Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Бейнеу ауылы, «Күйкен орта мектебі» ММ
математика пәнінің мұғалімі
Орынбасар Жанат Аңсатбайқызы
Тақырыбы: «Математикалық жарыс»
Ойын түрі: «Алтын сандық» танымдық сайыс
Мақсаты:
1. Ізденімпаздыққа, өз беттеріңше еңбектенуге тәрбиелеу
2. Нақтылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу;
3. Математикаға деген белсенділігін, қызығушылығын, ынтасын арттыру.
Көрнекілігі: экранды қолдану, көрсететін белгілер (әр оқушыға)
Жүргізуші:
Армысыздар! Ұстаздар мен оқушылар.
Көрер көзге мөлдіреген моншақтай,
Өтіп кетер балалық сол шақтар; - демекші осындай жалындаған жастық шақты қызықты да, қылықты етіп өткізу қандай керемет!
Математика ғылымдар патшасы деп,
Мойындаған бар ғалым жер шарында.
Сол қағида тағы да дәлелденбек,
Бүгінгі «Алтын сандық » сайысында - дей келе Алтын сандық танымдық сайысымызды бастаймыз!
Ойнымызды бастамас бұрын дәстүр бойынша әділқазылар алқасын сайлап, таныстырсақ дейміз.
Олар:
1.
2.
3.
Біздің ойынға әр 7-ші сыныптан үш оқушыдан қатысқалы отыр.
Өту барысы
I. Кім жылдам (математикалық сұрақтар).
II. Тас қақпа. Сандар сөйлейді (мақал-мәтелдер).
III. Күміс қақпа. Ойлан тап (жұмбақтар).
IV. Жаңылмаймын (топ басшылар сайысы).
V. Алтын қақпа. Жүйрік команда (логикалық есептер).
VI. Алтын сандық
Қазір сіздердің алдарыңызға экраннан тапсырмалар өз орнымен рет – ретімен көрсетіліп отырады. Негізгі ойын шарты жылдам, ұтымды және сұраққа толық жауап беру керек. Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпайдан. Кім де кім берілген сұрақтың жауабын біліп тұрса, қолындағы белгіні жылдам көтеру керек. Орнымыздан тұрып, сұраққа толық жауап қайтару керек. Сол кезде ғана жауап саналып, ұпай қойылады.
Өздеріңіз білетіндей теледидардан «Алтын сандық» ойынын көрсететін. Сол кезде алтын сандықты ашпас бұрын, алдыңғы турлардан яғни тас қақпадан, күміс қақпадан алтын қақпадан өтіп, алтын сандықты ашуға тырысады. Егер де алтын сандықтың ішіндегі сұраққа жауап бере алмаса, алтын сандық ашылмай жабулы күйінде қала береді.
Кім жылдам (математикалық сұрақтар, барлық топқа ортақ, әр сұраққа 5 ұпайдан).
1) Қиылыспайтын түзулер, ол не? (пареллель түзулер).
2) Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? (1).
3) Тікбұрыш жасап қиылысатын түзулер? (перпендикуляр түзулер).
4) Екі қатынастың теңдігі? (прапорция).
5) Барлық қабырғалары тең үшбұрыш? (тең қабырғалы үшбұрыш).
6) 25% санның қандай бөлігі? (1/4 бөлігі).
7) Ең үлкен үш таңбалы сан? (999).
8) Кесінді дегеніміз не? (екі жағы нүктемен шектелген түзуді кесінді дейміз)
9) Қандай бұрыштарды білесіңдер? (тік б. Жазыңқы б. Толық б. Сүйір б. Доғал б.)
10) Төртбұрыштың ауданын қалай табамыз? (S=ab).
11) Үлкен қабырғаға қарсы қандай бұрыш жатады? (үлкен бұрыш).
12) 12, 10, 14 сандарының арифметикалық ортасы? (12).
13) Қандай сандар нөлден улкен? (натурал сандар).
14) 1 милионда қанша нөл болады? (6).
15) Үшбұрыш дегеніміз не? (бір түзуде жатпайтын үш нүктені қосатын кесіндіні айтамыз).
«Алтын сандық» ойнымызға қатысқалы отқан үміткерлерімізге сәттілік тілей отырып, «Тас қақпаны» ашуға атсалысайық! Олай болса экрандағы назар аударалық!
Тас қақпа. Сандар сөйлейді (мақал-мәтелдер әр камандаға 3 мақал. Әр мақал –мәтелге 5 ұпайдан).
1) ....... тал кессең (1)
.......тал ек.(10)
2) Білекті ..... жығады, (бірді)
Білімді .......жығады. (мыңды)
3) Айдағаның ... ешкі (бес)
Ысқырығың жер жарады.
4) Қызды ...... үйден тый. (40)
5) ...... теңгең болғанша .... досың болсын (100)
6) .....жұрттың тілін біл,(7)
.... түрлі білім біл.(7)
7) Жақсы әке жаман балаға ...... жыл азық . (40)
8) Жігіттің құны ......жылқы. (100)
Ары ......жылқы. (1000)
9) Аюды жеңген - ....... ер, (жарты)
Ашуды жеңген - ...... ер.(бүтін)
10) ......күн ашыққаннан, (1)
...........күн ақыл сұрама.(40)
11) Алыстан ....... жасар бала келсе,(6)
..........қария сәлем береді. (алпыстағы)
12) .......жақсы қас болмас, (2)
...........жаман дос болмас.(2)
13) Досыңды ... күн сыныма, (3)
......... жыл сына. (3)
14) Жұмысқа .... жылда үйренеді, (3)
Жалқаулыққа ...күнде үйренеді.(3)
15) Білгенің - бір ......, білмегенің - .... (9); (99)
Күміс қақпа. Ойлан тап (жұмбақтар әр камандаға 3 жұмбақ. 10 ұпайдан).
1.
Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай,
Айтыңдаршы, бұл қандай сан,
Жан-жағыңа қарамай? (натурал сан).
2.
Өмірің сенің қызық,
Жолыңда жоқ түзу сызық,
Басы да жоқ, аяғы.
Бір айналым баяғы. (дөңгелек).
3.
Дүкеннен мен сабын алдым,
Оның және қабын алдым,
Екі дәптер, бір карандаш,
Тіс ысқышты тағы да алдым.
Есептеші сонда бәрі
Қанша болды, қолда бары? (6).
4.
Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазылып тұр бойында. (сызғыз).
5.
Нүктеден екі сәуледен құралған,
Айтшы бұл не екенін? (бұрыш).
6.
Екі түзу қатар жүріп,
Үшіншісі қияды.
Сонда шыққан бұрыштарды,
Кімдер айтып жаяды? (сәйкес, айқыш, тұтас).
7.
Бір–бірімен жарысқан
4 аю. Бір арыстан.
2 қой мен 1 түлкі,
Бәрі нешеу кім білді? (8)
8.
Бірдей санды бірнеше рет,
Көбейтуден тұрады.
Егер оны ықшамдасаң,
Қандай атау болады? (дәреже).
9.
Аузы 1, 2 құбыр, ол не? (шалбар)
10.
1 үйде тұрады екен 50 батыр.
Үй сыртына сүйкенсе–ақ өліп жатыр (сіріңке).
11.
2 ағайынды, екеуіде бір үйде,
Бірін–бірі көрмейді (көз).
12.
Таңертең 4 аяқты,
Түсте 2 аяқты,
Кешке 3 аяқты (адамның үш шағы)
Жаңылмаймын (топ басшылар сайысы көп сан айтқан топ басшыға 10, одан кейінгіге 5 ұпай, соңғысына 2 ұпай).
Ойын шарты: 3-ке бөлінетін сандарды сендер айтпауларың керек, оның орнына «жаңылмаймын» деген сөзді айтуларың керек. Қателескен оқушы шығып қалады.
Мысалы: 1, 2, жаңылмаймын, 4, 5, жаңылмаймын.
Ал, кеттік, тез-тез 30-ға дейін санап шық!
Алтын қақпа. Жүйрік команда (логикалық есептер).
- Бір қорада тауықтар мен қояндар бар. Олардың бастарының саны – 19, ал аяқтарының саны – 40. Сонда қорада неше тауық, неше қоян бар? (1 қоян, 18 тауық)
- 328 – ден цифрларының қосындысын алғанда өзі шығатын санды табыңдар?
- Бөлмеде мысықтар мен торғайлар бар , олардың бастарының қосындысы 15, ал аяқтарының саны 50 болса, бөлмеде неше мысық, неше торғай болады? (торғай 5, мысық 10).
Алтын сандық (алтын сандықты ашамыз, ол стандарт қағаз немесе өлшемі осы кітаптың бетіндей бір парақ қағаз берілген. Осы қағаздан қалай адамды өткізіп жіберетін үлкен тесік жасауға болады?)
Үстел үстінде 6 шыны стакан тұр. Үшеуіне су құйылған және үшеуі бос. Бір ғана ыдысты орнынан көтеру арқылы қалай су құйылған және бос стаканды кезектестіріп қоюға болады? (2-ші ыдыстағы суда 5-ші ыдысқа құю арқылы)
Алмагүл
Жақсы керемет
Myrza
Өте керемет
Сезім
Өте жақсы