Жамбыл облысы, Меркі ауданы
"Ертөстік" балабақшасының
тәрбиешісі: Тоқтаралиева Аида Болатбекқызы
Мақсаты: Жаңа жыл туралы тақпақтар айтқыза отырып олардың өткен жыл мен келер туралы білімдерерін тиянақтау. Балалардың есте сақтау қабылеттерін дамыту ой өрістерін кеңейту. Жауапкершілікке, көпшілік ортада өздерін тәртіпті, инабатты ұстауға тәрбиелеу.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті ата–аналар, бүлдіршіндер және әріптестер жаңа жыл мерекесіне арналған «Жаңа жыл жер шарлайды» - атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші:
Барлық жандар бір білікке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын.
Қуанышпен келді той деп жаңа жыл,
Құтты болсын жаңа бақыт достарым.
Жүргізуші: Құрметті жамағат жүрекке жылылық ұялатар алғашқы жаңа жылдық құттықтау сөз кезегін білім ұясының білікті басшысы Тилешова З.Қ. беріледі.
Мыстан: Пай –пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаның кереметін–ай! Үйге алып кетпесем бе екен? Осы кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаны түбімен жұлып алғысы келеді.
Жүргізуші: Мыстан кемпір! Біз жаңа жыл мерекесін тойлап жатырмыз, тимеңіз біздің шыршамызға!
Мыстан: Маңдайдағы терін сүртіп тұрып, мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын- ай, жұлынбай қойды ғой. Сол кезде шыршадағы жылтырап тұрған кілтке көзі түсіп, мынау қандай керемет кілт өзі, жаңағы ұшып келе жатқандағы жолдан көрген сандықшаның кілті болар. Сол сандықтан бір керемет дәмнің иісі шығып еді, мүмкін ақшада бар шығар ішінде. Мен шыршаға тимей – ақ осы кілтті алып, сандықты ашып молшылыққа ие болайын. Мыстан кетіп қалады. Қалтасынан бір сиқырлы таяқша түсіп қалады.
Жүргізуші: Балалар қанекей мерекемізді жалғастырайық. Сол кезде ішке Аяз ата мен Ақшақар кіреді.
Аяз ата: Қызым жүр кірейік мұнда мереке болып жатыр екен.
Ақшақар: Ата жіберіңізші мені кірмеймін мен үйге қайтамын.
Аяз ата: Айналайыным–ау, не болып қалды ауырып қалған жоқсың ба?
Ақшақар: Жоқ ауырған жоқпын, ешқайда барғым келмейді.
Аяз-ата: Қызым-ау не айтып тұрсың!
Қарашы біз тойға келдік!
Қане балалармен амандасып алайы
Аяулы аналарға ардақты ұл-қыздарға.
Бүлдіршін балаларға бір сәлем!
Қандай жарқын жүздерің
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқан,
Асау жолмен жарысқан
Аталарын сендерге
Шаршап келді алыстан.
Аяз-ата: Қарашы қызым балалардың киімдері қандай әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен.
Шырша шамын жағайық.
Жаңа жыл тойын ашайық.
Ақшақар: Мұңайып тұрып мен шарша шамын жағатын сиқырлы таяқшамды жоғалтып алдым. Енді қалай жағамыз шыршаны?
Аяз-ата: Мұңайма қызым мен өз таяқшаммен жағамын гой.
Ақшақар: Жоқ ата сіздің таяқшаңыз бүкіл шыршаны қатырып тастайды.
Жүргізуші: Ақшақар таяқшаңыз қандай еді?
Ақшақар: Жылтыраған жүрек тәріздес болатын.
Жүргізуші: Мүмкін мынау болар. Жаңа осында Мыстан болған сол түсіріп алды. Міне ала ғой.
Ақшақар: Ия осы рахмет. Балалар қане 5-ке дейн орысша, ағылшынша санайықшы сонда шыршамыз жанады.
Жүргізуші:
Жаңа күнде ән қылып
Тек жүрмеңіз сән құрып.
Көңілдердей қартаймай,
Шырша тұрар мәңгілік.
Бүлдіршіндеріміздің тақпақтарын қабыл алыңыздар:
Әділет:
Жасыл желмен жамылган
Асыл моншақ тағылған
Міне ару шыршамыз
Көптен күтіп сағынған.
Әли:
Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа жыл
Ата – әже, әке – шеше,
Құтты болсын жаңа – жыл
Еңілік:
Жылдың әнін бастайын,
Аяз – ата кеп қалды
Майысады жас қайың
Көтере алмай көп қарды.
Айкөркім:
Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да
Аяз – ата сағынған
Сәлем берді жұртына.
Мерей:
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз–ата оралып
Сымбат:
Тамаша тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Әмір:
Жаңа – жыл, жаңа – жыл
Жаңа жылға жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала тұр.
Аяна:
Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да
Аяз- ата сағынған
Сәлем берді жұртына.
Жанболат:
Аспан жерге төгеді
Ақ күмістен уыстап
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап.
Нұрсая:
Закружился хоровод
Льтся песни звонка
Это значить – Новый год
Это значить – ёлка
Кәусар:
Дед мороз сидит у ёлки
Прячет голову в мешок
Не томи нас слишком долго
Развяжи скорей мешок!
Эльхан:
Даже сам кашей вреднучий
Звонки песенки поет
Потому что праздник лучший
Потому что Новый год
Нұрай:
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны
Той маскарад басталды
Аяз оны баскарды.
Жүргізуші:
Құтты болсын жаңа жыл барша халық
Қуанышқа бақытқы тамсанайық
Бәрімізге шынайы тілек тілеп
Бар әлемге бақытпен жар салайық.
Бүлдіршіндеріміздің «Вальс» биін қарсы алыңыздар.
Жургізуші: Балалар ортамызға бір жыл бізбен болган Мешінді шақырайық. Әне өзі де келе жатыр, бәріміз қосылып Қош келдіңіз дейік.
Мешін:
Ауылдастарым достарым
Алғысым көп менің айтар
Дәл осындай артығырақ
Қарсы алыңдар тауық жылын.
Жүргізуші: Ескі жыл сен жаңа жыл келгенше, бізбен бірге бол. Көңіл көтеріп, ән салып, би билейік. Ескі жыл сіздің құрметіңізге қыздарымыздың үнді биін қарсы алыңыз.
«Үнді» биі
Ортаға сайқымазақ кіреді. Сәлеметсіңдерме балалар мен адасып келдімбе өзі. Балалар мен сендерге өз өнерімді де ала келдім. Клоундарды жинап би билейді. «Сайқымазақ»биі
Жүргізуші:
Әншіде құс үні бар
Кірсең кештің сәні бар
Салайықшы шарықтап
Жаңа жылдың әніне
Ал балалар тұрмайық
Жаңа жылды жырлайық. Балалар бәріміз Келді міне жаңа жыл әнін шырқайық.
Жүргізуші:
Келді жылым бақытым,
Кемелденді уакытым
Сәлем саған жаңа жыл
Жаңа бақыт, жаңа думан, жаңа жыр.
Бүлдіршіндеріміздің «кукарела» биін тамашалаңыздар.
Жүргізуші:
Жаңа жыл жол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрлет, төрлет жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын
Жаңа жыл жаңа қадам жаңа бақыт
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт
Тауық жылы кеп қалды ортамызға
Жақсылықпен жалғасын жаңа уақыт. Ортаға тауық кіреді.
Тауық:
Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық,
Жаса жаса достық бірлік туыстық
Құттықтайық жаңа жылды өнермен,
Қуаныштың әр минуты тым ыстық
Жаңа жылда өнер сынар қайсың бар
Алға шыгып өлең тақпақ айтыңдар.
Жаңа жылда өлең айтып қайтындар.
Балалармен балапан биі биленеді.
Жүргізуші: Аяз–ата біздің балалардың өнерін тамашаладыңыз, сыйлықтар көп әкелген боларсыз.
Аяз- ата: Әрине барлық сыйлық мына сандықтың ішінде. Ақшақар сандықтың кілті қайда әкел ашып балалардың сыйлықтарын берейік.
Мыстан: Ой бәрекелді менің сандықшам мұнда тұр екен ғой. Кілтіммен ашып ішіндегісін алып бір қарық болып қалайын.
Аяз–ата: Жоқ Мыстан ол сандықта балаларга әкелген сыйлықтарым бар. Әкел кілтті болмаса қазір сені қатырып тастаймын.
Мыстан: Ойбай не дейді тағы. Сыйлық өзімеде керек.
Аяз ата: Аһ бәлем! Олай болса өзіңнен көр. Мен сені қатырып тастайын. (Қане таяғым мына Мыстанды қатырып таста)
Мыстан: Әй, Аяз шал! Керегі жоқ, қалпыма келтір. Ой не істесем екен.
Аяз ата: Бересіңбе сандықтың кілтін?
Мыстан: Жоқ бермеймін!
Аяз ата: А–а–а онда осылай тұра бер.
Мыстан: Кетпеші аяз ата, беремін кілтіңді, бірақ бір шартым бар балаларменің жұмбағымды шешсеңдер.
1. Қолы мен қаламы жоқ
Бірақ сурет салады көп. (Аяз)
2. Суда қалқиды
Жылыда балқиды. (Мұз)
3. Аспаннан ақ ұлпа борады
Қырқаны сейсепке орады. (Қар)
4. Зулап түсті төменге
Менсіз шықпас төбеге. (Шана)
Мыстан: Жарайсыңдар балалар жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер.
Аяз ата: Жарайсыңдар балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың ақылды, білімді, өнерлі екенсіңдер. Ия қызым ал енді балалар біз қайтайық басқа да балалардың өнерлерін тамашалайық. Мыстан жүр сенде бізбен балалар сыйлықтары алып шаттанып қалсын. Жарайды балаларым қош сау болыңдар.
Жүргізуші:
Жаңа 2017 ж тауық жылы Мерекелі – берекелі болсын
Мерейіңіз үстем, беделіңіз биік болсын
Әрбір шаңыраққа құт береке, ырыс әкелсін
Жұртымыз аман, ауыз біршілігіміз берік болсын.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі