Өлең, жыр, ақындар

Волейбол. Шабуыл соққысын орындау

Атырау қаласы
№4 облыстық мектеп-интернаттың
дене шынықтыру пәні мұғалімі
Ахилбеков Ғалымжан Мусатұлы

 

Сабақтың тақырыбы: Волейбол. Шабуыл соққысын орындау.     

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға волейбол ойынының айла-тәсілдерін үйрету, шабуыл соққысының элементтерін үйрету, командалық ауыз біршілікті нығайту.

Сабақтың міндеттері: 

Білім беру: Шабуыл соққысын орындауды, қорғаныста ойнау әдісін және тактикалық ойын үлгісін үйрету.

Дамыту: Оқушының ой-өрісін, қабілеті мен икемділігін, күш-қуатын дамыту.

Тәрбиелеу: Оқушыларды тәртіпке, командалық ұйымшылдыққа, өз бетімен спортпен шұғылдануға қызығушылығын арттыруға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: ысқырғыш, секундомер, доптар, гимнастикалық орындық.

Өтетін орны: Спорт зал.

Өтетін сыныбы: 6 «В»

Өтетін күні: 10 ақпан 2017 жыл.

Уақыт: 40 минут.

Сабақ бөлімі 

        Сабақтың мазмұны

Уақыты

Әдістемелік нұсқаулар

Кіріспе   дайындық бөлімі

15 минут

Сапқа тұру

   - кезекші рапорт беру
   - сәлемдесу
   - сабақ тақырыбын хабарлау
   - бір-екіге саналу

Жүру жаттығулары

- қол жоғарыда аяқтың ұшымен жүр
- қол желкеде өкшемен жүр
- қол белде табанның ішімен жүр
- қол белде табанның сыртымен жүр
- қолды алға созып жартылай отырып жүр

Жүгіру жаттығулары

-бір қатардан екі қатар құрап жүгіру

- қол белде аяқты алға сермей жүгір

- қол желкеде аяқты артқа сермей жүгір

- қол алда тізені жоғары көтеріп жүгір

- қол желкеде  аяқты тізеден артқа сілтей жүгір

- оң қапталмен, қолды иықтан алдыға айналдыра жүгір

- сол қапталмен, қолды иықтан артқа айналдыра жүгір

- артпен жүгір

- шапшаң жүгір

- отырып жүр, отырып секіріп жүр

- терең  дем шығарамыз

 

2 мин

 

 

 

 

3 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

10 мин

Спорттық киімдеріне көңіл бөлу.

Оқушыларды түгендеу.

 

Аяқ алысын бақылау.

Денені тік ұстаймыз.

Басты көтереміз.

Дене тік ұстау.

Дене тік, ара-қашықтық сақта.

Екі қатарға бөліну.

Аяқ ұшы тік, аяқ тізеден бүгілмейді.

Денені тік ұстаймыз.

Өкшені алақанға тигіземіз

Тіркеме адыммен.

Ара-қашықтық сақта.

Ара-қашықтық сақта

шапшаң жүгіру.

Басты бұрып артқа қара.

 

Денені бос ұстау.

Арнайы дайындық  бөлімі

10 минут

 

 

Арнайы дайындық.

- допты жоғары лақтырып қағып алу
- допты жоғары лақтырып отырып тұрып қағып алу
- допты жоғары лақтырып айналып қағып алу
- қарама-қарсы тұрып доппен шабуылдау әрекетін орындау

 

10 мин

 

 

 

Допты биікке лақтыру.

 

Допты жоғары лақтырып қолды еденге тигізу.

 

Қолды жазып соққы жасау.

 

Негізгі  бөлім

12 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шабуыл соққысын орындау.

 

-Тордан 5 – 6 метр жерден жүгіріп келіп қос аяқпен серпіле әуеде секіріп соққы жасау әрекетін көрсету.

- Секіру әрекетін көрсеткен кезде адымдап келіп аяқты тізеден бүге, қолды артқа сермей лақтырып екпінмен жоғары серпілу керек.

- Әуеде оң қолын жоғары алып білектен соққы беруді көрсету. Осы жаттығуды доппен жасау.

- Бір оқушы тор түбінен әуелете допты лақтырады шабуылдаушы жүгіріп келіп бар күшімен секіріп соққы береді.

- Ұйымдастырушы арқылы соққыны қайталау.
-ереже бойынша волейбол ойынын ойнау

 

12 мин

 

 

 

 

 

Оқушылар бір сызық бойына тұрып, жаттығуды орындайды,

Торға денені тигізбеу керек.

 

 

Соққы жасалған соң кейін қарай жүгіріп келесі соққыға дайындалу керек.

Тордан қарама-қарсы соққы жасалған кезде кезекпен шабуылдайды.

 

Әрекетті дұрыс орындау.

 

Ережені сақтап ойнау.

 

 

 

Шабуылдау кезіндегі қозғалу сәттері.

Қорытынды бөлімі

3 мин

Қорытынды бөлім.

- Жалпы сапқа тұру
- Жаттығуды орындау кезіндегі қателіктерді айту
- Окышыларды бағалау
- Сабақты қорытындылау
- Үйге тапсырма беру
- Қоштасу

 

3 мин

Бір сызық бойын.

Жекелеген оқушыларға нұсқау беру.

Сабақтағы белсенді студенттерге баға қою.

Үйге тапсырма беру.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз