Өлең, жыр, ақындар

Алаштың ардақтысы - Нәзір Төреқұлов

Күні:12. 12. 17ж

Пәні: Қазақ тілі

 Сынып:   10 «Б»

 

Мектеп:Н.Төреқұлов атындағы «№121 ЖОМ» 

 Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Мұғалімнің аты-жөні:    

Тультаева П.

Сабақтың тақырыбы

Алаштың ардақтысы - Нәзір Төреқұлов

Ресурстар

Оқу мақсаттары

    Қазақ халқының тұңғыш елшісі, қоғам қайраткері, алаштың ардақтысы-Н.Төреқұлов өмірі, өмір сүрген ортасы, ғылымға қосқан үлесі жайлы оқушылардың шығармашылық жұмысы арқылы кең түрде мағлұмат беру.

Оқулық

Бағалау критерийлері

1.Мұғалім көмегімен тақырыпты меңгере алады.        2.Сұрақтарға жауап бере алады.

3.Сөздікпен жұмыс жүргізе біледі.

 

Сабақ мақсаттары

1) Барлық оқушылар орындай алады:

Н.Төреқұлов өмірі туралы біледі.

2) Оқушылардың көпшілігі орындай алады

Н.Төреқұлов өмірі туралы мәліметтер таба алады.

3) Кейбір оқушылар орындай алады:

Нәзір Төреқұлов туралы өлеңдер біледі.

 

Алдыңғы оқу

 

 

Жоспар:

Жоспарланған уақыт

Ресурстар

 Сабақтың басы:

2-5 мин

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы:

 

6-35 минут

 

  «Ой қозғау» Сұрақтар қойып, жауап алу."

 1. Ардагер"деген сөзді естігенде сендерге не елестейді?
 2. Ал сендер ерен еңбектері арқылы "ардагер еңбекші" атанып елге сыйлы болып жүрген адамдар туралы білесіңдер ме?                                                        
 3. Ал алғашқы болып жүрген адамдарды ардагер деп атауға болама?  Неліктен? Оқушыларға қазақтан шыққан тұңғыш…  кімдерді білесіңдер? деген сұрақ қоя отырып, алғашқы болып топ жарған адамдардан қысқаша үзінді жеткіземін.

Қазақ жазба әдебиетінің тұңғышы, тұңғыш классик - Абай Құнанбайұлы

Тұңғыш қазақ педагогикалық оқулығының авторы - Ыбырай Алтынсарин

Тұңғыш ағартушы ғалым, тұңғыш тарихшы, тұңғыш саяхатшы, тұңғыш этнограф, тұңғыш журналист -  Шоқан Уәлиханов

Қазақтың тұңғыш тілтанушысы, қазақ әдебиеттану теориясының негізін қалаушы, қазақ әліпбиін алғаш түзуші -Ахмет Байтұрсынұлы

Тұңғыш теміржолшы - Мұхамеджан Тынышбаев

Тұңғыш қазақ журналының редакторы - Мұхаметжан Сералин

Қазақ үкіметінің тұңғыш төрағасы - Әлихан Бөкейханов

Қазақтың мүддесін шетелде жүріп қорғаған тұңғыш қазақ - Мұстафа Шоқай

Қазақ әнін әлемге паш еткен тұңғыш қазақ - Әміре Қашаубаев

Қазақтың тұңғыш романының авторы - Міржақып Дулатов

Қазақтың тұңғыш кәсіби палуаны, әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ - Қажымұқан Мұңайтпасов

Қазақтан шыққан тұңғыш КСРО халық әртісі -Күләш Байсейітова

Қазақтан шыққан тұңғыш режиссер - Жұмат Шанин

Кеңес Одағының мемлекеттік және лениндік сыйлығын алған тұңғыш қазақ жазушысы - Мұхтар Әуезов

Қазақстан жазушылар одағының тұңғыш төрағасы - Ілияс Жансүгіров

Тұңғыш қазақ кәсіби дәрігері - Мұхамеджан Қарабаев 

Қазақтың тұңғыш заңгері, Мемлекеттік Дума депутаты ретінде патша үкіметінің қазақ жеріндегі аграрлық саясатын ашық сынға алып, сөз сөйлеген тұңғыш қазақ - Бақытжан Қаратаев

Қазақтың тұңғыш лингвист-профессоры - Құдайберген Жұбанов

Екінші дүниежүзілік соғыста бес мәрте ерен ерлік көрсеткен тұңғыш қазақ батыры - Бауыржан Момышұлы

Тұңғыш қазақ цирк өнерінің шебері - Балуан Шолақ

Күріш өсіруден әлемдік рекорд жасаған тұңғыш диқан, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атағын алған тұңғыш қазақ күрішшісі - Ыбырай Жақаев

Кеңес Одағының батыры атағын алған тұңғыш қазақ қызы - Мәншүк Мәметова

Тұңғыш қазақ академигі -  Қаныш Сәтбаев

Тұңғыш қазақ кәсіби суретшісі - Әбілхан Қастеев

Тұңғыш қазақ археологы - Әлкей Марғұлан

Тұңғыш қазақ кинооператоры - Ескендір Тынышбаев

Тұңғыш қазақ кәсіби музыканты, кәсіби музыка мәдениетінің негізін қалаушы, тұңғыш қазақ дирижеры, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының тұңғыш ректоры - Ахмет Жұбанов

Қазақтың тұңғыш балеринасы - Нұрсұлу Тапалова

Қазақтың тұңғыш боксшысы - Шоқыр Бөлтекұлы

Тұңғыш қазақ генералы - Шәкір Жексенбаев

Қазақ теледидарының тұңғыш дикторлары - Зұлхия Жұматова, Нейля Омарова

Тұңғыш қазақ сәулетшісі - Төлеу Бәсенов

Мемлекет басшылары арасында Социалистік Еңбек Ері атағын алған тұңғыш қазақ - Дінмұхаммед Қонаев

Әлем әйелдері туралы энциклопедияға енген және «Халық қаһарманы» атанған тұңғыш қазақ қызы - Роза Бағланова

Қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш ұшқыш - Хиуаз Доспанова

қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш режиссер - Дариға Тінәлина

Кеңес Одағының батыры атағын екі мәрте алған қазақ ұшқышы- Талғат Бигелдинов

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті- Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақтың тұңғыш хореографиялық ансамблінің жетекшісі - Болат Аюханов

тұңғыш қазақ мультфильмінің авторы - Әмен Қайдаров

қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы -Әлжан Жармұхамедов

Тұңғыш қазақ ғарышкері  - Тоқтар Әубәкіров

Тұңғыш қазақ баспагері, КСРО-дағы тұңғыш қазақ елшісі- Нәзір Төреқұлов

Осында айтылған есімдерден сендерге етене таныс,         халқымыздың біртуар ұлы алғашқы дипломат, елші  Н.Төреқұлов есімді Алаш ардақтысы 125 жасқа толса, сол ұлы тұлғаның есімін иелену біздің еншімізге бұйырған екен. Мектебіміз биылғы оқу жылынан бастап, «Н.Төреқұлов атындағы №121 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі деп аталуда.

Сөздікпен жұмыс: Ал енді балалар осы тақырыптарда елші, дипломат деген  қандай сөздер? Енді сол сөздерге түсінік бере кетейік.
1. Елші — бір мемлекеттің басқа мемлекеттегі дипломатиялық өкілі — елшісі.
2. Дипломат — 1. Елшінің немесе сыртқы істер министрлігінің қызметкері
2. Адамдар арасындағы қатынасты, істі өте шебер жүргізе білетін адам. 

Қазақ елінің, қазақ жүртының сынға түскен тарихи кезеңдерінде, алмағайып замандарда әсіресе қазақ оқығандары, ұлт зиялылары жанқиярлық еңбек көрсетті. Ұлт болашағын ойлап қам жеген, халқы үшін от пен суға түскен, азап шеккен, керек болса осы мақсатта басын бәйгеге тігіп, жан қиған да осы Алаш арыстары болды.

«Топтастыру»
Н. Төреқұлов — елші, қоғам қайраткері, тарихи тұлға, революционер, әдебиетші, сыншы, ақын, ғалым, шығыстанушы, саясаткер, журналист, Құранды жатқа білген ірі  дипломат.

Қазақ халқы да тарих саясатына талай саңлақ ұл — қыздарын шығарған. Осындай мақтан тұтар, өмірі — мектеп, ісі үлгі, жұлдызы жарық, даңқы асқақ ардагерлеріміздің бірі  Жұма күнін демалыс жасап, құрбан айтты мерекеге айналдырған — НәзірТөрекұлов. Нәзір Төреқұлов 1892 жылы Түркістан өңіріндегі Қандоз ауылында дүниеге келген. Бірақ оның туған жеріне қатысты таласты әңгіме әлі күнге дейін бар. Біреулер оны Қоқанда туған десе, кей ғалымдар қазақ жерінде дүниеге келгенін айтады. Саналы ғұмыры Қоқанда өткен Нәзірдің ұлтын өзбектер “өзбек” деп те жүр. Ал Нәзірдің өзі замандасы Шәріп Байшораға: “Мен де өзбек емеспін, ұлтым – қазақ. Түркістан шаһарының іргесінде дүниеге келіп, Қоқанда өскенмін, яғни өзбекке сіңіскен қазақпын”, - деп айтқан көрінеді. Абайтанушы ғалым Мекемтас Мырзахметов те: “Нәзір – өзбек, тәжік тіліндегі тұңғыш оқулықтардың авторы. Нәзір жөнінде алғашқы мақала ол ақталысымен өзбек тілінде “Шарқ” журналында жарияланды. Бірақ онда Нәзірді өзбек ұлтынан деп көрсетті: “Нәзір Төреқұлов – өзбек халқының ұлы перзенті” деген тақырыппен берілді. Мен Нәзір Төреғұлұлы туралы Ташкент архив деректерінен өзі жазған құжаттарда ұлтын қазақ деп көрсеткенін білуші едім. Ол сауатты, көзі ашық қазақ семьясында заманына лайықты тәлім-тәрбие алды, 1905 жылы Қоқандағы сауда-саттық училищесіне оқуға түсті. Нәзірдің әкесі ескіше, орысша сауаты бар, көбінше заң ісімен айналысқан, заманында көп нәрседен хабары бар білімдар кісі болған, сондықтан баласының орысша білім алуына айырықша көңіл бөлген. Нәзір училищені 1913 жылы бітіріп, Мәскеу институтына түседі. Москвада оқып жүрген Нәзір орыс мәдениетін терең үйренумен бірге неміс, француз, түрік, араб, парсы тілдерін жете меңгеріп алды”, – деп жазды. Осы жолдардан-ақ Нәзір Төреқұлов тәрбиеленген отбасының да көзі ашық, көкірегі ояу болғанын байқаймыз. Заңгер болды, қызмет бабымен көшіп- қонып жүрді делінетін әкесі Төреғұлдың діни білімі терең болса керек. Оны Нәзір өмірін зерттеп жүрген Елеусіз Құлымбетовтің: “Төреғұлдың үміт күткен тұңғышы осы Нәзір болады. Бұдан кейінгі екінші ұлы Әбділқадыр және Фатима атты қызы. Нәзірді жете білетін көзкөрген кісілердің айтуына қарағанда ол сегіз тілді білген. Шешесі тәжік қызы болғандықтан парсы тілі Нәзірдің екінші ана тілі санатында еді”, – деп келтірген дерегіндегі балаларына қойған есімдерден де көреміз.

   Жастайынан білімге құмартқан Нәзір 1916 жылғы 25 шілдедегі патша жарлығынан кейін оқудан қол үзіп, майдан тылындағы жұмысқа аттанады. Онда да тыныш жүрмей тылда жүрген түркістандық жерлестерінің басын біріктіріп “Еркін дала” ұйымын құрады. 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін Қоқанға қайтып келіп, 1918 жылы большевиктер қатарына өтеді. Онда “Халық газетін” ұйымдастырып, қоғамдық-саяси істерге белсене араласып кетеді. Міне, осыдан былай қарайғы 20 жылында Кеңес үкіметіне қызмет ете жүріп қазақтың, діннің мүддесін талай қорғады. Оған ҚРҰҒА академигі Рахманқұл Бердібайдың мына жазғандары дәлел: “Кеңес үкіметі орнағаннан кейін басшылық қызметті иеленгендердің көбі дін мәселелеріне теріс қарағаны белгілі. Ал Н.Төреғұлұлы діннің адам баласы тарихындағы өзгеше мәнін әуел бастан-ақ анық түсінген, сондықтан да белсенділердің дүрмегіне қосылмаған, діннің қасиетін жоғары бағалаған. Мұны ол өзінің көптеген мақалалары мен баяндамаларында қадай айтып, ұғындырып отырады. “Ислам және коммунизм” деген мақаласында (“Қызыл байрақ”, 16.12.1921) Нәзір исламның пайда болу тарихын айта келіп, оның көптеген ұлттар мен ұлыстарды бірлестірудегі пайдалы қызметін көрсетеді, адамның ождан, наным-сенім бостандығына шек қойылмайтынын мәлімдейді”.    Нәзір Төреқұловтың тағы бір таңғаларлық әрекеті Түркістан республикасы Орталық атқару комитетінің төрағасы болып қызмет істеген жылдарында дін мәселесінде үлкен мемлекеттік қайраткерлер ғана бара алатын қадамдар жасағандығы шығар. Рахманқұл Бердібайша айтсақ, оның барлық мекемелерде демалыс күнін жексенбіден жұмаға көшіру туралы үкімет қаулысына (7.12.1921) қол қоюы одан кейінгі ондаған жылдарда Орта Азия халықтарынан шыққан бірде-бір биік лауазымдының түсіне де кірмеген шара. Сонымен қатар, жиырмасыншы жылдардың бас кезінде-ақ мұсылмандардың кәделі мейрамы – Құрбан айттың үш күнін демалыс күндері деп жарлық шығарған да Нәзір болатын. “Бұл да оның “нұсқаудан” қия баспайтын кейінгі дәуірдегі толып жатқан қуыршақ басшылардан көш ілгері тұрғанын сипаттайды”.
Н. Төреқұлов — ең алдымен революционер. Патша самодержавиесінің озбырлығына, бұратана елдерге жасаған қысастығына өштігі оны 1916 жылы Батыс майданына, қара жүмыста жүрген түркістандықтардың ортасына апарған.
Нәзір Ұлы Октябрь революциясын Торғай даласында қарсы алды. Бұдан былай большевиктер сапында қимыл жасайды.
Н. Төреқүлов — коғам қайраткері, әдебиетші, сыншы, ақын. Ол ғалым. Ірі — дипломат.
Тайыр Мансуровтың “Елші Нәзір Төреқұловтың Арабия дастаны” деген еңбегін талдау.
Н. Төреқұлов қазақтан шыққан түңғыш кәсіби, білікті дипломат, елші болғандығын және оның есімі сол кезде, көзі тірісінде — ақ халықаралық деңгейде танылғандығын, жоғары бағаланғандығын бүгін үлкен мақтанышпен айтуға тиістіміз.
Н. Төреқұлов елшілік қызметін тез арада меңгеріп, жергілікті саяси қайраткерлермен, ірі саудагерлермен өзара сенімді қатынастар орната алды.                                                 ҒҰМЫР ЖОЛЫ. Хронологиялық кесте арқылы айтып өту.  «Жылдар сөйлейді»

1892 жылы қазан. Түркістан қаласының іргесіндегі Қандөз ауылында дүниеге келді.

1900-0903 жж. Қоқандағы иедресені түскен.

1903-1905 жж. Қоқандағы орыс-үздіктер мектебінде оқиды.

1905-1914 жж. Қоқан сауда учелищесін оқып бітіреді.

1914-1916 жж. Мәскеудегі сауда институтының экономика факультетінде (3 курс) оқиды.

1916 ж күз. Минск түбіндегі майданның қара жұмысшылар арасында «Земсоюз» нұсқаушысы.

1916 ж. Қараша-желтоқсан. «Еркін дала» атты астыртын саяси ұйымының жұмысын басқарады.

1917 ж сәуір. Қоқан ревкомының хатшысы.

1917 ж 21-23 шілде. Орынбордағы өткен І жалпы қазақтық съезінің делегаты.

1917 ж шілде, 1918 ж наурыз. Торғай кеңестерінің оргоны-«Қазақ мұңы» газетінің бас редакторы.

1918 ж желтоқсан-1919 ж наурыз. Қоқан қалалық кеңесінің органы «Халық газетасы» газетінің редакторы.

1918-1919 жж. Ферғана облыс ревкомы төрағасының орынбасары.

1919 ж қыркүйек, Түркістан Республикасының Ортвлық Атқару Комитетінің мүшесі. Түркістан Кеңестерінің 8 съезінің делегат.

1920 ж 27 сәуір-21 қыркүйек. Түркістан Республикасының Халық ағарту комиссары.

1920 ж. мамыр-шілде. «Вестник просвещения и коммунистиской культуры» журналының редакторы.

1920-1922 жж. Түркістан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы.

1920 ж, 19 шілде. Түркістан Уақытша Компартиясының жауапты хатшысы.

1920 ж, 1-7 қыркүйек. Шығыс халықтары І съезінің (Баку) делегаты.

1920 ж. 12-18 қыркүйек. Түркістан Компартиясының v съезінде есепті баяндама жасайды. Түркістан Компариясы Орталық комитетінің төрағасы болып сайланды.

1921 ж. 11-25 тамыз. Түркістан Компартиясының vI съезінде Түркістан Орталық Атқару комитетінің төрағасы.

1921 ж. 21 тамыз. Түркістан Кеңестерінің съезін басқарды.

1921ж. 7 желтоқсан. Революциялық әрекетті зерттеу комисиясының төрағасы.

1921 ж 13 желтоқсан ТүркЦИК жанындағы қазақ білімін ашып, өзі басқарды.

1921 ж қаңтар. Әулие атда өткен кедейлер съезінде «Қосшы» одағының тезистерін белгілеп берді.

1921 ж ақпан. Демалысты жексенбіден жұмаға ауыстыру туралы декретке қол қойды.

1921 ж наурыз. Түркістан Компартия делегациясының құрамында РКП (б) Х съезіне қатысты.

1921 ж наурыз. В. И. Ленин қабылдауында болды.

1921 ж. Тамыз. Құрбан айт күндерін демалыс деп жарияланған жарлыққа қол қояды.

1921 ж. 21 тамыз. Түркістан Кеңесінің Х съезінде төрағалық, есепте баяндама жасады.

1921ж. қазан. Түркбуюро мен Түркістан Комунистік партиясы Орталық атқару бюросының мүшесі.

1922 ж. наурыз. Түркістан Компартиясының v конференсиясында РПК(б) ХI съезіне делегат болып сайланды.

1922 ж. 26 мамыр. Орта Азия бюросының құрамына енгізді.

1922 ж. шілде. Бүкілресейлік ХII конференцияға делегат болып қатысқаннан соң Мәскеу жұмыс істеуге қалдырылды.

1922 ж. желтоқсан. Жаңа түркі әліпиін жөніндегі Орталық Комитет коиссиясының мүшелігінесайланды.

1923 ж. ақпан. Мәскеуден «Темірқазық» журналын шығарды.

1924 ж. Орынборда білімпаздар съезінде латын әліппесіне өту қажетігін баяандайды.

1926 ж. наурыз. Бакудегі түркі білімпаздарының съезінде латын әріпін қабылдауда жеңіске жетті.

1928 ж. Латын әліппесіне өту жөніндегі Орталық Комиссияның құрамына енеді.

1928-1932 жж. Кеңес елінің һиджаздағы Бас консулы.

1932-1936 жж. Тұрақты және өкілетті елшісі.

1936-1937 жж. Мәскеу мен Ленинградтағы Шығыс халықтары институтының ғылыми қызметкері, оқу ісінің проректоры.

1937 ж. 15 шілде Тұтқынға алынды.

1937 ж. 3 қараша Ату жазасына кесіліп, үкім сол күні жүзеге асырылды.

1958 ж. 23 қантар. КСРО Әскери Коллегиясы жоғары

 4Н-07430-57 шешімі бойынша біржола ақталады.
Қорытынды                                                                               Осылайша қазақ ұлтының бүгінгі жарқын болашағын жақындатуға, оның іргетасын қаласуға сонау өткен XX ғасырдың алғашқы жылдарында аянбай еңбек еткен, қыруар жұмыс жасаған Н. Төреқұлов қоғамдық және саяси өміріміздің әр саласында еңбек етіп, сол арқылы әрқайсысының түптің түбінде ұлттық тәуелсіздігімізге қол жеткізуге әрекет жасағандығын аңғарамыз. Ұлты үшін толассыз еңбек еткен есіл ерге туған жерінен топырақ та бұйырмады. Тек ақталып, есімі еліне қайтқанда ақын Мұхтар Шаханов:

Біздің елде заманында ғалам назар аударған,

Өзге түгіл өз ұлтынан шеттетілген Таулар бар.

Ол Тау сенсің – Нәзір аға, қазағымның нар Тауы,

Дәуірінің қасиеті, өр рухты арқауы.

Ортаймапты әлі сенің алғыр, асау дарының,

Талай елге шашсаң-дағы жүрегіңнің жарығын.

Қаншама жыл саған құйған азаматтық арынын,  

Туған жерге оралғаның жақсы болған алыбым! – деп жыр арнап жатты. Арада қаншама жылдар өткенде Ресейде тұратын, бір ауыз қазақша білмей, қазақ жерін көрмей өскен қызы, ұрпағы Әнел ұлтының Нәзірді жоқтап жатқанын естіп, өзін әкесінің туған жеріне жерлеуді өсиет етіпті. Тағдырдың талқысына түскен қыздың әке алдындағы міндетін осылай орындағысы келгені ме, кім білсін...

  Жаңа сабақты бекіту.   Сұрақтарға жауап бере отырып, сөзжұмбақты шешу. «Нәзір»

  1. Мемлекттік Тудың авторы? - Шәкен Ниязбеков
  2. Нәзір Төреқұловтың қызының есімі - Әнел
  3. Қажылық Исламдағы бес парыздың бәрі - Намаз
  4. Бір мемлекеттің басқа мемлекеттегі дипломатиялық өкілі - Елші
  5. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының авторы? - Нұрсұлтан

суреттер, кітаптар, баспа материалдары

тақта,  т.б.

«Ой қозғау»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сөздікпен жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Топтастыру»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Хронологиялық кесте

«Жылдар сөйлейді»                                                                                              

«Сөзжұмбақ» шешу

Бағалау критерийлері

Сұрақтарға жауап береді.

 

Сабақтың соңы

36-40 мин

 1. Патриот адам кім? Ол өзін қалай көрсетуі керек?
 2. Қандай патриот адамды білесіздер? Олар кімдер? Не үшін?
 3. Қазіргі заманның патриоты қандай болуы керек? (мінезі, ерекше қасиеттері, ұстанымы, ұраны).
 4. Мен патриотпын себебі? Қалай түсіндіресіздер.

 

Кері байланыс:

 

«Бесбармақ» әдісі арқылы кері байланыс жасау.

 

 

 

 

Үйге тапсырма беру: Қазақтан шыққан тұңғыш елші-Н.Төреқұлов өмірі, Нәзір Төреқұловқа арналған өлеңдер жаттау.  «Нәзір атаға хат» жазу.

 

 

Саралау

Қорытындылау

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар Түрлі мәліметтер тауып айта алады   

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар  Сұрақтарға жауап береді

 

 

 Бағалау

 

Рефлексия

Ауызша мақтап отыру 

Түрлі стикерлермен бағалау.

Осы кестеге оқушылар өз ойларын стикерге жазып, тақтаға іліп қояды.

Мен үшін жаңалық

Мен үшін туғызған қиындық

Сабақтан алған әсерім

 

 

 

 

 


Пікірлер (2)

Қосқараева Гүлнар

Кысқа мерзімді жоспардан Нəзір Төреқұлов жайлы көп мəлімет алдым Əріптесім Төлтаева Ферузаға рақмет ,шығармашылық табыстар тілеймін

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз