Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Құрық ауылы
«Құлыншақ» балабақшасы тәрбиешісі
Шыңғысбай Балжан Сағатбекқызы
Дастархан айнала балалар екі-үш бала ойын ойнап отырады.
Есіктен ән айтып бір-екі қызбен тәрбиеші кіреді. Ән Айқаракөз.
Тәрбиеші: Ау балалар мұнда тып-тыныш қой бұл ауыл наурыз тойын тойламаспа екен.
1-қыз: Мүмкін ұмытып кеткен болар.
Тәрбиеші: Бұл күнді ұмытып кету мумкін емес.
Бүгінгі Ұлыстың ұлы күні ата баба сөзімен айтқанда ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы-бұл көктем мен еңбектің мерекесі күн мен түн теңесетін күн. Наурыз мейрамын жалғыз қазақ емес шығыс халықтары да тойлауда. Мысалға Тәжіктер Гүльнавруз, Татарлар Нардуган, Өзбектер Новруз, Гректер Патрих деп тойлап жатыр.
1-қыз: Қыздар мен таптым.Бұл ауылға жаршы келмеген.
Тәрбиеші: Олай болса не қарап тұрмыз жаршыларды шақырайық.
Ерасыл: Тыңдаңыздар тыңдаңыздар.
Босқа қарап тұрмаңыздар,
Наурыз тойы басталды.
Көргендер де армандар
Көрмегендер де армандар.
Қызықтан тыс қалмаңыздар.
Еркебұлан: Салт-дәстүрмен жараса
Қайта құрып жаңаша.
Жарыса өнер көрсетіп
Той-тойлайық тамаша.
Тәрбиеші: Наурыз шаттық әніміз
Салтанатты сәніміз.
Ән салып жас кәріміз
Би билейік бәріміз.
Би. Наурыз-думан.
Тәрбиеші: Балалар біз бір нәрсені естен шығарып тұрмыз. «Әке тұрып ұл сөйлегеннен без, шеше тұрып қыз сөйлегеннен без» деген бар үлкендер тұрып тойды біздің бастағанымыз ұят болар үлкендердің батасын алайық.
Ортаға үлкен ата немесе әжеге сөз беру.
Тәрбиеші: Құтты болсын әр күнің
Сыйла бақыт баршаға.
Сәбидің әсем шат үнін
Тыңдат абзал анаға.
Ал балалар қане наурыз мерекесіне арнап жаттаған таұпақтарыңды айта қойыңдар.
Ғазиза: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр гүл көктем.
Жарығыңмен шуағыңмен күн ана,
Алып келді жер бетіне гүл көктен.
Бағдат: Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен
Мейірін танысын деп тасып өткен
Наурыз сән салтанат ұлттық рух
Бақытты наурызы бар халқым неткен.
Шынар: Жүріңіздер наурызда басып аяқ
Қалыс адам болмасын некен саяқ
Ән айтылсын би биленсін қауым болып
Уақыт болды тұрмайтын өнерді аяп.
Ән: «Наурыз тойын тойлайық».
Тәрбиеші: Келе жатыр жылымыз, Мейрамдаймыз мұны біз.
Жас балаша нұрланып, Жадырасып бәріміз,
Күннің жаңа нұры бар, Мұның ғажап сыры бар.
Халық сүйген мейрамды, Қарсы алайық Наурызды.
Әуенмен Наурыз қыз келеді.
Тәрбиеші: Наурыз келсе құт келгені халайық
Есік ашып шашу шашып,
Ел болып қарсы алайық.
Қ о ш к е л д і ң Н а у р ы з.
Хор: Қош келіпсің Наурыз! Арман тойы халықтың
Құтты болсын қадамың. Сені тойлап қарсы алып,
Бар әлемге жар салып,
Сәлем бердік сізге біз.
Наурыз: Амансыңдарма балғындарым? Ұлыстарың оң болсын.
Тәрбиеші: Наурыз біздің балалар сізге арнап тақпақтар жаттады, соны тыңдап көріңіз.
Тимучжин: Наурыз тойы – береке,
Наурыз тойы - жыр аңыз.
Қызып дулы мереке,
Қызық думан құрамыз.
Арайлым: Халықтың пейілінен жаралғандай,
Сұлу күн шуағынан таралғандай.
Ел мен жер елжірескен қуанысқан,
Наурызда ажар қандай арай қандай.
Ақылбек: Кеңінен елге таралған,
Негізі ерте қаланған
Еңбек шаттық жыл басы,
Наурыздан басталған.
Наурыз қыз: Ой жарайсыңдар өнерлері өрге бассын.
Сәлем ата-аналар, Айналайын балалар.
Уақыт үдеп келдім мен, Бақыт тілеп адамға,
Гүл жайнаған көктемде, Гүлден сыйлық көп менде.
Әне гүлдер келеді, Қазір билеп береді.
Би: «Аппақ гүлдер».
Есіктен алқынып бір бала кіреді.
Бала:Ау амансыңдарма балалар, қадірменді аға-әпкелер. Ұлыстарың оң болсын.
Тәрбиеші: Рахмет тілегіңе. Бірақ кім екеніңді танымай тұрғанымыз? «Мыңның жүзін білгенше, бірдің атын біл» деген бар. Атыңды айт, қайдан келесің?
Бала: (Күрсініп) Жерге молдас құрып отыра қалып:
Баяғыда Әйтеке би: Әкемді сұрасаңыз - жетесіз,
Шешемді сұрасаңыз - некесіз.
Туа салған бір баламын
Тегімді сұрап нетесіз?- деген екен Сол айтқандай түптеп келгенде бәріңе таныс Тазшаның дәл өзі боламын. Халқымыз наурызды тойлап жатыр деген соң тарих қойнауында шыдап жата алмай жеткенім ғой бұл.
Тәрбиеші: А –а- а Әлгі Есер ханды мүдірмей 40-өтірік айтып тәубесіне келтірген Тазша баламын де. Әйтсе де тағы да сұрауға рұхсат ет. Жалғыз келемісіз?
Тазша бала: Қайдан жалғыз шығайын халқыма асыққан мен ғана емес екенмін. Артымнан емпеңдеп төрт түлік иелері келе жатыр еді, әлгі келіп қалған болар қарсы алайық барып.
Сахнаға қой, жылқы, сиыр, ешкі бетпердесін киген балалар шығады.
Бағдат (қой): Малды берсең қойды бер,
Ұлды берсең бойлы бер.
Жұртқа ақыл салғандай
Ақылы артық ойлы бер.
Аманжол(жылқы): Шаруаның бір пірі – Қамбар ата,
Тілегенде өзің бер ақтан бата
Үйір үйір жылқыны шұрқыратып
Ойдан – қырдан арқансыз әкеп мата.
Тимучжин(сиыр): Шаруаның бір пірі – Зеңгі баба,
Сиыр берсең сүтті бер өңкей мама
Кең өріске шұбыртып өзің бағып
Кешке жақын қораға әкеп қама.
С.Еркебұлан(ешкі); Қойды көсем бастайтын, Өткелден үркіп саспайтын.
Қарағай мүйіз серкелі, Шүйде жалды желкелі.
Сексек ата баласы, Ешкі бассын үйіңді.
Тәрбиеші: Наурыз тойындағы тағамдарда ақ басым болады. Өйткені бұл кезде төрт түлік төлдеп, ақ молайған кез. Ау аталар төрден орын алып наурыз тойымыздың қадірлі қонағы болыңыздар.
С.Еркебұлан: Тыңдаңыздар Тыңдаңыздар!!!
Той дабылын қағып тұр, Мұнда бәз бар.
Естімеген естіңдер,Тыңдамағандар тыңдаңдар.
Тәрбиеші: Туғаннан соң адам боп,Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең, Жұрт айтады надан деп.
Кең даланың ежелгі, Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де, Бар дәстүр мен салтымыз.
Даша: Мол болсын ер азамат келешегің,
Еңбекшіл болсын жасың ересегің.
Ұлыстың ұлы күні паш етелік,
Белгісін Тұсау кесер рәсімінің.
Тәрбиеші: Ия балалар жаңағы жаршы Тұрарбек аулында тұсау кесер тойы болады дейме? Олай болса сонда барайық.
Тәрбиеші: Ата-бабаларымыз бұл дәстүрге аса назар аударған. Себебі баланың болашақтағы жолы,аяқ алысы жақсы, нық болуы осы тұсау кесуге байланысты екен. «Тұсау кесер» рәсімі өтеді.
Тәрбиеші: Алқа жұртым той думан, Ортамызда атайық.
Мың бұралып би билеп, Інжу маржан шашайық.
Би: «Қара жорға»
Наурыз қыз: Кел балалар келіңдер, Тамашаны көріңдер.
Бізде қызық ойын бар, Ойынға әбден тойыңдар.
«Білек сынасу» ойыны ойнатылады.
Тәрбиеші: Балалар ойын қызықты өткен сияқты тойымызды ары қарай дастархан басында жалғастырайық.
Аягөз: Ау қыздар, Ақ сандықты ашайық
Бұл мереке бұл тойдың, Жыр шашуын шашайық.
Ән «Қазақы дастарханым».
Тәрбиеші: Балалар менсендерге бір сұрақ қойғым келіп тұр сендер жауап беріп көріңдерші?
Бәйшешектей қыр астынан табылған, Бар халықты қуантатын бұл қай кез? Келер күнге бар үмітті табынтып, Бар халықты қуантатын бұл қай кез? Наурыз. Даңқы жетіп болашаққа зорайып, Берекелі құт әкелген бұл қай кез? Наурыз. Ағарғаны шөл суындай молайып, Қарық болар халқы мынау бұл қай кез? Жарайсыңдар балалар!
Тәрбиеші: Жиналған мынау халыққа, Жыр маржанын шашайық.
Наурыз көже берумен, Салт –дәстүрді жасайық.
Наурыз көже таратылады.
Тәрбиеші: Әз Наурызым құтты болсын қадамың,
Жолы болсын ары таза адамның.
Шалдықтырма зардабына заманның
Арам ойын іске асырма жаманның.
Елге арна тетігіңнің ақтығын,
Халқың сезсін тілегіңнің пәктігін.
Наурызбен ырыс береке құт келіп
Шалқыта бер шаңырақтың шаттығын-деп құрметті ата-аналар Ұлыстың ұлы күні құтты болсын деп бүгінгі №12-ші мектепалды даярлық тобының «Наурызым әз наз гүлім» атты мерекелік ертеңгілігі осымен аяқталды.
Қ о ш с а у б о л ы ң ы з д а р.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі