Өлең, жыр, ақындар

Абай Құнанбайұлының "Ескендір" поэмасы

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы
№34. Ш.Уәлиханов орта мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Баубекова Жақсыгүл Құрбанбайқызы


Пәні:  қазақ әдебиеті                                                                                             Тексерілді

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының "Ескендір" поэмасы

Мұғалімнің аты-жөні: Баубекова Ж Қ 

Күні:

     СЫНЫП: 9

Қатысқан оқушылар  саны: 20

Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары:

Абай Құнанбайұлының "Ескендір" поэмасы хақында терең білім қалыптасады.

Сабақтан күтілетін нәтиже:

1-деңгей (білу, түсіну):

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:

Абай Құнанбайұлының "Ескендір" поэмасының мазмұнын түсінеді.

2-деңгей

(қолдану, талдау):

 

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Поэманың мазмұнын айтып бере алады, тақырып бойынша жалпы білім қалыптасады.

3-деңгей

(жинақтау, бағалау):

Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады:

Сыни тұғыдан ойлай отырып, поэманы талдайды, кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға береді, өз пікірлерін айтып, негізгі ой түйінін анықтайды.

Тілдік мақсат:

 

Ресурстар:

АКТ, плакаттар, маркерлер, стикерлер, смайлдар, түрлі-түсті қағаз, алты қалпақ, сурет қиындылары, слайд.

Пәнаралық байланыс:

Қазақстан және дүние тарихы

Алдыңғы оқу: (өткен сабақ)

Абайдың өмірі мен өлеңдерінен өткенді қайталау.

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сабақ барысы және

 Жоспарланған уақыт

Берілетін тапсырмалар және қолданылатын әдістер

Бағалау критерийлері және жұмыс түрлері

ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ

3 минут

Сыныпта психологиялық жағымды ахуал қалыптасады. "Тәубеңе кел" бейнеролигін көреді, сабақтың соңында тақырыппен ұштастырады. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырамын. Сабаққа қатысуын түгелдеп, топтарға бөлемін.

Қалыптастырушы бағалауды қолданамын.

ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН СҰРАУ

15 минут

1-деңгей (білу, түсіну):

"Сұрақ қою, қайта сұрақ қою" әдісімен жұмыс жүргіземін. Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы бойынша ашық, жабық сұрақтарды оқушылар бір-біріне береді, жауап береді. 

Бағалау тақташасына әр жауапқа бір балл қоямын.

2-деңгей

(қолдану, талдау):

Абай өлеңдерін мәнерлеп, жатқа айтады. Абай шығармашылығын топтап талдайды.

Әр жауапқа екі балл қоямын.

3-деңгей

(жинақтау, бағалау):

Проблемалық жағдайды еңсереді. Абай өлеңдерінен терме жанрында, вальс жанрында, рэп стилінде айтып береді.

Әр жауапқа үш балл қоямын.

ЖАҢА САБАҚ

15 минут

 

 

 

"Жигсо" әдісімен поэманың теориясы мен алдын-ала үйде оқып келгенінен мазмұнын топтарға бөліп беремін. Уақыт сақшысы уақытты белгілейді. Оқып топта талқылағаннан соң, постерге түсіреді. Әр топтан өз қалауларымен оқушылар өз тапсырмаларын қорғайды. Қолдарына берілген топтық бағалау парақшасына бағалап отырады. Қорғау жұмысын критерийлер бойынша бағалайды.

1. Жұмыстың көркемдігі;

2. Тақырып бойынша мәліметтің қамтылуы;

3. Ой тереңдігі.

Әр критерийге тиісінше 1-3 балл

САБАҚТЫ БЕКІТУ

10 минут

1-деңгей (білу, түсіну):

"Алты қалпақ" әдісінің элементтерін қолдана отырып бекітемін.

 

2-деңгей

(қолдану, талдау):

Алты түсті қалпақ киіп, өздерінен талап етілетін тапсырмаға дайындалады.

 

3-деңгей

(жинақтау, бағалау):

Оқушылар өз қалпақтарының талаптарына сәйкес пікір айтады.

Үш балл

ҮЙГЕ ТАПСЫРМА

2 минут

1-деңгей (білу, түсіну):

"Ескендір" поэмасының сюжеттік-композициялық жоспарын құрады.

Бір балл

2-деңгей

(қолдану, талдау)

"6 неліктен?" техникасын пайдаланып, "Ескендір" поэмасының мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады.

Екі балл

3-деңгей (Шығармашылыққа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырмалар)

Таным дерек. Әдебиет теориясы.

Зұлымдық пен қанағатсыздық туралы, даналық пен әділеттілікті дәріптеу туралы пікір даярлайды.

Үш балл

БАҒАЛАУ

Критериалды, қалыптастырушы, өзара

 

КЕРІ БАЙЛАНЫС

"Екі жұлдыз, бір тілек"

 

 

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен сабақта  жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды?

Проблемалық жағдайды еңсеруде оқушылардың тығырыққа тірелуі, одан шығуға аласұрып талпынуы, ойлануы, әртістік қабілеттерін қолдануы және "Алты қалпақ" әдісінің элементтерін қолдануда өз пікірлерін айтуы, қызық, қиын, құнды әрі тиімді болды. "Көзімнің қарасы" әнімен сабақты жоғары көңіл-күймен, әсерлі сезіммен аяқтауды жөн көрдім. Сабаққа кірген қонақтардың мысы басқан толқыныстан "Бәрі жақсы болады" тренингі алып шықты.

Сабақтың мақсаты мен сабақта  жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды?

"Тәубеңе кел" жағымды ахуал бейнеролигімен сабақты байланыстырып түйіндеуге уақыт жетпеді.

Келесі сабақта өз жоспарыңызға қандай өзгерістер енгізген болар едіңіз?

Келесі сабақтарда жиі әдіс- тәсілдерді қолданып бейімділік пен жинақылық және айтылым дағдысын қалыптастырамын. Бағалау шеберлігін арттырып, уақытқа сай тапсырмалар санын жоспарлауды қолға аламын.

 

Сабақтың кейбір сәттері:


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз