Өлең, жыр, ақындар

Гидросфера және оның құрамдас бөліктері

Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Гидросфера

 

Мектеп:№4 ЖББОМ

Күні: 30.11.2017жыл

Мұғалімнің аты-жөні: Хидирбекова П.Т

Сынып:7А

Қатысқандар  саны:                  Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Гидросфера және оның құрамдас бөліктері

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары

  •  

*Табиғаттағы су айналымын түсіну

*Гидросфера құрамындағы сулардың қалыптасуы мен маңыздылығын ажырату

 

7.3.3.1- гидросфера және оның құрамдас бөліктерін сипаттайды

Жетістік критерийлері

 

Дағдылар: түсіну,білімін қолдану,талдау, бағалау

*Гидросфера құрамын түсінеді;

  •  

*Гидросферадағы су айналымын талдайды

*Құрлық сулары мен мұхиттарды анықтауда картаны қолдана алады;

*Гидросфераның маңызын талдайды

 *Гидросфераның  құрамдас бөліктерінің  маңыздылығына баға береді.

Тілдік мақсаттар

Пәндік  лексика және терминология: гидросфера, мұхит, құрлық суы, өзен, көл, мұздықтар, мұз жамылғысы, жерасты суы, өзен бастауы   Оқытудың тілдік мақсаты: гидросфераның құрамдас бөліктерін түсіндіру үшін болжам құруға топта жұмыс істейді (айтылым, тыңдалым және жазылым дағдылары) алады.                                                                                                   Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Суретте …                Мен … деп болжаймын.

Құрлық суларының ....... түрлері. Су айналымының  маңызы зор себебі.........   Тұщы су қорының......  шоғырланған. Ғаламшардағы өзендердің.........

Құндылықтарды дарыту

Өзіне және айналадағыларға құрметпен қарау,  қоршаған ортаға, суды үнемдеп,  қорғауға тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар

Химия пәнімен судың химиялық құрамын анықтау. Графиктер құру арқылы математикалық білімдерін пайдаланады.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта,  презентация

Бастапқы білім

Гидросфера түрлері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-1 мин

-Ұйымдастыру. Сәлемдесу.  Ынтымақтастық  атмосферасын құру.

 Сабақ мақсатымен, тапсырмалармен және жетістік критерийлерімен танысу.

 

презентация

Слайд 1

Сабақтың  ортасы

2 мин

 

 

3-8 мин

 

 

 

 

9-15 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

16-21 мин

 

 

 

 

 

22-25 мин

 

 

 

 

 

26-31 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

32-37 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

38-39 мин

Оқушыларға өткен сабақта алынған ЖБ нәтижесін айтып, талқылау. Оқушылар ЖБ нәтижесімен танысып болған соң  түсініктерін қалыптастыру мақсатында сұрақтар қойылады.

  1. Табиғатта үш күйде кездесетін зат
  2. Су не? ( )
  3. Гидросфера дегеніміз не?
  4. Гидросфераның құрамдас бөліктері қандай?
  5. Ғаламшарда қандай судың мөлшері көп? ( Ащы су  96,5пайыз
  6. Ал, барлық тіршілік қандай су пайдаланады? Тұщшы су -2,5 пайыз
  7. Неге тұщшы су таусылмайды?

Су айналым болады

Онда оқушылар көзімізді жұмамыз.Көз алдымызға әлемнің физикалық картасын елестетейікші. Елестеген картада қандай түстер басым болып тұр . Көк түс.

Әрине балалар дұрыс айтасыңдар. Бұл түс не білдіреді? Мұхиттарды , көлдерді өзендерді.

Онда Жер бетінің көлемі қанша? 510 млн км.кв.

Жер шарының неше пайызы су, неше пайызы құрлық? 71 пайыз су, 29 пайызы құрлық

Су-361 млн км.кв, ал құрлық 149 млн км. кв алқапты алып жатыр. Жарайсыңдар.

Сергіту сәті: « Жүйелі жұмбақ-тапқырлық тәлімі» жұмбақ шешіп серігейік.

*Қай заттың атауынан ағылшынның «2» саны есітіледі?  (Туфли)

*Спорттың қайсы түрінен ағылшынның «10» саны есітіледі? ( Теннис)

* Мұхиттардың ортасында

Аппақ тау бар, түк өспейді.

Жер шарының картасында ,

Оған еш шың теңеспейді. ( Айсберг)

*Бір бөлігі сын есім, зат есімнен келесі,

Біріктірсең екеуін, солтүстікте жатырмын. (Ақ теңіз)

Басың тәтті дер едім, бұйрық райдан ал соңы,

Тұтас атын береді, бір көлді тап соны. (Балқаш)

*Бас буыным-батырмын,   зат есімнен келесі,

Талай асқа батырдың, біріктіріп екеуін еліңді алып жатырмын. (Ертіс)

Мәтінмен жұмыс

Мәтінді «Түртіп алу » әдісі арқылы талдайды.

  •  

+  жаңа ақпарат

? түсініксіз

Қосымша 2

*Мәтінді оқу барысында оқулыққа белгілеу үшін қарындаш қолданылады.

*Әр сөйлемді оқып отырып шартты белгілермен белгілейді.

*Егер оқыған ақпарат бұрыннан білетін ақпарат болса құс белгісі(ν) қойылады;

*Егер оқыған ақпарат  жаңа болса оң (+) таңбасы қойылады.

*Егер оқу барысында ақпарат түсініксіз болса (?) белгісі қойылып,оқушылар мәтінді соңына дейін оқып шығады.

Талдау барысында оқушылар шағын топтарға бөлініп өздеріне таныс және таныс емес ақпараттарды талдайды. Топтың ішінде оқушылар өзара бір-біріне  түсіндіріп көмек береді.

*Мәтін бойынша оқушыларға сұрақтар қойылады.

 Білу және түсіну: «Сұрақты қағып ал» ойыны

1. «Гидросфера» ұғымын түсіндір

2. Гидросфера қандай бөліктерден тұрады?

3. Судың қандай қасиеттері бар?

4. Гидросферадағы басты тұщы су көздерін ата?

5. Қазақстан қандай су ресурстарына бай?
Мұғалім кеңесі Қолдану:

ҚБ.1.Гидросферадағы судың пайыздық көрсеткіші» сызбасын өз бетеріңше дәптерлеріңе сызыңдар

2.«Табиғаттағы су айналымы» тізбегін жасаңдар. Ол қалай пайда болады? Су айналымының маңызы қандай?

Түсіндіру: Құрлық суларын презентациядан таныстырып. Мұғалімнің түсіндіруі.

ҚБ: Картамен жұмыс:                                                                        Картаны пайдалана отырып, гидросфераның байланысын дәлелдеп, сызбасын сызыңдар

ҚБ. 1. Физикалық картадан дүниежүзіндегі және өз аймақтарыңдағы ең биік тауларды анықтап, атаңдар.

2. Сол таудан бастау алатын ірі өзенді табыңдар

3. Өзеннің қандай көлге немесе теңізге құятынын анықтаңдар

4. Теңіздің немесе көлдің мұхитпен байланысы бар ма? Болса қандай мұхитпен екенін анықтаңдар

Дескрипторлар:

- Оқушы картаны пайдаланып, биік шыңдарды, мұздықтарды таба алады.

- Гидросфераның байланысын анықтап, сызбасы арқылы талдау жасай алады.

 Қорытынды: Файнворд әдісі .

ҚБ.Оқушылар берілген тор көз ішінен  гидросфераға қатысты атаулар мен терминдерді анықтайды.  Анықтаған ірі өзендер мен көлдерді картадан анықтап құрлықтар бойынша топтастырыңдар

Дескрипторлар:

-Оқушы гидросфераға қатысты атаулар мен терминдерді таба алады.

-Анықтаған ірі өзендер мен көлдерді картадан анықтап құрлықтар бойынша топтастыра алады.

Бағалау: Ғаламшар үшін гидросфераның маңызын бағалаңдар

  •  
  •  
  •  

 

Слайд 4

 

 

 

 

Карта, атлас

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд 5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд 6-12

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

13-24 слайд

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд 25 -26

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд 27

 

Сабақтың соңы

40 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

*Егер саған сабақ ұнаса, сабақты жақсы түсінсең және берілген тапсырмаларды жақсы, толық орындасаң, онда желкенді қайықтың жалауын көк түске боя.

*Егер саған сабақта қиындықтар болып, бірақ сен қиындықтарды жеңіп  берілген тапсырмаларды дұрыс орындасаң, онда желкенді қайықтың жалауын сары түске боя.

*Егер саған сабақта қиындық келтірген тапсырмалар  болып, оны мұғалімнің көмегімен орындаған болсаң, онда желкенді қайықтың жалауын қызыл түске боя.

Үйге тапсырма: « Су- тіршілік көзі» тақырыбында эссе жазу

 

Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау–оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушылар:

*Топта ұйымдастыру жұмыстарыналады;

*Сабақ бойындағы «Түрткі сұрақтар» оқушылардың ойын қозғауға, дамытуға арналады.

*Картаны пайдалана отырып, гидросфераның байланысын дәлелдеп, сызбасын сызады

*Файнворд жәшіктерінен өзен, көлдердің атын табады, картадан анықтап, құрлықтар бойынша топтастырады

Қабілеті орта оқушылар:

*Мәтін оқудағы «Түртіп алу» әдісі осы деңгейдегі оқушыларға қолдау береді;

*Сабақ барысындағы деңгейлік сұрақтар тізбегі;

*Картаны пайдалана отырып, гидросфераның байланысын түсіндіреді

*Файнворд жәшіктерінен өзен, көлдердің атын табады, картадан анықтайды                              Қабілеті төмен оқушылар:

*Деңгейлік сұрақтар;

*Мұғалімнің қолдауы;

*Файнворд жәшіктерінен өзен, көлдердің атын анықтайды;

*Ынталандыру, қолдау көрсету, формальды емес бағалау түрлері;

*Оқушылар өзара бағалайды;

*Топпен бағалау жүргізеді;

Сабақ бойынша рефлексия

 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткіздіме?

Жеткізбесе,неліктен

Сабақта саралау дұрыс жүргізілдіме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

 

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. 

 

*Оқу мақсаттары дұрыс қойылған.

Жалпыбаға: Сабақта қойылған сабақ мақсаты мен оқу мақсаттарына жеттім, жетпедім

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 


Пікірлер (2)

Тағабай Айжан

Я ұнады бірақ іздегенімді таппадым

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз