Өлең, жыр, ақындар

Гидросфера тарауын қорытындылау

Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Темір қаласы 
С.Бәйішев атындағы орта мектебінің 
география пәні мұғалімі: Кошмуратова Жанар Койшыбаевна

Сыныбы: 6

Пәні: физикалық география

Тақырыбы: Гидросфера тарауын қорытындылау

Сабақтың  мақсаты .

 Білімділік: Оқушылардың гидросфера – Жердің су  қабығы  екендігі туралы түсініктерін  қалыптастыру. Судың пайдасы мен зияны, оның қасиеттері туралы алған білімдерін текскру.

Дамытушылық: Оқушының шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту арқылы олардың картамен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту. Жеке тұлғаны  дамытуда қолданатын  жаңашыл интерактивті тақта арқылы ой қабілетін және есте сақтау қабілеттерін  дамыту.

Тәрбиелік: Суға байланысты табиғи  құбылыстарға бақылау  жасауға  дағдыландыру, судың қасиеттерін  білу және суды ластамауға, қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  Қайталау  сабақ

Сабақтың  әдісі:  Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, миға шабуыл, топтық жұмыс, рефлексия, тірек сызба т.б

Көрнекіліктер: Дүние жүзінің физикалық картасы, презинтация, карточкалар, плакаттар, түрлі-түсті қағаздар, фломастер, әр түрлі деңгейлік тапсырмалар т.б.

Сабақтың барысы:

 І   Ұйымдастыру кезеңі

- Оқушылармен амандасып, түгелдеу;

- Психологиялық дайындық;

- Топқа бөлу;  І-Материктер тобы;  ІІ-Мұхиттар тобы;

Топ басшы таңдалып оған топтық бағалау парағы және әр бір оқушыға өзін-өзі бағалау үшін түрлі түсті алмалар таратылады.

ІІ   Үй тапсырмасын сұрау

Оқушылар І топ-Материктер;   ІІ топ -Мұхиттар тақырыбында постер қорғайды.

/топтар бір-бірінне постер туралы пікірлерін айтады/

ІІІ   Жаңа сабақ.

Табиғаттың бір байлығы «Көгілдір қазына». Оқушылар «Көгілдір қазына» деп нені айтамыз? Су  яғни Гидросфера өте жақсы. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын ашу үшін мына  тапсырмаларды орындаумыз керек.

1.Тапсырма

Жаңбыр тамшыларындағы сұрақтарға жауап беру.

1. Жердің су қабығын ата?
2. Өзен және оның бөліктері.
3. Көл және оның түрлері.4.Сарқырама деп......
5. Мұхит суының тұздылығын..............
6. Ең ұзын өзен?
7. Ең суы мол өзен?
8. Ең терең көл?
9. Арасан және минералды су дегеніміз не?

2. Тапсырма «Кім тапқыр?» Сенематикалық карта дұрыс жауабына «+» белгісі қойылады

І топ - Материктер

Нысандар

мұхит

теңіз

шығанақ

бұғаз

түбек

арал

өзен

материк

көл

1

Атлант

+

 

 

 

 

 

 

 

 

2

Саргасс

 

+

 

 

 

 

 

 

 

3

Бискай

 

 

+

 

 

 

 

 

 

4

Беринг

 

 

 

+

 

 

 

 

 

5

Лабладор

 

 

 

 

+

 

 

 

 

6

Отты Жер

 

 

 

 

 

+

 

 

 

7

Меконг

 

 

 

 

 

 

+

 

 

8

Аустралия

 

 

 

 

 

 

 

+

 

9

Титикака

 

 

 

 

 

 

 

 

+

10

Виктория

 

 

 

 

 

 

 

 

+

11

Карпантария

 

 

+

 

 

 

 

 

 

12

Мадагаскар

 

 

 

 

 

+

 

 

 

 

 ІІ топ - Мұхиттар

Нысандар

мұхит

теңіз

шығанақ

бұғаз

түбек

арал

өзен

материк

көл

1

Үнді

+

 

 

 

 

 

 

 

 

2

Араб

 

+

 

 

 

 

 

 

 

3

Мексика

 

 

+

 

 

 

 

 

 

4

Гибралттар

 

 

 

+

 

 

 

 

 

5

Үндіқытай

 

 

 

 

+

 

 

 

 

6

Тасмания

 

 

 

 

 

+

 

 

 

7

Янцызы

 

 

 

 

 

 

+

 

 

8

Антарктида

 

 

 

 

 

 

 

+

 

9

Ньияса

 

 

 

 

 

 

 

 

+

10

Ақ

 

+

 

 

 

 

 

 

 

11

Байкал

 

 

 

 

 

 

 

 

+

12

Сары

 

+

 

 

 

 

 

 

 

3. Тапсырма  «Кім жылдам?» бөлімінде оқушылар гүлге өзен және көл бойынша білетіндерін жазады.

І топ -  Өзендер;

ІІ топ – Көлдер;

4. Тапсырма  Бұлттағы тест тапсырмаларын орындайды.

І топ - Материктер

1. Екі  жағынан материктердің немесе аралдардың жағалары шектеп тұрған енсіз су айдыны:  A)  Түбек В)  Арал С) Бұғаз
2. Өзеннің ағып шығатын жері:    A) Бастауы B) СағасыC) Суайрық
3. Өзендегі су деңгейінің кенет көтерілуі:    A) Жайылуы B) Режимі  C) Тасқын
4. Тереңдігі 1620м болатын жер шарындағы ең терең көл. A) Байкал B) Балқаш C)Ладога
5. Ауданы жөнінен ең кіші және ең суық мұхитты белгіле. A) Атлант мұхиты B) Солтүстік мұзды мұхиты  C)Үнді мұхиты
6. Дүние жұзіндегі ең жоғарғы тұздылық байқалатын теңізді белгіле. A) Қара теңіз B) Сары теңіз C)Қызыл теңіз    
7. Еуразия материгіндегі ірі қалдық көлдерді белгіле. A) Байкал, Зайсан  B) Каспий, Арал теңіздері C)Ыстық көл,  Балқаш
8. Су  физикалық күйіне қарай неше күйде кездеседі.   A) 2  B) 3  C)4
9. Мұхит суын ең көп ластайтын затты белгіле. A) Мұнай  B) Химиялық қалдықтар  C)Радиоактивті заттар
10. Мұхиттың, теңіздің құрлыққа сұғына кіріп жатқан бөлігін не деп атаймыз? A) Шығанақ  B) Түбек   C)Арал

ІІ топ -Мұхиттар

1.Көл ден нені айтамыз?  A) Табиғи жолмен ағатын су  B)Табиғи ойыстарға жиналған су  C)Жауап жоқ
2. Көлдер пайда болуына қарай нешеге бөлінеді?   A) 2  B) 3  C)4
3. Өзен бөліктерін белгіле. A) Саласы, сағасы  B) Бастауы C)Барлық жауап дұрыс
4. Д.ж  ең суы мол өзенді белгіле?   A) Амазонка  B) Конго  C)Паранп
5. Экватор сызығын 2 рет кесіп өтетін өзен. A) Ніл  B)Конго  C)Замбези
6. Су айналымы нешеге бөлінеді?  A) 2  B) 3  C)4
7. Тұздылықты қалай өлшейміз? A) Процент(%)  B) Промилле﴾‰﴿ C)Жауап жоқ
8. Судың құрлыққа кіріп жатқан бөлігі A)Шығанақ B)Түбек C)Бұғаз
9. Құрлықтың суға еніп жатқан бөлігін не деп атаймыз?  A)Шығанақ B)Түбек C)Бұғаз
10. Ең терең мұхитты белгіле  A)Атлант B)Үнді C)Тынық

IV  Жаңа сабақты қорытындылау

5. Тапсырма  Күн шығады тірек сызба арқылы  оқушылар гидросфера тарауын қорытындылайды.

6.Тапсырма «География тілі-карта» кескін картамен жұмыс.

Бағалау.

- Топбасшы топты бағалайды;

- Оқушы өзін-өзі бағалайды;

VI  Кері байланыс  «Өзіме хат» әдісі арқылы

VII  Үйге тапсырма беру

- «Су-тіршілік бастауы» тақырыбында мәнжазба жазу;

- Кескін картаға өзен-көлдерді түсіру;


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз