Өлең, жыр, ақындар

Дәстүрлі қазақтың ойындары

Қызылорда облысы Шиелі ауданы
№142 орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі
Көшербаев Бауыржан Орынбайұлы

Сабақ:  Дәстүрлі қазақтың ойындары

Мектеп:  №142 орта мектебі

Күні:  19.01.2018 ж.

Мұғалімнің аты-жөні:  Көшербаев Бауыржан

Сынып: 2

Қатысқаны: 7

Қатыспағаны:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

2.1.5.1. Кеңістікте және динамикада қарапайым өзгерістер мен іс-қимылдарды ұғынады және жеткізе біледі.

Сабақтың

мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Қазақтың ұлттық ойындарының бірі арқан тартыс жайлы біледі.

Оқушылардын көпшілігі орындай алады:

Оқушылар асық ойынында асықты атып түсіре алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Көкпарда салымды қазандыққа салуды орындай алады.

Тілдік мақсат

Дәстүрлі қазақтың ойындары арқылы ептілік дағдыларын арттырады.

Пәнге қатысты сөздік пен терминдер:

Сәлеметсіздер ме – Здравствуйте – Hello; Сау болыңыз – До свидания – Good bye; ысқырық – свисток – whistle; Асық – асык – asyk; метрлік – метровка – metering; уақыт өлшегіш – секундомер – timewach.

Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер:

Оқушыларға асық иіру, арқан тарту және көкпар ойындары жайлы мәлімет беру.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Дәстүрлі қазақтың ойындары ата

Не себепті .... деп ойлайсыз?

Дәстүрлі қазақтың ұлттық ойындарына асық, тоғызқұмалақ, көкпар, арқан тартыс, бәйге, ләңгі, теңге алу, күрес, т.б. жатады.

Жоспарланған уақыт

40 минут

Алдыңғы оқу

Дене жаттығулары кезінде ағзаның өзгеруі

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

10 минут

    Оқушыларды қатарға тұрғызу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Рапорт қабылдау, амандасу. Қауіпсіздік ережесін түсіндіру.

    Саптық жаттығуларды орында орындау. Оқушыларға жаттығулардың толық орындалуын ескертіп, қадағалап отыру.

    Оңға, солға, кері бұрылуды кайталап өту.

Жүгіру барысында орындалатын жаттығулар

Қолды алдыға қойып, тізені көтере жүгіру (денені тік үстау).

Қолды екі жаққа төмен түсіріп, аяққа кезек-кезек тигізе жүгіру.

Қолды жамбас тұсқа қойып, өкшені тигізе жүгіру.

Екі қолды бірдей құлаштай аяқты жанға соза жүгіру (екі жаққа кезек-кезек)

Жүру барысында орындалатын жаттығулар

Екі қол белде аяқ ұшымен жүру.

Қол белде өкшемен жүру.

Қол белде аяқтың сыртқы қырымен жүру.

Қол белде артқа қарап жүру.

Ысқырық, спорт зал, уақыт өлшегіш

Ортасы

25 минут

   Дәстүрлі қазақтың ұлттық ойындарына асық, тоғызқұмалақ, көкпар, арқан тартыс, бәйге, ләңгі, теңге алу, күрес, т.б. жатады.

    Асық ойнау халқымызда көнеден бері жалғасып келе жатқан ойын түрі болып саналады. Асық ойынында шеңбер сызылады. Шеңбер ортасына сызық сызылып, оған асықтар тігіледі. Ойында ату кезегі оқушылардың реті бойынша жүргізіледі. Асыққа дәл тигізіп, шеңберден шығарған ойыншы қайта ату мүмкіндігіне ие болады және шеңберден шығарған асықты өз еншісіне алады. Осылай ойын кезек-кезегімен жалғаса береді. Асықты шеңберден шығарып, көп жинаған ойыншы жоғары ұпайға ие болады.

Оқушыларға «арқан тартыс» ережелерімен түсіндіріліп, оларды топқа спорттық құрал-жабдықтарды таңдау барысында екіге бөлінеді. Арқан тартыста ұзындығы 8-10 метрлік екі ұшы түйілген арқан пайдаланылады. Арқанның тең ортасына белгі ретінде қызыл мата байланады. Арқанның қызыл мата байланған жерін еденге немесе сызылған белгі-сызықтың үстіне дәл келтіреді де, екі жақтың ойыншылары арқанның сол белгісінен бастап бірінің артынан бірі қос қолдап ұстап, тартып тұра қалады.

Алдыңғы ойындағы бөлінген топқа «көкпар»  ойынының ережесін түсіндіріледі. Көкпарда «салым» ретінде допты, «қазандық» ретінде жеңіл автокөлік дөңгелегін пайдаланылады. Белгі берілген сәтте екі топ жүгіріп, салымды (допты) қазандыққа (дөңгелекке) салады.

Бос кеңістік, ысқырық, асықтар, арқан, бор, доптар, дойбы тақталары, тоғызқұмалақ, қазандақ.

АКТ, бейнетаспа

 

 

 

 

 

 

Соңы

5 минут

   Сапқа тұрғызу; сабақты қорытындылау; әр оқушының қоржынындағы асықтарын өздеріне санату арқылы ұпай сандарын айту; сыныппен қоштасу.

Ысқырық, журнал

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыға қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыларға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс -денсаулық және қауіпсіздік. АТК-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

Оқушыны сабақ барысында қолдап, тапсырмаларды тиімді орындауға мүмкіндік беремін. Сабақ барысында көзге түсіп, тапсырманы жақсы орындаған оқушыны мадақтаймын.

Оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін асықтарды қолданамын. Олар бір-бірін қоржынындағы асықтарын санау арқылы бағалап, өзара ынтымақтастық атмосферасы орнайды.

Тарих, математика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, өзін-өзі тану.

АКТ, бейнетаспа, ноутбук.

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

 

Сабақтың мақсаты мен міндеті орындалды.

 

Оқушылар қазақтың ұлттық ойындарын ойнап, олар жайлы мәліметтер алды.

Сабаққа оқушылардың қызығушылығы жоғары болғаны байқалды. Оқушылар сабаққа белсене араласты, ешбірі сабақтан тыс қалған жоқ.

 

Саралау жақсы іске асты, сабақтағы тапсырмалар тақырыпқа сәйкес келді.

Сабақта топпен жұмыс жасау арқылы уақытты тиімді пайдаландым.

Оқушылардың қызығушылық ынтасын арттыру үшін қазақтың ұлттық ойындары жайлы ноутбукпен бейнетаспа арқылы көрсеттім.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1. Қазақтың ұлттық ойындары асық, көкпар және арқан тартысты оқушылар жақсы меңгерді.

2. Оқушылардың дене қыздырып алуына мән беру.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1. Арнайы ыңғайластырылған зал болғанда ықпалын тигізер еді.

2. Бейнетаспа арқылы оқушылардың жіберген қателіктерін байқап талдау жасауға мүмкіндік болғанда.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1. Оқушылардың дене қасиеттерінің деңгейлерін байқадым.

2. Келесі сабақтарда топбасшылық жасайтын ұйымдастырушылық, лидерлік қабілеті бар оқушыларды анықтадым.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз