Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Бейнеу ауылы, «Күйкен орта мектебі» ММ
математика пәнінің мұғалімі
Орынбасар Жанат Аңсатбайқызы
Күні: 07.12.2015жыл
Сыныбы: 7 «Ә»
Пәні: алгебра
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Екі өрнектің айырмасын олардың қосындысына көбейту, білік дағдыларын қалыптастыру, есептерді шешу кезінде тиімді пайдалана білуге үйрету.
2. Тәрбиелік: Оқушыларды шыдамдылыққа, дәлдікке, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, ұжымдастыққа, достыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Өз бетінше білім алу дағдыларын қалыптастыру, логикалық ойла, шығармашылық қабілетін дамыту. Пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, үйрету, есептер шығару
Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, слайд, плакаттар және оқулықтар
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:Сынып 3 топқа бөлінеді:
1-ші. Халық банк
2-ші. Каспи банк
3-ші. БТА банк
II. Үй тапсырмасы
Үй жұмысы бойынша сұрақтар қойылады:
(әр сұраққа 200 теңге беріледі)
1. Дәреже дегеніміз не?
2. Дәреженің неше қасиеті бар?
3. Функция дегеніміз не?
4. Қандай функцияларды білесің?
5. Бірмүше дегеніміз не?
6. Ұқсас бірмүшелер дегеніміз не?
7. Көпмүше дегеніміз не?
8. Көпмүшені көбейткіштерге жіктегенде қандай тәсілдерді қолданады?
9. Нөлге тең емес кез-келген санның нөлінші дәрежесі неге тең?
III. Жаңа сабақ
a – b екімүшесін a+ b екімүшесіне көбейтуді, яғни (a – b)( a + b) көбейтіндісін қарастырамыз. Ол үшін көпмүшені көпмүшеге көбейту ережесін қолданамыз, яғни бірінші мүшенің әрбір мүшесін екінші мүшенің әрбір мүшесіне көбейтеміз: (a – b)( a + b) =a2 +ab –ab –b2 = a2–b2 мына теңдік шығады.
(a – b)( a + b) = a2 – b2
a2 – b2 =(a – b)( a + b)
Мысал-1:
372 -232 =(37-23)(37+23)=14*60= 840
Мысал-2:
(3+2mn)(3-2mn)=9-4m2n2
Мысал-3:
t2 -49 =0
(t-7)(t+7)=0
t=7 t=-7
Есептер шығару. № 152 (әр есепке 500теңге).
(х+у)(х-у) = x2 –y2(n+1)(n-1) = n2 –1
(k+t)(k-t) = k2 –t2
(m+5)(m-5) = m2 –25
(5a-b)(5a+b) = 25a2 –b2
(2m+3)(2m-3) = 4m2 –9
(2a-3b)(3b+2a) = 4a2 –9b2
(7m+3n)7m3n) = 49m2 –9n2
(8x-9y)(8x+9y) = 64x2 –81y2
Сәйкестендіру. Мысықтың құйрығын табу керек (әр есепке 1000 теңге).
Есептер шығару. № 153 (әр есепке 2000 теңге).
Логикалық есеп (әр есепке 5000 теңге).
1. Торда 20 құс отыр. 19 нан басқасы ұшып кетті. Торда неше құс қалды?
2. 2 ешкінің аяғы, 4 қойдың аяғы, 8 қоянның аяғы барлығы қанша аяқ бар?
3. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені ішіп қойды. Неше стакан қалды?
Есептер шығару. № 154 (әр есепке 2000теңге).
Есептер шығару. № 155 (әр есепке 2000 теңге).
1. х2 - 9 =0
2. y2 - 4 = 0
3. 121 – x2 = 0
4. 1.96 – y2 =0
Үй жұмысы № 152 (10,11,12), № 156.
Бағалау.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі