Өлең, жыр, ақындар

Әжемнің наурыз көжесі!

Солтүстік Қазақстан Облысы
Ғ.Мүсірепов ауданы, Қарағаш ауылы
«Арай» балабақшасы
Тәрбиешісі: Жейтписова Айнұр Маратқызы

 

Мақсаты: Балалардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, ана тілін, оның тарихын, өмірін, мәдениетін қастерлей отырып, дамыта отырып тәрбиелеу. Халықтың салт-дәстүрін, әдет–ғұрпын үйрете отырып, наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету. Қазақ халқының ұлттық ойындарын, ұлттық тағамдарын, нақыл сөздерін қастерлей отырып ұғындыру.

Жүргізуші:
Армсыздар, халайық!
Бармысыздар, халайық!
Наурыз тойын жұп жазбай,
Жылда қарсы алайық!
Мереке Наурызжыл басы,
Наурыз тойы құтты болсын!
Дендеріңіз сау болсын!
Аман – есенболайық! –
деп, бүгінгі Наурызға арналған мерекелік ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Қымбатты ата-аналар, балалар, қонақтар, құрметті әріптестерім, көптен күткен Наурыз жаңа жылымызды алып ортамызға қайта оралды. Наурыз – мұсылман қауымның ұлттық мейрамы. Наурыз – жыл басы. Наурыз - ұлыстың ұлы күні. Бұл күні ата–аналарымыз бен әжелеріміз үй–үйді аралап, наурыз көжеден дәм татады, баталарын береді.

Балалардың тақпақтары:

Қарды ерітіп жылғасы          
Наурыз келді жыл басы
Шуақ төкті жарық күн
Мейрамында халықтың

Тыңдаңыздар тыңдаңыздар
Босқа қарап тұрмаңыздар
Наурыз тойы басталды
Көргендер де арманда
Көрмегендер де арманда
Қызықтан тыс қалмаңыздар

Мерекені байырғы
Алды халқым қабылдап
Ақ дастархан жайылды
Ошақта от жалындап

Көктем келіп жер көгеріп
Дала ғажап тұрды енді
Ауламызда алмамызда
Құлпырады, гүлдеді
Уа, ағайын, халайық,
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтың
 Наурыз тойын бастайық!

Жүргізуші: Рахмет, жарайсыңдар, балалар! Ал, енді, балалар, айтыңдаршы, Наурыз мейрамы жылдың қаймезгілінде бізге келіп отыр.

Балалар: Көктемде

Жүргізуші: Дұрыс, көктемде Ал көктемді қалай сипаттауға болады.

Балалар: Күн жылынады. Жер көгере бастайды. Гүлдер өседі.

Жүргізуші: Иә, табиғат құлпырып, бізді бір әдемі әлемге алып барады,

Би: Қамажай

Балалардың тақпақтары:

Ата бабам тойлаған
Наурызым армысың
Қызығына тоймаған
Дала дархан, қарлы шың

Дихан кетті бетке алып
Байтақ егіс даласын
Жұмақ етпек көп халық
Жер мен көктің арасын

Құтты болсын наурыз
Жалқаулық қос жауымыз
Дала толы егіске
Малға толсын тауымыз

Кел балалар ойнайық
Наурыз тойын тойлайық
Баянды боп мереке
Қыр гүліндей жайнайық

Жүргізуші: Әже біздің балалар шеттерінен өнерлі, біреуі билеп жатса екіншісі осы тойға  ән саламыз деп қанша күннен бері дайындалып еді сол балалардың әндерін тыңдасақ па екен

Ән: «Наурыз келді»
Балалардың тақпақтары:

Наурызда күлімдеп
Күн көзі жылынды
Өзгеше бүгін кеп
Қыс тауға тығылды

Наурызды халқымыз
Жыл басы санайды
Көнермей салтымыз
Көп елге тарайды

Наурыз келді тамаша
Ән айтайық таласа
Апам, атам той тойлап
Қуанып жүр балаша

Өніп еккен дәніміз
Бүршік жарды бағымыз
Сәскеде жаз, түнде қыс
Секілді екен наурыз

Қауыша аямай қанша жыл
Қалдық сенен адасып
Сағынды қыз, аңсады ұл
Төрле, есіктің бәрі ашық

Жүргізуші: Балаларды дастарханмен таныстырып өту және Қазақ халқының салт-дәстүрлерін айтып кету.

Салт-дәстүр: «Тұсау кесер»
Қаз қаз балам, қаз балам
Қадам бассаң мәз болам
Күрмеуіңді шешейін
Тұсауыңды кесейн

Түн: залға кіріп келіп мерекемен балаларды, қонақтарды құттықтап! Балаларға күн мен түннің бүгін теңелетінін түсіндіріп беру. Адамдарға жер бетіне күн мен түннің бірдей қажет екенін түсіндіру. Күн мен түн табысып сол жерде теңеледі

Қыдыр ата: Бата береді .


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз