Өлең, жыр, ақындар

Құн өлшемдері, бірліктері, теңге

Жамбыл облысы, Тараз қаласы
"Ақыл-ойы дамуында кемістігі бар
балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының
математика пәнінің мұғалімі
Сраилова Зияда Медетбекқызы

Сабақтың тақырыбы: «Құн өлшемдері, бірліктері, теңге»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың сабақта алған білімдерін жүйелеу, пысықтау.

Дамытушылық: Оқушылардың ауызша және жазбаша көбейту дағдысын логикалық ойлауын, есте сақтау қабілетін, математикалық сөйлеу тілін, ұсақ моториканы дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, зеректілікке, алған білімін өмірде қолдана білуге, таза, әдемі жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, ақшалар, көбейту кестесі.

 Пән аралық байланыс: қазақ тілі.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, оқушылардың оқу-құралдарын түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ «Ой қозғау» (интерактивті тақтада жұмбақ жасыру)

1. Есепке де кіремін,

Әріп те боп жүремін  (З)

-   З қандай әріп? («З» - дауыссыз ұяң)
-   3 саны неше таңбалы? (бір таңбалы)
-   Қай кластарға жатқызамыз? (Бірліктер класына)

2. Әріп десең бүйірі жоқ

Сан десең салмағы жоқ. (О)

-   О саны неше таңбалы? (Бір таңбалы)

Қандай әріп? («О» - дауысты, жуан)

Қасындағы 3 цифрының қасына 0 цифрын қоятын болсақ, неше болады? (30)

-   Қай кластарға жатады? (Ондықтар класына)

Неше ондық? Неше бірлік? (3 ондық 0 бірлік)

ІV Ақшалар туралы айту (интерактивті тақтада көрсету).

 

Сурет бойынша өрнектер жаз және олардың мәнін тап. (интерактивті тақта бойынша).

200 тг * 3 + 20 тг*5=700тг        200 тг*2+50тг=450 тг          500 тг + 20 тг * 10= 700 тг

ІV деңгей оқушылармен жеке жұмыс.

V Геометриялық фигураларды айту, түстерін ажырату

VI Сергіту сәті:

Қазақтар қол алысады
Италияндықтар құшақтасады.
Бразилиялықтар бір-бірінің иығын қағады.
Никарагуада арқасымен
Зимбабэде шынтақпен
Австралияда шапалақ, секіру, бөксемен амандасады.

VIІ Оқулықпен жұмыс: №5 169–бет.

Маржан 20 теңгеден 4 самса және 50 теңгеден 2 қорап шырын сатып алды. Барлық сатып алынған затқа қанша ақша төлейді?

Қысқаша жазылуы:

20 тг. 4 самса - ?                ?     Шешуі: 20 тг.*4 = 80 тг (самса)

50 тг. 2 қ. шырын - ?                50 тг.*2 = 100 тг. (шырын)      100 тг.+80тг =180 тг

                                                Жауабы: Барлық сатып алынған затқа 180 тг төлейді.

 

VIІІ «Кім тапқыр» логикалық тапсырмалар

1.Алма ағашында – 4 алма, теректе 5 алма өсіп тұр. Барлығы қанша алма өсіп тұр?  (4 алма) 
2. Бәйтерек Алматыда орналасқан ба?    (Астанада)
3. Бір аптада қанша күн бар?   (7 күн)
4. Ұлттық валюта күні қай күн?  (15 қараша)
5. Бір сағатта қанша минут бар?   (60 минут)
6. Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті? Торда қанша құс қалды?  (12 құс. Тордан ұша алмайды)

ІХ Сабақты қорытындылау

Х Үйге тапсырма беру: №6 169 бет

ХІ Оқушыларды бағалау, мадақтау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз