Жамбыл облысы, Қаратау қаласы
Қараой ауылы, Бірлестік орта мектебі
Математика пәнінің мұғалімі
Мырзабекова Жаңыл Тайыровна
Сынып 9 |
Пән: геометрия |
Мұғалім: Мырзабекова Жаңыл Тайыровна |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тақырыбы |
Дұрыс көпбұрыштар. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Білімділік: Көпбұрыштар, көпбұрыштардың түрлерін меңгерту. Оқушылардың көпбұрыштар туралы алған білімдерін кеңейте отырып, есепте қолдануды үйрену; бізді қоршаған ортадағы көпбұрыштар туралы білу; көпбұрыштардың өмірде қолданылуы. Дамытушылық: Оқушылардың ой–өрісін дамыту; ой ұшқырлығын арттыру. Пәнге деген қызығушылығын арттыру. Тәрбиелік: Оқушылардың жауапкершілік және өзін–өзі бағалау қасиеттерін қалыптастыру; ұқыптылыққа, сызбаны дұрыс сызуға баулу; ұлттық тәрбие беру. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың түрі, әдісі |
бекіту; білім мен дағдыны тиянақтау; жүйелеу сабағы. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқушылар үшін оқу нәтижелері |
- Құнды пікір айтуға, басқаның ойын сыйлауға үйренеді. - Топпен жұмыс жасай отырып балалар еркін ойлауға қалыптасады. - Өздігінен кез-келген көпбұрыштарға берілген есептерді шеше алады. - көпбұрыштардың қоршаған ортада кездесетіндігіне көздері жетеді. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ресурстар |
Интерактивті тақта, геометриялық фигуралар, сызба, жазба материалдар, оқулық. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Кезеңдер |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1.Ұйымдастыру кезеңі |
Геометриялық фигураларды таңдата отырып, екі топқа бөледі |
Оқушылар фигуралар бойынша 2 топқа бөлінеді |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Білу
|
Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында төмендегідей «Крассворд» шешу. (көлденеңнен) 1. Кез келген дөңес n-бұрыштың ... бұрыштарының қосындысы (n-2)*1800-қа тең. (ішкі) |
Өзін–өзі тексеру Әр топ рет бойынша бір-бір сұраққа кезекпен сұрақты оқып,жауабын тақтаға жазады.
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Түсіну |
Көпбұрыштардың ішінде дұрыс көпбұрыштармен жеке танысу себебіміз табиғатта және техникада, тұрмыста дұрыс көпбұрыштар көп кездеседі және қолданылады. Оның көп кездесу себебі дұрыс көпбұрыштар симметриялылығымен ерекшкленеді. Әсіресе сәндік-әсемдік жұмыстарында, сәндік архитектурада қолданылады. Сондықтан дұрыс көпбұрыштарды білуге және сыза білуге адамдар ертеден құштар болған. Табиғаттың өзі әсемдікпен сәндіктен құралған екен. Химиядан білеміз бинзол молекуласы дұрыс алтыбұрышты кристалдар. Алманы қақ ортасынан кесіп бөл де, дәндеріне қара ,олар бесбұрыш құрайды. Қар ұшқындары алтыбұрышты мұз кристалдардан тұрады, сонымен бірге әрбір қар ұшқыны қайталанбайды. Бал аралар балды алтыбұрышты қуыстардан тұратын арнайы торда сақтайды, олар карез деп аталады. Енді тақырыпты жазайық «Дұрыс көпбұрыштар» II топқа сұрақ: Екі топқа ортақ сұрақ: Ортақ қасиеттерін айт. (Жауап:Тең қабырғалы үшбұрыш және квадрат. Барлық бұрыштары және қабырғалары тең.)
|
Оқушылар жаңа сабақты өздері меңгереді. Оқушылар топпен пікірлесіп, берілген тапсырмаға топтың бір мүшесі жауап береді.
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қолдану |
I топқа тапсырма №384 1) Дұрыс көпбұрыштың әрбір бұрышы 1350 болса, онда оның неше қабырғасы бар? Шешімі: (n-2)*1800 = 1350*n (8) №386 1) Дұрыс көпбұрыштың әрбір сыртқы бұрышы 360 болса, онда оның неше төбесі бар? Шешімі: 36* n=360 (10) II топқа тапсырма №384 2) Дұрыс көпбұрыштың әрбір бұрышы 1500 болса,онда оның неше қабырғасы бар? Шешімі: (n-2)*1800 = 1500*n (12) №386 2) Дұрыс көпбұрыштың әрбір сыртқы бұрышы 240 болса, онда оның неше төбесі бар? Шешімі: 24* n=360 (15) |
Жеке жұмыс (оқулықпен жұмыс) Дұрыс көпбұрыштың қасиеттерін есепте қолдану;
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Талдау
|
I топқа тапсырма. Бесбұрыш сызыңдар. 1) Ішкі бұрыштарының қосындысын тап. 2) Әр бір ішкі бұрышы неше градусқа тең екендігін тап. 3) Әр бір төбесіндегі сыртқы бұрышы неше градусқа тең екендігін тап. 4) Периметрі 30см болса, қабырғаларының ұзындығы неше сантиметр? II топқа тапсырма. Алтыбұрыш сызыңдар. 1) Ішкі бұрыштарының қосындысын тап. 2) Әр бір ішкі бұрышы неше градусқа тең екендігін тап. 3) Әр бір төбесіндегі сыртқы бұрышы неше градусқа тең екендігін тап. 4) Периметрі 30см болса, қабырғаларының ұзындығы неше сантиметр? |
Топ мүшелері бірлесіп, өз тапсырмала рын жылдам орындауға тырысады. Тапсырма жауабын түсіндіреді. Өзге топтар жауаптардың дұрыстығы немесе дұрыс еместігі жөнінде өз пікірлерін айтады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жинақтау Қорытындылау |
Әр топқа бірдей сұрақ. Табиғатта, техникада және тұрмыста кездесетін көпбұрыштарға мысалдар келтір. (құрақтар, шайбы, карез, қар т.б.) |
Ұжымдық жұмыс |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау |
Бағалау парағы
7 ұпай-жоғары - 5 |
Топ басшысы бағалайды. Бағалау қорытындысын айтады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Үйге тапсырма (1мин) |
№ 387, №388 ; тақырыпты оқу |
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Рефлексия (2 мин) |
Аты:___________________________________ 1. Мен сабақ қызықты/қызықсыз болды деп ойлаймын. |
|
Калима
Дөңес 14-бұрышынна ішкі бұрыштарның қосындысын тап