Ақтөбе қаласы
№51 гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Смайлова Нургуль Нурсултановна
Тақырыбы: «Тәуелсіздік – тәу етер жалғыз кие»
Мақсаты: Оқушыларға тәуелсіздік туралы ұғындыру, туған жерін, елін сүюге, тарихын білуге, қастерлеуге үйрету, оқушылардың сөздік қорын, қиялын, белсенділігін дамытып, оқушыларды елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, елбасы суреті, гүлдер, шарлар, кітап көрмесі, слайд.
Ата мен бала көрініс
Бала: -Ата, Қазақстанның өткен тарихы, қазақ даласы туралы айтып беріңізші.
Ата: - Е, балам, қазақ даласы не көрмеді десеңші...
Қазақ елі - сонау Алтайдан Пиренейге дейінгі билік еткен Еділ батырдың елі. Қазақ елі-асқан батырлығымен, ақыл-парасаттылығымен Мысыр еліне билік жүргізген Бейбарыстың, Үндіні билеген Бабырдың елі.
Ерте заманда «қайсақ» атанып, әлемді қайсарлығымен таң қалдырған қазақтардың қасиетті дүниесі - жері болған. Сол әсем қазақ жерін, кең даланы, мөлдір көлдерді, малға толы көк жайлауды, асқар тауларды сақтап қалу үшін, қазақ халқы небір зұлматты жылдарға, небір қиындықтарға төтеп беруі керек болды. Бұл қиындықтардың бәрі де жеріміз үшін, ұрпағымыз үшін, тәуелсіздігіміз үшін болған алапат, ауыр күндер еді...
Тәуелсіздік үшін тынымсыз күрес жүрді және тоқтамады. Әлі жеткен кезде жеңді, әлі жетпегенде жеңілді. Біз ата-бабаларымызға, апа-ағаларымызға өкпелей алмаймыз. Олар әрдайым жеңіске жете бермегенімен, бүгінге дейін үзбей келе жатқан өзекті күресі болмаса, бүгінде жеңіске жете алар-жете алмасымыз күмәнді нәрсе еді. Біздің қазіргі таңдағы тәуелсіздігіміз- тек бір ғана ұрпақтың еңбегі емес, барша ұрпақтың еңбегі.
- Балам, Шыңғыс хан заманында айтады екен: «Құлаш бойым құласа да, тіккен туым құламасын», -деп, міне, ендігі тілек-осы! Келер ұрпақтың басты мұраты-тәуелсіздік туына мейлінше бекем болу.
Ән: «Көк тудың желбірегені»
1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
2-жүргізуші:Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылып отырған «Тәуелсіздік - тәубе етер жалғыз кие» атты әдеби патриоттық кешімізге хош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн,
Бізге оңай келген жоқ қой азат күн.
Еркіндіктің желбіретер көк туын
Біз жастармыз,болашағы қазақтың.
2-жүргізуші: Еркін елміз азаттықты аңсаған,
Тәуелсіздік,тәубе деймін мен саған.
Сақтайық деп тіл мен дінді басқадан,
Барша қазақ, мен сендерге жар салам!
1-жүргізуші: Тәуелсіздік - Қазақстанның баянды бақыты, көл-көсір қуанышының бастауы. Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Бұл жолда қазақ халқының басынан түрлі қиындықтар мен азапты ауыр күндерді өткізді.
2-жүргізуші: Тарихқа көз жүгіртсек. (слайд) баяндама.
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» аталатын XVIII ғасырдың алғашқы ширегінде бастан өткерген қайғылы тарихтың айлап айтса таусылмайтын шерлі жырларын былай қойғанда, туған жерге деген ұлы сүйіспеншілік пен қасірет жәдігері болып табылатын «Елім-ай» ән-өлеңінің өзі неге тұрады? Яғни 1723 жылы жоңғар билеушілері қалың әскермен қазақ жеріне тұтқиылдан басып кірді.
Елдің елдігін, туған жерін сақтап қалу үшін қалың қазақ Қаратаудың баурайында бас қосып, жоңғар әскеріне соққы беріп, жалпы жұртты аман алып қалып еді. Әйтсе де қазақ жеріне төнген қауіп-қатер бұнымен толастамады.
Ұлан-байтақ елімізге тұс-тұстан көз тігіп, ойран салушылар көбейді. Елін, халқын аман сақтап қалу үшін, амалсыздан кіші жүздің ханы Әбілхайыр Ресей падишасы Анна Иоанқызына кіші жүзді Ресейге қосу жөнінде ұсыныс жасап, хат жазды. Бұл ұсынысты Ресей падишасы қабыл алды.
Ресей империясына қосылғанымен, орыс патшалығы қазақ жерін отарлап, елді аздыра бастады. Ел ішіне іріткі салып, зымияндық саясатпен жерімізге, ел бірлігіне, ұлттық қасиеттерімізге, тіліміз бен дінімізге кесір келтірді. Оған қазақ шаруалары қатты ызаланды, Исатай мен Махамбет халықты жиып, 1836 жылы көтеріліске шықты. Бұл көтеріліс сәтсіз аяқталды. Әйтсе де Исатай мен Махамбет сынды ағаларымыздың батырлығы, тәуелсіздік жолындағы ерен еңбектері келер ұрпақ үшін үлгі болды, қазіргі жастар батыр ағаларымыздың өлеңдерін оқып бойларына күш алады, рухтанады, оларды мақтан тұтады.
Ал 1941-1945 жылдары адамзат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік, достық жолында жан аямаған Бауыржан Момышұлының, Әлия мен Мәншүк апаларымыздың қаһарлы жаумен қаймықпай күресуі де азаттық үшін арпалыс еді.
Бостандықты, теңдікті аңсамайтын адам да, халық та жоқ. Сол тәуелсіздікті аңсаған жастар 1986 жылы желтоқсанда алаңға шықты.
1-жүргізуші:
Отыз жеті Есік бұзар кез кірді,
«Халық жауы» - естімедік өзге үнді.
Бірінен соң бірі атылған қазағым,
Тәуелсіздік күнді аңсаумен көз жұмды.
2-жүргізуші:
Алматы қаласындағы Республика алаңы. Осы кезде 1986 жылғы 16, 17, 18 желтоқсанда қанды оқиға болды. Қаншама қазақ жастары Қазақстанды ұзақ жылдар басқарып келген Дінмұхамед Қонаевтың орнына ресейлік Г. Колбиннің тағайындалуына қарсылық білдірді.
1-жүргізуші: Ағаларымызтепкі көрді. Апаларымыздың бұрымынан сүйреді.Ұлттық арымызға өшпес таңба түсті. Қайрат,Ерболдай ағаларымыз,Сәбира,Ляззат апаларымыз қазақтай батыр елдің баласы екендерін бүкіл әлемге танытып құрбан болды.
2-жүргізуші: Сондықтан Тәуелсіздік күні көп мейрамның бірі емес. Ол ұлт намысының, рухының асқақтаған күні. Ол ұмытылмайтын тарих. Қазақ жастарының ерлігі мен қайсарлығы кейінгі ұрпаққа үлгі.
«Желтоқсан желі» ән
1-жүргізуші: Жас арудың жанарында – Желтоқсан.
Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның
Қара тұман қабағында – Желтоқсан.
2-жүргізуші: Желтоқсан – ау, ұмытылмайсың жүректе,
Ұрпақ өсер айналатын тірекке,
Егемендік тиді бүгін еншіме,
Желтоқсан -ау ,жеткіздің ақ тілекке!
1-жүргізуші: 1991 жылы 16-желтоқсанда «Желтоқсан оқиғасы» болған бұрынғы Брежнев атындағы алаң Республика алаңы болып өзгертілді. Осы жаңа алаңда Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігін бүкіл әлемге жария етті. Көп ұзамай Тәуелсіздік ескерткіші бой көтерді.
1-жүргізуші: Қазақстан - қазақ халқының қасиетті атамекен,кіндік қаны тамған киелі жері. Тәңірі жер, мал беріп, асты мен үсті байлыққа тұнып тұрған осындай өлкені бұйыртқан халқымның арманы жоқ.
Оқушылар Тәуелсіздік туралы өлеңдерін оқиды.
Мұғалім: Міне, балалар, сендер Отанымыздың болашағысыңдар. Біз әлі жас мемлекет болсақ та, 25 жылда біраз жақсылықтың куәсі болып жатырмыз, әлі де асар асуымыз,алар белесіміз алда. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан республикамызға «Көк байрағың биіктеп, арманыңа жет, Алашым деп тілек айтпақпын.
«Астана» ән
2-жүргізуші: Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік – ел бақыты, ертеңі
О, халайық,
Құтты болсын қуаныш?
Бүгінгі кешімізді осымен аяқтаймыз, жақсы дәстүр жалғасын таба берсін!
Мухтар
Казак тилинде (ь) осы белги барма НургулЬ ХАНЫМ