Өлең, жыр, ақындар

Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» әңгімесі

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы
Шетпе селосы
Б.Жұмалиев атындағы орта мектеп
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Жусупова Бибигул Талапбаевна

Сабақтың тақырыбы: Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» әңгімесі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Әңгіменің мазмұнын саралап айтқызу, кейіпкерлерін таныстыру, ел басындағы ауыр жағдайдың жетім бала өмірімен байланыстығын ашу. 

Дамытушылығы: Көркем шығарманың мазмұнын тұтастай еске сақтауын, прозаны мәнерлеп оқуын, ойын жүйелеп   айта білуін, шығармашылық жұмысқа икемділігін дамыту.

Тәрбиелігі: Оқушыларды адамгершілікке, бауырмалдыққа, Аян бейнесі арқылы ұқыптылыққа, әдебиетке құштарлыққа, қайсарлыққа,  шыдамдылыққа тәрбиелеу. Туған жердің,  ата–ана мен тумаластың қадірін білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Мақсат қоя оқыту технологиясын қолдана отырып, сұрақ – жауап әдісімен шығармашылық жұмыстар ұйымдастыру, деңгейлеп оқыту.   
Сабақтың көрнекілігі: Сайын Мұратбековтың суреті, жусан  өсімдігі, Әл–Фараби суреті, кітаптар көрмесі, интерактивті тақта.
I. Білу сатысы “Ой қозғау” кезеңі
І топ
“Жусан иісі” шығармасында қай кезең суреттеледі?
Шығармада бас кейіпкер кім?
Аян әжесімен Ешкіөлмеске неге көшіп келді?
Аян балаларымен қалай танысты?
Аян мен ауыл балалары алғаш сауатын кімнен ашты?
ІІ  топ
Аянның төбелеспеу себебі неде?
Тобығын алғаш қалай тайдырды және оны кім салды?
Оның сабаққа қабілеттігінен басқа қандай ерекшелігі бар?
Қандай оқиғаның әсерінен Аян балаларға ертегі айта бастады?
Балалар Аянның ертегісін қалай тыңдайды?
ІІІ   топ
Әжесі қайтқан соң Аян кімнің үйіне көшті?
Бапайдың үйіндегі Аянның кешкі қорегі не?
Әкесін сағынғанда, өмірден торыққанда Аянға күш беретін не?
Жаз ортасында қаралы қағаз кімге келді?
Балалардың Аянмен қоштасқаннан кейінгі көңіл – күйлері қандай болды?
II. Түсіну сатысы  ”Еркін жауап ” әдісі
І топ
Аянның алғаш Ешкіөлмеске келгенедегі сырт бейнесі
Майданға хат жазу – бәрінің көкейіндегі асыл арманы
Аянның әжесінен де айырылуы
ІІ  топ
Аянның ұшқыр шана туралы қиялы
Жусан иісі аңқыған қара пальто
Алғашқы соқаға шыққан күнгі Аянның сөзі
ІІІ топ
Аянның бұрынғылардан әлдеқайда қызықты ертегісі
Аян әкесінен келген қаралы қағазды қабылдауы
Балалардың Аянның еске алуы
ІІІ. Қолдану  сатысы
Әр топ өздеріне берілген мәтін бойынша сурет салу.
І топ
Темірхан Медетбековтың «Жусан» өлеңі  бойынша
ІІ топ    
Әл  Фарабидің сөзі бойынша
ІІІ топ
С.Мұратбековтің «Жусан иісі» әңгімесі бойынша
IҮ. Талдау сатысы  ”Еркін жіктелім” әдісі
І  топ  Темірхан Медетбековтың «Жусан» өлеңі  бойынша
ІІ топ   Әл Фарабидің сөз бойынша
ІІІ топ  С.Мұратбековтің «Жусан иісі» әңгімесі бойынша
Ү. Жинақтау сатысы            
І  топ   “Түсіндірме күнделігі”
ІІ топ   Сематикалық карта
ІІІ топ   Ойтолғау   Ал, балалар, хат жазайық.  Аянды іздейік.
ҮІ. Бағалау  сатысы
І  топ   
Жазушы жұбайы естелігі.
ІІ топ    
Жусан - туған жер символы.
Ал, Аян үшін әкесіне деген сағыныш символы
Аянның сол сағыныш, сол үміті ақталды ма?
Әңгіме соңында Аянның тағдыры не болды?
ІІІ топ
Қазіргі заманда Аян сияқты жетім бала бар ма?
Олар қайда тәрбиеленіп жатыр?
Бұлардың бәрі бірдей Аян секілді жетім бе?
Үйге тапсырма
Сайын Мұратбековтің “Жусан иісі” әңгімесінің мазмұны
Шығарма мазмұнына сай мақал-мәтелдер жазу.
“Баяғыда бір жетім бала болыпты” деген тақырыпта ертегіні жалғастыру, ат қою.
Аянның тағдыры, сен оны қалай түсінесін?


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз