Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
№2 орта мектебінің
қазақ тілі мен əдебиет пəнінің мұғалімі: Жоламанқызы Əсем
Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің мағыналық түрлері. Есептік сан және реттік сан есімдер.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Есептік және реттік сан есімдер туралы түсінік беру, олардың ерекшелігін меңгерту.
ә) Дамытушылығы: Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Ынта қойып тыңдау, жазу, талдау машықтарын қалыптастыру.
б) Тәрбиелік: Сабақ барысында оқушыларды сауатты, ұқыпты жазуға дағдыландыру. Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: түсіндіру, сұрақ–жауап, сергіту жаттығулары.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кеспе қағаздар.
Пәнаралық байланыс: математика
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, сыныптағы оқушыларды түгендеу. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың құрал–жабдықтарын тексеру. Балалардың зейінін сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген жаттығу жұмысын тексеремін, оқушылырға бірнеше сұрақтар қоямын.
109 –жаттығу. Сан есімдерді қатыстырып, «Біздің сынып» деген тақырыпта шағын шығарма құрастырып жазыңдар.
Оқушыларға өткен сабақты қайталау мақсатында кеспе қағаздарын таратамын.
Жаңа сабақ
Сан есімнің мағыналық түрлері. Есептік сан және реттік сан есімдер.
Есептік сан есім заттың нақтылы санын білдіріп, қанша? Неше? деген сұрақтарға жауап береді. Есептік сан есімдер дара да, күрделі де болып, сан есімнің басқа түрлерін жасауға негіз болады.
Мысалы: бес, он, жүз, жиырма сегіз, тоғыз жүз бір.
Реттік сан есім заттың саналу ретін білдіріп, нешінші? деген сұраққа жауап береді. Реттік сан есімдер дауысты дыбысқа аяқталса –ншы, - нші, ал дауыссызға аяқталса – ыншы, - інші жұрнаға жалғану арқылы жасалады.
Мысалы: бір – інші, тоғыз – ыншы, екі – нші, алты – ншы.
Реттік сан есімдер кейде цифрмен беріледі. Ондай кезде сан есімдердің жазылуы төмендегідей болады:
1. Реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе, -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнағының орнына дефис қойылады.
Мысалы: Ол 3–қабатта тұрамыз. Мен 6–сыныпта оқимын.
2. Реттік сан есімдер рим цифрымен берілсе, жұрнақтың орнына дефис қойылмайды.
Мысалы: «Абай жолы» романының І томы, шығарманың ІІ томы т.б
3. Жыл, ай аттарының алдынан келген сан есімдер араб цифрымен берілсе де, одан кейін дефис қойылмайды.
Мысалы: 1 қыркүйек, 1993 жыл т.б
Оқулықпен жұмыс.
110–жаттығу. Есептік сан есімдерді қатыстырып есеп құрастырыңдар.
Үлгі: Жаңа оқу жылында кітапханашы мектепте 3000 оқулықтар әкелді. Оның 600–і математика, 351–і орыс тілі, 458–і қазақ тілі, 280–і қазақ әдебиеті пәндерінің оқулықтары. Қалған оқулықтар бастауыш сыныптікі. Сонда бастауышқа қанша оқулық әкелінген?
111–жаттығу. Берілген есептік сан есімдерден реттік сан есмі жасап, оларды сөзбен жазыңдар.
Үлгі: жеті – жетінші, ...
Мәтінмен жұмыс. Мәтіндегі сан есімдерді сөзбен жазыңдар.
16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге 19 жыл толды.
Тарихқа көз жіберетін болсақ, Тәуелсіздік - 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында аланға шыққан жастардың ерік-жігері, ең алдымен барша қазақстандықтардың арман-мұратының салтанат құруы. Патша дәуірінде де, Кеңес Одағы кезінде де тәуелсіздікке деген ұмтылыс халықтың едеуір бөлігінде қалыптасты. Біз бірнеше жүз жыл отаршылдықтан кейін ХХ ғасырдың аяғында қайта жаңғырған мемлекетпіз. Тәуелсіздік – бұл азап пен төзімнің, халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған шыдамының өтуі.
Семантикалық карта.
Қорытынды.
Сабақты соңында бүгінгі өткен тақырыбымыз бойынша оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Сан есім мағынасы қарай нешеге бөлінеді?
2. Есептік сан есім дегеніміз не?
3. Реттік сан есім дегеніміз не?
Үйге тапсырма.
112–жаттығу. Реттік сан есімдерді қатыстырып, берілген сұрақтарға жауап жазыңдар.
Үлгі: Екі мың үшінші жылы жетінші маусымда туғанмын.
Білімді бағалау.
Сабаққа белсене қатысқан оқушылар бағаланады.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі