Ақтөбе қаласы
"Облыстық туберкулез санаториясы мектеп-интернаты" КММ-сінің
География пәні мұғалімі: Нуртазина Жанна Ақылбекқызы
Сыныбы 6
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға физикалық география пәні, мақсаттары, міндеттері, мазмұны жөнінде түсіндіру.
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже: Физикалық география пәнімен танысқан тұлға
Сабақтың типі: Кіріспе сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:
1. Сұрақ-жауап.
2. Әңгіме-дәріс
Сабақтың көрнекілігі: Д.ж. картасы, оқулық, кескін карта т.б.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа сабақты өту
ІІІ. Қорытындылау.
IV. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа сабақты өту.
География - ең ежелгі ғылымдардың бірі. Грек тілінде «гео-жер», «графо-жазу». Сонымен «география» сөзі «жерді сипаттап жазу» дегенді білдіреді. Ол бүкіл жер бетінің және оның жеке бөліктерінің табиғат жағдайларын, халқының шаруашылығы мен әлеуметтік тұрмысын зерттейді. География негізінен физикалық және экономикалық география болып екіге бөлінеді. География ғылым ретінде ежелгі грекияда туған. Б.з.б. ІІІ ғасырда өмір сүрген грек ғалымы Эратосфен өзінің Жерді сипаттауға арналған еңбегін «География» деп атаған. Гректер ғылымға тұңғыш рет дүние бөліктері туралы ұғым енгізіп, Еуропа мен Азияны бөлді. Рим ғалымдары оған Африканы қосты. ХVғ. соңы мен ХVІІғ. ортасын «Ұлы географиялық ашулар заманы» деп атайды. ХVғ. атақты неміс картографы Мартин Бехаймның глобусында Еуропа, Азия және Африка бейнеленген. Ұлы географиялық ашулардың нәтижесінде д.ж. картасына Африканың бүкіл оңтүстік бөлігі, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Аустралия материктері, Тынық мұхит енді. 1519-1522 ж.ж. Испаниядан шыққан Фернан Магеланның экспедициясы тұңғыш рет д.ж. айнала жүзді. ХХ ғ. 2-жартысында Жер шарындағы ең соңғы ашылған материк Антарктиданы және мұхиттар мен атмосфераны зерттеу қолға алынды.
ІІІ. Қорытындылау.
IV. Үйге тапсырма беру.
Үйге: Кіріспе.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі