Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Ақсуат ауылы
№100 орта мектеп
Математика пәні мұғалімі: Жалелова Айфара
Күні: 10.12.2016 ж Сыныбы: 5 Пәні: Математика
Сабақтың тақырыбы: Дұрыс бөлшектер. Бұрыс бөлшектер.
Сабақтың мақсаты: Дұрыс бөлшектер, бұрыс бөлшектер ұғымдармен таныстыру; Дұрыс және бұрыс бөлшектерді жазып үйрену;оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру; оқушылардың есептеу мәдениетін қалыптастыру; деңгейлеп оқыту арқылы оқушылардың есептерді шығарудағы логикалық ойлау қабілеттерін, есте сақтау және зейін қою қабілеттерін дамыту Бір-біріне достарына көмек көрсетіп, топ, ұжым болып бірлесіп, тату-тәтті жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Міндеттер:
· Дұрыс бөлшектер мен бұрыс бөлшектердің ажырата білу;
· натурал санды бұрыс бөлшек түрінде жаза білу ;
Сабақтың типі: Жаңа білім игеру және оны алғашқы бекіту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Қолданылған көрнекіліктер және сабақ технологиясы: слайдтар, деңгейлеп оқыту, үлестірме тапсырмалар
Пайдаланылған әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап,
Сабақ өткізу формалары: жеке, жұптық, бірін-бірі тексеру, деңгейлік оқыту.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Психологиялық дайындық
Соғылды жаңа қоңырау
Біз сабақты бастаймыз
Партамызға отырып
Табыс тілеп сөзбенен
Жаңа білім алуға
Алға қадам бастаймыз
Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымыз жақсы көңіл күймен басталды деп есептеймын. Енді топтарға бөлініп отырайық. Топтарға бөлініп болсақ, топ басшысымызды сайлаймыз. Топ басшысы тобындағы оқушыларды бағалау парағын толтыру арқылы бағалап отырады.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Оқушылық деңгей Ауызша сұрақтар
Біз өткен сабағымызда өтілген тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап береміз және үйге берілген есепті тексереміз.
№ 247
III. Жаңа сабақ
Балалар біз өткен сабақтарда үлестер, жай бөлшектер ұғымымен танысқан болатынбыз. Бөлшектің алымы және бөлімі болатынып білеміз. Енді осыған сәйкес төмендегі мысалдарды келтірейін.
Бәліш 8 бөлікке бөлінді.Оның табақшаға 3 бөлігі салынды. Сонда 8 санын бөлшектің бөлімі деп, ал 3 санын бөлшектің алымы етіп аламыз.
2 мысал: 2 бәліштің әр қайсысы 8 бөлікке бөлінген. Табақшағы бәліштің 11 бөлігі салынсын. Сонда 8 санын бөлшектің бөлімі деп, ал 11 санын бөлшектің алымы етіп аламыз.
Бұл 2 мысалдан қандай айырмашылық көріп тұрмыз? Айырмашылығы 1 мысалда бөлшектің алымы бөлімінен кіші, 2 мысалда керісінше. Дұрыс, ендеше бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз осы мысалдардың айырмашылығын айқындап беретін дұрыс бөлшектер және бұрыс бөлшектер. Алымдары бөлімдерінен кіші бөлшектер ДҰРЫС БӨЛШЕКТЕР деп аталады.
Мысалы: 3/7; 3<7, 5/6; 5<6, 1/5; 1<5, 11/17, 11<17.
Дұрыс бөлшектер 1 –ден кіші
1/2 <1; 3/4 <1; 18/25<1; 70/99<1.
Алымы бөлімінен үлкен немесе алымы бөліміне тең бөлшек бұрыс бөлшек деп аталады.
10\7 . 7\7 .
IV. Шығармашылық деңгей
Оқулықпен жұмыс
№851 есеп Тақтаға шығару
Дұрыс бөлшек: 1\4. 2\5 . 7\12 . 8\23 . 31 \ 34
Бұрыс бөлшек:3\2 . 13\13 . 17\10. 9\7.
Деңгейлік тапсырмалар. Үлестірме қағазбен жұмыс.
№ 852 есеп
1) 9 және 2 ; 3 және 7; 10 және 1 ; 8 және 5 сандарынан дұрыс бөлшек құрастыр.
Жауабы: 2 \ 9 , 3\7 , 1 \ 10, 5\8 .
2) 3 және 5 ; 9 және 2; 2 және 7 ; 1 және 8 сандарынан бұрыс бөлшек құрастыр.
Жауабы: 5\3 , 9\2 , 7/ 2 , 8 \ 1.
№853 есеп
5,6 , 8 , 11 , 15 сандарын бөлімі 7 ге тең бұрыс бөлшек түрінде жазыңдар.
Жауабы. 11 \ 7 , 15 \ 7 , 8 \ 7
854 есеп
Бөлшекті жазыңдар:
1. х тің қандай натурал сан мәндерінде : а) х ә) х дұрыс бөлшек?
3 5
2. у тің қандай натурал сан мәндерінде : а) 4 ә) 5 бұрыс бөлшек?
у у
№ 859 есеп
n-нің қандай натурал сан мәндерінде:
1. Бөлшек дұрыс: а) n+ 4 ә) n – 2 б) 2 n + 3 болады?
7 4 8
V. Ой қорыту. Кестемен жұмыс
Сұрақтар |
Тапсырмалар |
1. Жай бөлшектің жазылуы, оқылуы |
в-дан а, 2-ден 1, 4-тен 1, 20-дан 7, 10-нан 3 |
2. Дұрыс бөлшектің анықтамасы |
1/5 15/17, 63/84 |
3. Бұрыс бөлшектің анықтамасы |
25/25, 61/15 47/30,8/8, |
6. Эвристикалық деңгей.
Ойлан, тап!
«Сөзжұмбақ» шешу
Алымы бөліміне тең немесе алымы бөлімінен үлкен бөлшек. (Бұрыс)
Бөлшек сызығының астындағы сан. (Бөлім)
Бөлшек сызығының үстіндегі сан. (Алым)
О нүктесінен бірдей қашықтықтағы нүктелерден құралған тұйық сызық. (Шеңбер)
Ең кіші жай сан. (Екі)
Координаталық сәуледегі таңдап алынған кесінді (Бірлік)
Қорытынды.
Не білеміз? Бөлшек санның жазылуы,оқылуы
Не білдік? Бөлшектің түрлері, дұрыс бұрыс бөлшектер
Не білгіміз келеді? Бөлшек сандарға амалдар қолдануды
Бағалау
Үйге тапсырма: дұрыс бұрыс бөлшектер тақырыбын оқу.
№ 865 есеп
Баян
Жаксы
Райса
Тамаша ақылды қыз