Өлең, жыр, ақындар

Жаңартылған білім беру бағдарламасы. "Керқұла атты Кендебай"

Сабақ:  №3  «Ертегінің композициясы мен тілдік құрылымы»

Мектеп: «Көкпекті орта мектебі» кмм

Күні:

Мұғалімнің аты: Ниязбаева Д.А.

Сынып: 5

Қатысқандар:                     Қатыспағандар:

Сабақ негізделген оқу

 Мақсаты (мақсаттары)

5.А/И1. Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу.

5. А/И3. Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау.

Сабақ мақсаттары

 

Барлық оқушылар:

Ертегідегі жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді атап береді, оларды іс-әрекеттеріне қарай сипаттайды, өз сөзімен ертегі мазмұнына қатысты сұрақтарға жауап береді, сыныптастарының көмегімен тілдік құралдарға байланысты ұғымдарды табады.

Оқушылардың басым көпшілігі:

Тілдік құралдарды ажырата алады және сәйкестендіреді, кейіпкер образын ашуда тірек сөздерді пайдаланады.

Кейбір оқушылар:

Шығарма құрылысына байланысты ұғымдарды біледі, оның мағынасын аша алады.

Шығарма сюжетіндегі композицияның өрбу кезеңдеріне сәйкес кейіпкерлер диалогін құрады

Тілдік мақсат:

Оқушылар:

1.Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табады.

2. Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтайды.

Негізгі тірек сөздер мен тіркестер:

Ертегі, сюжет, кейіпкер, образ, метафора, теңеу, әсірелеу.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы  тілдік бірліктер:

Алты санының шығармадағы орнын айта аламысыздар?

Керқұла ат пен Кендебайдың өсуінде қандай ұқсастық бар?

Талқылауға арналған тармақтар:

Ертегінің қиял-ғажайып ертегі екеніне қандай дәлелдер айта аласыңдар?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Тіркестерді теру, мінездеме және сипаттама жазу

Алдыңғы оқу:

«Керқұла атты Кендебай» ертегісінің мазмұны, сюжеттік құрылымы.

Құндылықтарға баулу

Халық ауыз әдебиетін ұлттық мұра ретінде құрметтеу және сақтауға баулу.

Пәнаралық байланыс

Бейнелеу өнері, музыка, жаратылыстану, өзін-өзі тану

САБАҚ ЖОСПАРЫ

 

Сабақ барысы және

 Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

5 минут

Есіктің сарт етіп жабылған және құлыптың салынған  дыбыстарын ойнату.

Мұғалім: Бізді зұлым хан зынданға тастады. Зынданнан шығу үшін бірнеше шарт қойылды. Қане, шартпен танысайық. Бұрышта бір хат жатыр ғой. Соны оқиық. Мүмкін, құпия хат шығар.

  • Хатты бір оқушыға оқыту.

Мәтін:

 Әп, бәлем, қолыма түстіңдер ме? Енді Мергенбайдың күнін кешесіңдер!

Бұл зынданнан шығу үшін менің шартымды орындауға тиіссіңдер. Ол үшін жасырылған сөздер және сілтемелерді тауып,онда жазылған  тапсырмаларды орындайсыңдар. Орындай алмасаңдар, осы зынданда өмір бойы қаласыңдар.

Шартты жылдам орындау үшін біз екі топқа бөліну керекпіз. Сыныпты ертегі кейіпкерлерінің суретімен екі топқа бөлу. Кендебай, Керқұла, қойшы, арыстан, қасқыр, дәу. Әр суреттің астында 1,2 сандары жазылған. Осы сандар бойынша 2 топқа бөлінеді.

АКТ

Мәтін жазылған парақ

Топқа бөлінетін суреттер

 

Ортасы

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 минут

 

 

 

 

 

6 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

3 минут

 

 

 

 

3 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

10 минут

1-тапсырма. Кітаптағы басты кейіпкер мен Керқұла аттың өсуіне байланысты ұқсастықты табыңдар. Екі оқушы тапсырманы орындайды.

«Ат-ер.....» Қанат суретінің астындағы сілтеме- Көркем шығарманы жазған адам. (Автор)

3 балл.

Кейіпкер         Ертегідегі портрет     Ең маңызды 3 әрекеті           Менің көзқарасым

Кендебай                              

Кейіпкер         Ертегідегі портрет     Ең маңызды 3 әрекеті           Менің көзқарасым

Керқұла                                

Дескрипторлар:

-өзіне тиісті кейіпкердің портретіне қатысты сөз тіркестері мен сөйлемдерді анықтайды

-Ең маңызды 3 әрекетін анықтайды

-Портрет пен маңызды әрекеттер негізінде кейіпкер образына қатысты өз пікірін 1 сөйлеммен жеткізеді

2-тапсырма. «Алты, жеті, алпыс,  сандарына байланысты  шығармадан тіркестерді теріп алыңдар. 

«Қоянды қамыс, .......намыс өлтіреді». Батыр суретіндегі сілтеме –Шығарманың жазылу ерекшелігі – жанр.

Алты күнде күліпті, алты жылда алып жігіт болыпты,алты айдың ішінде алты кез ат болып шығыпты, қазір алтыға шықтым (қойшы бала), алты күн қатарынан ұйықтайды, жетібасты дәу, алты құлаш алмас қылыш, айлық жерді алты-ақ аттайды.

Дескриптор: -шығармадан 7 тіркес табады

3- тапсырма. Тілдік құралдарды ұғымдармен сәйкестендіріңдер.

«.......... аузы жесе де қан, жемесе де қан» Қасқыр суретінің астындағы сілтеме – Көркем шығармаға кіріспелердің бір түрі –пролог

Төбелері көкке жетіпті

әсірелеу

Ай сайын емес, күн сайын өсіпті

әсірелеу

Арыстандай көкжал бөрі

теңеу

Сағат сайын емес, минут сайын өсіпті

әсірелеу

Қуса жетіп, қашса құтылатын, аузымен құс тістеген

әсірелеу

Асқар таудай әкең

теңеу

Көзінің жасын көл қылып

әсірелеу

Құстай ұшып

теңеу

Айлық жерді алты-ақ аттайды

әсірелеу

Алтын құйрықты, құндыз жүнді құлын

метафора

Арыстанның апандай аузы

теңеу

Мойындары ырғайдай, сирақтары шидей

Теңеу, әсірелеу

Дескрипторлар:

-Суреттеу құралдарын толығымен меңгерген

-суреттеу құралдарын жеткілікті деңгейде меңгерген

-суреттеу құралдарын жеткіліксіз деңгейде меңгерген

4-тапсырма. Кейіпкерлер диалогін құрыңдар. 1- Кендебай мен Қойшы бала. 2. Кендебай мен хан.

«..... көп болса, қой арам өледі»

Қойшы суретінің астындағы сілтеме – шығарманың басы, кіріспесі- экспозиция.

Дескрипторлар:

  • Дауыс мәнері
  • Өзін-өзі ұстауы
  • Әртістік қабілеті

5-тапсырма. Өздеріңнің және Кендебайдың ұқсастықтарына салыстырмалы сипаттама жасаңдар.

«.....қиялдан туған туынды немесе шығарма». Ертегі кітабының астындағы сілтеме – көркем шығарманы қорытудың бір түрі –эпилог.

Дескрипторлар:

  • Сипаттама толық берілген
  • Сипаттама жеткілікті берілген
  • Сипаттама жеткіліксіз берілген

6-тапсырма. Сөзді бейнелеңдер. 1-топ. Арыстан. 2-топ. Жеті басты дәу.

 «.....асқар тау, .... бұлақ, .......жағасындағы құрақ»

Ата-анасы мен баласы бейнеленген сурет астындағы сілтеме – шығарманы жазған автордың айтайын деген негізгі ойы - идея

Дескрипторлар:

  • Қабілеті
  • Креативтілігі
  • Рөлге ене білуі

7-тапсырма. Жағымды және  жағымсыз кейіпкерлерді модельдеңдер. (Торренс тесті арқылы)

«Құдай сүзеген ........ мүйіз бермейді»

Сиыр суретінің астындағы сілтеме – 1. Қиял-ғажайып ертегілер. 2. Хайуанаттар, жан-жануарлар туралы

ертегілер. 3. Шыншыл ертегілер. – ертегі түрлері

Дескрипторлар:

  • Модель мазмұндылығы
  • Креативтілігі
  • Көркемдігі
  • Мағыналы сөз тіркесі

Соңғы тапсырмада кілт табылады. Тапсырмалар орындалып болған соң, есіктің ашылған дауысы естіледі.

Міне, балалар, біз зынданнан шықтық.

Тапсырма жазылған парақтар

Кейіпкерлер суреті

Сілтемелер

Соңы

10 минут

 Өздік бағалау

Шығу парағы:

Аты-жөні

Дескрипторлар

Толық жеттім

Жеттім

Жете алмадым

1-тапсырма.

-өзіне тиісті кейіпкердің портретіне қатысты сөз тіркестері мен сөйлемдерді анықтайды

-Ең маңызды 3 әрекетін анықтайды

 

 

 

2-тапсырма.

 -Шығармадан 7 тіркес табады

 

 

 

3-тапсырма.

-Суреттеу құралдарын толығымен меңгерген

-суреттеу құралдарын жеткілікті деңгейде меңгерген

-суреттеу құралдарын жеткіліксіз деңгейде меңгерген

 

 

 

4-тапсырма.

  • Дауыс мәнері
  • Өзін-өзі ұстауы
  • Әртістік қабілеті

 

 

 

5-тапсырма.

  • Сипаттама толық берілген
  • Сипаттама жеткілікті берілген
  • Сипаттама жеткіліксіз берілген

 

 

 

6-тапсырма.

  • Қабілеті
  • Креативтілігі
  • Рөлге ене білуі

 

 

 

7-тапсырма

  • Модель мазмұндылығы
  • Креативтілігі
  • Көркемдігі
  • Мағыналы сөз тіркесі

 

 

 

Кері байланыс. «Аралдарға» топтарға бөлінген суреттерін жабыстырады. Әр оқушы өзін бағалауда

  1. Нені үйрендім?
  2. Неге талпындым?
  3. Не қиын болды?
  4. Не сәтті өтті?
  5. Не қолымнан келді? Сауалдарына жауап бере отырып кері байланыс парақтарын толтырады.

Үй тапсырмасы: Ертегіге иллюстрация жасау, сценарий жазу

АКТ

Кері байланыс парақтары

 

 

Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

 

 Мадақтау, қолпаштау арқылы

Жаттығуларды орындау барысында саралауға байланысты тапсырма түрлендіріліп берілді

 

Бағалау-Оқушылардың үйренгенін қалай жоспарлайсыз?

Жетті. Талпынды.

 

 

 

 

 

 

Шығу парағы

Кері байланыс парақтары

Пән аралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс

 

Бейнелеу өнері

Музыка

 Өзін-өзі тану

Жаратылыстану Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы

 

Сабақ бойынша рефлексия

  • Сабақ мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма, қолжетімді болды ма?
  • Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқу мақсатына қол жеткізбеген болса неліктен деп ойлайсыз?
  • Сабақ қалай және қандай деңгейде өтті?
  • Жоспарланған саралау дұрыс іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)
  • Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?
  • Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма, неліктен?
  • Осы жоспарға қандай өзгеріс енгіземін және неге?

 

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты):

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

 

 

 

 

 

 

 


Пікірлер (3)

Бккзат

Керқұла атты Кендебай ертегісінің фабуласы

Аида

Ертегідегі портрет керқұла ат пен кендебай

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз