Өлең, жыр, ақындар

Абсолютті жиілік және салыстырмалы жиілік. Жиілік кестесі

ОҚО, Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекені
Амангелді атындағы жалпы орта мектебі
Математика пәні мұғалімі: Туккулиева Жадыра Алимкулкызы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:  7.2.А

Мектеп: 

Сынып: 7 сынып

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Абсолютті жиілік және салыстырмалы жиілік.Жиілік кестесі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.3.3 статистикалық деректерді жинау және оны кесте түрінде көрсету;

7.3.3.4

таңдаманы жиілік кестесі түрінде көрсету

7.3.3.5

кестедегі деректердің дұрыстығын тексеру;

          Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: статистикалық деректерді жинап,кесте құра алады;

Басым бөлігі: Статистикалық деректердіжиілік кестесі түрінде көрсетеді;

Кейбір оқушылыр: Кестедегі деректерді қарама-қарсы дәлелдеп салыстырады,жинақтайды, бағалайды;

Бағалау критерийі

  • Статистикалық деректерді жинайды
  • Статистикалық деректерді кестеге толтырып, бағалайды;
  •  Салыстырмалы жиiлiгiн 0,01 дәлдiкпен тауып, кестенi толтырыады. Қай вариантта жиi кездесетінін зерттейді.

             Тілдік мақсаттар

 

Математикалық терминдер: абсолют, статистика, вариант, жиілік;

 Сөз тіркестері:Абсолют жиілік, салыстырмалы жиілік.

Статистикалық деректер,статистикалық кесте 

            Құндылықтарға баулу

 

 

«Мәңгілік ел» құндылығы, « Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Құндылықтарға баулу арқылы зерттеу жұмыстарында оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау, іздену, шығармашылық қабілеттері  қабілеттері артады

             Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі, физика, әдебиет.

Алдыңғы білім

Жиын ұғымын,жиілік, шамалар, ақиқат ,жалған ұғымдары, дөңгелектеу, ауқым, мода ,жуықтау ұғымдары

 

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

12 минут

Ұйымдастыру бөлімі.

Үй тапсырмасын сұрау:(әр оқушы отбасындағы мүшелердің салмағын, бойын өлшеп абсолют және салыстырмалы жиілігін есептеп келу)тапсырманы жұптық жұмыс арқылы тексереді.

 Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру. Салмағына қарай сынып 4 топқа бөлінеді

1-тапсырма. Топтық жұмыс.

Ахмет Байтұрсыновтың «Анама Хат» өлеңінен үзінді.

Қарағым, дұғагөйім қамқор анам,

Арнап хат жазайын деп алдым қалам.

Сені онда, мені мұнда аман сақтап,

Көруге жазғай еді хақ тағалам.

Берілген өлең шумағынан дауысты дыбыстардың кездесуін статистикалық кесте түрінде көрсетіңіз

Әріп

Абсолют

Жиілік

Салыстырмалы жиілік

І

4

4/48

Дескриптор:

Әр бір дауысты дыбыстың санын анықтайды.

2

Кесте құрады.

1

Абсолют жиілікті табады

1

Салыстырмалы жиілікті 0,01 дәлдікпен есептейді

2

2- тапсырма. Ереже құрастыру. Оқушылар тапсырмаға сүйеніп ережелер құрастырады.Жиілік кестесінің қасиеттерін айқындайды

Стикер, маркер

Әдебиет.

 7 сынып

 өлең шумақтары.

Сабақтың ортасы

 23 минут

3- тапсырма. Оқулықпен жұмыс. «Баспалдақ әдісі.

№ 42.1, 42,4, 42.5 есептер

4 тапсырма. Топтық жұмыс. ЖАДА жұмыс жасау.

Тапсырма: Сендер әр қайсы топ бір  бас киім тігу атьлесі болып табыласыңдар, олай болса жиіліктерді анықтап,бір бас киім тігу үшін орта есеппен қанша материал кететінін анықтағыларың келеме? Олай болса бір күнде мынадай өлшемде баскиім тігіледі: 35,54,55,56,54,59,54,54,56,56,5856,55,56,54,56,55,56,55,56

55,56,55,56,55,57,55,5654,55,55,56,54,55,56

Өлшем,х

 абсолют

жиілік

Салыстырмалы жиілік

Өлшемнің жиілікке көбейтіндісі

53

54

55

56

57

58

59

1

7

10

12

1

1

1

1/33

7/33

10/33

12/33

1/33

1/33

1/33

53

378

550

672

57

58

59

қосынды

33

33/231

1827

Дескриптор:

Абсолют жиілікті анықтайды

1

Салыстырмалы жиілікті жаза алады

1

Арифметикалық ортасын таба алады

1

Өлшемнің жиілік кестесін табады

1

Моддасын дәлелдеп көрсетеді.

 

Кеспе қағаздары.

 

 

 

 

Бас киім макеті, сандар топтамасы.

 

Алгебра

 7 сынып

Сабақтың соңы

10 минут

Қорытынды: 4- тапсырма Бүгінгі сабақ бойынша әр топ мүшесі бүгінгі сабақ нәтижелерінің абсолют және салыстырмалы жиілігін анықтаңдар.

Үйге тапсырма: 1. №42.5

                           2. Абай өлеңдеріне қазақ алфавитінің кездесу жиілігі бойынша жиілік кестесін құрастырыңдар.

Рефлексия: «Не қиын? Не қызық?» әдісі арқылы алынады. Не қиын, не қызық, неге қиын, неге қызық сұрақтары арқылы.

Бағамдау: Критериалды, қалыптастырушы бағамдау, топтық, жұптық бағамдау

Стикерлер

7 сынып Әдебиет оқулығы.

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

БағалауСіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Қабілетті оқушыларға қосымша деңгейлік тапсырма лар дайындалды.

Қабілеті төмен оқушыларға ЖАДА аясында жинақтау, бағалау, зерттеу, тапсырмалары  ұсынылады.

Топтық бағамдау

Жұптық бағамдау

Өзін-өзі бағалау

Техника қауіпсіздігін сақтау. Көзге арналған сергіту сәттері

Сабақ бойынша рефлексиия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

 

 

 

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?


Пікірлер (3)

қарашаш

Жақсы жасалған

Білісбай

жақсы деңгейде құрылған

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз