Өлең, жыр, ақындар

Менің атым – Қожа

Алматы қаласы
 №42 мектептің қазақ тілі мұғалімі     
Койшиева Саулеш Энгельсовна

Сабақтың тақырыбы: «Менің атым – Қожа»

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға фильмнен үзінді көрсете отырып, мәтіндегі жағымды-жағымсыз мінездерді айыра отырып, сөйлеуге шығару.
2. Оқушылардың ой-өрісін, өзінше ой түюге баулу, қызығушылығын ояту, ізденуге талпындыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларды тәртіптілікке, адамгершілікке шақыру, жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.                                    

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздендіру, ойландыру, жұптық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, фильмнен үзінді, суреттер, кітап.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу.

2. Психологиялық дайындық. Бір-біріңе жылы лебіздеріңді айтыңдар. Мысалы: Сен сыпайысың, сен мейірімді бол, сен өте мәдениеттісің, ақылды бол. Тілектеріңіз қабыл болсын! Рахмет, отыра қойыңдар!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Күн ретін жазу. Сөздік диктанты «Түртіп алу»

ІІІ. Жаңа тақырыпқа шығу. Фильмнен үзінді көрсету.

-    Балалар, бұл қандай фильмнен үзінді?
-    «Менің атым – Қожа»!
-    Бұл фильмді көрдіңдер ғой, иә, балалар? Ендеше, бүгінгі сабақтың тақырыбы да – «Менің атым – Қожа».

Бердібек Соқпақбаев – қазақ балалар жазушысы. Ол 1924 жылы Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостөбе ауылында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айырылған ол кісілердің қолында жүрген. Балалық шағында басынан өткен қиындықтар мен жоқшылықтары туралы «Балалық шаққа саяхат» кітабында бейнеленген. Балаларға арнап «Менің атым  - Қожа», т.б. повестерін жазды. «Қазақфильм» студиясында «Менің атым – Қожа» повесі бойынша фильм түсірілді.

А) сөздікпен жұмыс (балалар оқиды, сөздік дәптерге жазады). Сөздермен сөз тіркестерін құрастыру: ақылды қыз, ұқыпты оқушы, үкілі тақия киген.

Тапсырма.

Өткен шақта және мезгіл үстеуді пайдаланып, 1 сөйлем құрастыру (2-3 оқушы оқиды): Ақылды оқушы былтыр олимпиадада жеңіске жетті.

Көрініс. Фильмнен үзінді. (Қожаның жағымды, жағымсыз мінездері).

1 – тапсырма.

Сергіту. Ребус шешу.

Негізгі бөлім.

3 тапсырма. 1 балаға оқыту, сұрақтарға жауап алу.

-    Мәтін кім туралы?
-    Бұл қыздың Қожаға қандай қатысы бар?
-    Ол осы повестің бас кейіпкерінің бірі.
-    Олар бір сыныпта оқиды ма?

Сабақты бекіту: Мәтінді тірек-сызба арқылы әңгімелеу.

-   Балалар, көріністі қараймыз, мұқият тыңдаймыз. (фильмнен үзінді)

Көрініс. Жұптық жұмыс («Бұл сөздерді кімдер айтты?» Қ-Қожа, Ж-Жанар).

1. Бұл сөздерді кім айтты?

Жантас жаман бала.

Сия шашырап кетті.

Бәріне Жантас жексұрын кінәлі.

Ұттым! Ұттым!

Жантасты неге жек көресің?

Ол – сыпайы, тәртіпті бала.

Қорытынды. Блум стратегиясы. Басты кейіпкерлерді сипаттау.

 

 Үй тапсырмасы: 2 - тапсырма. Диалогтың етістіктерін өткен шақта қойып, жұптасып оқу, 141- бет, 4 тапсырма.

Бағалау:

Рефлексия: Смайликтер.                                                   


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз