Сабақ тақырыбы: Жер бедерінің қалыптасу және таралу заңдылықтары |
Мектеп: Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі физика-математика бағыты |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Уақыты: 10-15.10.2016 ж. |
Мұғалімнің аты–жөні : Тлеубердинова Қ.Т |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 7 |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
Жер бедерінің қалыптасу және таралу заңдылықтарын зерттеу; Географиялық дерек көздерімен жұмыс істеу (карта, сурет, мәтін, фотосуреттер, графикалық материалдар) |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Қолдану, Талдау және қорытынды жасау |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
Литосфералық плиталардың қозғалысына байланысты болатын жер бедерінің түрлерін анықтай алады, картада көрсетеді. Сурет бойынша сол аймақтың жер бедерінің қалыптасуын талдап, зерттеулер жүргізеді, профилін (қима) бейнелей алады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар: Карталарды және мәтіндерді қолдана отырып, Жердің тектоникалық құрылымы мен литосфералық плиталардың және сейсмикалық аймақтарды орналасуын картадан көрсетеді және сипаттайды. Сызбаларды, карталарды және мәтіндерді қолдана отырып, литосфералық плиталардың қозғалыс түрлерін ажырата алады және салдарын түсіндіреді. Жердің геохронологиялық кестесін ауызша сипаттай алады (айтылым, тыңдалым, жазылым дағдылары) дамытады. Пән бойынша сөздер мен терминдер: Геохронологиялық кесте, жер қыртысы, қозғалыс, сейсмикалық аймақтар, субдукция Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер (айтылым және жазылым дағдылары) Тектоникалық құрылымның таралу заңдылқтары мен Жер бедері арасындағы айырмашылықты анықта Тектоникалық картада .................. орналасқан Литосфералық плиталар ........................... тұрады Сейсмикалық облыстар ............................... орналасқан |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
Барлығына тең құқықтар мен мүмкіндіктер туғызу, үздіксіз білім алу. Оқушының бойына құрмет, ынтымақтастық, ашықтық, еңбек және шығармашылық, өмір бойы білім алу құндылықтарын дарыту |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар |
Физика, математика , химия, биология |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Интербелсенді тақта, презентация |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім
|
Оқушылар жер бедерінің қалыптасу заңдылығын білу қажет. Карта, тірек-сызба, фотосуреттермен жұмыс істей алу керек. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ кезеңдері |
Жоспарланған іс-әрекеттер |
Деректер |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 01-05 |
І. І. Ұйымдастыру кезеңі: А. Оқушыларға «Вlob tree» парағы ұсынылады. «Сіз өзіңізді қай жерден көресіз?» Б. Оқушыларды «Сандар» әдісі арқылы жер бедері бойынша топтарға бөлу /жазықтар, таулар/ |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 06-12
13-30
31- 46
47-77
|
ІІ.Тақырыпқа шығу. Мұғалім жаңа сабақты бастау үшін оқушыларға таулар мен жазықтардың фотосуреттерін береді. Фотосуреттер арқылы не ойлайтындығы сұралады:
Фотосурет арқылы таулар мен жазықтардың айырмашылықтарын ажыратады. Жұппенен өз ойларын бөліседі, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды. Мұғалім оқушыларға сұрақтар қою арқылы, оқу мақсаттарын анықтауға жетелейді.
Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, топпен өз ойларын бөліседі. Мұғалім әртүрлі идеяларды қорындылап, жер бедерінің қалыптасу заңдылығын түсіндіреді. Мұғалім оқушыларға жер бедерінің қалыптасуы туралы ақпарат таратады (мәтін, сызба-нұсқа). ІІІ. Оқушылардың іс-әрекеті. Топпен жұмыс. Қалыптастырушы жұмыс Картамен жұмыс: 1- тапсырма: Тектоникалық карта мен физикалық картаны салыстырыңыз және жер бедерінің қалыптасу заңдылығын анықтаңыз. Мұғалім оқушыларға тапсырма орындау үшін атлас картаның тектоникалық және физикалық картасымен жұмыс жасауды ұсынады. Оқушылар мәтін бойынша жер бедерінің қалыптасу заңдылығын анықтайды, тектоникалық және физикалық картаға сипаттама береді. Мұғалім оқушылардың біліміне қолдау жасап, өзектендіріп отырады. Тапсырманы қорғау Оқушылар өз жұмыстарын ұсынады. Топпен өз ойларын бөліседі, тыңдалым, айтылым дағдысын қалыптастырады. Бағалау: Оқушылар бір-бірінің топтарын «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды. Жұппен жұмыс. Қалыптастырушы жұмыс 2- тапсырма: Материктер бойынша жер бедері түрлерін анықтаңыз. а) Материктер бойынша таралған платформалар (қалқан, плита) және геосинклиналь аймақтарына сай жер бедері түрлерін анықтап жазыңыз.
Оқушылар жұппен материктер бойынша таралған платформалар (қалқан, плита), геосинклиналь және оларға сай жер бедері түрлерін анықтайды. б) Жазықтар (ойпат, қырат, үстірт, таулы қырат, таулы үстірт) пен таулар (қатпарлы жақпарлы, қатпарлы) түрлерін анықтап жазыңыз.
Жазықтар (ойпат, қырат, үстірт, таулы қырат, таулы үстірт) пен таулар (қатпарлы жақпарлы, қатпарлы) және олардың түрлерін анықтайды. Мұғалім оқушыларға атлас картадан қарастыруға жетелейді. Оқушылар тірек–сызба, картамен жұмыс жасау арқылы қолдану дағдысын қалыптастырады. Бағалау: Бірін-бірі тексеру кезінде стикерлер арқылы бағалайды. «Жасыл» стикер дұрыс, «қызыл» стикер дұрыс еместігін білдіреді. Келесі тапсырманы орындау үшін мұғалім оқушылардың назарын бейнематериалдарға аудартады. Бейнероликті көріп болған соң мұғалім проблемалық сұрақ қояды:
Жұппен жұмыс. Қалыптастырушы жұмыс Суретпен жұмыс: 3- тапсырма: Тауларды абсолют биіктіктері бойынша атлас картадан тауып жазыңыз.
Оқушыларға таулардың суреттері беріледі, суреттерге қарап таулардың шығу тегін, тау элементтерін, биіктіктеріне қарай ажыратады. Атлас картаны және суреттерді пайдалана таулардың шығу тегіне талдау жасай алады, жазылым дағдысын қалыптастырады. Бағалау: Оқушылар жұппен парақтарын ауыстырып, бірін бірі «+»және «-» таңбаларын көрсету арқылы бағалайды. Мұғалім оқушылардың біліміне қолдау жасап, өзектендіріп отырады. Жеке жұмыс. Қалыптастырушы жұмыс 4-тапсырма: Жазықтарды биіктіктеріне қарай гипсометриялық профильге (қима) бейнелеңіз. Оқушыларға сурет және мәтін беріледі, мәтін бойынша жазықтарды биіктіктеріне қарай жіктелуін гипсометриялық профильде (қимаға) бейнелейді. Жазықтықтардың биіктігіне қорытынды жасай алады. Бағалау: Оқушылар бірін бірі «Бас бармақ» тәсілі арқылы бағалайды. |
Суреттер
Презентация
Мәтін, сызба-нұсқа
6-7 сынып Атлас
Презентация
«Таулардың қалыптасуы» /2 минуттық көрсетілім/
Суреттер
7 сынып Атлас
Презентация
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Соңы 78-80 |
IV. Рефлексия Мұғалім оқушыларға сабақтың басында ұсынған «Вlob tree» парағы қайта толтыруды ұсынады. «Сіз өзіңізді қай жерден көресіз?» «Мен үшін бүгінгі сабақта өзімді ...... » |
«Вlob tree» парағы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқушыларға сабақта бағыт алу үшін алдын ала қозғалыс парағы таратылады. Жеке, жұптық және топтық тапсырмалар оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, дайындалды. |
Оқушылардың қолдану және талдау дағдыларын қалыптастыру үшін, тірек-сызба арқылы материктер бойынша таралған платформалар (қалқан, плита) және геосинклиналь аймақтарына сай жер бедері түрлерін және жазықтар (ойпат, қырат, үстірт, таулы қырат, таулы үстірт) пен таулар (қатпарлы жақпарлы, жақпарлы қатпарлы) және олардың түрлерін толтыру берілді. Топтық жұмыста «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы оқушылар бір-бірін бағалауы, ойларын жеткізіп, бір-біріне тілек айтуы және оны шешу жолдарын ұсыну арқылы тақырыпты меңгергенін көрсетеді. Бағалау критерийлері әрбір тапсырма бойынша нақты қадаммен және оқушыларға түсінікті ретінде жасалынған. |
АКТ- мен жұмыс жасау бұл сабақта тек мұғалімнің презентациясы пайдаланылған.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия
|
Мақсаттар нақты, түсінікті берілді. Оқушылар осы сабақта алдыңғы сабақтан алған білімдерін қолдана алды. Атлас картаны пайдалана отырып, жер бедері түрлерін, шартты белгілер арқылы сипаттады. Суреттерге қарап таулардың шығу тегін, тау элементтерін, биіктіктеріне талдау жасай алады. Жазықтарды биіктіктеріне қарай гипсометриялық профильге бейнелей алды. Атласпен жұмыс жасады, жеке, жұптық, топтық бағалау жүргізілді. Уақыт жеткілікті болды. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Оқушылар мәтінмен жұмыс жасау арқылы ұжымдық талқылау барысында идеялар тудыра алды. 2: Оқушылар суреттермен жұмыс жасау арқылы жер бедерінің түрлеріне қорытынды жасай алды. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Топпен жұмыс істеу барысында кейбір топтың оқушылары бір-бірін тыңдамай басқа оқушыларға кедергі жасауы. 2: Оқушылардың жазылым жұмыстарын қадағалау. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Жұппен және жеке жұмыс жасау барысында оқушылардың тапсырманы берілген мақсаттарына тез және нақты орындағандары байқалды. Сонымен қатар жұппен талқылау барысында оқушылардың тыңдалым және айтылым дағдылары жақсы қалыптасқаны байқалды. |
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі