Өлең, жыр, ақындар

Қадыр Мырзалиевтің «Жеті» өлеңі

Қазақ әдебиеті   7-сынып   мерзімі:

 

Сабақтың тақырыбы:  Қадыр Мырзалиевтің  «Жеті» өлеңі

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қадыр Мырзалиев , оның  шығармашылығы туралы  мәлімет беру.Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.

Дамытушылық: Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту.Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді  меңгерту арқылы сөздік қорларын,  тіл байлықтарын байыту.

Тәрбиелік:  Өз Отанын сүюге, құрмет тұтуға, отансүйгіштікке тәрбиелеу .

Сабақтың түрі: аралас  сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:Кітап, суреттер. Грамматикалық кесте

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі.Дене шынықтыру

 

 Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі:       

1. Сәлемдесу.

2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу  себебебін сұрау, білу.

                                         3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

II. Өткен сабақты қайталау, пысықтау.

III. Жаңа түсінікті қалыптастыру:

1.Кіріспе сөз

2.Қадыр Мырзалиевтің  өмірі мен шығармашылыған берілген мәтінді оқу, танысу

3. Сөздікпен танысу:

 Танымал  ақын- известный  поэт

 Өмірден озды- скончался

 Қоршаған орта-  окружающая  среда

Шабыт- вдохновение

Үндестік- гармония

Маңыздылығы- важность,  значимость

Жауапты қызмет- ответственная  работа

Ұлттық  қаситеттер- национальные  признаки

Паш ету-  прославить

Әр алуан- разнообразный

Сыршылдық- лиризм

4.Тапсырмаларды орындау- берілген  мәтіннен  сендер үшін  негізгі,  жаңа болып  саналатын  ұғымдарды  тауып,   оларды  алфавиттік  ретте  жазып  шығу

- мәтіннің  негізгі  ойын  бір- екі сөйлеммен жазып шығу

 

IV. Жаңа сабақты бекіту: Кестені толтыру:

 

Жылдар

Оқиғалар

Шығармалары

 

 

 

 

 

 

 

 

V. Сабақты қорыту:  А)Ақынның «Жеті» өлеңін мәнерлеп оқу, түсіну. Жекелей оқу

Жеті

Ұзақ санның шықпаспын  шетіне мен,

Нөлдің өзі  лақпайды бетіменен...

Бір мен онның  кәдімгі  арасында

Қымбат маған  неліктен  жеті деген?

 

Жетіңізге талай сан  тіркеседі,

Жеткен бала  жетіге  күрт өседі.

Жаңылуды  білмейтін  сарапшылар

Жеті  мәрте есептеп,

Бір кеседі.

 

Жетімізді  жазалық  тақтамызға,

Жетіні  есте, қанекей, сақтаңыздар!

Жерлеген соң  жетісін  береді ылғи

Жеті күннен  ьұрады  аптамыз да!

 

Жеттісу ма?

Жетісай қаласы ма?

Жеті сіңген  біраздың  санасына.

Сегіз емес,

Алты емес,

Жеті  атасын

Мұсылмандар жаттатқан  баласына.

 

Жеті жұлдыз  жиналып ордаласқан,

Жеті түнде жымыңдар қордалы аспан.

Москва да,

Рим де,

Стамбул да

Жеті төбе басына  орналасқан!

 

Ерлерді  мен сыйлаймын Елім дейтін.

Елім дейтін,

Өзгеге  емінбейтін.

Жеті болсақ  шіркін- ай,

Үшің түгіл,

Екіңіздің өзіне  бөлінбейтін!

Ә) Өлеңде кездеетін жаңа сөздермен танысу:  Шеті- край         жерлеу-  хоронить

Жеті төбе- семь холмов                                           Қымбат маған- мне дороже

Жетісі- поминки                                                    тіркесу- сцепление

Жеті мәрте- семь раз                                          ордаласу- собиратся

Жаңылу- ошибаться                                            қордалы аспан- усыпанное  звездами небо

VI. Үй тапсырмасын беру:  180-бет «Артық болмас білгенің...» айдарында берілген мәліметті оқу, аудару, мазмұнын айту

VII. Бағалау

 

VIIІ.Рефлексия

 

Не білемін?

 

Не  білдім?

Не білгім  келеді?

 

 

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз