегі өзекті мәселеге айналып отыр. «Басқа тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»- деп Қадыр Мырзалиев ағамыз бекер айтпаған.
Тілді үйрену - оңай емес, бір тілді білгеннен гөрі бірнеше тілді білген адамның рухани байлығы мол болмақ.
Мнемотехника - балалардың тілін дамыту үшін табысты тәсіл. Балаларды жан-жақты дамыту. Олардың барлық кемістіктерін жөндеу мектепке дайындаудағы және балабақша алдындағы басты мақсат. Сөйлеу-басты мидың бірнеше бөлігінің бірігіп жұмыс істеу нәтижесі. Артикуляция мүшелері тек мидан келген бұйрықты орындайды. Балалардың тілін дамытуда келесі кедергілердің бары ешкімге де құпия емес.
- Сөздік қорының кемдігі;
- Сөйлемдегі сөз тіркестерін дұрыс таба алмауы;
- Дыбыстау кемшілігі;
- Берілген тақырыпқа сюжеттік немесе сипаттау әңгіме құра алмауы;
- Өз ойын дұрыс жеткізе алмауы.
Балабақша жолында көрнекілік бейнелік есте сақтау және есту, суретін көру арқылы баланың есінде нақты қалады. Соның бірі мнемотехника.
Бірақ, жалғыз мнемотехникамен шектеуге болмайды.
Мнемотехника - балалардың қоршаған орта, табиғат туралы білімін кеңейтуге, әңгіме барысын тиімді есте сақтауға, әңгімені айтып беруге және тіл дамытудағы іс-әрекеттерінің жүйесі.
Мнемотехника - тіл дамытуда тиімді есте сақтау, оны дұрыс жеткізе білудегі әдіс пен тәсілдер жүйесі. Қазіргі кезде мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда мнемотехниканы қолдану өзекті болып тұр. Бұл мақсатты іске асыру үшін баланың тілін мақсатты нәтижелі өтуге қолданатын тәсіл.
Мнемотехника - оңай жолдың қиынына қарай құрылады. Мнемокесте қарапайымнан басталып, күрделене түседі.
Мнемошаршы, мнеможол, мнемокесте.
Бала танымында есті дамытудамнемотехника әдісінің психологиялық сипаты
Балаларда ес олардың өмірінің алғашқы күндерінен бастап дамиды. Естің дамуы тәрбие үрдісінде дамып келе жатқан жүйке жүйесінің негізінде, іс-әрекеттің әр түрлі түрлерінде (ойын, оқу, еңбек) іске асады.
Ес оқытудың негізгі шарты болып табылады, сонымен қатар естің өзі негізінен оқыту және тәрбие үрдісінде дамиды.
Бала өмірінің алғашқы айларында есте қалдыру механикалық түрде іске асады. Бұл кезеңде тек қана қозғалыс — ассоциациялық ес байқалады. Ол туралы баланың қозғалысы бойынша түйіндеуге болады. Мысалы, баланы бір біржарым айлық кезінде емізу үшін қолға алғанда, әлі де анасының омырауына аузы тиместен сәби сору қозғалыстарын жасай бастайды.
Шетел психологиясында балалар тек сәбилік кезенде ғана емес, жалпы 7-8 жасқа дейін есте қалдыруы тек қана механикалық, ал логикалық есті үлкендер меңгереді деген көзқарас кең тараған. Бұл көзқарас әр уақытта біз бақылап отырған шындықпен, деректермен толық қарама-кайшылықта екендігін атап өткен жөн. Деректер көрсеткендей, балаларда ойлауы мен тілі бірге дамуымен мағыналық есте сақтау қалыптаса бастайды.
Демек, балалардың мектепке дейінгі кезеңнің алдында және мектепке дейінгі кезеңде тәжірибесі әлі де жеткіліксіз. Осыған байланысты олардың ойлауы да жеткіліксіз дамыған. Сондықтан балаларға көптеген нәрселерді механикалық түрде есте қалдыруға тура келеді. Бірақ балаға жақын, материалды есте қалдыру бұл кезеңде мазмұнды сипатта болады. Мысалы, балалар ертегіні бірнеше рет тыңдай отырып, жеңіл, әрі берік меңгереді, неліктен белгілі кейіпкерлер олай емес, былай әрекет етті деген сұрақтарды жиі қояды. Балалар сөздерді механикалық есте қалдырып ғана қоймайды, олар ертегілердің мағыналық мазмұнын түсіне біледі. Ертегілерді тыңдай және есте қалдыра отырып, әр түрлі сезімдерді бастан кешіреді. Мұнда балалар ертегілерді оның мазмұнын түсіне отырып, есте қалдырады.
Мектеп жасында оқытуға байланысты логикалық есте сақтаудың шеңбері кеңейеді, есте қалдыратын материал көлемі жағынан әр түрлі, тереңдей және күрделене түседі.Төменгі сыныптың шәкірттері кейде мағыналы материалды түсінбей, механикалық түрде есте қалдырады.Жоғары сыныптың шәкірттері мағыналық есте қалдыруды артық санап, өздері саналы түсінеді. Бірақ олар да кей жағдайда механикалық есте қалдыруды пайдаланады. Мысалы, кейде математикалық аксиомалар мен ережелер, физиканың, химия заңдарының дәл атаулары және т.б.Есте қалдыру алғашқы кезде еріксіз іске асады. Балаларды олар не қызықтырады, не зейінін аударады, сондай заттар мен құбылыстар есте қалды.
Балалар көп жағдайда үлкендерден ертегілерді бірнеше рет қайталауды талап етеді. Бірнеше қайталанған ертегіні бала есінде берік сақтайды. Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады.
Біріншіден, білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы ортаны жабдықтау қажет десек, ол мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарын сақтайтын, баланың балалығына бағытталуы шарт.
Екіншіден, тәрбие мекемесінің басшысы мен тәрбиеші педагогтар қауымы кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық бағыт-бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға белсенділікпен ат салысуға және жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал ету қажет. Сондай-ақ, отбасының сұранысы мен талап-тілектерін қанағаттандыру және білім мен тәрбиенің балаға берілген үрдісі жайында ата-анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізде жұмыс істеу де өте маңызды.
Үшіншіден, балабақшада еңбек етуге толық жағдай жасалып, тәрбиелеу мен білім берудің технологияларын сауатты меңгеріп, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер жүйесін кәсіби шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға шығармашылықпен үлес қосып отырса.
Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы.
Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады. Баланы өмірге дайындау үшін дамытудың маңызы ерекше.
Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6 жастағы балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастап, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрселер оларды ойлантады.
Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл баланы дүниені тануына кері әсер етуі әбден мүмкін .
Мектеп жасына дейінгі баланың есі негізінен ықтиярсыз сипатта болады. Бұл бала көбіне өзінің алдына бір нәрсені есінде қалдыру үшін саналы мақсаттарды қоймайтындығын көрсетеді. Есте сақтау мен еске түсіру баланың еркі мен санасына байланысты өтеді. Бұл екеуі де іс-әрекет арқылы жүзеге асады әрі іс-әрекеттің сипатына байланысты болады. Бала іс-әрекетте неге зейін қойса, оған не әсер етсе, не қызық болса, соны ғана есінде сақтайды.
Заттарды, картиналарды, сөздерді ықтиярсыз есте сақтаудың сапасы, баланың осыларға қаншалықты әсерлі іс-әрекет істеуіне іс-әрекет процесінде оларды егжей-тегжейлі қабылдау, ойластыру, топтастыру қандай дәрежеде өтетіндігіне байланысты. Мысалы, суреттерді жай ғана қарап шыққанда оларды баланың есінде сақтау анағұрлым нашар балады, ал осы суреттерді, өз орындарына, мысалы, бақшаға, ас үйге, балалар бөлмесіне, қораға дәл келетін жеке заттарды қою ұсынылғанда бала оларды есінде жақсы сақтайды. Ықтиярсыз есте сақтау баланың орындайтын қабылдау және іс-әрекеттерінің жанама қосымша нәтижесі болып табылады.
Мектепке дейінгі жастағылардың ықтиярсыз есте сақтауы мен ықтиярсыз еске түсіруі – ес жұмысының бірден-бір түрі. Бала бірдеңені есте сақтау немесе еске түсіру жөнінде алдына әлі мақсат қояды, ал бұл үшін арнаулы тәсілдерді қолдануды білмейді. Мысалы, үш жастағы балаларға суреттер тобының біреуін сұрағанда балалардың басым көпшілігі өзін мүлде бірдей ұстады. Суретке көз жүгіртіп өткеннен кейін бала оны шетке ығыстырып қойып, үлкен адамнан басқа суретті көрсетуді сұрады. Кейбір балалар бейнеленген заттар жөнінде әңгімелеп беруге тырысты, суретке байланысты өткен тәжірибенің жағдайларын еске түсірді («Көзілдірікті көзге киеді. Мынау- көбелек, құрт деп аталады». «Қарбыз. Мен, анам және әкем- үшеуіміз үлкен қарбыз сатып алғанбыз, алқоры одан әлдеқайда кіші», тағы осындайлар). Әйтсе де есте сақтауға бағытталған балалардың ешбір іс-әрекеттері байқалмады.
Мектепке дейінгі балалық шақта заттардың, құбылыстардың, іс-әрекеттердің арасындағы байланыстар мен қатынастарды бөлу мен пайдалануды талап ететін күрделі де сан алуан міндеттерді мнемотехника әдісінің шешуіне тура келеді.
Ойында, сурет салуда, құрастыруда , жапсыруда, оқу және еңбек тапсырмаларын орындауда бала үйреніп алған іс-әрекеттерді жай ғана пайдаланып қана қоймайды, жаңа нәтижелер ала отырып олардың тұрақты түрін өзгертеді. Мектеп жасына дейінгі балалар өздерін қызықтырған мәселелерді түсіну үшін өзіндік эксперименттер жасауға кіріседі, құбылыстарды бақылайды, оларды талқыға салып, қорытындылар жасайды.
Мектепке дейінгі кезеңдегі балада ес үдерісінің дамуы айқындалып, біршама күрделенгендігі байқалады. 3-4н бастап бала қоршаған ортамен жан- жақты танысып, ойын, қарапайым еңбек іс-әрекеттерімен шұғылдана бастайды. Осының нәтижесінде бала есте сақтаудың арнайы тәсілдерін пайдаланбай-ақ, іс- әрекеттің орындалу барысындабайқаусызда, материал бала есінде өздігінен ырықсыз түрде сақталып отырады.
Мектеп жасына дейінгі кезең бала есінің ырықсыздығымен ерекшеленеді. Балалар өз өмірінде ерекше әсер етіп көңіл аударғанын өзін қызықтырған құбылысты ғана есінде жақсы сақтайды және осы кезеңде есте сақтау үшін алдына арнайы мақсат қойылады. 4 жастан бастап ырықты түрде есте сақтау жүзеге аса бастайды.
Мектепке дейінгі кезеңде бала механикалық түрде есте сақтайды деу қате түсінік. Себебі бала да өзіне қажетті материалды есіне сақтау үшін одан нені талап етіп отыр, нені есте сақтау керек, соны түсінуге тырысады. Ал егер сол материалдың мән мағынасын түсінбесе, түсіну қиынға соқса ғана бала механикалық түрде жаттау арқылы есте сақтауға тырысады.
Мектепке дейінгі кезеңде сөз-логикалық естің дамуы баяу жүзеге асады. Бұл кезде көрнекі бейнелік, эмоциялық сезімдік естің маңызы зор.
Неғұрлым баланың заттар мен құбылыстарға зер салып көңіл қою ынтасы ерекше болса, Соғұрлым ырықсыз есте сақтауы айқын жүзеге асады да, барлық ынта ықыласымен зейін қояды. Заттың бейнесі оның, түсі баланы қызықтыратындай ерекше болса, оны жақсы қабылдап есінде жақсы жаңғырта алады. Балаға әңгіменің мазмұнын тек сөз жүзінде айтып берсең, ондағы бейнелерді сипаттау түрінде есінде сақтайды.
Балаларға әңгімені мән мағынасызбір ырғақпен оқып бергеннен гөрі, әр кейіпкердің мінез-құлқын, қимылын, эмоциялық көңіл-күйін мәніне келтіріп, интоннациясымен оқып, айтып берсең, есінде жақсы сақтайды.
Психологиялық зерттеулерге қарағанда, бала өз жас ерекшелігіне сәйкес түсінуге жеңіл, күнделіеті көріп, тұрмыста пайдаланып жүрген заттарды, естіп жүрген мән мағынасы ұқсас сөздерді есінде жақсы сақтайды. Сондай-ақ көріп тұрған заттың өзін өзі біліміне, өмір тәжірибесіне, түсінігіне байланысты есте сақтауы әр түрлі болады.
Ересектер тобындағы балалардың ес үдерісінің дамуы әлі де болса ырықсыз, поссивтік сипатта өтеді. Бала өткенді есіне түсіріп, қайта жаңғырту үшін де ең негізгілерін іріктеп, көз алдына елестетуге әрекет жасайды.
Іс-әрекетті есте сақтауды құрастыру, сурет салу, ойнау, еңбек әрекетін орындау барысында, ертегі, әңгімелерді тыңдау негізінде жүзеге асырып отырады.
Балада сюжеттік ойындарды ойнау арқылы ырықты есте сақтап, қайта жаңғыртуының алғашқы белгілері көріне бастайды.
Бала есте сақтау мен қайта жаңғырту тәсілдерін үлкендерден үйренеді.
Мысалы, тапсырма беріп отырып, оны белгілі бір уақыт аралығында қайта жаңғыртуды талап етеді немесе бір нәрсені сұрап отырып, оқиғаның желісін баланың есіне түсіру үшін жетекші бағыттаушы сұрақтар қояды.
Есте сақтауды үйретудің ең қарапайым тәсілі қайталату және баланың ерікті есте сақтауын дамыту үшін көргенін естігенін өз сөзімен әңгімеліп айтып берудің өзі материалдың баланың есінде берік сақталуы үшін маңызы зор.Зинаида Михаиловна Истомина 3 тен 7 жасқа дейінгілердің есінің дамуының үш дәрежесін анықтаған.
І дәрежесіне тән сипат: бала еске сақтау мен еске түсіру үшін арнайы мақсат қоймайды.
ІІ дәрежесінде: балада еске сақтау ешқандай арнайы тәсілдерді пайдаланбай-ақ жүзеге асады.
ІІІ дәрежесінде балада еске сақтап, қайта жаңғырту үшін арнайы әдіс-тәсілдерді пайдаланып, еске сақтау мақсатты түрде жүзеге асады.
Еске сақтаудың осы 2-ші және 3-ші дәрежесіне бала 6 жасқа келгенде жетеді.
Бала есінің даму ерекшеліктері тек жасына ғана байланысты емес екенін есте сақтау керек. Соңғы жылдардағы психологиялық зерттеулер бойынша, ер балаға қарағанда қыз баланың бас миының оң жақ бөлігінен гөрі сол жақ бөлігінің дамуында айырмащылық болатыны айқындалды. Яғни, қыз баланың бавс миының сол жақ бөлігінің дамуытез жүзеге асады, ал ер баланың бас миының оң жақ бөлігі тез дамиды. Мұның бала есінің дамуына қатысы бар.
Өйткені мидың сол жақ бөлігі оң жақ бөлігіне қарағанда материалды ерікті есте сақтауға, жете ойланып сөз-логикалық еске жағымдыэмоцяны еске сақтауға ықпалы ерекше, ал оң жақ бөлігі ырықсыз есте сақтауды жүзеге асырып, жағымсыз эмоцияны, бейнелік есті, сезім реакцияларын еске түсіруді жүзеге асырады. Бұл ақпарат ғылыми тұрғыда дәлелденген.
Есті дамытудың әр түрлі жолдары бар. Негізінде ес мидың жұмыс істеу қабілеттілігін көрсетеді, өйткені ес үдерісі арқылы әр түрліматериал естесақталып, кейін қайтадан жаңғыртылады.
Әр баланың есінің даму деңгейі материалды есте сақтау көлеміне, қатесізқайта жаңғыртуға, ұзақ есте сақтауына, іс-жүзінде әрекет ету барысында есіне сақтауына байланысты. Баланың материалды есте сақтауын анықтау үшін бірнеше жеміс-жидектер суретін балаға 1 минут көрсетіп, есте сақтап қалғандарын қайталатып тексеруге болады.
Ес үдерісінің нашар қалыптасуы іштен туа пайда болмайды,есте сақтаудың нашар болуы баланың ес үдерісін күнделікті өмірде тәрбие үдерісін дұрыс дамытуға тікелей байланысты.
Бала ес үдерісін дамыту үшін бірнеше есте сақтау тәсілдерін білу керек. Мысалы:
- 2 топтың балаларына көлемі бірдей мәтінді жаттап келіп, айтып беруге тапсырма берген кезде1-топқа еске сақтап, кейін қайта жаңғырту керектігі түсіндіріледі, ал екінші топтың балаларына тек жаттап келіндер дейді. 1-топтың еске сақтауы 2-топқа қарағанда сапалы болады. Өйткені еске сақтап қайта жаңғырту үшін мақскат қоюдың маңызы ерекше.
- Бала материалдың мән мағынасын жақсы түсінсе, есінде бәрін жақсы сақтайды.
- Бала еске сақтауға тиіс материалды көзімен көріп, қолымен ұстап тәжірибе жүзінде ұзақ тікелей әрекет етсе, есінде жақсы сақтайды, ал тез есте сақтаса тез ұмытады, әсіресе оқу әрекетін меңгерту кезінде баланың әр түрлі есінің типтік ерекшеліктерін ескеру керек.
Мектепке дайындық кезеңінде көріп, естіп қабылдау және көріп қимыл-қозғалыс арқылы қабылдау жиі жүзеге асады. Сондай-ақ материалды қайталату арқылы есте сақтау тиімді. Мысалы, күрделі материалды балаға бірден жаттатқызбай бөліп-бөліп, демалдырып қайталап жаттатудың маңызы зор.Онша көп қайрат күш жұмсауды талап етпейтін көркем сөз үзінділерді, тарихи даталарды, географиялық атауларды бала жаттамай тұрып, жақсылап оқып беріп, мазмұнын қарапайым тілмен жан-жақты түсіндірудің маңызы зор.
Балаларды жан-жақты дамыту, олардың барлық кемістіктерін жөндеу, мектепке дайындаудағы балабақша алдындағы басты мақсат. Сөйлеу - бас мидың бірнеше бөлігінің бірігіп жұмыс істеу нәтижесі. Артикуляция мүшелері тек мидан келген бұйрықты орындаушылар. Балалардың тілін дамытуда келесі кедергілердің бары ешкімге де құпия емес,:
-сөздік қорының кемдігі;
-сөйлемдегі сөз тіркестерін дұрыс таба алмауы;
-дыбыстау кемшілігі;
-берілген тақырыпқа сюжеттік немесе сипаттау әңгіме құра алмауы;
-өз ойын дұрыс жеткізе алмауы.
Бұл себепте балаға қалай көмек беруге болады? Өз ойын жеткілікті айтуға, байланысты, ретімен, грамматикалық дұрыс сөйлеуге қалай көмек береміз?
Мнемотехника - тіл дамытуда тиімді есте сақтау,оны дұрыс жеткізе білудегі әдіс пен тәсілдер жүйесі. Қазіргі кезде мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда мнемотехниканы қолдану өзекті болып тұр. Бұл мақсатты іске асыру үшін, баланың тілін дамытуға әртүрлі тәсілдер мен әдістерді қолдану қажет. Қойылған мақсатты нәтижелі етуге қолданылатын тәсілдер:
- Көрнекіліктер, дидактикалық ойындар; суреттер; буындық кестелер; тірек-сызба; үлгілер т.б/
- «ЖИНАҚТАУШЫ»-сөйлеу материалдарын безендіру.
- жаңылтпаштар, тақпақтар, жұмбақтар, саусақ гимнастикасы, тыныс алу жаттығулары, т.б/-.
Балабақша жасында көрнекілік-бейнелік есте сақтау және есту , суретін көру арқылы баланың есінде нақты қалады. Соның бірі мнемотехника. Мнемотехника - балалардың қоршаған орта, табиғат туралы білімін кеңейтуге, әнгіменің барысын тиімді есте сақтауға, әңгімені айтып беруге және тіл дамытудағы іс-әрекеттерінің жүйесі.
Мнемотехника - оңай жолдан қиынына қарай құрылады. Жұмысты ең оңай мнемоквадраттан бастап, жай ғана мнеможолдарға өтіп, сосын мнемокестеге өту қажет.
Мнемокестенің мазмұны - ол графикалық немесе жартылай графикалық ертегі кейіпкерінің бейнесінің, табиғат құбылысының кейбір іс-әрекетінің, басты мазмұнды әнгіменің сюжеті .
Ең бастысы – көрнекілік, тірек-сызба, бейнелеген суретіміз балаға түсінікті болуды жеткізу.
Схема - мнемокесте балалардың тілін дамытудағы дидактикалық құрал болып табылады.
Оны біз қолданатын кезіміз:
- Сөздік қорын байыту үшін
- Әңгіме құруға ұйретуге
- Көркем әдебиетті мазмұндауда
- Жұмбақ жасыру және шешуде
- Өлең жаттауда
Құрылған схема балаларға өз бетінше заттың ерекшеліктерің байқауға, олардың айтылу кезегін белгілеуге көмектеседі. Балалардың сөздік қорын байытады.
Мнемокестені қолдану 3 кезеңнен тұрады:
- Кестені қарап, онда не бейнеленгенін бақылау.
- Мәліметтерді кодтандыру, белгі /символды/бір бейнемен сәйкестендіру.
- Қолдандырылғаннан кейін әңгіме немесе ертегіні әңгімелеуге көшеді.
Бұл суреттерді салу үшін суретші қабілетін білу керек емес: әрбір тәрбиеші символдық бейнелеуді жасай алады.
Әңгіме мазмұны көбінде бірдей болатын. Айырмашылығы тек сөйлем санында немесе толықтығында. Бірінші әңгімелер тек қана сөз тіркестерден тұратын: бастауыш-баяндауыш болып. /мысық жатыр,басқасы ұйықтап жатыр/,қайталау сөздерден /сосын, кейін/, сөйлем арасындағы ұзақ үзілістерден.
Бастысы - бала өзі әңгіме құрамайды, алдындағы әңгімені қайталайды. Жалығып отырған балаларға жиі ескерту беріп отырдым. Ол тек 30-40 секундқа жететін. 4-5 баланы ғана сұрап үлгеретінмін, қалғандары немқұрайлы тыңдаушы болатын. Айтарым, бұданда қызықсыз сабақ менде болмаған. Бірақ , осындай сабақ жүргізілуі және оң нәтиже беруі тиіс. Өйткені, бала мектепте сурет бойынша әңгімелей алу керек. Сурет бойынша әңгіме құру үшін сөз байлығын кеңейту керек. Жұмысты бірінші мнемоквадраттан құраймыз ,сосын мнеможолға көшеміз , мнемокестеде не бейнелеуге болады? Негізі, мнемокесте - ол графикалық немесе жартылай графикалық ертегі кейіпкерлерінің немесе табиғат құбылысының суреті,болмаса өзіне белгілі заттың бейнесі.
Кіші және орта балабақша жасындағы балаларға түрлі-түсті мнемокесте беру керек, өйткені балалардың есінде тек бөлшек бейнелер ғана есте қалады: шырша-жасыл, жидек- қызыл. Кейіннен суретті кішкене қиындатып немесе басқа суретпен ауыстырылады.
Мысалы: түлкі - сары геометриялық пішіннен тұрады. (үшбұрыш, шеңбер) аю - үлкен қоңыр шеңбер, т.б.
«Күз» тақырыбына бейнелеген суреттер:
Ересектер тобының балаларына схеманы бір түсті етіп жасаған дұрыс, өйткені зейінің символикалық бейненің түсіне бөлмеу үшін.
Дайын модельдік схемалар барлық кезде мазмұнына сай болмайды, сондықтан оны балалармен толтырып отырамыз.
Балалармен бірге "Қыс", "Жаз", "Күз", "Көктем" блогтары бойынша мнемокесте жасадық.
Осы схемалар монолог құрудағы көрнекілік жоспар болып табылады.
Әңгіме барысын,
Әңгіменің айтылу кезеңін. Әңгіменің лексико-грамматикалық толықтауын құруға көмектеседі.
Модель жасау тәсілін қолдану- есте сақтау процессін және мазмұнын ұғынуға көмектеседі. Бұл салада көру, есту анализаторлары жұмыс істейді. Балалар суретті тез еске түсіріп, сонынан сөздерін еске түсіреді.Мнемокесте қолданылған дамыту сабақтардың нәтижесінде, балалар әңгіме, ертегі, тақпақтарды оңай құрастырып, жаттап алады.
Мнемотехника тиімділігін сабақ барысында көрсетейін:
Тақырып: Көктемгі күнге саяхат. Мақсаты:
1. Созылмалы түрде «ү» дыбысын айту.
2. Көктем мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыруды жалғастыру.
3. Тіл байлығын дамыту.
4. Бояу түстері туралы білімін бекіту.
Дидактикалық құралдар: мнемокесте «Көктем», үстел- кеме жіберуге. Кемелер-оригами тәсілімен.
Сабақ барысы:
Тәрбиеші: Балалар, бүгін біз көктемгі күнге саяхатқа барамыз. Тез жиналып, вагондарға отырыңдар.
Уақыт болды, пойыз жылжыды!
Балаларды бір-біріне тіркестіріп жүргізе,«чух-чух-чух,ү-ү-ү,ш-ш-ш» дыбыстауын қадағалаймын.
Тәрбиеші: Міне, келдік. Балалар, біздің күнімізді бұлт басыпты,қане, бәріміз сиқырлы кестемізге қарайық. Орындыққа жайғасыңдар.
- Қазір қай жыл мезгілі?
- Сендер қайдан білдіңдер көктем екенің?
Балалар:
- күн ысиды.
- қар еріді
- кішкентай шалшықтар пайда болады, онда қағаз қайық жіберуге болады.
- құстар жылы жақтан ұшып келеді.
- шөп шығады.
- гүлдер шығады.
Ал, балалар, мен жұмбақ жасырам, шешімін табыңдаршы.
Қар, су еріп,
Жапырақ шығып,
Жылғалардан су ағып,
Құстар кайтатын
Қай мезгіл?
Балалар: Көктем.
Тәрбиеші: Дұрыс, балалар. Бұл көктем. Ал, қазір, балалар, тек қана көктемге қатысты суреттерді таңдаймыз.
Балалардан сұраймын, қандай сиқырлы карточка таңдағаның. Неліктен?
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үлкен болып өседі.
Осы кезде тышқан- теңізші жүгіріп келіп қағаз кемелер беріп қашып кетеді.
Тәрбиеші: Балалар, маған жақын келіңдер. Қазір біз кемелерді суға жібереміз. /балалар қайықтарды суға жібереді./
Нәтиже: Көктемде шалшықтарға қағаз кеме жіберіп ойнаймыз.
Көктемдегі киім өзгерістерін айтыңдаршы.
- жұқа киінеміз.
- тон кимейміз.т.б.
Дидактикалық ойын «Көктемде неше ай бар? атаңдаршы» келесі ойын, балалар, «Сөз ойлап тап»/көктем,көк, көкшіл,көктемгі/
Тағы бір ойын «Сөйлемді дұрыс жайғастыр»
1. Ысиды күн көктемде.
2. Шығады ағашта жапырақтар.
3. Ағады жылғалардан су.
4. Жер ашады, гүлдер көгереді.
Байланыстырылған сөйлем құру. /сурет бойынша/
Көктем келді. Күн жылынды. Қар еріп,шалшықтарға жиналды. Жылғалардан су ағып, біз қағаз кемелер жібердік. Жаңбыр жауса да, күн жылы. Ағаштар бүршік атып, жерге шөп шығады.
Гүлдер шыға бастайды. Жәндіктер жылынып, шыға бастайды. Құстар жылы жақтан ұшып келеді. Біз оларға жемсалғыш ілеміз. Көктем қандай тамаша!
Есік қағылып қонаққа қарға келеді.:
- Сәлеметсіңдер ме ,балалар? Мен, аспанда ұшып жүріп , сендерді көріп, қонаққа келдім. Сендер менің бауырларым туралы не білесіңдер?
/балалардың жауабы, қыстайтын және ұшып кететін құстар туралы./
Бірінші тапсырма: «Қарға сияқты қарқылдай аласыңдар ма?»
Фонетикалық жаттығу:
- бала қарға бәсен дауыспен: қарқ-қарқ-қарқ.
- ана қарға орташа дауыспен: қарқ-қарқ-қарқ.
- әке қарға қатты дауыспен: қарқ-қарқ-қарқ.
Екінші тапсырма: саусақ гимнастикасы: «Қарға, қарға, қарғалар»
Қарға, қарға,қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.
Олар тамақ пісірді,
Су әкелді,
Ағаш жарды,
Балаларға тамақ берді.
Енді, балалар, мен құстар туралы жұмбақ жасырам, сендер жауабын тауып, олардың ішінен ұшып келетін құстарды бөліңдер.
Келесі тапсырма «көктем сөзінде неше буын, неше дыбыс бар?»
Сергіту сәті:
Кәне, қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Қарлығаш боп ұшайық,
Торғай болып қонайық.
Сауысқан боп секіріп,
Тоқылдақ боп шоқиық
Қарға: Мен, күн жарықта бауырларыма жетіп алайын, сендерге көп рахмет. Көптеген қызық көрдім. Оны бауырларыма айтып барамын. /балалар қоштасады./
Дидактикалық ойын «Көктем: жақсы-жаман»
жақсы: жаман:
күн жылынады шалшықтар пайда болады
гүл өседі ауа райы белгісіз жағдайда болады
табиғат құлпырады
Ал, балалар, біз бүгін көктем туралы көп әңгімелестік, енді мен сендерге көктем туралы әңгіме оқып берейін./рефлексия/
Эмоция арқылы әңгімені талқылау.
Мнемокесте арқылы әңгіме құру.
Бірақ, жалғыз мнемокестемен шектелуге болмайды. Бұл тек, басты тиымды жұмыс, өйткені мнемокестені қолдану балалардың көру, есту, есте сақтау қабілеттерін дамытады. Мнемокесте қолдана отырып, үстел ойындары, сөздік ойындарды пайдалану керек. Сонда ғана баланың тілі дұрыс және жеткілікті дамиды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда мнемотехника әдісінің маңызы
Мнемоника (гр. mnematik - есте сақтау өнері) - табиғи ассоциациялар жасау көмегімен есте сақтауды қамтамасыз ететін, жасанды түсініктер арқылы қажетті мәліметтерді еске сақтауды жеңілдететін ережелер мен тәсілдер жиынтығы.
Мнемоника таңбалары сақталып қалған не топталған бірнеше затарқылы, солардың суреттерінен көрінуі мүмкін. Мысалы, садаққа—соғыстың, соғыс жариялаудың мнемоника таңбасы. Қазақстанның таулы аудандарында танбалы тастар көп, солардың бетіндегі қолына найза, садақ ұстаған адамдар мен әртүрлі аң суреттері ерте замандағы аң аулау көрінісін еске түсірегін мнемоникалык таңбалар болып табылады. Мнемотехникалық әдіс балалардың сөз материалын есте сақтауда қалдыру үшін қолайлы. Сонымен қатар дыбыстық және көру қабілеттері де дамиды. Мектепке дейіңгілердің жас ерекшеліктеріне қараса, осындай қорытындыға келуге болады, сөйлейтін суреттерді пайдалану әңгіме құрастырғанда, өлең, логоритмикалық жаттауда жеңілдетеді және есте сақтау процесін тездетеді. Есте сақтаумен жұмыс әдістерін қалыптастырады. Есте сақтауды бекітудің ережесінің бірі былай дейді: «Жаттағанда жаз, сызба, диаграммалардың суретін сал, кестелерді сыз». Сөйлейтін суреттер, сипаттау сызбалары қызығушылық тудырады және проблеманы шешуге көмектеседі. Таңбалы рәміздер дегеніміз не? Бұл объекттің абстрактылы қорытылған немесе графикалық бейне. Графикалық аналогия – бұл солардың белгілеріне жалпы бойынша бірнеше бейнелердің немесе бейненің жүзеге асатынрәмізбен қандай болсын таңбасы.
Мектепке дейінгі бала есте сақтау мен қабылдауы жоғары қабілетімен ерекшеленеді. Мнемотехникалық әдіс балалардың сөз материалын есте сақтауда қалдыру үшін қолайлы. Сонымен қатар дыбыстық және көру қабілеттері де дамиды. Мектепке дейіңгілердің жас ерекшеліктеріне қараса, осындай қорытындыға келуге болады, сөйлейтін суреттерді пайдалану әңгіме құрастырғанда, өлең, логоритмикалық жаттауда жеңілдетеді және есте сақтау процесін тездетеді. Есте сақтаумен жұмыс әдістерін қалыптастырады. Есте сақтауды бекітудің ережесінің бірі былай дейді: «Жаттағанда жаз, сызба, диаграммалардың суретін сал, кестелерді сыз». Сөйлейтін суреттер, сипаттау сызбалары қызығушылық тудырады және проблеманы шешуге көмектеседі. Таңбалы рәміздер дегеніміз не? Бұл объекттің абстрактылы қорытылған немесе графикалық бейне. Графикалық аналогия – бұл солардың белгілеріне жалпы бойынша бірнеше бейнелердің немесе бейненің жүзеге асатын рәмізбен қандай болсын таңбасы.
Әсіресе 6-7 жастағы балалардың тілдің дамуында ерекше маңызы бар. Балаларда танымдық белсенділік арттылады.
Баланың тілін дамыту үшін 6-7 жастағы балалар шағын әңгіме құрастырады, өлеңдер, aлогоритмикалық жаттығулар жаттайды. Әңгіме сипаттағанда, өлең, логоритмикалық жаттығулар жаттағанда сызбалар қолданған қолайлы. Мнемотехникалық әдістің міндеті: қазақ тіліне тән дыбыстардың дұрыс ай тылуын жаттықтыруы, сөз қорының байытуы, белсенуі мен бекітуі, сөйлеудің грамматикалық дұрыстығын жүзеге асыруы және тілдің дамуы.
Ересек топтан бастап балаларда қоршаған әлем туралы түсініктер бар болғанда, таңбалы рәміздерді құрастыруға өздеріне жасауға болады. Бала өзі таңба жасайды, одан кейін мұғалім сәйкес келетін рәмізді таңдап алады.
Заттардың белгілері мен күйін (көңілді, ызалы, аянышты, т.б), іс - әрекетті білдіретін таңбалы рәміздерді құрастырғанда толық түсіну үшін балалармен ойнау және эмоциялы-ымдық деңгейде әрекетті көрсету қажет.
Әңгіме, өлең, логоритмикалық жаттаулар жаттағанда әрбір дыбысталатын сөзді алмастыруға болады.
Кейбір кезде рәміздік бір сызбада толық сөйлемді суретте көрсетуге болады. Егер де біз кейбір сөздерге балалардың ерекше назарын аударатын болсақ ( мысалы, іс-әрекетін білдіретін сөздер), оларды жеке сызбада көрсеткен жөн.
Өлең, логоритмикалық жаттығулар жаттауда ондағы бірнеше рет қайталанып келетін сөз тіркестерін сөздерді рәміздермен алмастырудың қажеті жоқ.Мемлекеттік стандартына сай әңгіме құрастыру, жаттау айына 2-3 рет. 5-6 жастағы балалар әңгіме құрастырғанда 3-5 сөйлем, ал 6-7 жастағы балалар 5-7 сөйлем құрастыру қажет.
Сызба – схемалар тақырыптарға байланысты үйренген жеке сөздермен сөйлем құрастыруға, сөйлемдермен әңгіме құрастыруға таптырмайтын қазына. Сызбаларға қарап, балалар әңгіме құрастыруды тез үйренеді. Әсіресе отбасы тақырыбына арналған сызбаны әр сабақта қолдануға болады. Бұл сызбаға қарап, балалар отбасы мүшелерінің атауын тез есте сақтауға, адамдардың әрекеттерін әңгімелеуге үйренеді.
Жеміс-көкөністерге арналған сызба бойынша балалар олардың түрін, түсін, дәмін, қайда өсетінін сипаттап бере алады. Мысалы, алманы сипаттау: алманың түсі қызыл, пішіні – домалақ, дәмі – тәтті. Ол ағашта өседі, жеміс. Біз оны жейміз.Ойыншықтарға арналған сызба бойынша балалар олардың түсін, пішінін, мөлшерін атап беруге үйренеді.
Міне, осылай әрбір жаңа тақырып бойынша сызбалар қолдануға болады. Мұғалім өз балаларының қабылдау қабілетін, жас шамасын ескере отырып, сызбаны өзі жасап алуына да болады.
Мнемотехникалық әдіс – өлеңдерді, алогоритмикалық жаттығуларды жаттаудың, әңгімелерді сипаттаудың әдістемесі.
Осы жастағы балаларға өлеңдер жаттауда сөйлейтін суреттерді қолданған қолайлы. Өлең жаттауда әр сөзді рәміздермен алмастыруға болады. Кейбір жағдайда сөйлемді бір сызбада көрсетуге болады. Заттардың сынын, күйін, әрекетін білдіретін суреттерді құрастырғанда толық түсіну үшін балалармен бірге ойнау қажет және эмоциялы деңгейде әрекетті көрсетуге болады. Мектепке дейінгілерді өлеңдерді мәнерлеп жаттауға, шығармаға сай ырғақты сақтауды үйретеді. Балалармен бірге қайталағанда педагог интонацияға, дикцияға, дем алуына назар аударады.
Өлеңді оқып болғаннан кейін міндетті түрде әңгіме өткізіледі:
- аударма жұмысын өткізу;
- мұғалімнің сұрақтары;
- суреттер қарау;
- қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтқызу, қайталату;
- сызбалар арқылы жаттау;
Балаларға өлеңді есінде сақтау үшін, мұғалімге келесі әдістерді қолдануға болады: бірінші жолды топпен қайталау және 3-4 балаға бір-бірден қайталатқызу;
фонетикалық жаттығу орындау; әсіресе мәнерлеп оқуға талап ететін сөзді, жолды балаларға қайталату.
Алгоритмикалық жаттығулар танымдық процестердің, есте сақтау, зейін, қозғалыс дағдылардың, дыбыстардың айтылуының, сөйлеу функционалды жүйесінің және барлық сөйлеу құрамының дамуына бағытталған. Ұсынған жаттығулар сипаттау сызбалар арқылы жатталады, содан кейін мұғаліммен бірге айтылады және әр түрлі қимылмен көрсетіледі. Логоритмикалық жаттығуларды орындағанда,балалар мұғаліммен бірге ортада тұрған жөн, сонда балаларға мұғалімді көруге, қозғалуға және сөйлеу материалын орындауға мүмкіндік бар.
Алгоритмикалық жаттығуларды өткізуде балалар спецификалық дыбыстардың дұрыс айтуын жаттығады, дауыстың ырғағы дамиды, сонымен қатар ымның, қозғалыстың дағдылары, жалпы және ұсақ моториканың нақтылығы мен үйлестіруі дамиды.
Мектепалды даярлық бағдарламаның базалық минимумда 6-7 жастағы балаларды оқытуда мынадай талаптар қойылған. Балабақша, балабақша қызметкерлер туралы әңгіме құрастыру білу. Сенің атың кім? Кім? Не істеді? сұрақтарына жауап беруді білу. Ойыншықтардың атауын, түсін, пішінін айта білу. Адамның дене мүшелерін атау және таныс сөздерді сөйлемде қолдану. Сонымен қатар отбасы мүшелерін, киім, аяқ-киім атауын айта білу. Сөйлеу бала үшін қарым-қатынас құралы болып табылады, оның ойлау қабілетін дамыту және мінез-құлқын реттеуде маңызды рөл атқарады. Сөйлеу қатынасы баланың білімді меңгеруіне, қажетті білік пен дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.Байланысты сөз ойға мағына беріп, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауын және өзара түсінуін қамтамасыз етеді. Сөйлеу қызметі ойдың дамуымен қатар өрбиді. Дұрыс сөйлеуге тәрбиелеу коммуникативтік біліктілікті, тілдік (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық) және тілдік емес (ым, мимика, қалып, көзқарас, іс-қимыл) құралдардың көмегімен айналадағы адамдармен қарым-қатынас жасауды реттеу қабілетін дамытуға бағытталған. Тілді дамытуда өз қатарларымен сөйлесе білудің маңызы ерекше.
Жалпы міндет:
- тілді дамыту танымдық және ойын қызметінің негізі іспеттес;
Негізгі міндеттер:
Тілге деген тиянақты, мүдделі көзқарасты және құрмет сезімін қалыптастыру;
- қарапайым диалогтық және монологтық сөйлеуді қалыптастыру;
- қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу;
- сөздік қорды толықтыру және жандандыру.
Мнемотехника әдісін қолдану өз нәтижелерін де берді.
Балалармен бағдарламалық материалды меңгеру бойынша 1 және 2 жартыжылдыққа арналған педагогикалық диаагностика материалы жасалынып шығарылды.
Деңгей бойынша меңгерудің бағасының жүйесі талданып шығарылды
1 деңгей–бала педагоктың үлгісі бойынша іс-әрекетті елестетеді
2 деңгей – не істегенін түсінеді; белгілі білім қоры бар
3 деңгей- білгенін және не істей білетінін өз бетімен қолданады, шығармашылық және дәстүрлі емес жағдайларда.
Нәтижелер:
Кіретін нәтижелерді (қазан айында өткізіледі) қорытынды(сәуір айында өтіледі)
Балаларды оқытуда, ұсынылған әдістемелік материал мектепке дейінгі мекемелердің практиктеріне перспективтік технологиясын
(мнемотехникалық әдіс) терең танысуға мүмкіндік береді. Тәрбиелік– білімдік процесіне шығармашылық бағыт арқылы жеткізіледі.
Жұмыс нәтижесі бойынша кәсіби байқаулар өз жемісін береді.
Жұмыстың мақсаты:
Балалардың зерделi дамытуын деңгейдi жоғарлату.
Міндеттері:
I. Танымдылық Қоршаған орта туралы танымдық мәлiметтердi жүйелеуiн реттеуде балаларға көмектесу.
ІІ. Дамытушылығы: Мнемотехниканы меңгеру арқылы мәлiметтi (кодтау ) есте сақтау көлемi ұлғаяды.(маңызды белгiлермен заттар және құбылыстардың атрибуттарын айқындау, жұмбақтардың шешуi) аналитикалық және ойлауды (базистiк таңбалар көмегiмен мәлiметтiң кодтау және қайта кодтауы) бейнелi түрде функцияны, ұғымдық ойлау, ықылас, елестетудi дамыту.
Монологты сөйлеуің жетiлдiру,ойын жеткізе білуге,өз жауабының дұрыстығын дәлелдеуге дағдыландыру.
III. Тәрбиелiгi: Мәлiметтер жинау арқылы қысқа- әңгімелерді құруға дербестiгін жетiлдiру. Зерделi жұмыстың нәтижелерiнен көруге шақыру.
Балалар бiр-бiрiмендi ынтымақтасып, жора-жолдастардың жауаптары тыңдап естiп, оларды толықтырып, қажеттiлiк жағдайда көмектесуге үйрету..
Күтілетін нәтиже.
Балалар танымдық сабақтарда есте сақтау, таным және сөйлеу белсендiлiктiң биiк деңгейiмен бiледi.
Салыстырып, заттың маңызды белгiлерiн жалпылап, ерекшелеуге талдауға икемдi болады.Мнемокесте арқылы заттармен қоршаған орта туралы мәліметтерді өз беттерінше белгілеп, айта алады.
Ата-аналарымен бірігіп үй тапсырмасын орындайды.
«Қатынас» саласы бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы (ортаңғы топ)
Білім саласы: Қатынас
Оқу іс-әрекеті:Көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Үйшік» ертегісі» (мнемотехниканы қолдану)
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға ертегі барысын эмоционалды қабылдауды, мнемотехника әдісі арқылы кейіпкерлерді тануға үйрету. Әңгімелеу барысында ойларын байланыстырып жеткізуге, сөздік қорларын ертегі мазмұнына сәйкес пайдалана білуді жетілдіру
Дамытушылық: Балаларды ертегі мазмұнын берілген кейіпкерлердің тірек суреттер арқылы, өз қиялдарымен әнгімелеуге үйрету. Шығармашылық қабілеттерін арттыру,тапқырлыққа баулу.
Тәрбиелік: Ертегі кейіпкерлерінің жағымды,жағымсыз қасиеттерін көруге, олардың іс-әрекеттерін бағалауға үйрету.
Әдіс-тәсілдер: ғажайып сәт, мнемотехника арқылы ертегіні мазмұндау. Сұрақ-жауап, ойын «Кім тапқыр»
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланыңң іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы |
Тәрбиеші: Топқа тәрбиеші сиқырлы қалта ұстап келеді. Сиқырлы қалта ішінде үйшік ертегісінің кейіпкерлері салынған. |
Сиқырлы қалта қызыға қарайды. |
Ұйымдас-қ ізденушілік кезеңі |
Ертегіні есіне түсіріп, талқылау. - Ертегі қалай аталады? - Үйшікте қандай жануарлар бар? - Ертегіде тышқанды, бақаны, қоянды, қасқырды, аюды қалай атайды? Тәрбиеші сиқырлы дөнгелектер назар аударады - Балалар мына ақ қағаздан не көріп отырсыздар? Бұл дөңгелектер жай дөңгелек емес, сиқырлы дөңгелектер. Бұл дөңгелектерді ертегі кейіпкерлеріне айналдырамыз. - Ең бірінші үйшікке не келді? - Бірінші дөңгелегімізді тышқанға айналдырайық, құйрығын салайық. - Екінші болып кім келеді? - Бақаның аузы үлкен .Аузын салайық. - Бақадан кейін не келді? Қоянның құлағы қандай? - Ұзын құлақ салайық,Шеңберді қоянға айналдырайық. - Ал түлкі қандай?Құйрығы қандай? -Түлкіден кейін қай аң келеді? - Қасқырдың тісі қандай? - Аю қандай?Аюды қалай атайды? Балалар тәрбиешінің көмегімен суреттерді тану арқылы ертегіні айтады.
Сергіту сәті: Алаңда үйшік Есікте құлып Сәулетті үйшік тым жақсы Үйшікте кім бар тіл қатшы Тук, тук ,тук. Тәрбиеші балаларға кейіпкерлерінің тірек схемалар бойынша ертегіні аяқталуын өзгертіп,қиялымен әнгімелеу. |
Тәрбиешіні мұқият тыңдайды. ін қазған - тышқан бақылдауық - бақа желаяқ - қоян Түлкіжан - сіңіліжан Көкжал қасқыр Қорбанбай - аю Балалар назарын сиқырлы дөңгелектерге аударады. - Бұл қағаздан дөңгелек көріп отырмыз. Бірінші болып інқазған- тышқан келеді.
- Екінші болып бақылдауық-бақа келді. - Бақадан кейін желаяқ-қоян келеді.
Түлкіжан-сіңіліжан келеді. -Түлкі қу,құйрығы ұзын. Көкжал қасқыр келеді.
Балалар суретке қарап ертегіні айтып береді.
Сергіту сәтін қимылмен жасайды |
Рефлекстік реттеуші |
Д/о « Кім тапқыр» Ойының ережесі: балаларға лентатағы тірек суреттер беріліп жануардың екінші бөлігін немесе сәйкес келетін тірек белгілерін тауып, сызық арқылы қосу. Мысалы: қоянның ұзын құлағы-кішкентай құйрық ,торғайдың тұмсығы-т.б. |
Балалар қызығушылығымен ойнайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Ертегі мазмұнын;
Игереді: Ертегі кейіпкерлерінің жағымды, жағымсыз қасиеттерін көруге, олардың іс-әрекеттерін бағалауды;
Меңгереді: Балаларға ертегі барысында эмоционалды қабылдауды, модельдеу әдісі арқылы кейіпкерлерді тануды;
Білікті: Қатынас. Тарау: Тіл дамыту.
Тақырыбы: «Жабайы аңдар қыс мезгілінде»
Мақсаты: Берілген сөздерге анықтауышты дұрыс табуды; мнемотаблицасы бойынша жабайы аңдар туралы әңгіме құрастыруды; алдын-ала алған білімдерін пайдалана отырып,әңгіме құрастыруды; қойылған сұрақтарға толық,нақтылы жауап беруді; айтайын деген ойын көркем тілмен жеткізе білуді дамыту.
Сурет бойынша әңгіме құрастыра білуді қалыптастыру. Балалардың ойлау қабілетін,ой-өрісін,өзіндік көз қарасын,тіл байлығын жетілдіру. Табиғатты қорғай білуге; жануарларға деген қамқорлығын; көмекке әрқашан дайын болу керектігін тәрбиелеу.
Керекті құрал-жабдықтар: орманның макеті, берілген тақпақты құрастыру үшін мнемотаблица, «қар», мақта дискасы, фасоль салынған шелек, жабайы аңдар макеті.
Алдын-ала дайындық: Қыс туралы және жабайы аңдар жайында әңгіме оқу, әңгімелесу, мнемотаблица құрастырып, осы жобамен тақпақтар жаттау.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Балалар қонақтармен үш тілде амандасады. Шаттық шеңберіне тұрады. «Амансың ба,алтын күн! Амансың ба,жер-ана! Амансың ба, достарым, Сендерді көрсем қуанамын!»
Тәрбиеші: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Бүгін ауа райы қандай? (Балалар сұрақтарға жауап береді) Балалар, далаға қараңдаршы, аспан қандай, жер қандай, мұның бәрі қыс мезгілінің белгісі,солай ма,балалар? (Осы кезде топқа қоян жүгіріп кіреді.Балалармен,тәрбиешімен амандасады) Тәрбиеші: Қоян,не болып қалды,көңілсізсің ғой? Қоян: Мен сиқырлы орманда тұрамын. Қыс келді,бірақ біздің орманға қар жаумады.Маған сендерден көмек қажет болып тұр.
Тәрбиеші: Балалар,қоянға көмектесеміз бе? Балалар: Иә,көмектесеміз! Тәрбиеші: Олай болса,балалар, біз орманға аттануымыз керек. Орманға немен барсақ болады,қалай ойлайсыңдар? (Балалар әртүрлі жауап береді:машинамен,шанамен, сиқырлы кілеммен, ұшақпен,тікұшақпен т. б.) Тәрбиеші: Балалар,дұрыс айтасыңдар,бұл көліктердің бәрімен де орманға баруға болады.Бірақ біз шаңғымен барайық,жарай ма? Балалар: Жарайды. Тәрбиеші: Олай болса шаңғыға тұрып орманға аттанайық,жүріңдер. (Шаңғымен жүрген болып топты айналып, алдын -ала дайындалған орман макетіне жақындап келеді.)
Тәрбиеші: Балалар,біздің шаңғымыз бұдан әрі бара алмайды,өйткені орманда қар жоқ.Біз шаңғымызды осы жерге қалдырайық. Балалар, орманда қар пайда болуы үшін біз сендермен көптеген тапсырманы орындауымыз керек. Ол үшін біз тілімізді жаттықтырып алайық.
Артикуляциялық жаттығулар: 1-ші тапсырма: Заттың сынын айту. «Қар қандай?», «Қыс қандай?» (Балалар сұраққа жауап берген сайын «қарды» алып орманға тастайды) 2-ші тапсырма: Демге арналған жаттығу. Балалар жіпке байланған «қарды» үрлейді. 3-ші тапсырма: «Қоян» деген сөзді эмоциональды айтады; қуанып, ренжіп, қорқып,таңғалып. Тәрбиеші: Балалар, енді мына тұрған «ағаш түбіріне» отырайықшы. 4-ші тапсырма: Саусақтарға арналған жаттығу: 5-ші тапсырма: Шелек толған фасоль,арасында жабайы аңдардың бейнесі.Балалар қолдарын тығып, бір жануарды тауып алып, оның қандай жануар екенін айтуы керек.Содан кейін өзі тауып алған жануарды мнемотаблицасы бойынша суреттеп беруі керек.
1. Бұл қандай жануар?
2. Ол қайда өмір сүреді?
3. Оның тұратын «үйі» қалай аталады?
4. Оның терісінің түсі қандай?
5. Дене мүшелерін атап бер.
6. Оның баласы?
7. Немен қоректенеді?
8. Қалай қыстайды? (4-5 бала жауап береді. Қоян, қасқыр, түлкі, аю бейнелері) Сергіту сәті: 6-шы тапсырма: Тәрбиеші «Қоян» деген тақпақты оқиды. Балалар осы тақпақ бойынша мнемотаблица құрастырады. Ақ қоян-ау,ақ қоян! Үркек қоян,сақ қоян. Қаша берсең орманға Қорқағым деп ат қоям. (4-5 бала мнемотаблица құрастырады.)
Қорытынды:
Тәрбиеші сабақты қорытындылау үшін балаларға ойын ойнауды ұсынады. «Қар не үшін керек?» Бұл сұраққа балалар бір-бірден жауап береді. Жауап берген сайын мақта дискасын бір-бірлеп «орманның» ортасына қояды, сөйтіп мақта дискасынан «сырғанақ» жасайды.
Сабақтың соңы: Қоян балаларға қапта тығылған затты сұрақ қою арқылы тауып алуды ұсынады. Балалар қоянға сұрақ қояды, қоян «Иә», «Жоқ» деп жауап береді.
Мысалы: Ол ойыншық па? Жоқ. Ол тағам ба? Иә Сол сияқты жалғасып кете береді,зат табылғанша. Қаптың ішінде қолдан жасалған сәбіздер болады. Қоян ол сәбіздерді балаларға үлестіріп береді.Балаларға көмектері үшін рахмет айтады,қоштасады.
Тәрбиеші: Балалар,осымен сабағымыз аяқталды, біз қоянға көмектестік солай ма? Енді балабақшаға оралайық. (Шаңғыны аяқтарына киіп, балабақшаға оралады)
Мнемокестені тақпақтарды жаттату кезінде пайдалану жолдары
Мнемокестені тақпақтарды жаттату кезінде өте тиімді. Жұпты суреттер арқылы бала көрсете отырып, тақпақты жаттайды. Баланы қызығушылығы артады, сабақты ойынға айналдырады.
Тақпақпен жұмыс істеу кезеңдері төмендегідей:
1. Үлкендер көркем тілде оқиды.
2. Үлкендер тақпақты өзі жатқа айтып, мнемокесте арқылы тағыда оқып береді.
3. Үлкендер тақпақтың мазмұнына сәйкес сұрақ қойып, негізігі түсінікті қалыптастырады.
4.Үлкендер тақпақтың түсінбеген сөзін қолайлы әдіспен баяндап береді.
5. Үлкендер тақпақтың әрбір сөзін оқиды да,балалар мнемокесте арқылы қайталайды.
6. Үлкендер мнемокесте арқылы тағы да қайталап оқиды.
Лексикалық тұрғыдағы тақпақтар:
Ойыншықтар (ортаңғы және ересек топтарға арналған)
ҚОНЖЫҚ. СУҚҰЙҒЫШ, ТУ, ШОШҚА
«Ойлай біл де, ойнай біл!» сайыс сабағы
Сәлеметсіздер ме, балалар! Сайыс сабағымызды бастаймыз.
Алдымен миға шабуыл жасайық. (мозговой штурм)
Далада жылдың қай мезгілі? / Далада жылдың қыс мезгілі.
Қыс мезгілінде неше ай бар? / Қыс мезгілінде үш ай бар.
Қыс айларын атап шығады? / Желтоқсан, қантар, ақпан.
Бір аптада неше күн? / бір аптада жеті күн.
Апта күндерін атап беріндер? /Дүйсенбі, сейсенбі,сәрсенбі,бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
Бүгін қай күн? / Бүгін сейсенбі.
Бір тәулікте неше мерзім? / Бір тәулікте төрт мерзім.
Жарайсыңдар, балалар!
- Балалар, енді біз сендермен ойын ойнаймыз, мына конверттің ішінде әр түрлі тапсырмалар бар, соны мен оқимын, ал сендер сол тапсырманы орындайсыңдар.
1-ШІ ТАПСЫРМА: «Біздің балабақшада».
Біздің балабақша қалай аталады?
- «АҚБОТА»
Біздің балабақша қандай?
- Біздің балабақша үлкен, әдемі,әсем, таза,кең,жарық
Біз балабақшада не істейміз?
- Балабақшада - оқимыз, ойнаймыз, билейміз,тамақ ішеміз, әң айтамыз, жуынамыз, ұйықтаймыз.
Балабақшада кім істейді?
- Тәрбиеші, күтуші, аспазшы, дәрігер, мұғалім. (олардың аты-жөндерін айту)
Балабақшада тәрбиеші (күтуші, аспазшы, дәрігер, мұғалім) не істейді?
- Балабақшада тәрбиеші оқытады.
Балабақшада күтуші тамақ береді.
Балабақшада аспазшы тамақ пісіреді.
Балабақшада дәрігер емдейді.
- Жарайсыңдар, балалар! Бұл тақырыпты жақсы біледі екенсіңдер.
2-ШІ ТАПСЫРМА: «Сан әлемі»
Кім онға дейін санап береді?
(Бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он) (бірнеше бала санайды).
Кім кері санап береді?
(он, тоғыз, сегіз, жеті, алты, бес, төрт, үш, екі, бір)
Рахмет, өте жақсы. Енді менің тапсырмамды орындаңдар.
Мен атаған санның, көршілерін атап беріндер? Тамаша, балалар!
Енді есеп шығарайық:
Сашаға екі алма, Оляға бір алма бердім. Барлыға қанша алма? (бес алма)
Менде үш машина, сенде бес машина. Барлығы неше машина?
Ағашта бес торғай отыр, тағы екі торғай ұшып келді. Барлығы неше торғай?
Жарайсындар, бұл тапсырмаларды да орындап шықтындар.
3-ШІ ТАПСЫРМА: «Қай сөз артық?» дидактикалық ойын
1. Үйрек, тауық, қаз, ана
2. Сары, көк, қызыл, қасқыр
3. Қуыршақ, аю, жасыл, доп.
4. Тіл, піл, тіс, мұрын.
5. Түлкі, ешкі, қоян, арыстан
- Жарайсыңдар, бұл тапсырманы да өте жақсы әрі дұрыс орындадыңдар.
4-ШІ ТАПСЫРМА: Ән әуенін тындап, өлеңді еске түсіріп шырқайық. (жыл бойы жаттаған әндерін естеріне түсіреді.)
5-ШІ ТАПСЫРМА: «Ойын: «Телефон» (Екі бала бір-бірімен телефон арқылы сөйлеседі)
- Сәлеметсіз бе?
- Сәлеметсіз бе?
- Сенің атың кім?
- Менің атым Аружан
- Аружан, отбасыңда кім бар?
- Анам, ағам.
- Анаңның аты кім?
- Анамның аты Сауле
- Ағаңның аты кім?
- Ағамның аты Даулет
- Сен неше жастасың?
- Мен 5 жастамын.
- Рахмет.
- Сау бол!
6-ШІ ТАПСЫРМА: «Сөйлем құрау»
Сызба,мнемотаблица пайдалана отырып сөйлем құрастыру.
МЫСАЛЫ:
Суретте кыс мезгілі.
Қыс мезгілінде қар жауады.
Қыста суық, аяз, боран болады.
Қыста шана, шаңғы тебеміз.
Қорытынды
Тәрбиеші: Балалар, сендердің бүгінгі сабақтағы жауаптарыңа мен өте ризамын. Әрқашанда өздеріңді жақсы көрсете беріңдер. Сау болыңдар!
Қосымша А
МНЕМОКЕСТЕ АРҚЫЛЫ ӘҢГІМЕНІҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
№1 «Менің Қазақстаным».
1. Менің Отаным Қазақстан.
2. Қазақстанның елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
3. Қазақстанның астанасы – Астана.
№2 «Менің Қазақстаным».
4. Қазақстан рәміздері: елтаңба, жалау, әнұран. Жалауда бүркіт бейнеленген.
5. Мен Отанымды (елімді) сүйемін.
№3 «Жаз»
1. Жаз мезгілі. Жаз мезгілі үш айдан тұрады. Олар: Маусым, Шілде,Тамыз айлары.
2. Жаз мезгілінде жеміс-жидектер, көкеністер піседі.
3. Жазда күннің көзі ыстық болады.
№4 «Жаз»
4. Жазда күннің көзі ыстық болғандықтан балалар суға шомылады.
5. Доп, тенис ойнаймыз, балалар далада топырақпен ойнайды.
№5 «Күз»
1. Күз мезгілі. Күз мезгілінде үш ай бар. Олар: Қыркүйек, Қазан, Қараша айлары.
2. Күзде жаңбыр көп болады.
3. Күзде жаңбыр көп болғандықтан адамдар қолшатыр ұстайды.
№6 «Күз»
4. Күз мезгілінде жапырақтар сарғайып, жапырақтар түсе бастайды.
5. Күзде жыл құстары жылы жаққа ұшып кетеді.
№7 «Қыс»
1. Қыс мезгілі. Қыс мезгілі үш айға бөлінеді. Олар: Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан.
2. Қыс мезгілінде күннің көзі аз болады,қар жауады.
3. Қыста балалар жылы киімдерін киеді.
№8 «Қыс»
4. Қыста балалар далаға шығып, коньки тебеді, шанамен шырғанайды, аққала жасап ойнайды.
№9 «Қыс»
5. Қыста қар көп болып айналаны қар басады, терезеге қырау тұрады,жаңа жыл мерекесі болады, шырша тігеміз, аяз–ата мен ақшақар келіп бізге сыйлықтар береді.
№10 «Көктем»
1. Көктем мезгілі. Көктем мезгілінде үш ай бар. Олар Наурыз, Сәуір, мамыр айлары.
2. Көктемде күн бұлттың астынан жылуын бере бастайды, қар ери бастайды, үйдің төбелеріндегі мұздары ери бастайды.
№11 «Көктем»
3. Көктемде жыл құстарымыз ұшып келеді, 8-наурыз көктемнің алғашқы мерекесі аналар күні болады, күн мен түн теңеседі, 22-наурыз болады.
4. Көктемде балалар құстарға ұя жасап жем шашады, теректер, ағаштар отырғызады, ауланы қоқыстардан тазартады.
№13 «Жемістер-көкеністер»
1. Бұл жемістер–көкеністер дүкені.
2. Мен жемістер-көкеністер дүкенінен алма, қызанақ алдым.
3. Олардың түстері қызыл, жасыл ал пішіндері дөңгелеккөлемі әр түрлі
4. Мен алманы, қызанақты (жемістерді көкеністерді) жақсы көрем.
№14 «Витаминдер»
1. Біз сүтті жақсы көреміз.
Біз ірімшікті жақсы көреміз.
Біз айранды, йогуртты жақсы көреміз.
Біз жеміс-жидектерді, көкеністерді жақсы көреміз. Себебі олардың ішінде өте көп витаминдер бар.
№15 «Құстар»
1. Бұл қандай құс? Оның түстері, жүні (қауырсыны) қандай?
2. Ол құстың дауысы және немен қоректенеді?
3. Ол суда жүзема алде ұшатын құсқа жатама?
№16 «Сүйікті жануарым»
1. Бұл қандай жануар?
2. Оның аяқтары қандай және құйырығы қандай?
3. Ол қандай дауыс шығарады және немен қоректенеді?
№17 «Сүйікті жануарым»
1. Ол үй жануары ма алде жабайы аң ба?
2. Оның жүрісі қандай?
3. Мен оны жақсы көремін.
№18 «Сүйікті жануарым»
1. Ол қандай жануар? Түсі қандай? Дене мүшелері қандай?
2. Ол қандай дыбыс шығарады? Терісі қандай?
3. Ол немен қоректенеді және адамға пайдасы қандай?
№19 «Сүйікті ойыншықтарым»
1. Менің сүйікті ойыншықтарым.
2. Олардың түстері әрт.рлі. (қызыл, жасыл, сары т.б.)
3. Ойыншықтарым ағаштан, ризекадан, пласмастан матадан жасалған.
4. Мен ойыншықтарымды жақсы көремін.
№20 тақпақ «Ойыншық»
1. Ойыншықтарым көп менің,
2. Оны жақсы көремін.
3. Кешке дейін жалықпай бірге ойнап жүремін.
№21 Ә.Табылдиев «Бағдаршам» өлеңі:
«Бағдаршам»
1. Қызыл көзін ашқанда
2. Аяғыңды баспа алға!
3. Сары көзін ашқанда, Қарап қалма аспанға!
4. Жасыл көзін ашқанда, Өте бергін жасқанба!
№22 тақпақ «Отан»
1. Отан - сенің ата-анаң,
2. Отан - досың, бауырың.
3. Отан - өлке астанаң,
4. Отан - аудан ауылың.
№23 тақпақ «Біздің балабақшада»
Балабақша есігін
Үшке тола ашқанбыз,
Балапандай өсіріп,
Мәпелейді бақшамыз
№24 Жұмбақ-1
Қарағайдың астында, Шыршаның астында, Қапшық толы инемен. (Кірпі)
№25 Жұмбақ-2
1. Дөңгелек бірақ доп емес,
2. Сары бірақ күн емес,
3. Құйрығы бар. Бірақ тышқан емес. (Шалқан)
№26 Жұмбақ-3
1. Басы – тарақ
2. Арты - орақ (Қораз)
№27 Жұмбақ-4
Жеміс-жидек жегенім
Балды жақсы көремін (Аю)
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Полянская Т. Б. «Использование метода мнемотехники в обучении рассказыванию детей дошкольного возраста», 2009.
2. Большева Т. В. «Учимся по сказке. Развитие мышления дошкольников с помощью мнемотехники», 2001.
3. Чохонелидзе Н. «Учим стихи по картинкам», 2006.
4. Белоусова С. «Развитие лексики и грамматического строя речи у дошкольников», 2005.
5. Белоусова Л. Е. «Весёлые встречи», 2003.
6. Большева Т.В. Учимся по сказке. Развитие мышления дошкольников с помощью мнемотехники: Учебно-методическое пособие. 2-е изд. испр. – СПб.: «ДЕТСТВО-ПРЕСС», 2005. – 96 с.
7. Полянская Т.Б. Использование метода мнемотехники в обучении рассказыванию детей дошкольного возраста: Учебно-методическое пособие. – СПб.: ООО «ИЗДАТЕЛЬСТВО «ДЕТСТВО-ПРЕСС», 2010. – 64 с.
8. Ушакова О.С., Гавриш Н.В. Знакомим дошкольников с художественной литературой: Конспекты занятий. – М.: ТЦ «Сфера», 1998. – 224
9. Большева Т.В. Учимся по сказке. Развитие мышления дошкольников с помощью мнемотехники: Учебно-методическое пособие. - СПб.: Детство-Пресс, 2005.
10. Гурьева Н.А. Год до школы. Развиваем память. Рабочая тетрадь упражнений по мнемотехники. – СПб.: Светлячок, 2000.
11. Розова Ю.Е, Коробченко Т.В. Методические рекомендации по обучению рациональным приемам обработки информации на логопедических занятиях с учащимися младших классов коррекционных школ. - http://nsportal.ru/node/92762
12. Сизова Н.О. Валеология. Конспекты комплексных занятий. - СПб.: Паритет, 2008.
Əсемгүл
Ақгүлім,керемет жазғансың.биіктен көріне бер.