Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы
№25 Г.Титов атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Дуйсекова Кулаш Ибадуллаевна
Құндылық: сүйіспеншілік
Қасиеттер: махаббат, жақсы көру
Сынып: 10
Сабақтың мақсаты: махаббаттың жалпыадамзаттық құндылық ретіндегі мәнін аша отырып, «Сүйіспеншілік» құндылығының мәнін түсіндіру Міндеттері: Адамның ең жоғары нәзік, қастерлі сезімі ретінде махаббаттың тұлғалық мәнін ұғындыру; Жақсы көру, алғашқы махаббат сезімдерін ажырата алу дағдыларын дамыту; Сүйіспеншілік сезім мәдениетіне тәрбиелеу. |
|
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Орманға ойша серуен |
Ресурстар: |
Үй тапсырмасын тексеру Г.Сайынқызының «Күн ұрланған күн» әңгімесінің мазмұнын талдау. Егер Күнайдың орнында болсаңыз не істер едіңіз, оның шешімін құптайсыз ба? Сырыңызды кіммен бөліскен дұрыс деп ойлайсыз? Нәзік сезім дегенді қалай түсінесіз? Осындай сезімді басыңыздан өткіздіңіз бе? |
Сабақ барысын талқылау: |
Дәйексөз.
1. Алғашқы сезім, балауса махаббат дегенді қалай түсінесіз? |
|
4.Әңгімелеу. Мұғалімнің сыйы. Ғашықтар І.Есенберлиннің шығармасынан алынған үзінді Күн де көп жұлдыздың бірі, айырмасы: өзге жұлдыздар алыстан жарқырап құр жымыңдаса, күн бар әлемге өмір береді. Адам баласы да осы қалың жұлдыздар тәрізді. Бұлардың арасында да басқаға өмір беретін, жарық сәуле төгетіндер аз емес. Мүмкін, ондай адамды күнмен салыстырған дұрыс емес шығар, өйткені күн бүкіл дүние жүзін бірдей сәулелендіреді ғой, ал жақсы адамның жарығы кейде бір кісіден аспайды. Бақытты етсе, бір ақ жанды бақытты етеді. Бірақ бір адамды бақытты етудің өзі де үлкен қасиет емес пе? Дүниеде өзгені бақытсыз ететіндер аз ба? Махаббатсыз өмір – өмір ме? Бірақ сол махаббат қуаныш емес, қайғыға айналса, ондай махаббаттан қандай кызық бар? Қайғының да, қуаныштың да торлайтыны бақыт, бірі соны суалтсам дейді, бірі сол бақытты гүл жайнатсам дейді. Егер қолындағы бақыт суалар болса, адамға одан ауыр қандай қасірет, өкініш бар? Адам неге тұрақсыз болды екен? Жоқ, адам емес, махаббат тұрақсыз секілді… Тұрақсыз затта күн жоқ. Сонда махаббатта да күн болмағаны ма? Жоқ бұның бәрі де бекер ұғым. Тұрақты адамның махаббаты да тұрақты. Адам өз басының келешегін басқа жәйттен көрмеу керек. Асқар таудың басына ақша бұлттар ұяласа, ал асыл адамның басына айнымас табандылық біту керек. Сонда ғана махаббат тұрақты болады. Бірақ жүрек деген бір асау тұлпар емес пе, оның үркуі де, алып қашуы да жеңіл. Сонда оны немен тоқтатасың? Өз бетімен ала жөнелген жүйрікке қандай қыл арқаның бар? Қазақ: «Балығы жоқ көл қадірсіз, шөбі жоқ жер қадірсіз, ұяты жоқ қыз қадірсіз, жігері жоқ жігіт қадірсіз» дейді. Тұрақсыз болу да адамның жігер-сіздігінен, табансыздығынан. Сондықтан адам ең алдымен табандылықты арман етуі керек. Сонда сенің махаббатыңды да еш дүлей күш жеңе алмайды. Арамдық та, зұлымдық та. Қыз ұятын сақтаса, жігіт бір мінезділігін сақтауы махаббаттың тазалығына керек қасиет. Сөйтсең ғана махаббат та адал сақталады. Тек сол бір мінезділікке екінің бірінің күші жетер ме? Дүниедегі ең қиын өнердің бірі – ол жазушы болу. Бұл өнерде сен тығылып қалар, өз жазғаныңнан өзің жасырынар таса болмайды. Бәрі ашық. Әскери қолбасшының әскері, ғалымның лабораториясы, қарамағындағы ғылыми қызметкерлері, артистің режиссері мен көрермендері бар. Ал сенде ешкім де жоқ, бар болғаны алдыңдағы ақ қағазың мен қолыңдағы кейде құны үш-ақ тиын тұратын қаламың. Сенің бар майдан ашар жерің де осы, жеңіске салар әскерің де осы. Осы бар күшіңді жина да шабуылға шық. Жеңгенде қандай! Кейде әскербасы кемеңгердің қолынан келмейтін шьңға көтерілесің. Бар әлемді бағындырасың! Және тамылжыған күй, не болмаса мәрмәр тасына Аполлон бейнесін келтірген алмас қашау арқылы емес, әлгі құны үш тиындық кәдуілгі оқушының қаламы мен қалай болса солай жыртылатын ақ қағаздың кұдіретімен! Және әлемді бағындырғанда қандай! Мәңгілік! Бар әскер басы кемеңгердің қолынан келмейтіндей етіп ұрпақтан-ұрпаққа қалдырасың! Сенің бағындырған әлеміңе мезгілдің де, еш дәуірдің де, қолбасшының да, патшаның да үкімі жүрмейді. Жазушының негізгі айтпақ болған ойын қалай түсінесіңдер? Ізгілік, сүйіспеншілік сезімдерін қалай күшейтуге болады? Махаббаттың тұрақты болуы үшін, тек сүйіспеншілік қана қажет пе? Отанға, елге деген махаббатты қайткенде күшейтуге болады? |
|
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Ауызша жұмыс. Оқулықта берілген тапсырманы орындау. Оқушылар А.Дүзелхановтың «Қыз Жібек», С.Андерсеннің «Бозқараған гүлдейтін уақыт», Э.Зампигидің «Сүйеді, сүймейді» атты шығармаларын салыстырып, адам жанына тән қандай нәзік сезім иірімдерін байқағандықтарын баяндайды. |
|
Топпен ән айту. М.Шаханов «Гүлдәурен» |
|
Үй тапсырмасы. С.Мұратбековтың шығармасынан үзіндіні оқып келу. |
|
Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау. |
|
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі