Өлең, жыр, ақындар

Нүкте және түзу. Екі түзудің өзара орналасуы

Сабақтың тақырыбы: Нүкте және түзу. Екі түзудің өзара орналасуы.

Мұғалімнің  аты-жөні: Айхожаева Роза Уразовна

Күні: 31.01.2017 ж

Сынып: 7 «А»

Қатысқан оқушылар саны: 23

Қатысқан оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары:

Біліктілік: Жазықтықтағы негізгі фигураларға нүкте мен түзу жататындығын, оларды қалай белгілейтіндігін түсіндіру, түзулердің қиылысатын және қиылыспайтындығын айту.

Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, есеп шығарудың жаңа түрлерін меңгерту және ойдан ой туындатуға, әр сөзді, айтылған ойды дәлелдеуге үйрету.

Тәрбиелік: Оқушылардың геометрия пәніне ынталығын, қызығушылығын арттыру.

Сабақтан күтілетін нәтиже: 1-деңгей (білу, түсіну ):

Нүкте және түзе туралы біледі

2-деңгей (қолдану, талдау):

Нүкте мен түзу сызықтарын талдап, қолдана біледі

3-деңгей (жинақтау, бағалау)

Өздерінің жасаған жұмыстарын дұрыс пайдаланып, жинақтай алады

Тілдік мақсат:

Математикалық терминдерді дұрыс қолдану

Ресурстар:

Слайд, А4, сызбалар, геометриялық пішіндер, оқулық, смайликтер, АТК

Пәнаралық байланыс:

Қазақ тілі, математика, география, сурет

Алдыңғы оқу:

Есептер шығару

Сабақ жоспары:

Сабақ барысы және жоспарланған уақыт

Берілетін тапсырмалар және қолданатын әдістер

Бағалау критерийлері және  жұмыс түрлері

Ұйымдастыру кезеңі

3 минут

Оқушыларды суреттер арқылы топтарға бөліп шығу  ұсынылады. «Шаттық шеңбер» арқылы оқушылар бір-біріне жақсы лебіздер, тілектер айтады. Әрбір топ өз ұрандарын  айтып шығады. Психологиялық ахуал қалыптастыру.

 

Үй тапсырмасын сұрау

5 минут  1-деңгей (білу, түсіну ):

(Қажеттілігіне қарай әдіс қолдануға болады)

Әрбір топ мүшелеріне сұрақтар қою арқылы  оқушылардың білім деңгейлері тексеріліп шығады. «Сұрақтар легі» әдісі  бойынша тексеріліп шығады

Дұрыс жауаптарға                      1 балл қойылады

2-деңгей 

(қолдану, талдау):

Суреттер арқылы сөйлемдерді құрап шығу ұсынылады

Дұрыс жауаптарға 2 балл қойылады

3-деңгей  (жинақтау, бағалау)

Оның бастапқы мақсаты неде еді?

Сурет арқылы пішіндер құрастыру ұсынылады.

Дұрыс жауаптарға 3 балл қойылады

Жаңа сабақ

12 минут

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Жазықтықтағы негізгі геометриялық фигуралар: нүкте мен түзу.

Жазықтықтағы нүктелер мен түзулердің орналасуының негізгі қасиеттері:

I.  а) Қандай түзу болмасын, ол түзуде жататын нүктелер де, жатпайтын нүктелер де болады.

ә) Кез келген екі нүкте арқылы бір және тек бір ғана түзу жүргізуге болады

Екі түзудің ортақ нүктесі бар болса, онда түзулер қиылысады. мен түзулерінің ешбір ортақ нүктесі жоқ. Бұл түзулер қиылыспайды.

Қорытынды: Екі түзудің жазықтықта өзара орналасуының екі жағдайы болады.

Екі түзу қиылысады да, олардың бір ғана ортақ нүктесі бар болады. Осы нүкте берілген екі түзудің қиылысу нүктесі деп аталады.

Екі түзу қиылыспайды, олардың ортақ нүктесі жоқ.

Параллель түзулердің негізгі қасиеті:

II. Берілген түзуден тыс жатқан нүкте арқылы осы түзуге паралель жалғыз ғана түзу жүргізуге болады.                                                                              Егер түзу өзара параллель екі түзудің біреуін қиятын болса, онда ол екінші түзуді де қияды

Жұптық жұмыс

Сабақты бекіту 15 минут 1-деңгей (білу, түсіну ):

Сабақты қорытындылау:  Тест тапсырмалары

   1. Жазықтықтағы негізгі геометриялық фигураларды атаңдар.
А) нүкте, түзу       
В) нүкте, сәуле        
С) түзу, сәуле

   2. Нүктелерді қандай әріптермен белгілейді? Түзулерді ше?
А) Латынның бас әріптерімен, латынның бас әріптерімен
В) Латынның бас әріптерімен, латынның кіші әріптерімен
С) Латынның кіші әріптерімен, латынның кіші әріптерімен

   3. Қандай түзулерді қиылысатын түзулер деп атайды?
А) Ортақ нүктесі болмаса   
В) Параллель болса   
С) Ортақ нүктесі бар болса

   4. Қиылыспайтын түзулер деп қандай түзулерді атайды?
А) Ортақ нүктесі болса        
В) Ортақ нүктесі жоқ болса   
С) Екі ортақ нүктесі болса

   5. Қандай түзулерді параллель түзулер деп атайды?
А) Қиылысатын    
В) Ортақ нүктесі бар түзулер                       
С) Қиылыспайтын

Жұптық жұмыс

2-деңгей (қолдану, талдау):

VI. Сөзжұмбақты шешу.

Жұптық жұмыс

3-деңгей (жинақтау, бағалау)

Әр топ өз бетінше сызбаларды дәлелдеп қорытынды  жұмыстарды жасап шығады.

Жұтық жұмыс

Үйге тапсырма 

5 минут 1-деңгей (білу, түсіну ):

(Оқушыларға келесі сабаққа шолу жасату) Келесі сабақта  өтілетін тақырыпқа шолу жасап, өзбетінше  шығармашылық  тапсырмаларға дайындалып  келу  ұсынылады.

 

2-деңгей

(қолдану, талдау):

№14,  №15,  №16 сұрақтарға жауап беру.

 

3-деңгей (Шығармашылыққа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырмалар )

Сөзжұмбақтар мен сызбаларды құрастырып келу

 

Бағалау

3-5 балл жинаған оқушыларға «3» баға қойылады

6-8 балл  жинаған  оқушыға «4» баға қойылады. 

9-12 балл  жинаған оқушыға «5»  баға қойылады.

 

Кері байланыс

Стикерлер  арқылы  кері  байланыс  жасаланады.Тақтаға  ілінген  күндерге  өз  ойларын  көңіл-күйлерін  жазып  шығып,білімдерін  бекітеді.

 

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды?

 

Сабақтың мақсаты мен сабақта  жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды?

 

Келесі сабақта жоспарыңызға қандай өзгерістер енгізген болар едіңіз? 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз