Өлең, жыр, ақындар

Аласа таулар

САБАҚ: Аласа таулар

Мектеп: «Шынқожа батыр атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ

Күні:

Мұғалімнің есімі: Нукибаева А.Б

СЫНЫП: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Қазақстанның аласа тауларын білу, таулардың ерекшеліктерімен ішкі, сыртқы күштердің жер  бедерін өзгертудегі маңызын түсіну және аласа таулардың орнын анықтау үшін физикалық картаны қолдану.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

 • А оқушы: Оқушылар аласа таулардың географиялық орнын, жер бедері, табиғаты туралы біледі.

Оқушылардың басым бөлігі:

 • В оқушы: Аласа таулы өлкелердің жер бедерінің негізгі пішіндерін түсіндіріп, кескін картаға түсіре алады.

Кейбір оқушылар:

 • С оқушы: Аласа таулы өлкенің табиғат ерекшеліктері туралы білімдерін жинақтап, шағын жарнама жасай алады.
         

Тілдік мақсат

Оқушылар:

 • Аласа таулы өлкелерге кіретін тауларды атай алады

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Аласа тау, биіктік, жер бедері, Сарыарқа, Мұғалжар

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

 

Таудың анықтамасы қалай? Биіктігіне қарай неше түрге бөлінеді?

 

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Дәптерге таулардың биік нүктелерін жазады

Алдыңғы оқу

Таулар. Биіктікке қарай бөлінуі

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

 Басталуы

 5 минут

 Амандасу.

 Топтасу

 Оқушылармен амандасып, «Алатау», «Атамекен», «Сарыжайлау», «Жаса Қазақстан» атты әндердің өлең жолдарын қиып оқушыларға үлестіремін. Оқушыларды өлең жолдарын құрастыру арқылы топқа бөлемін және топтастырып алғаннан кейін сол әндерін әуендерімен хор болып айтып шығуын қадағалаймын. Содан кейін сол әуендеріне салып басқа топтарға тілек тілеу арқылы амандасуларын айтамын.

«Алатау», «Атамекен», «Сарыжайлау», «Жаса Қазақстан» өлең жолдары жазылған кеспе қағаздар

Ортасы

30минут

1 Үй тапсырмасы. «Кім тапқыр» ойыны
Жуан-жіңішке сұрақтар қоямын.

1. Қазақстан жерінің үштен бірін қандай жазықтар мен ойпаттар алып жатыр? (Батыс Сібір жазығының оңтүстігі, Тұран ойпаты мен Каспий маңы ойпаты )
2.Батыс Сібір жазығының Қазақстанға қай бөлігі енеді? (Оңтүстік бөлігі)
3. Көл, теңіз және өзендердің шөгінді жыныстарынан түзілген ойпат?
 (Тұран ойпаты)
4. Батпайсағыр, Бозанай, Қосдәулет, Мыңтеке, Тайсойған,  Қарақұм құмдары қай ойпатта? (Каспий маңы ойпаты)
5.Каспий маңы ойпаты мен Мұғалжар тау аралығында жатқан үстіртті ата? (Орал алды (Жем) үстірті)
6.Орал тауы мен Еділ өзені аралығындағы үлкен қырат? (Жалпы Сырт)
7. Балқаш көлінің оңтүстік жағында орналасқан жазық? (Балқаш маңы жазығы)
8.Солтүстік Қазақ жазығы деп аталатын жазық? (Батыс Сібір жзығы)

Оқулықпен жұмыс «паб куиз» әдісі

Әр топқа тау, Қазақстанның аласа таулары жайлы интернеттен алынған қосымша материалдарды таратамын. Әр топқа тапсырмалар бөліп беремін. Содан кейін оқушыларға аласа таулар жайлы қосымша материалдар таратып төрт топқа төрт түрлі тапсырма бердім.

1. Жалпы тауларға, Қазақстанның аласа тауларына сипаттама беру

2. Тақырыпта кездесетін сандарды сөйлету

3. Аласа таулардың Қазақстан үшін маңызы

4. Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау тауларына жеке сипаттама беру

Картамен жұмыс.

Картамен жұмыс «Нысанды іздеу»

Тақтада тұрған Қазақстанның физикалық картасынан географиялық нысандарды көрсетуге тапсырма беремін.Интерактивті тақтадан географиялық нысандарды шығарып қоямын: Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау, Каспий маңы ойпаты, Тұран ойпаты,Солтүстік Қазақ жазығы.

Адасқан объектілер. Аласа таулардың биіктігін анықтау.

  Ақсораң                          1565 м
  Үлкен Боқтыбай               657 м
  Бесшоқы                         556 м 
  Қарқаралы                      1403 м 
  Шыңғыстау                       1133 м
  Ұлытау                             1305 м  

Шығармашылық тапсырма

«Қазақстан Швейцариясы» атты тақырыпқа жарнама жасауға тапсырма беремін.яғни Қазақстанда туризмді дамыту мақсатында не жасай алатындарын білемін. Интерактивті тақтадан «Көкшенің шоқылары», «Жұмбақтас» суреттерін көрсетіп қоямын.

«TED»әңгімелері

Барлық оқушыларды ортаға шығарып, әр оқушыға тақырыптан түйген қорытынды сөз айтқызып сабақты беекітемін.

 

Бағалау жетондары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А-3 форматтағы қағаз, маркер,фломастер, интернет материалдары

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық және Қазақстанның физикалық картасы, интерактивті тақта

 

Тапсымасы бар үлестірмелі қағаздар

 

 

 

Интерактивті тақта,

 «Көкшенің шоқылары», «Жұмбақтас» суреттері

Аяқталуы

5мин

Үй тапсырмасы: Аласа таулы өлкелер. Кескін картаға биіктіктерін түсіру

Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек» бағалау әдісі арқылы бір-бірін бағалайды.

 


Пікірлер (2)

Айжан

Аласа таулардын атымен биыктыгы жокпааа?

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз