О.Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжі
Жағырапия пән мұғалімі
Джульбикеева Балбекен Алиевна
Тақырыбы: «Оңтүстік Американы танып білейік»
Сабақтың біліктілік мақсаты: оқушылардың Оңтүстік Америка туралы түсінігін қорытындылау; материалды сапалы меңгеруді қамтамасыз ету; практикалық біліктерді, дағдыларды қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты: оқушыларды, ізденіске, еңбекқорлыққа, іскерліккен, қиындықты ойлана отырып шешуге; логикалық ойлауын дамыту, жағырапия пәніне танымдық қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік мақсаты: сабақты қайталау арқылы еске сақтау; тез ойлауға, білімді болуға тәрбиелеу; аудитория алдында мәнерлі сөйлей білуге баулу; өзінің көзқарасын қорғай білуге, шығармашылық қабілеттерді тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, Оңтүстік Америка бойынша альбом, бүктемелер, үлестірмелер, кесін карталар, интерактивти тақта.
Ұйымдастыру. Оқушыларды екі топқа бөлемін, бір топты «газет-журнал тілшілері» етіп, ал екінші топты осы материкті зерттеуші «мамандар» етіп бекітемін.
1. Экспедиция жетекшісі: біріншіден, барлық мамандарға консультант рөлін атқарады; материктің ашылуы, зерттелуі, қоныстану тарихы туралы айтады, жағырапиялық орны, жағалауының пішіні туралы сұрақтарға жауап береді.
2. Геоморфолог: материктің тектоникалық құрылысын, оның жер бедері формаларының орналасыуына әсерін және пайдалы қазбаларын зерттейді.
3. Климатолог: климаттық белдеулердің материкте орналасуын, жауын-шашын мен температуралардың таралуын, болатын ауа райының ерекшеліктерін әңгімелейді.
4. Гидролог: өзендері, көлдері, олардың маңызы туралы, оларды су жинау режимі туралы айтады.
5. Биолог: өсімдіктері мен жануарлар әлемі туралы айтады, табиғат зоналарының орналасуына сипаттама береді.
6. Этнограф: материкті қоныстанған халықтар туралы, олардың мәдениеті мен тұрмысы туралы, олардың материкте орналасуы, шаруашылығы, кәсібі туралы айтады.
Тілшілер материалдар дайындау үшін мамандарға сұрақтар дайындап келеді.
Бұл «мамандар» өзіне қатысты объектілерді терең зерттейді және оқулық бойынша алған білімдерін түрлі оқулықтар, әдеби кітаптар, қолжазбалар, мерзімді басылым материалдарымен байытады. Сөйтіп, сабақ өтетін күні өзіне қойылатын түрлі сұрақтарға жауап беруге әзір болады.
Баспасөз конференция сабағы өтер алдында интерактивти тақтасы алдына қатар үстел қойып, оған «мамандар» орналасады.
Мұндай сабақ оқушы көңіл күйін көтеріп, өтілген сабақты есте сақтауға, ұғым бірілігін қалыптастыруға жәрдемдеседі.
Эксперттерге сұрақтар.
1. Экспедиция жетекшісіне сұрақтар қойылады.
1. Адамзаттың материкті игеруі қалай жүзеге асты?
2. Оңтүстік Америкаға саяхат жасағанда қандай қыйындықтарға кездестіңдер?
3. Туристік маршрутқа қандай табиғат объектілерін қосар едің?
4. Америка қандай математикалық бұрышқа ұқсайды?
5. АҚШ-неше штаттан тұрады?
6. АҚШ-қандай қала болып есептеледі?
2. Геоморфологқа сұрақтар қойылады.
1. Оңтүстік Америка қандай жер бедері формалары басым?
2. Материктің негізінде қандай тектоникалық құрылым жатыр? Ол жер бедеріне қалай берілген?
3. Оңтүстік Америкада не себептен жанартаулар көп атқылайды?
4. Саяхат кезінде жанартаулар атқылауын бақыладыңыз ба? Ол бақылаулар туралы әңгімелеп беріңіз?
5. Оңтүстік Америкада қандай бағалы пайдалы қазбалар ашылған ?
6. Пайдалы қазбалардың таралуы жер қыртысының құрылысы мен байланысын қалай түсіндіресің?
3. Климатологқа сұрақтар құйылады.
1. Материкте жауын-шашынның таралуы қандай заңдылыққа байланысты?
2. Материктің оңтүстік бөлігінің батыс жағалауында жауын-шашынның территорияларында байқалатын климатттық ерекшелітерін айт.
3. Материктің солтүстік және шығыс бөлігінде қандай желдер басым?
4. Материкте температура қалай таралған?
5. Материкте температуралық ауытқулар тіркелді ме, болса ол немен түсіндіріледі?
6. Соңғы уақытта айналадағы неге қатты көңіл бөлуде?
4. Гидрологқа сұрақтар қойылады.
1. Қандай мұхит суы Оңтүстік Американы шаяды?
2. Қай мұхит су жинайтын алапқа жатады, әсіресе, Оңтүстік Америка өзендерінен?
3. Материкті өзендерінің қоректену режимі қандай?
4. Суы мол өзендерге сипаттама бер. Ол неге байланысты?
5. Тау көліне сипаттама бер?
5. Биологқа сұрақтар қойылады.
1. Сельва, Компос, лампа ұғымдарын қалай түсіндіресің?
2. Амазонканың сельвасындағы жануарлар тіршілік етуге қалай бейімделген?
3. Адам табиғат зоналарына қалай әсер еткен? Қайсысы, әсіресе, адам әсерінен өте өзгерген?
4. Биіктік белдеулердегі тіршілік ететін жануарларға сипаттыма бер.
5. Оңтүстік Америка шөлейттерінде тіршілік етуге организмдер қалай бейімделеген?
6. Өздердің экспедицияларында қандай жануарлар мен өсімдіктерді бақылаңдар?
6. Этнографқа сұрақтар қойылады.
1. Материктің байырғы халқы кімдер?
2. Олардың қазіргі кәсібі не?
3. Саяхат кезінде қандай елдерге бардыңдар? Олардың шаруашылығына сипаттама бер. Эксепортқа не шығарады?
4. Не себептен материкте халық әркелкі тарлаған?
5. Адам әрекетінің әсерінен қандай антропогендік кешендер пайда болды?
6. Оңтүстік Америка елдерінде табиғатын қорғауға арналған қандай шаралар жүргізілуде?
Сабақты бекіту.
1.Географиялық ойын «Мені түсін» аудармашылар сайысы.
«Сельвас» -
«Компос» -
«Льянос» -
«Лампа» -
Сабақты қорыту.
1. Оңтүстік Америка ертедегі қай материктің бөлігі?
А) Лавразия.
Ә) Гондвана
2. Оңтүстік Америкаға еуропалықтарды бірінші келуі?
А) Құл сатып алу мақсатында.
Ә) Зерттеу мақсатында.
Б) Миссионерлік қызметке байланысты.
3. Картоптың отаны Оңтүстік Америка екенін анықтаған кім?
А) А. Гумбольдт пен Э. Бонплан
Ә) Н.Г Рубцов пен Г.И Лангсдроф.
Б) Н.И.Вавилов.
4. Оңтүстік Америка материгінде жер бедерінің қандай формалары бар?
А) Ойпаттар.
Ә) Таулар.
Б) Таулы үстірттер.
В) Айтылғанның барлығы.
5. Материкте қандай таудың аты, оның мыс рудасына бай екенін айтады?
А) Анд.
Ә) Аконкагуа.
Б) Ильямпу.
В) Чимборасо
6. Материк қандай пайдалы қазбаларға бай?
А) Шөгінді жыныстар
Ә) Магмалық.
Б) Бағалы пайдалы қазбалар.
В) Барлық айтылғандар.
7. Материктің жазықты бөлігінде ылғалды жылы климат түзілуіне қандай факторлар әсер етеді?
А) Географиялық орны.
Ә) Материктің жер бедері.
Б) Материктің конфигурациялсы.
В) Басты желдер – пассаттар.
8. Оңтүстік Америка қандай табиғат зоналарында орналасқан?
А) Экваторлық ормандар.
Ә) Саванналар.
Б) Шөлейттер.
В) Барлығы.
9. Саванналар зонасында жауын-шашын...
А) Жыл бойы
Ә) Түспейді
Б) Мезгіл бойынша
10. Оңтүстік Американың экваторлық белдеуінде климаттық өзгерістер байқал ма?
А) Жыл бойы 2 мезгіл байқалады.
Ә) Өзгерістер бар, бірақ аз мөлшерде.
Б) Мезгіл бойынша климаттық өзгерістер байқалады.
11. Экваторлық ормандар зонасында, көбінесе, жануарлар қайда тіршілк етеді?
А) Ағаш басында.
Ә) Барлық жерде
Б) Жер бетінде .
12. Гевея ағашы қайда өседі?
А) Шөлейттерде.
Ә) Савнналарда.
Б) Ылғалды эваторлық ормандарды.
13. Тукан құсы қандай табиғат зонасында тіршілік етеді?
А) Экваторлық ормандар.
Ә) Шөлейттер.
Б) Саваналар.
14. Оңтүстік Америкадағы Анд тауында тіршілік ететін қандай жануар бар?
А) Бұғы.
Ә) Лама.
Б) Пржевальский жылқысы.
В) Есек.
15. Оңтүстік Америка өзендерді қандай алапқа жатады?
А) Үнді мұхит алабы.
Ә) Атлант мұхит алабы.
16. Парана мен Ориноко өзендері қай уакытта тасиды?
А) Жазда
Ә) Қыста
Б) Жыл бойы
17. Оңтүстік Американың байрығы халқы?
А) Үндістер.
Ә) Негрлер.
Б) Мулаттар.
В) Метистер.
18. Бразилия қандай пайдалы қазбаларға бай?
А) Мұнай
Ә) Темір рудасы
Б) Боксит
В) Күкірт
19. Чили елтаңбасында қандай құс бейнеленген?
А) Тотықұс
Ә) Кондор бүркіті
Б) Сор тауық
В) Жұмақ құстары.
20. Оңтүстік Американың қандай мемлекеті бағалы металдың атымен атанған?
А) Мексика
Ә) Боливия
Б) Эквадор
В) Аргентина.
Үйге тапсырма: Оқушылар Оңтүстік Америка материгіне жағырапиялық шолу жасап, білімдерін тереңдету. Баспасөз конференция сабағы оқушыларды бір-бірінің алдында қысылмай, нақты деректерге жүгініп жауап беруге, өздерінің келешек маман-ғалым аттарына ұят келтірмейтіндей болуға үлкен жауапкершілікке баулу.
Бағалау
Пайдаланған әдебиеттер
1. Максаковский В.П -География
2. Қ.Карпенов, Ә.Бейсенова ,М.Қалиев География және табиғат-Ғылими-педагогикалық журнал
3. Э.ВМолодякова-АҚШ 2001-2002гг
4. Ұ.Ерназарова-«Географиядан жұмыс дәптері» Биология, география және химия журналы №6,1999ж
5. К.Қаймулдина-Материктер мен мұхиттар географиясы.«Атамұра»2003ж
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі