Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 3.Физикалық география 3.1 Литосфера Мектеп: №9 орта мектеп Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Амангалиева Анар Есбергеновна Сынып: 7 Қатысқандар: Қатыспағандар: |
||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: Литосфераның тектоникалық қозғалыстары |
||||||||||||||||
Оқу мақсаттары |
7.3.1.3 - Жер қыртысының тектоникалық қозғалыстарын талдайды: дрейф, коллизия, субдукция, спрединг. |
|||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар: Литосфераның тектоникалық қозғалыстары туралы біледі |
|||||||||||||||
Оқушылардың басым бөлігі: Литосфераның тектоникалық қозғалыстарын талдайды |
||||||||||||||||
Кейбір оқушылар: Литосфералық тақталар қозғалысы теориясын сипаттай алады. |
||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
- Литосфералық тақталардың қозғалысына байланысты пайда болатын жер бедерінің түрлерін картадан көрсетеді, себебін, салдарын анықтайды. - Карта бойынша бір аймақтың жер бедерінің қалыптасуын талдап, зерттеулер жүргізеді. |
|||||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар: Мәтінді оқи отырып, литосфераның тектоникалық қозғалыстарын сипаттайды. Тақырыпқа сай бейнежазбаны тыңдай отырып, литосфераның тектоникалық қозғалыстарын талдайды, негізгі ұғымдарды жазады. Сызбаларды, карталарды және мәтінді қолдана отырып, литосфералық тақталардың қозғалыс түрлерін ажырата алады және салдарын түсіндіреді. Негізгі сөздер мен тіркестер: Дрейф, коллизия, субдукция, спрединг. Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер Литосфераның тектоникалық қозғалысын талдау Дрейф, коллизия, субдукция, спрединг дегеніміз ..... |
|||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының «Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік өңірлік мәселелерді шешуге жаhандық тұрғыдан қатысуы» атты 7 құндылық идеясы негізінде жеке тұлғаның туған елге, жерге деген патриоттық рухын көтеру, литосфераны қорғауда адамгершілік сезімін қалыптастыру |
|||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Математика – сызбалармен жұмыс Бейнелеу – суреттермен жұмыс |
|||||||||||||||
Алдыңғы білім
|
Оқушылар литосфера құрылысын және тақталардың қозғалысын біледі. Картамен, сызба нұсқалармен, фотосуреттермен, бейнематериалмен жұмыс жасай алады. |
|||||||||||||||
Жоспар |
||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Дереккөздер, ресурстар |
||||||||||||||
Сабақтың басы |
Ұйымдастыру кезеңі - Сынып оқушыларымен амандасып, сыныпта жағымды орта қалыптастыру - Сынып оқушыларын түрлі-түсті жұлдызшалар арқылы топқа бөлу - Әр топтағы оқушы санын ескеру - «Қарлы кесек» әдісі арқылы ширату жаттығуы жүргізіледі,алдыңғы білім негізінде оқушыларға қарлы кесек лақтыру арқылы сұрақтар қойылады: - Литосфераның құрылысы қандай? - Литосфералық плиталардың орналасуын картадан көрсетіңіз? - Литосфераның заттық құрамы қандай? Сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа тақырып ашылады. ҚБ: дұрыс жауап берген оқушыларға жұлдызша беріледі,қошемет көрсетіледі. |
|
||||||||||||||
Сабақтың ортасы
|
Жаңа сабақты бастау үшін оқушылардың назарын аударып сұрақ қойылады: Литосферада қандай қозғалыстар болуы мүмкін? Оқушылар топта өз ойларын бөліседі, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды. Мұғалім оқушыларға сұрақтар қою арқылы, оқу мақсаттарын анықтауға жетелейді. Оқушыларға «Литосфераның тектоникалық қозғалыстары» тақырыбы бойынша бейнежазба көрсетіледі. Бейнежазба көріп болған соң, бұл арқылы не ойлайтындығы сұралады: - Сіз бейнежазба арқылы не байқадыңыз? - Литосферада қандай қозғалыстар болады? Оқушылар топпен өз оларын бөліседі. Сұрақтарға жауап береді. ҚБ: белсенді оқушыларға жұлдызшалар беріледі. 1-тапсырма Жұптық жұмыс Оқушылар мәтінді пайдалана отырып,литосфералық тақталардың қозғалыс түрлерін және салдарын талдайды (дрейф, субдукция, коллизия, спрединг). «Ойлан–жұптас-бөліс» әдісі арқылы 2 оқушы литосфералық тақталардың қозғалыс түрлерін және салдарын суреттерге қарап талқылайды, суретті қолдану арқылы литосфералық тақталардың қозғалыс түрлерін жазады.
ҚБ: оқушылар бір-бірін бағалайды. 2-тапсырма Жеке жұмыс «Жеке ойлау уақыты» әдісі арқылы литосфералық тақталардың қозғалысына байланысты пайда болатын жер бедерінің түрлерін анықтап,жазу
ҚБ: Шаршылар арқылы бағалау Оқушы дәптерге шаршының суретін салады. Жұмыс түсініксіз болса, шаршыны қызыл түске бояйды,егер аздап түсінсе – сарымен, тақырыпты түсінгеніне сенімді болса жасылды бояйды. 3- тапсырма топтық жұмыс Оқушылар оқулықтағы мәтінді пайдалана отырып,карта бойынша бір аймақтың жер бедерінің қалыптасуын талдап, зерттеулер жүргізеді. Тақырыпшалар топтарға жасырын парақша арқылы беріледі. 1-тақырыпша Шығыс Еуропа платформасының қалыптасуы 2-тақырыпша Қазіргі кездегі геосинклиналды аймақтар 3-тақырыпша Еліміздің аумағындағы бұрынғы геосинклиналды аймақтар Оқушылар топпен өздерінің зерттеулерін талдап, постер түрінде «Аялдама» әдісі бойынша келесі топқа ұсынады, картадан көрсетеді.
ҚБ: топтар бірін –бірі «Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі арқылы бағалайды |
«Литосфераның тектоникалық қозғалыстары» Bilimland.kz /2 минуттық көрсетілім/
7 сынып атлас оқулық, суреттер
Оқулық
суреттер
Дүние жүзінің физикалық картасы,
Қазақстанның физикалық картасы Атлас 7сынып
Флипчарт, маркер
|
||||||||||||||
Сабақтың соңы
|
«Диалог» әдісі арқылы жүргізіледі. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: - Литосферада қандай қозғалыстар болады? - Литосферада қозғалыстар неліктен болады? - Литосферадағы қозғалыстар жер бедеріне қандай өзгеріс әкеледі? ҚБ: БҮҮ әдісі |
Оқулық суреттер |
||||||||||||||
Саралау |
Бағалау |
Пәнаралық байланыстар. Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану |
||||||||||||||
- Оқушылардың әр түрлі күрделілік деңгейіндегі тапсырмаларды орындау жоспарланады - сараланған тапсырмаларды оқу үдерісіне қосудың жолдары жоспарланады - оқушыларда тақырып бойынша бар бастапқы білімді ескеретін тапсырмалар беріледі - топтық, жұптық жұмыстар жүргізіледі. |
Оқушылардың сабаққа ынтасын арттыру маөсатында ой талқы сұрақтары дайындалды. Топтық және жұптық жұмыстар кезінде белсенді оқушылар үнемі мадақталып отырады және қалыптастырушы бағалау жұлдызшалар арқылы, шаршылар, «екі жұлдыз, бір тілек», БҮҮ арқылы жүргізіледі. |
Оқуды жақсарту үшін ақпаратты коммуникациялық технологиялар тақырыпты ашуда пайдаланылады. Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау шаралары сақталады.
|
||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия |
|
|||||||||||||||
Қорытынды бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару керек?
|
Қалыптастырушы бағалау
Бөлім 3 Физикалық география.
Бөлімше 3.1 Литосфера.
Тақырып: Литосфераның тектоникалық қозғалыстары.
Оқу мақсаты: 7.3.1.3 - Жер қыртысының тектоникалық қозғалыстарын талдайды: дрейф, коллизия, субдукция, спрединг.
Бағалау критерийі:
- Литосфералық тақталардың қозғалысына байланысты пайда болатын жер бедерінің түрлерін картадан көрсетеді, себебін, салдарын анықтайды.
- Карта бойынша бір аймақтың жер бедерінің қалыптасуын талдап, зерттеулер жүргізеді.
Ойлау дағдыларының қолдану жоғары деңгей дағдылары деңгейі.
Тапсырма
1-тапсырма Жұптық жұмыс
Оқушылар мәтінді пайдалана отырып, литосфералық тақталардың қозғалыс түрлерін және салдарын талдайды (дрейф, субдукция, коллизия, спрединг).
«Ойлан–жұптас-бөліс» әдісі арқылы 2 оқушы литосфералық тақталардың қозғалыс түрлерін және салдарын суреттерге қарап талқылайды, суретті қолдану арқылы литосфералық тақталардың қозғалыс түрлерін жазады.
Бағалау критерийі |
Дескриптор |
литосфералық тақталардың қозғалыс түрлерін және салдарын талдайды. |
-литосфералық тақталардың қозғалыс түрлерін талдайды -литосфералық тақталардың қозғалыс түрлерінің салдарын талдайды |
Феруза
Мен
Достарымды
Жақсы
Көремін
Asel002
Осындай тектоникалық қозғалыс болатын аймақтарға нақты бір мысал келтіру