Өлең, жыр, ақындар

Халықтың ұлттық және діни құрамы

Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Сарыөзек ауылы  
«Сарыөзек селосының №21орта мектебі» КММ  
география пәнінің мұғалімі: Хакимов Қуаныш Мирғаязұлы

 

Мұғалімі: Хакимов Қуаныш Мирғаязұлы

Күні:

Сыныбы: 9 «А»       

Пәні: география

Тақырыбы: Халықтың ұлттық және діни құрамы

Мақсаты: Әр елдің халқының ұлттық, діни құрамын салыстыра отырып, оқушылардың танымдық құзіреттілігін дамыту және алған білімдерін саралап, жинақтап, ойын қорытындылай білу.

Міндеттері:

- танымдық құзыретін дамыту.
- салыстыра білу дағдысын тереңдету.
- өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру.
- өз ойларын жинақтап қорыта білуге дамыту.
- көшбасшылық қасиетті дамыту.
- Формативті бағалау жүйесін дамыту.

Қолданылған модульдер: «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер». «Сыни тұрғыда ойлауға үйрету». «Оқытуды бағалау және оқуды бағалау». «АКТ –ны пайдалану». «Оқытуды басқару және көшбасшылық». «Талантты және дарынды балалармен жұмыс».

Стратегиялар: «Топтастыру», «атомдар және молекулалар», Басбармақ тәсілі, «Жұптасып –ойлан- бөліс», «Карта құру», Эдвард де Бононың «алты ойлау қалпағы», «ТВ шоу», «Екі жұлдыз бір тілек».

Сабақ жоспары:

Сабақ кезеңдері

Уақыты

Жоспар мазмұны

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ресурстар: осы әрекет үшін маған қандай құралдар қажет?

І. Кіріспе

5  минут

Психологиялық ахуал

Ұйымдастыру кезеңі

Топқа бөлу.

Сәлемдесу, сабаққа даярлықтарын сұрау.

Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.

 Топтастыру- «атомдар және молекулалар» барлық қатысушылар «атомдар», орта шығып бей-берекет «броун қозғалысында» жүреді. Мен «4 атомдық молекула» деген кезде оқушылар бірігуі керек. Топ атауын, ұранын құрастыруға  мүмкіндік беремін.

Оқушылар сәлемдеседі, мен оларға сынып ішінде жүруге мүмкіндік беремін, мұғалім нұсқауымен оқушылар «4 атомдық молекула» құрайды яғни топтасады.

Интерактивті тақта.

ІІ. Тұсаукесер

10 минут

Үй тапсырмасын тексеру.

 

«Миға шабуыл» проблемалық сұрақ

Эссе «Бірлігі жарасқан Қазақстан!» оқушылардың дәптерін тексеремін. Оқушыларға өз эсселерін оқып беруге мүмкіндік беремін.

Өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар:

Қазақстандағы еңбек ресурстарының саны?

Еңбек нарығындағы «ұсыныс» пен «сұраныс» дегеніміз не?

Жұмыссыздар санын қысқартудың тетіктері қандай?

Оқушылар дәптерлерін тексертеді, өз қалауларына байланысты эсселерін оқиды.

 

 

Оқушылар жауап береді. Мысалға: Қазақстан еңбек нарығында 11,5 млн адам бар, оның 8,5 млн белсенді халық.

Интерактивті тақта, Дәптер, қалам.

ІІІ. Негізгі бөлім  

25 мин 

Жинақтау.

Жаңа тақырыпты меңгеру.

«Жұптасып –ойлан- бөліс»

 

 

 

 

«Карта құру»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Эдвард де Бононың «алты ойлау қалпағы»

 

 

 

«ТВ шоу».

Мұғалім сұрақ, бақылау немесе тапсырма береді. Тапсырма диаграмма түрінде. Тақырыбы Жекелеген ұлттардың қазақ тілін білуі %.

Нәтиже: Басбармақ тәсілі.

 

«Карта құру»

Бұл тапсырма Қазақстанның ұлттық құрамы туралы әрбір шағын топ-флипчартқа қосымша суретер, деректер, қималар пайдалану, тарихи-геогрфиялық үрдіс туралы сыни ойлаудың жинағы болып табылады. Тапсырма орындау барысында топтағы оқушылар ролге бөлінеді.

Төраға;
Таймкипер
Хатшы;
Баяндамашы.

Нәтиже: Алты ойлау қалпағын Эдвард де Боно әзірлеген, ол әртүрлі шешімдердің ішінен шоғырландырылған ойды жеделдететін қосарлас ойлау үдерісін көрсетеді. 

Оқушылар санымен топтарға байланысты оқушылармен келісе отырып 3 қалпақ таңдалды.

Қызыл қалпақ сезімді, болжамды және ішкі түйсікті білдіреді.

Жасыл қалпақ креативтілікке, мүмкіндіктерге, баламаға және жаңа идеяларға бағытталады.

Көк қалпақ ойлау үдерісін басқарады. Бұл бақылаушы тетік, ол барлық алты қалпақтың бағыттарын бақылауға кепілдік береді.

Мұғалім жүргізуші оқушыларме, түрлі кейіпкерлермен сөйлескендей тақырыпты  талқылайды. Тақырып «Қазақстан халқы»

Оқушылар жұптасады, 1 қадам өз ойларын жинақтайды, 2 қадам жұбымен ой бөліседі, 3 қадам сыныппен талқылайды.

 

Тапсырма ұнаса басбармақ арқылы көрсетеді.

 

 

Оқушылар суреттер мен ауызша айғақтардан қалып қойған «олқылықтарды толықтыру» үшін кітаптар, ғаламтордан алынған деректер көмегі арқылы зерттеу жүргізеді. Карта құрастырады. Тапсырманы орындамас бұрын ролдерге бөлінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырма орындап болған соң оқушылар қалпақ түсіне байланысты өз ойларын жеткізеді, қорытындылайды, жиынтық бағасын шығарады.

 

 

 

Оқушылар студияға шығады.

Аудитория сұрақтар қояды, талқылауға  қатысады, құрдастар бағалайды.

Интерактивті тақта, презентация, суреттер, қималар, бақылау парағы, қағаздағы диаграмма, Флипчарттар, маркерлер.

Эдвард де Бононың «алты ойлау қалпағы»

 

ІV. Қорытынды

5 мин

Рефлексия «Екі жұлдыз бір тілек»

 

Үй тапсырмасы:

«Екі жұлдыз бір тілек» стикерлер тарату арқылы бүгінгі сабақтан алған әсерлері жазуды сұраймын.

Тақырып соңындағы тапсырмалармен жұмыс.

Оқушылар сабақ барысында ұнаған екі сәтті және бір тілек жазады.

 

Үй тапсырмасын жазып алады.

Стикерлер.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз