Өлең, жыр, ақындар

Волейбол ойыны, допты қабылдау әдістері

ОҚО, Түлкібас ауданы
«Алғабас-1» ЖОМ
дене шынықтыру пәні мұғалімі
Байсейтов Маратбек Сейтбекович

 

Сабақтың тақырыбы: Волейбол ойыны, допты қабылдау әдістері. 

Мектеп: "Алғабас-1"

Күні:15.02.2017

Мұғалім: Байсейтов М

Сынып: 5

Қатысқан:

Қатыспағандар:

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары:

 Оқушыларға волейбол ойынының техникаларын үйерту. Баланың қимыл қозғалыс қабілетін дамыту. 
 Оқушыларды ұжымдық жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Табыс критерийлері

   Барлық оқушылар білуге тиісті: Ойын ережесін түсінеді

   Оқушылардың көпшілігі: Ойын ережесін түсінеді және сақтайды

   Кейбір оқушылар: Ойын ережесін біледі және қолданады.

Бұрыннан бар білімдері

   Оқушылар ойын ережесін білуі сондай-ақ оларды сақтап, ойын ойнауды біледі.

Жоспарланған уақыт

Жоспар

Ресурстар

Басы 15 минут

Кіріспе

   Оқушыларды сапқа тұрғызу.
   Кезекшінің баяндамасы.
   Сәлемдесу, түгелдеу.
   Сабақтың мақсатын түсіндіру.
   Сабақтың барысында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескерту.
   Саптық жаттығулар.
   Оңға, солға, кері бұрылу. Алға жүру.
   - аяқтың ұшымен жүру
   - өкшемен жүру;
   - аяқтың ішімен, сыртымен жүру;
   Жеңіл жүгіріспен жүгіру.
   Оң қапталмен қолды алға айналдыру.
   Сол қапталмен қолды артқа айналдыру.
   Оң қапталмен аяқты қайшылап жүгіру.
   Сол қапталмен аяқты қайшылап жүгіру
   Белмен алға қарай жүгіру.
   Бұрыштан бұрышқа жүгіру.
   Оң аяқпен секіру. Сол аяқпен секіру.
   Тізені алға көтеріп жүгіру.
   Аяқты артқа сермей жүгіру.
   Аяқты бір ішке, бір сыртқа көтеріп жүгіру.
   Отырып секіру. Толық отырып жүру.
   Жылдамдықпен жүгіру.
   Жалпы дамыту жаттығулары. Сапқа тұру 

   10 мин Спорттық киімдеріне көңіл бөлу.

   Жаттығулардың дұрыс орындалуын қадағалау

Ысқырғыш,секундомер, волейбол доптары.

Ортасы 25 минут

   Допты төменнен және жоғарыдан қабылдау жаттығуын орындалуын  плакаттар арқылы көрсету және ауызша түсіндіру 

   Екеуден жұптасып жаттығуды орындау 
Кеткен қателіктерді түзету /қолдың дұрыс ұсталмауы, ойыншы тұрысы дұрыс болмауы, қолды дұрыс сермемеуі т.б/ 
  

   Допты ойынға қосу.

   Оқушылар екі топқа бөліну және бір топ алаңға орналасу екінші топ допты ойынға әр оқушы үш реттен қосу алаңдағы ойыншылар үиренген әдістер бойынша допты қабылдау бірінші топ үй тапсырмасын орындаған соң топтар орын ауыстыру 

Екі топта алаңға орналасып есептік ойын ойнау

Плакаттар, волейбол доптары.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз