Өлең, жыр, ақындар

Футбол ойыны

Шығыс Қазақстан облысы Аякөз қаласы
«К. Бозтаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» ММ
Нұртілеу Бауыржан Нуртілеуұлы

Сабақтың тақырыбы: Футбол ойыны 6 класс

Сабақтың мақсаты:

1. Допты алып жүру тәсілдерін жетілдіру.      

2. Ойын барысында адамгершілік қабілеттерін қалыптастыру                                              

3. Футбол ойынына арналған арнайы жаттығулардың маңызын арттыру

Өткізілетін орны: спорт залы

Керекті құралдар:футбол доптары, әр түрлі кедергілер, ысқырық, секундомер, қақпа

Сабақ бөлімі

Жеке міндеті

Сабақ негіздері

Уақыты

Ұйымдастыру және әдістеме

1

Дайындық    бөлімі

Оқушыларды сабаққа дайындау

Сапқа тұрғызу. Сабақтың тақырыбымен таныстыру. Футбол туралы қысқаша теориялық мәлімет. Саптағы жаттығулар

10-12м

Оқушылардың спорттық киімдеріне саптағы тұрыстарына көңіл аудару

 

 

Оқушылардың ағзасын негізгі бөлімге дайындау

Аяқтың ұшымен, өкшемен ішімен сыртымен жүру

1айнал-ым

Денені дұрыс ұстауына көңіл бөлу

 

 

 

Жартылай және толық отырып жүру, секіру. Еркін жүгіру, оң жақпен, сол жақпен секіру. Аяқты айқастырып жүгіру, артпен жүгіру, еркін жүгіру, жүгіріп келе жатып биік секіру  

4-5 рет

Денені тік ұстауын қадағалау. Дұрыс тыныс алуын қадағалау

 

 

Сапта жүріп келе жатып жаттығулар жасау

Жүрек соғуын қалыптастыру. Қолды жоғары көтеріп, дем алып еңкейіп,демді шығару. Қолды кеуденің алдына ұстап қолды сермеу. 3, 4 санына денені бұрып құлашты ашу. Екінші жаққа солай қайталау. Жүріп келе жатып оң аяқтың тізесін биік көтеру, сол аяқтың тізесін көтеру,  

4-5 рет

Бірнеше рет қайталап,тамыр соғысын бастапқы қалыпқа келтіру. Жаттығуды дұрыс жасалуын қадағалау

 

 

 

оң аяқты алға қойып кеудені оңға қарай бұру, сол аяқты алға қойып кеудені солға қарай бұру

 

 

 

 

Орнындағы жаттығулар

Мойынды 4 рет солға,4 рет оңға айналдыру. Екі қолды кеудеге қойып денені 4 рет оңға, солға айналдырамыз. Қолды белге қойып белді 4рет солға,оңға айналдыру. Қолды тізеге қойып тізені ішке сыртқа алма кезек айналдыру. Тізерлеп отырып оң аяқты, және сол аяқты жанға созу.

 

Жаттығуларды дұрыс жасалуын қадағалау

 

 

Жұптасып істеу жаттығулары

Бір қатар шұғыл бұрылады да, оқушылар бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Бір-бірінің йығынан ұстап төмен басады. Оқушылар бір-біріне арқаларымен тұрып, қолдарын айқастырады да 1 ,2, 3 санына біреуі 4, 5, 6 санына екіншісі көтереді. Әр жұп бір-бір доптан алып, бір-біріне арқаларын тигізіп тұрып оң, сол жақпен бір-біріне допты беру, арқаларын тигізіп тұрып допты үстінен беріп астынан алу

4-5 рет

Қолдары түзу болуын және арқаны түзу ұстап, тізені бүкпеуді қадағалау

2

Негізгі бөлім

1. Допты орнында тұрып әртүрлі тәсілдермен әріптесіне беруді дамыту

А) Допты аяқтың ішкі жағымен беру

28-30 мин

Допты дұрыс берулерін қадағалау және көрсету

 

 

 

Ә) Допты аяқтың үшімен беру

Б) Допты әріптесіне баспен беру

 

Допты әріптесіне баспен бергенде тура беруін қадағалау

 

 

2 .Допты қозғалыста әріптесіне беруді дамыту

А) Допты жүгіріп келе жатып бір ғана соққымен әріптесіне беру

 

Допты әріптесіне козғалыста дұрыс беруін қадағалау

 

 

 

Ә) Екі қатар бір-біріне қарама-қарсы тұрып допты қарама-қарсы әріптесіне айналмалы түрде беру 

 

Жаттығулардың дұрыс жасалуын қадағалау

 

 

3. Әртүрлі кедергілерден өтіп  допты алып жүру

А) Таяқшалардың арасынан жүгіріп өтіп, допты әріптесінен алып қақпаға енгізу

 

 

 

 

 

Ә) Арнайы шеңберлерден әртүрлі тәсілмен басып өтіп допты қақпаға енгізу

 

 

 

 

 

Б) Допты әртүрлі кедергілерден айналып өтіп, қақпашыны әртүрлі тәсілдермен алдап допты қақпаға енгізу

 

 

 

 

4.Футбол элементтері бар қозғалмалы ойын ойнату

Екі жақты ойын

 

 

3

Қорытынды бөлім

5. Жүрек соғысын қалпына келтіру

Сапта тұру. Саптағы жаттығулар қателерін көрсету.

Үйге тапсырма.

3 мин

Көңіл аудару жаттығулары.

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды атап өту


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз