Қостанай ауданы әкімдігінің «Білім бөлімі» ММ
Затобол кенті
Н.Наушабаев атындағы мектеп-гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Әбдіғамидова Райхан Нарынқызы
Түсінік хат
«Журналистика негіздері» курсы бейімді оқыту тұжырымдамасына негізделген. Әлемдік сахнадағы қоғамның ғылыми,техникалық жетістіктеріне байланысты аталған курсты оқыту маңызды болып саналады. Еркін білім мен ақпарат алуда БҰҰ – ның жетекші мүшесі бола отырып, ЮНЕСКО журналистік білім сапасын жақсартуға бағытталған әр түрлі бастамалар ұсынды. Қоғамдағы адамның қазіргі өмірі жаппай коммуникацияның қарқынды дамуымен байланысты (радио,телевидения,интернет,кітаптар т.б. Жоғары сынып оқушылары мен мектеп түлектері осы аталған курста стилистика бойынша білімдерін тереңдетіп,кеңейтеді. Бағалық бағдарламадан тыс публицистикалық стиль жайлы және жаңа ақпарат алады. Болашақ журналист,редактор,тілші,репортер мамандықтарына қатысты осы курс оқушылардың білімін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Курстың мақсаты мен құрылымы:
• Тілдік сауаттылықтарын арттыру;қоғамдық және күнделікті өмірде қажетті ауызекі тілдік сауаттылықтарын дұрыс қолдана білуге үйрету.
• Мектеп түлектерін қызықтыратын журналист, репортер, редактор, тілші мамандықтарын теория және практика жүзінде таныстыру
• Дәстүрлі емес жазба жұмыс түрлері арқылы тіл мәдениеттерін,сөздік қорларын арттыру, осы курс оқушыларын теориялық және шығармашылық білімдерін практикалық тапсырмалар орындау арқылы белсенді игеруге бейімдеу
Практикалық бөлім оқушылардың келесі жұмыс түрлерінде көрсетіледі:
• Газет, журнал материалдарымен өзіндік жұмыс жүргізу. Газет жанрында материалдың берілу стилін сақтау
• Практикалық дәлелдеулер табу
• Материалдар жинау
• Шығарманың мазмұны мен тілі жайлы топтық және ұжымдық жұмыс
• Газет беттерін шығару
Бағдарлама практикалық сабақтарда лекциялық материалдарды түгел қарастыруға негізделген. Авторлық түзетулер, редакциялық, шығармашылық тапсырмалар басты орынға қойылған.
Курс 10-сынып оқушыларына ұсынылады.17 сағатқа есептелген.
«Журналистика негіздері» курсының тақырыптық-күнтізбелік жоспары
№ |
Тақырыптың атауы |
Өткізу формасы |
Білімділік мақсаты |
Сағат |
Өтілетін күні |
I. 1. |
Кіріспе сабақ Журналистиканың пайда болуы және дамуы |
Сұхбат Лекция |
Тірек мәтінін құрастыру |
1 |
|
II. |
Қазіргі публицистикалық баспасөз жанрының әр алуандылығы |
|
|
8 |
|
2.3. |
Ақпараттық газет жанры. |
Ізденіс. Жаттығу |
Газет басылымдарымен жұмыс |
2 |
|
4.5. |
Газетке мақала жазу |
Жаттығу |
Мақала жазуға материал жинақтау |
2 |
|
6.7. |
Сұхбат |
Топтық жаттығу |
Сұхбат алу үшін қызықты адамдармен қарым-қатынас |
2 |
|
8.9 |
Репортаж |
|
Сюжеттік материал үшін ізденіс |
2 |
|
III. |
Мамандықтар: журналист, репортер, редактор. |
|
Тірек мәтінін құрастыру. Дауыс ырғағын қалыптастыру бойынша тренинг |
6 |
|
10.11. |
Аудиториямен жұмыстың технологиясы. |
Кеңес. Тәжірибе сабақ. |
Дауыс ырғағын қалыптастыру бойынша тренинг |
2 |
|
12.13 |
Журналистпен кездесу |
Дөңгелек үстел |
Кәсіби қарым-қатынас тәжірибесі |
2 |
|
14.15. |
Үлгі жасау және беттеу (газеттің безендірілуіне қойылатын талаптар). |
Типографияға саяхат |
Газеттің макетін құрастыру |
2 |
|
16.17. |
Қорытынды сараптама |
Іскерлік ойын «Алқа отырысы» |
Үздік газеттер жинағы. Жеке, ұжымдық және авторлық жобаларды қорғау |
2 |
|
Кіріспе
Сабақтың мазмұны: Тілші мамандығының шығуы және дамуы
• Тілші - адамзат қызметінің ерекше саласы
• Публицистикалық стильдің арнаулы мақсаты
• ХҮІІІ ғ тілшілік туралы жалпы сипаттама
• ХҮІІІ ғ басындағы тұңғыш газет
Негізгі ұғымдар
Тілшілік, стиль, публицистикалық стиль, қызмет
Оқытушының қызмет үлгісі
Жұмыс мазмұнымен танысу, курстың негізгі білімділік міндеттері мен мақсаттары, жеке қызығушылығы мен бейімділігін анықтау, оқушылардың көркем сезімі мен шығармашылық ұстанымын ашу, олардың әдеби және эстетикалық дәрежелерін анықтау, жоспар бойынша лекцияларды өткізу.
Оқушылардың қызмет үлгісі
Теориялық материалды конспектілеу. Берілген тақырып бойынша өз ой-пікірін жеткізу.
Оқушылардың БИД–на (білу, игеру ,дағды) қойылатын талаптар
Білу: Сабақтың тақырыбы бойынша негізгі ұғымдар,конспектінің қағидалары.
Игеру: Дәріс материалдарын сауатты жазу, конспектіні көркемдеуде орфография және пунктуация ережелерін сақтау.
ІІ. Қазіргі кездегі жарияланымды басып шығарудың көп түрлі жанры
Бөлімнің мазмұны
• Ақпаратты газет жанры, жағымды және сын мақаласы
• Газетке мақала жазу. Мақала жанрлары: озаттық, насихаттық.
• Сұхбат. «Әңгімелесу кезіндегі ереже» жаднамасы.
• Репортаж. Репортаж түрлері:оқиғалы,тақырыпты.
• Фоторепортаж, радиорепортаж, телерепортаж.
• Болатын талдау нәтижелеріне тікелей бақылау, көргенді ұғыну.
Негізгі ұғымдар
Газет, мақала, сұхбат, репортаж, сурет репортажы, хат-хабар
Оқытушының қызмет үлгісі
Газет-журнал материалдары бойынша оқыту үшін семинар, практикалық сабақтарды ұйымдастыру, оқушылардың ұжымдық және өзіндік зерттеушілік ұстанымдарды ұйымдастыру; авторлық, ұжымдық, өзіндік жобаларды қорғау үшін даярлық; оқушылардың шығармашылық ұстанымдарын ұйымдастыру, сюжеттік оқиғаларды, фактілерді, материалдарды іздеу. Газет-журналды шығара бастау.
Оқушылардың қызмет үлгісі
Мақала, деректерді жазу үшін материалдарды жинау; сұхбат құру үшін қажетті адамдармен кездесу; репортаж, мақала жазу үшін мектептің, ауылдың белгілі оқиғаларына қатысып отыру, шығармашылық жұмыстарды тексеру.
БИД-қа қойылатын талаптар
Білу: Бөлім бойынша негізгі түсініктеме;жариялылық баспасөзд жазбасының ерекшеліктері мен әр түрлі жанрдың хатталуы; бүгінгі тілші жанрының алуан түрлілігі
Игеру: Қазіргі тілші жанрында мақаланы жазу; репортаж жүргізу, сұхбат алу.
ІІІ. Мамандық: тілші, репортер, редактор (6 с)
Материал мазмұны
- аудиториямен қарым-қатынас технологиясы
- дауыс сипаттамасы – қайрат, екпін, биіктік, қарқын, дыбыстық жүйе
- тілдік әдеп: ырғақ, екпін, сезім.
- дауысты жаттықтыру
- тілшімен кездесу
- үлгі жасау, газет бетін дайындау, үлгі жасау ережесі
- газет бетін дайындау қағидалары, үлгі жасау түрлері
- газетті әрлендіру
Негізгі ұғымдар
Сөйлеу әдебі, үн сипаты, дыбыстық үйлесім, газет беттерін дайындау, газет бетін дайындау қағидалары, үлгі жасау, баспасөз таңбасы.
Оқытушының қызмет үлгісі
Редакция мен баспаханаға саяхат жасау, тілшілермен «Дөңгелек стол» ұйымдастыру, «Редколлегия отырысы» іскерлік ойынын өткізу, газет шығаруға түсінік.
Оқушылардың қызмет үлгісі
Тірек конспект құру, кәсіби қарым-қатынасқа арналған тренинг жүргізу (дұрыс сұхбаттаса білу, аудиторияның назарын өзіне тарта алу); кәсіби дауыс ырғағын қалыпқа келтіру бойынша жұмыс, этикалық мәдени қарым-қатынасты қалыптастыру; газеттің пішінін құру және нөмір шығару.
БИД талабы
Білу: Газет және журнал беттерін көркемдеу талабы; аудиториямен қарым-қатынас жасау технологиясы.
Меңгеру: Газет беттерін құру және жүргізу,аудиториямен және болашақ жарияланымның кейіпкерлерімен қарым-қатынас
1-тақырып.
Журналист мамандығының пайда болуы және дамуы
Журналист мамандығы - адам қызметінің жоғары өрісі. Журналистердің басқалар сияқты кәсіпке байланысты тілдері мен көркем сөздерінің жиынтығы бар,олар сөздің тиімділігімен ерекшеленеді, айтатындарын нақты стилдер жүйесінде халыққа жариялап отырады. Сондықтан мамандықтың ішінде журналистер - ерекше публицистикалық стилді,көпшілікке бағытталған, сөз өлшемі мен мәнерді қатар тұтқан, ақпаратты халыққа көзбен көргендей жеткізіп,авторлық және қоғамдық - әлеуметтік мәселелерді шынайы түрде қозғай алатын мамандар.
Публицистикалық стил ( латынша – қоғамдық) – газеттерде, қызмет бабында, қоғамдық ортада сөз сөйлегенде әдеби тілдің қызметтік тұрғыдағы тарихи күрделі түрі. Бұл стил үнемі газет,журнал мақалаларында, телехабарлар мен радиохабарларында, әдеби – сын жұмыстарда, қоғамдық – саяси тілдерде қолданылады.
Публицистикалық стилдің мақсатты тапсырмасы – жаңа ақпараттарды хабарлау,көпшіліктің тиісті нәрсеге назарын аударып, көздерін жеткізу.
Журналист әлемдік мәдениетті, маңызды қоғамдық қозғалысты игереді. Бұл да шығармашылық пен саясаттың ерекшелігі. Қазіргі өркениеттің маңызды тұрқысы. Журналист қызметі дамуының тарихи тәжірибесі әр елде әр түрлі.
Қазақстанда алғашқы ақпаратты басылымдар «Қырғыз уалаяты», «Қазақ» газеттері, «Айқап» журналы болды .Оның ұйымдастырушылары – қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері – Ахмет Байтұрсынов, Мұхаметжан Сералин.
Журналист қызметі жылдан-жылға өрістеуде. Бүгінгі таңда идеологиялық маңызды күшке ие. Журналистер президентпен кездеседі, қоғам мәселелеріне, қоғамдық ұйымдарға, экономиканы дамытуға өз ықпалдарын тигізеді. Мәдениеттің ерекше бір түрі бола тұрып, рухани және материалдық мәдениеттің дамуына зор үлес қосады.
Тоқсаныншы жылдары қазақ басылымдары бюджеттен тыс қалды. Мұның бәрі ілгеріде бюджеттен қаржыландырылып келе жатқан басылымдарға кері әсер етті. Қаржы болмаған соң, мәселе тұйыққа тірелді. Журналистердің айлап қаламақы алмаған кездері болды. Баспаға қарыз көбейді. Газет-журналдар айлап шықпай қалды. Оқырмандар мазасыздана бастады. Газетке жазылушылар азайып кетті. Кейде екі нөмірді біріктіріп басқан кездер де болды. Міне, осындай өліара сәтте Елбасы шешіміне сәйкес, қазақ басылымдарының басын біріктіріп, бір жерден қаржыландыру үшін осындай ұйым құрылған болатын. Сол негізде 1999 жылы 12 маусымда жеті бірдей қазақ басылымы «Қазақ газеттері» жабық акционерлік қоғамы аясына бірікті. Олардың барлығы да рухани басылымдар еді. Басылымдарды басқару орталықтанғаннан кейін мәселені нарықтың жағдайына бейімдеп шешу жайы қолға алынды. Қазіргі шарттарға бейімделген басқару аппараты құрылды. Газет-журналдардың баспахана алдындағы қарыздары қайтарылды. Редакция қызметкерлерінің айлап ала алмай жүрген жалақы-қаламақылары төленді. 2003 жылы «Қазақ газеттері» акционерлік қоғамы өз-өзіне келіп, аяғынан тік тұрды. Құрылғаннан бергі 10 жыл ішінде, әуелі жабық акционерлік қоғам болып, одан кейін 2006 жылы жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып құрылып, құрылымдық өзгерістерді де бастан кешірді. Қазір «Қазақ газеттері» серіктестігі құрамында үш газет, үш журнал, жиыны алты басылым шығып жатыр.
– Осы оңтайландырылған 10 жыл ішінде бұл ұйым өзін ақтай алды деп айта аламыз ба?
– Айта аламыз.
– Алда да осы бағытпен тарта бермексіздер ме, әлде басқалай тың жоспарларыңыз бар ма?
– Бұл оңтайландырудың көптеген ерекшеліктері бар. Біріншіден, біздің ұйым құрамындағы газет-журналдарға еркіндік бергенбіз. Шығармашылық ұжымға әкімшілік тарапынан қысым жасаудың ауылы алысқа кетті. Екіншіден, біздің серіктестік құрамындағы басылымдардың тақырыптық жағынан бір-бірін қайталамайтын өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалға, «Ана тілі» апталығы елдегі руханият жайынан қозғайтын болса, «Экономика» газеті атына сай экономика тақырыбын, оның ішінде еліміздің дағдарыстан шығу кезеңіндегі жағдайын талдап көрсетеді. Олардың жұмыс барысын ақылдастар алқасы таразылап, екшеп, шешіп отырады. «Ақиқат» пен «Мысль» журналдары қоғамдық-саяси мәселелерді, оның теориялық аспектілерін талқылап отыруға арналған басылымдар болып табылады. Серіктестік аясында таяу уақыттан бері шығып жатқан «Үркер» журналы жас таланттардың шығармаларын насихаттауға арналған. Жер-жердегі дарынды жастардың ұмтылысы мен құлшынысын көрсету үшін ойдағыдай жұмыс істеп жатыр деуге негіз бар.
– Қашан да, қай заманда да мәселені кадр шешеді. Бұрын бірді-екілі жоғары оқу орнында ғана журналистика факультеті болатын. Ал қазір мұндай факультет көптеген оқу орындарында ашылып жатыр. Қазір журналиспіз дегендерді көбейтіп, қадірін кетіріп алған жоқпыз ба? Екіншіден, осы мамандар сапасы жағынан тиісті талаптарға қаншалықты жауап беріп отыр, осыған көзқарасыңыз қалай?
– Иә, бұрын тек ҚазҰУ- да ғана журналистика факультеті болатын. Біз бәріміз соны бітіріп шықтық. Ал бүгінде елдегі 17 бірдей жоғары оқу орнында журналистика факультеті бар екен. Бұл жерде сападан санға қарай ауытқушылық байқалады. Менің ойымша, өзіндік тәжірибеге ие Алматы, Астана, Қарағанды және Ақтөбедегі журналистика факультеттерін қалдырса, соның өзі де бізге былай жетеді. Біз мұндайда саннан сапаға қарай бір қадам аттар едік. Сонда оқу сапасы да, оқыту методикасы да артар еді.
– Сонымен қатар басқа кейбір елдер тәжірибесіне қарасақ, журналистерді төрт-бес жыл бойы оқытуды қажет емес деп есептейді де, журналистиканы қатынас – пиар факультетінің бір курсы ретінде ғана қарастырады. Бізге де осындай жаңаша бір серпін, жаңаша бір жоспар-жоба жасау керек деп ойламайсыз ба?
– Менің ойымша, журналисті тек диктофон, камера, репортер арқалап жүретін маман деп түсінбеген абзал болар еді. Бір-екі жыл оқығандар сол өздері жеткен деңгейден аспай қалады. Нағыз журналист болу үшін базалық білімнің түп-тұқиянына дейін білетін маман болып жетілу керек. Ол үшін университеттің толық курсынан сусындау керек болады. Журналист теориялық біліммен де қарулануы керек, практиканы да толықтай игеруі қажет. Сондай-ақ өндірістік тәжірибені меңгеріп, өзінің шеберлігін ұстарта білетіндерден ғана нағыз журналист шығады. Базалық білім берумен қоса, журналистика факультеттерінде білікті журналистер өздерінің мастер-класын да өткізсе, нұр үстіне нұр болар еді. Осы ретпен келгенде, лабораториялық жұмыстарды да редакцияларда өткізген дұрыс деп ойлаймын.
Сондықтан білікті маман дайындап шығу үшін қазіргі төрт жылдық бакалавриатураны үзбей жалғастыра беру қажет. Осы төрт жыл ішінде болашақ маманның қазақ зиялысы ретінде өзіндік интеллектісі қалыптасуы керек. Ол азамат ретінде осы аралықта өзін-өзі байытуға тиісті. Жан-жақты білімді болғанда ғана мықты журналист шығады. Келешек маман міндетті түрде қазақ журналистикасының өткені мен бүгінін білуі қажет.
– Мәселен, банкир Г. Марченко брифинг сайын тақырыптан ауытқып, жазарман ағайынды жазғырады да жатады. Бұл журналистің маманданбауының салдары емес пе екен. Айталық, осы күнге дейін ыстық нүктелерден біздің тілде хабар тарататын журналистер тағы жоқ… Осының бәрі интернеттен көшіріп демейік, бірақ үстел басынан ұзамайтын әуесқойлардың қатарын көбейтіп жатқан жоқ па? Бәлкім, журналистер дайындайтын жоғары оқу орындары осының бәрін үйлестіре алмай отырған шығар, болмаса, басқаша да себебі бар шығар? Бұл турасында не айтасыз?
– Мұндайда журналистика факультеттеріндегі оқыту методикасын жетілдіру кезек күттірмейтін шара дер едім. Айталық, екінші-үшінші курстан кейін болашақ маманды бейімдеу курстары өткізілуі қажет деп санаймын. Әлеуметтану бағытында жұмыс жасаймын дегендер үшін социологияны тереңдей оқытса, экономика немесе заң тақырыптары бойынша еңбектенемін дегендерге де сондай жағдай жасалса, бұл әрине, журналистердің салалық тақырыптарды игеруіне игі ықпал етпек. Бұл үшін сырттан білікті мамандарды көптеп тартқан тиімді болмақ.
Ал негізі білімі экономика немесе заң саласы бола тұра, журналистикада жүрген азаматтарды қуана қолдаған жөн. Өйткені олар өз саласының етін қайнатып, сорпасын ішкен мамандар. Бұдан журналистика ұтпаса, ұтылмайды.
– Әңгімеңізге рақмет!
Алашқа айтар датым…
Бүгінде елдегі 17 бірдей жоғары оқу орнында журналистика факультеті бар екен. Бұл жерде сападан санға қарай ауытқушылық байқалады. Менің ойымша, өзіндік тәжірибеге ие Алматы, Астана, Қарағанды және Ақтөбедегі журналистика факультеттерін қалдырса, со
2.3-тақырып. Ақпаратты газет жанры (мақала)
Газет жанры екі топқа бөлінеді: ақпараттылық - мақала, репортаж, сұхбат; аналитикалық - тілдесім, пікір, очерк, сықақ. Алдымен нақты деректер мен түскен мәліметтерді хабарлайды, содан кейін деректерді талдайды және қорытындысын мазмұндайды. Мақала – газет жанрының ең кіші бөлшегі. Негізінде онда бір ғана дәлел болады. Оның көлемі оннан жүзге дейінгі тармаққа дейін барады. Бұл жалпыға бірдей жанр. Тақырып атауының өзінде білінеді: қоршаған ортадан бақылағандарын негізге алу. Мақаланы жазуға әлде бір деректер, көңілге кірбің ұялататын нәрселер, қуаныш әкелетін жағдайлар себеп болады. Мақалада зерттеу жұмыстары немесе кеңейтіліп, таратылған еңбектер жазылмайды. Оған таяу арада болған жайттар себеп. Мақалада басты талап – тікелей араласу. Уақытында берілген хабар тиімді. Мақала мазмұны басқа ақпаратты жанр сияқты классикалық сұрақтарды қамтиды: Не болды? Қайда болды? Қашан болды? Болған жағдайдың ортасында кім жүрді? Қалай болды? Не себепті? Немесе осы сұрақтардың бірін ғана қамтиды. Мақала стилі қысқа болып келеді. Тақырыбы шектеусіз. Бірақ автор мол өмір деректерінің ішінен ең толғандыратын,ашу туғызатын нәрселерді, ешкімге ескерту жасамай түртіп алғаны жөн.
Мақала жанры өзінің тілімен, құрылымымен бірнеше түрге бөлінеді. Жағымды мақалалар да, сынға алатын мақалалар да бар.
Жағымдысы – тақырыбы бар, жағымды ,сабақ болатын мақала. Сын мақаласы – тақырыбы бар, келеңсіздік жайлы жазылған мақала.
Сын мақаласы
Сын мақаласын жазғанда автор ұқыпты болу керек. Күлкіге қалу,сынға ұшырау ешкімге жақсылық әкелмесі белгілі. Егер қызмет бабы туралы айтылса,ешкімді кіналауға тырыспаған жөн. Реніш туғызбас үшін жазылған жайды әбден анықтап алады. Сын мақаласының ерекшелігі – мазмұн формасы. Мақала оқырмандарға түрлі ашу мен мысқыл күлкі әкеледі. Ең тиімдісі - әзілмен жеткізу.
Сонымен:
- Сын мақаласына бір дерек таңдалады.
- Сюжетті ойластырғанда автор оқырмандарының жанын ауыртпайтындай, өз мүмкіндігіне қарай мысқыл мен ренішті жеткізу керек.
- Мақалада негізгі ой анық көрсетілмейді,тілдің көркемдегіш құралымен оқырмандардың көңіліне жағатындай баяндалады.
Практикалық сабақ
- Алуан түрлі мақалаларды анықтау мен игеруде газет материалдарымен жұмыс.
- Жағымды және сын мақала жазу.
4.5 - тақырып. Газетке мақала жазу
Мақала - кез-келген өзекті жайттарға және оқиғаларға байланысты кең түрдегі хабарлама. Журналист мақаланың үш түріне көңіл бөледі: іскерлік, насихат, өзекті мәселе.
Өзекті мәселесі бар мақала басқа мақаладан қалай ерекшеленеді? Сөздері және қорытуы арқылы басқа мақала шынайы деректерді бір тақырыпқа жинақтап, байланысты түйін жасайды. Өзекті мәселеде қоғамға қажетті пікір қозғайды. Оның күші ақиқатта емес, дәлелдемелерге сүйенген жинағында.
Автор көздеген деректер нақты болу керек,бірақ бұл бүгінгі мен ертеңгі күннің оқиғасы болуы тиісті емес. Автор бір ай не бір жыл ішінде бақылағандарын да жаза алады.
Автор мақаласының міндеттері – маңызды нәрсеге, зиянды әрекеттерге оқырманның көңілін аудару,әділ немесе қате көзқарастарға, ойларға көздерін жеткізу,сондықтан мақаладан үнемі пікірталас туындайды.
Практикалық сабақ.
1-тапсырма. Дайын мақалаларды оқы.
2-тапсырма. Мақала жаз.
8.9-тақырып. Репортаж
Бүгін біз репортаж жазуды үйренеміз. Сіз репортерсіз және сіз газет шығарасыз. Ал газет қызықты болу үшін оқырмандарды не қызықтыратынын білесіз бе?
Қызықты тақырып оқырманның назарына бірден ілігеді. Мазмұндаудың ерекше формасы болу керек. Газет көлемі және мазмұны бойынша әр түрлі болғаны жөн: өзекті тақырыптағы мақалалармен қоса сынау, фотосуреттер, комикстер, өмірдегі қызықты жағдаяттар болуы керек.
Материалды қызықты формада, әр түрлі газеттік жанрда ұсынған жөн.
Олардың бірі – репортаж жанры.
Репортаж дегеніміз не? Репортажда не туралы айтылады?
- Репортажды дүниеде қандай жаңалықтар болып жатқанын айту үшін жазады.
- Репортажды тілшілер жазады. Тілші қандай да бір оқиға орнына барып, болған жайтты баяндап жазады.
- Репортажда репортер көргенінің ең бастысын ғана баяндайды.
Қорытынды:
- Репортаж – француз тілінен аударғанда «хабарлау». Бұл журналистердің негізгі әдістерінің бірі және өмірді бейнелеуі. Деректерді тікелей бақылайды. Оқиғалармен және оның қатысушыларымен байланысты болу керек. Кейін талдауға және көргенін көңілге түюге міндетті. Аудитория жаңалықтарына салмақ әкелетін кез-келген газет материалдары жиі репортаж деп аталады.
- Репортаж – бұл көзбен көрген оқиға туралы әңгіме.
Алайда басқа газет жанрларында да хабарланады. Мысалы, ақпарат мақалалары деректерді, оқиғаларды, болған жайларды хабарлайды.
Ақпарат мақалаларының репортаждан айырмашылығы неде? Мақала қайда,қашан болғаны жөнінде баяндап, оқиға деп атайды, ал репортажда болған оқиғаны бейнемен бере отырып, қалай болғаны жөнінде баяндайды. Барлық репортажда нақтылық, дәлдік болу керек, атап айтқанда документалды түрде.
1 - тапсырма. Алдымен репортажды оқыңдар. Бұл репортажда не туралы айтылады? Не, қайда, қашан болғаны жөнінде көрсететін сөйлемді табыңдар.
Біз жазғы демалыста Астана қаласына балалар тобымен саяхатқа бардық. Қалаларды араладық. Мұражайларды көрдік. Есіл жағасына барып, қайықпен жүздік. Бәйтерекке шықтық. Бәйтеректегі қол мүсініне балалар кезек-кезек қолдарын қойып мәз. Содан өздеріне қуат алғандай сезініп, бір-бірлеріне шаттана қарайды. Биіктен қалаға көз тастап, қаланың әсемдігіне сүйсінеді.
2 - тапсырма. Репортаждың мына бөлігінде нені бейнелейді? Сіздің алдыңыздағы репортаж екенін дәлелдеңіз. Автордың оқиға орнында болғанын көрсететін сөзді табыңыз.
Дауыл. Мені дауыл болған жерде тұрғаным қуантты. Мен дауылдың қалай басталып, қалай аяқталғанын көрдім:аспан күңгірттеніп, қола бұлттар көшіп жатыр. Майда жаңбыр тамшылары ірі бұршаққа айналды, бұлттар қарайды...Түнек қатерлі сары түске айналды. Алай-түлей қатты боран соғып, салқын түсті. Бір қара бұлт төмендеді де, соңынан одан жоғары тағы да осындай қара бұлт ілесті. Бір кезде барлық бұлт үйірілді. Осы үйірілген қара түнек арасынан найзағай ойнады. Қираған сурет тәрізді. Жарқ-жұрқ. Бір минуттан кейін естен танарлықтай бәрі өте шықты.
Репортаждың белгілері
- Нақты көрсетілген орны, уақыты, қатысушылары, құжаттары
- Автордың (қатысушының) жеке қатысуы
- Автордың көзқарасы, бағасы
- Қазіргі (болашақ) пішіндегі оқиға мазмұны
Репортаж - кеңейтілген жанр. Репортаждың түрлілігі оқиғаның сипаттамасы мен мазмұнына байланысты ажыратылады.
Оқиғалы (таныс) репортаж оқиғаны хронологиялық тәртіпте тікелей көрсетеді. Бұл кеңейтілген түрі. Тақырыптық репортаж басқаша құрылады: репортер алдымен қандайда бір ірі оқиға туралы материал жинайды, мол материалдардың ішінен қажетті тақырыпты ашатын дүниелерді таңдайды.
Кәдуілгі «мәтінді» репортаждан басқа газеттерде,әсіресе журналдарда фоторепортаж жиі шығады. Кейде фоторепортаждарда мәтіндер негіз болады, ал иллюстрация көмекші рөл атқарады. Көбіне журнал репортаждарында негізгі мазмұн суреттер арқылы, ал жазу оған түсініктеме ретінде беріледі. Бірақ кез-келген жағдайда суреттер репортажда айтылғандардың түпнұсқасы бола алмайды. Фоторепортаж мектеп газетінің көпшілікке танымал жанрларынан болуы мүмкін.
Біздің өмірімізге еніп, үлкен маңызға ие болған ақпаратты жанрлар – радио мен телерепортаж. Олар тыңдармандар мен көрермендерге әсер бере отырып, оқиғаға араласқан куәгер ретінде танытады. Радио мен телерепортаж оқиға орнында, болған уақытында жүргізіледі. Радиорепортер нені әңгімелеп отыр, сол жөнінде тыңдаушылардың көзін жеткізуге тырысу керек. Телерепортажда көрермен онсыз да көреді. Репортер тек баяндап тұрады.
Практикалық сабақ.
1-тапсырма. Газет материалдарын қарау. Қызықтыратын репортаж таңдау. Жоспары мен тезистерін жаза отырып,ауызша хабарлама дайындау. Бұл репортажды неге таңдап алғаныңызды көрсетіңіз? Оның құндылығы неде? Авторға қандай жетістік әкеледі? Неге қол жеткізілген жоқ?
2-тапсырма. «Мен репортаж жүргіземін…» тақырыбында өзіңнің репортажыңды құр.
10, 11- тақырып. Аудиториямен қарым-қатынас технологиясы
Журналист мамандығын таңдағанда өз дауыс күшіңнің әсеріне сенімді болуың керек. Дауыс үйлесімі – бұл тек қана күш емес, сондай – ақ қарқын, биіктік, құбылыс. Олар бір-бірімен тығыз байланыста және дыбыс шығару аппараттарының барлық элементтеріне тәуелді, бір-біріне әсер етеді.
Ең басты барлық дыбыстық ерекшеліктерді біріктіруші үйлесім – дауыс ырғағы.
Дауыс ырғағы неғұрлым төмен түскен сайын баяулай береді. Қарқынды өрлеу бірсөзділікті де білдіреді. Баяу көтерілетін және терең дауыс ырғағы белгісіздікті, күмәнді, ақпаратты дұрыс білмеушілікті білдіреді. Терең сезім әр уақытта дыбыс үзілісі мен дауыс ырғағын қажет етеді. Күмән, тынышсыздық, қорқыныш – бұлар дауыстың төмендігін байқатады. Дауыс күшін дамыту үшін таныс емес мәтінді бірнеше минут дауыстап оқуға көңіл бөлу жеткілікті. Біз таныс емес бұрын оқымаған шығармалардың үзіндісін дауыстап оқығанда, еріксіз мынадай мәселелерге кездесеміз:
- сөз орамдарын соңына дейін айта алмау
- ауа жетіспеушілік
- қажетті сөз мәнерінің болмауы
Ауаның жеткіліктігін сезінген жағдайда дауысыңыз жеткенше, дауыс мәнеріңіз қалыпқа келгенше дауыстап оқумен айналысқан жөн. Сөз түзеу ұғымына мыналар кіреді:сөздің бүтіндей жүйріктігі, жеке сөздердің анық естілуі,үзіліс ұзақтығы.
Адамның шапшаң сөйлеуі оның қызулығы мен жүйкесінің жұқалығын білдіреді.
Адамның баяу сөйлеуі тыңдаушының өзіне деген назарын жоғалтады.
Журналист есте сақтайтын басты ереже - тыңдарманға міндетті түрде айтып тұрған жағдайға байланысты ой тоқтатуға уақыт беру керек, егер сіз осы жағдайға басқа мақсат қоймасаңыз.
Дауыстың жоғарылығы туралы мыналарды: дыбыстық хабарламаны мидың оң жақ жарты шеңбері төмен, ал сол жағы жоғары қабылдайтынын білу керек. Дауыс ырғағын құбылтуға болатынын біле тұра, хабарламаны саналы түрде және санадан тыс бөліп шығару.
Дауыстың жоғарылығы мен дауыс ырғағы тіл мазмұнына қарағанда ақпараттарды көбірек әкеледі.
Артикуляция жеткіліксіздігі сияқты түсінік бар. Қандай жеткіліксіздік болса да, әр сөздің әрпін қатты және анық жарты сағат ұдайы айту керек.
Дауыс ырғағы ақпараттың жартысынан көбін жеткізеді,сондықтан оны лайықты сөздер мен сөйлемдерді дұрыс таңдай отырып, ретімен құру керек. Әр түрлі екпінмен айтылған сөздер құлаққа түрлі естіледі және түрлі ойды білдіреді,бұдан сақ болған жөн.
Маңызды ереже: Егер сіз маңызды, өте салмақты нәрсе айтатын болсаңыз, сіздің даусыңыз сабырлы, сенімді және мейірімді болу керек.
Дауыс ырғағы дененің жағдайы мен беттің құбылуымен байланысты. Дауыс ырғағының маужыраңқы немесе қызуқанды кейіпте болуы сол сәтте дауыстан айқындалып тұрады және күткен жауапты алу қиын. Тікелей эфир ұзақтығында «Күлкіні сақта!» деген термин бар. Төменгі қарқында айтылған дауыс сенімділікке жетелейді. Дауыс ырғағынан басқа да маңызды мәселе – екпін мен сезім. Әсіресе бірінші айтылатын сөз ерекше жеткізілу керек.
Қарама–қайшы жақтар: Сөздің соңын жұтып қою, сөздер легін үзіліссіз айту, сонымен қатар қырыл мен жөтел. Тағы бір кемшілік – сөз орамдарының аяқталмай қалуы. Мұндай жағдай үнсіздік әкеледі. Бұл ол жасырғысы келген ақпарат түрінің ішкі қақтығыс кедергісінің деңгейі. Көптеген күмәнсіз ақпараттарды жасырмау немесе айтуға болмайтынды айтып қою, айтатын жайтты айтқысы келмеу, дауысын жөнсіз көтеру тілшіге тән емес.
Сезім жайлы айтқанда, тембр төмендейді. Егер сіздің әңгімелесушіңіздің дауыс тембры жоғары әрі сөзді қарқында болса, сіз мына сөздерді көру, көзқарас, қарау. Егер төмен болса сезу, үйлесім, ұғыну. Егер сөз ұсақ мөлшерлі болса: есту, пікір, ойындағысын айту сияқты сөздерді қолдануыңыз керек. Егер сіз алған ақпараттың анық екендігіне күмәнді болсаңыз, ақпараттың күмәнді жерлерін бойыппен, сөздің дауыс ырғағын бөліп қайталап оқып, және әңгімелесушіден осы ақпаратқа сенімділігін әрі оны қажет болған жағдайда осыған сүйенуге болатыны жайлы сұрауыңыз керек.
Практикалық (машықтану) сабақ.
Дем жақсы шығуы үшін, дауыстың жақсы шығуы, жүріс, ым, кескін өте қажет.
1-тапсырма. Дауысқа орналған жаттығуларды орындау.
Үш тіркелім бойынша орнығу.
1. тапсырма мазмұны
Ортаңғы тіркелім.
1. Дауыс құрылымы ұстанымын ұйымдастыру. «А» дауысты дыбысын іштей айту үшін ауызды еркін және кең ашу немесе ауызға ыстық картоп, балмұздақ шарын салу. Кең ашылған ауызда саңылау болуын керек.
Дауыс құрылымына осылай жаттығу жасау арқылы мына дыбыстарды айту керек: мгм, мама, мәммә, мыммы, мумму.
«Менің дауысым - менің капиталым»
Тренинг алдында түзу отыру және іштің төменгі жағын жеңіл көтеру керек.
Төменгі тіркелім.
2. Ұстаным иекті жеңіл түсіріп, кеуде клеткаларының жоғары бөлігін алақанмен жеңіл ұрғылап:
Мм, мма, ммэ, ммо, мму.
(У) дыбысы ақырыннан бастап айғайға дейін және қайтадан ең төменгі дыбыссыз айтуға оралу.
(бом) қоңырауы бірде жай естілу, бірте-бірте қаттырақ шығару.
«Менің дауысым ағза секілді естіледі»
Жоғары тіркелім
3. Екі қолдың саусақтарының ішкі жұмсақ жағымен мандайды тұтастай ақырын ұрғылап: мм, мма, мма, мма... деп айтып көр.
Маса. Майраға мата алдым..
2-тапсырма.
Мақалдарды әр түрлі нұсқада айту.
«Менің жерім жер астында жатсам да мейірімді» деген мақалды.
- дыбыссыз, анық, мәнерлі.айт
- сыбырлап,дауысты дыбыстарды созып айт.
- жарты дауыста (осы жерде, алысырақ, алыс) айт
- бар дауыспен осы жерде, алысырақ, алыс тұрып қайталап айт
3-тапсырма.
Оқиға орнында репортаж өткізу.
«Жүзге дейін» шоу – бағдарламасының жүргізушісі рөлінде ойнап көру.
12.13. тақырып. Журналистпен кездесу.
Өткізу формасы: Дөңгелек үстел (журналистиканың аналитикалық жанрларының бірі).
Білімділік мақсаты: Кәсіби қарым-қатынас тәжірибесі.
Іс-шараға дайындық бойынша оқушылардың шығармашылығы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Ақпараттық материалды дайындау.
Іс – шарадағы оқушылардың шығармашылығы:
Дөңгелек үстелдің тақырыбы: Баспасөздегі жарнама.
Дөңгелек үстелдің ақпараттық бөлігі
• Баспасөздегі жарнаманың мәтіні: оңы мен солы.
• Криптожарнаманың алдын алу және оны жою.
• Кәсіби әдеп.
• Авторлық құқық .
Оқушылардың ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСЫН ұсыну
«5+ ЖАРНАМА АГЕНТТІГІ»
Келесі номинациялар беріледі:
• Үздік жарнамалық ролик
• Үздік жарнамалық дизайн
• Үздік жарнамалық мәтін
14.15-тақырып. Үлгі жасау және газеттің бетін дайындау
(газетті көркемдеу талабы)
- Газеттің бетін дайындау - бұл нақты материалдарды (мәтіндерді, тақырыптарды, әшекейлерді) ретімен қағаз бетіне орналастыру
- Үлгі жасау - газеттің бетін шығару үшін жолақтарға қажетті материалдар мен әшекейлерді реттеу жоспары
- Үлгі жасау және газеттің бетін дайындау – мәтіндер мен әшекейлерді ұсыну әдісі.
Үлгі жасау ережесі
- Мазмұны формасынан жоғары болу керек. Газеттің дизайнері күні бұрын бетке енетін мақала көлемін анықтау керек.
- Төменгі жолақтар айырықша болады. Бірінші жолақтардың үлгісі әр түрлі түседі. Мақала әр түрлі тақырыпта және түрлі көлемде болғаны жөн.
- Әшекейлер де алуан түрлі болу керек. Олар көлемі жағынан ғана емес, пішіні жағынан ерекшеленеді. Фотоәшекейлер, компьютер суреттері, коллаждар т.б.әрленеді.
Газеттің бетін дайындау қағидалары
- Газеттің бетін дайындау алдында қандай материалдар мен фотолар үйлесіп тұратынын жобала.
- Әр жолаққа сай келетін ақпараттарды,мәтіндерді,фотоларды анықта.
- Суретке арналған жолақты ірі етіп ал.Басқа әшекейлермен тығыз болмасын.
Оған жол бермеңіздер.Барлық фотолар біркелкі болса,әдемі көрінбейді,сондықтан негізгі біреуін айырықша етіп ал.
- Негізгі мақала тақырыбы басқа тақырыптарға қарағанда ірі болу керек.
- Мазмұндас шағын материалдарды топтайды.
- Мақалаларды тақырыбымен бір қатарға жазбайды.
- Есте сақта: Бәрін ерекшелеу – ештеңені ерекшелеу емес.
- Газет бетінің төменгі жағы бірнеше мақаламен қамтылмасын.
Үлгі жасаудың екі жолы
1. Барлық нөмірдің үлгісі газет жолдарының құрылымы, бөлінуі, орналасуы арқылы көркемдік береді.
2. Жеке жолақтың нақты үлгісі негіз құрайды.
Практикалық сабақ
1-тапсырма. Газеттің үлгісін жасау және газеттің бетін дайындау
2-тапсырма.Баспаханаға саяхат жасау
Күтілетін нәтиже
• шығармашылық жұмыс түрлерін түрлі жанрда құрастыра білуін қалыптастыру
• салыстыру, қорытындылай білуге үйрету
• дәстүрлі емес шешімдер ұсыну, коммуникативті қабілетін жетілдіру үшін алған білімін қолдана білу
Білу керек:
• заман талабына сай журналистика жанрының алуан түрін
• публицистикалық басылымдағы жазу ерекшеліктері мен түрлі жанрды рәсімдеу
• газет-журнал беттерінің рәсімделуіне қойылатын талаптар
• көпшілікпен тілдесу,араласу технологиясы
Игеру:
• қазіргі журналистика жанрларын қолдану
• очерк.репортаж,мақала т.б.жазу
• газет беттерінің үлгісін құру
• аудиториямен араласу және болашақта жарияланатын кейіпкермен тілдесу
Күтілетін нәтиженің бірі – өмірде және қоғамдық ортада, әр түрлі жағдайларда алған білімдерін қолдана білетін стилистикалық-дифференциялық тіл мәдениетімен қаруланған жастар тәрбиелеу
Пайдаланған әдебиеттер
1. Гринина-Земская А.М. Сочинения в газетных жанрах. М., «Просвещение», 1997г.
2. Бахтин М.М. Эстетика словесного творчества. М., 1979г.
3. «Ана тілі» газеті,2007 жыл
4. Оралова Л. Сенің стенгазетің. М., 1996г.
5. «Жалын» журналы,1998 жыл.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі