Тараз қаласы
"Ақыл-ойы дамуында кемістігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тәрбиеші: Отебаева Гауxар Балкибековна
Тақырыбы: «Көңілді қыс және қысқы ойындар»
Мақсаты: Балаларды қысқы ойындарды әңгімелеп айтуға баулу. Табиғат көрінісін сипаттап, қызықтарын әңгімелету арқылы бүлдіршіндердің шығармашылық қабілеттерін дамыту. Бір–біріне қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қысқы көріністер, қысқы ойын түрлерінің суреттері.
Әдісі: Сұрақ–жауап, ойын, жұмбақ шешу.
Барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Жұмбақ шешу.
Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп.
(Аяз)
2. Сұрақ–жауап арқылы тәрбие сағатының тақырыбын ашу.
- Аяз жылдың қай мезгілінде болады?
- Қыс мезгілінде болады.
- Аяз қандай болады?
- Қатты, суық. Бетті, қолды үсітіп жібереді.
- Аязды күні ойнауға бола ма?
- Болады. Суықтан қорықпау керек.
- Қандай қысқы ойындарды білесіңдер?
- Аққала соғамыз, сырғанаймыз, шаңғы, шана, коньки тебеміз.
ІІ. Негізгі бөлім.
1.Тәрбиешінің түсіндіруі.
- Қарлы боранымен, сықырлаған аязымен қыс келді. Бірақ біз қыстан қорықпаймыз, денемізді шыңдаймыз, жылы киінеміз. Сырғанақ ойнап, аққала жасаймыз. (Есік тықылдатып, Аққала келеді).
- Бүгін бізге аққала қонаққа келіпті.
Ауыл алды ақшақар,
Ақша қарда балалар.
Соғып жатыр аққала,
Жалқауы жоқ жұмысқа.
2. Аққаламен қосылып, 1-2 жалпы дамыту жаттығуын орындату.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендермен бірге ойнайын деп келдім. Дала өте суық екен. Біз тоңып барамыз, денемізді қыздырып жаттығу жасайық. (Аққаламен қосылып, сергіту жаттығуын орындау).
Қыздырайық денені,
Кел, балалар, кел бері.
Қыздырайық денені,
Орнымыздан тұрып – ақ.
Жүгірейік бір уақ бір, екі, үш, (Орындарында тұрып жүгіреді).
Бір, екі, үш!
Екпіндей түс,
Аяқты алға созайық. (Аяқтарын алға кезек – кезек көтереді).
Тік көтеріп қозғайық!
3. Аққаланың екінші тапсырмасы: Дәптерге қысқы ойынға қажетті құралдардың суретін салу.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
1. »Кім жылдам?» дидактикалық ойыны.
Тақтаға шананың, шаңғының, коньки, аққала, т. б. суреттер ілінеді. Балалар суреттегі заттардың атын айтады, сонан соң сол сөздерді қатыстырып, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады. Мысалы: қызыл шана, жаңа шаңғы, жып – жылтыр коньки, аппақ аққала, т.б.
2. Балалардың қысқы ойындар туралы тәрбие сағаты барысында алған білімдерін ортаға салып, белсенділік танытып отырған балаларды мақтап, мадақтау.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі